Жарияланымдар

"Заман" тобы - "Мені ойла" әні


Your text to link...
Сағыныштан жанарға толған,
Көз жасыңды көру де арман.
Өткен күннен елес боп қалған,
Махаббаттың шапағатты таңымысың?

Қ/сы: Таусылмас төзім қайда?
Сарқылмас сезім қайда?
Өртеген жүрегімді менің
Аңсағанда мені ойла

Сені ұмытар дәрмен жоқ менде
Жаным, оған сен мейлі сенбе
Жақын келіп жанымды тербеп
Жүрегімнің шамымысың сағынышым

Қ/сы: Таусылмас төзім қайда?
Сарқылмас сезім қайда?
Өртеген жүрегімді менің
Аңсағанда мені ойла
Әрі қарай

Мен оқыған бір кітап. "Психологическое айкидо".Михаил Литвак

Өзге қалаға келгелі, құрбы-құрдастан жырақтағалы кітаппен қайта достастым.3 күн поезда келе жатып, Поуло Коэльоның «Мактубын» оқып келдім. Рекомендеймін деп айта алмаймын. Оқып,өз керегіңді алуға болады. Жалпы Пауло Коэльоның шығармаларын сүйіп оқымайтындардың қатарынанмын. Ұсынайын деп отырған кітабым ол емес, Михаил Литвактың «Психологическое айкидо» кітабы.Психотерапия, психологиясы туралы.

Оқыған адам қазақы психологияға келмейді деуі мүмкін. Бірақ барлығы салыстырмалы түрде ғой. Құр құрғақ теориямен емес, әртүрлі жандардың басынан өткен оқиғаларын мысалға келтіріп отырады. Бәлкім, сонысымен қызық болар. Басымды көтермей 2 күнде оқып шықтым. Автордың басқа да кітаптарын оқысам деген ой жоқ емес.
Жалпы осы психология саласында қандай кітаптарды оқуға кеңес берер едіңіздер?
Әрі қарай

Ақтаудағы кейбір жарнама

«Тумба» газетінің Beeline компаниясымен бірлесе жасаған байқауының жарнамасы. Өткен аптадағы санында да дәл осылай шыққан. Бұл жолы қателерін түзер деген ойым бекер екен. Бір қызығы, тақырыбына қатемен жазып, мәтін ішінде дұрыс көрсеткені.

Мына төмендегі суреттің сапасының нашарлығы үшін кешірім сұраймын. Мен түсінбеген нәрсе: астыңғы тұста ҚОНАҚТЫ: БАҚЫТ АЛТАЙ делінген. Бәлкім, айтпағы, кеш қонағы — Бақыт Алтай шығар.

Осы сынды қателерді ТВ-дағы жүгіртпе жарнамадан да, жергілікті жарнама роликтерінен де байқау қиын емес.
ПыСы: қате теру — мақсат емес. Шартты түрде байқайм.Әлде Ақтау тұрғындары үйреніп кеткен бе? «Жарнама мәтініне жарнама беру жауапты» екенін ескеріп, тапсырыс берушілер жарнама өнімдеріне мұқият болса екен деген тілек.
Әрі қарай

Алақай!

Әттең, шәпкім жоқ, Ақтаудың түнгі аспанына лақтырып қуанар ма едім. livejournal.com мен wordpress.com ашылып тұр. Әй, бірақ бұл қуанышым ұзай қоймас. Жазда да осылай бір қуантып, артынан мұңайтып еді.Арты қалай болар екен? Бағайық
Әрі қарай

Алматыны аңсау

Ат терлетпей-ақ, поездің түтінің шығарып (көз жасымды көлдетіп) Ақтауға да жеттім-ау. Мені сүйікті Алматымнан кетуіме себепкер болған Ақтауды қалай жатырқамайын. Алайда мен келгелі жел де соқпады, күн де күлімдеді. Маған ұнағысы келгендей. Қала аралауға әлі мүмкіндік болмады. Шағын, жылы қала екен. Каспийді көрдім алыстан. Кинопремьералар Алматымен бірдей-ақ жүріп жатыр екен.
ПыСы: Пропискам Ақтауда болса да, жүрегім Алматы деп соғады:
Әрі қарай