Жарияланымдар

Шаштаразға бармай тұрып…білген жөн!


Адам ағзасында шаштың өзіндік алатын орыны бар. Шаш – басқа дене мүшелерімен тең дәрежеде айналаңыздағы өткен оқиғалардың бәріне дерлік атсалысады. Сол себепті, адамның көңіл-күйіне байланысты шаштың түсі де өзгеріске ұшырап отырады.
Әрі қарай

«Көптің еңбегі-көңілді»



Үш күндік демалысты пайдаланып, ауылға барып қайттым. Көкпекті ауданына апаратын жол Омбы-Майғапшағай халықаралық тас жолын басып өтеді. Осы тас жолдағы Семей мен Қалбатау арасының қалы өте мүшкіл еді. Жол сапасы нашарлап кеткелі, жүргізушілер
Әрі қарай

«Ақпыз, қара, сарымыз-ағайынбыз бәріміз!»...



Бәлкім, бәз біреулерге «біртүрлі» көрінетін шығар.:) Дегенмен, қара нәсілді қуыршақты блогыма «қонақ» қылудың реті келіп тұрғаны. Бұл қуыршақты 1997 жылы отанына көшкелі жатқан бір немістердің отбасынан сатып алғанмын. Ұмытпасам, әлгі
Әрі қарай

Жүрек назы

Әні: Роза Әлқожа

Білесің жаныма ыстықсың өрттей,
Жүректі шарпыдың айықпас дерттей.
Бір өзің жаралап, бір өзің емдейсің неге?
Жаным,
Қасымда қалшы кетпей.

Қайырмасы:
Жанымнан жырақтамашы,
Көзіңмен сыр ақтарғансың,
Сен сөйтіп ұнап қалғансың
Жаным.
Келдің ғой кетем демеші,
Бәрі де бекер демеші
Жүректе мекендегенсің
Жаным.

Жолыңа қараймын жанарым талмай,
Бірге өткен сәттерге ынтығып балдай.
Қасыңда болсам да аңсатып сағындырған
Жаным,
Япырау, жансың қандай
Әрі қарай

Сен мені енді іздеме

Сен мені енді іздеме

Сөзі: Бақытжан Алдияр
Әні: Роза Әлқожа

Сен мені енді іздеме,
Мен сені енді іздемен.
Жылымас енді мұз дене
Мұңайған бірге күзбенен.

Қайырмасы:
Сен жаққа мен де соқпадым,
Мен жаққа сен де соқпағын.
Жаныштап өзің тастадың
Жанымның жапырақтарын.

Әлсіреп барып көз ілген,
Қал сұрап қайтем сезімнен.
Көрерсің бәрін өзіңнен
Көрермін бәрін өзімнен.

Мені ойлап енді жылама,
Сені ойлап мен де жыламан.
Жайымды менің сұрама
Сен жүрсең болды дін -аман.
Әрі қарай

Әбіләкімнен қалыспайын деп...

Блогымдағы алдыңғы жазбалардың бірінде «қызық әлі айтыла жатар» деп ескерткен едім. Блогқұрылтайдан келгеннен кейін, бір-екі күн жер-жерден сурет аңдумен жүргенде, күнтізбе сенбі-жексенбіні көрсетіп қойыпты. Ол күндері өз басым компьютер мен ғаламтордан қол үзіп кететіндіктен, мынау жазбам аяқсыз қалған болатын. Бастаған дүниенің аяқтайын деген оймен дәл қазір асығыс пернетақта қамшылаудамын. Шындығында, Керекинфода Әбіләкімнің «Керектің тұрғындарына шолу» деген жазбасынан кейін туындаған ойлар ғой:
Әрі қарай

Көктем шақырады!


Осы жұрттар қызық. Агентке «мазаламаңыз», «орнымда жоқпын» деп жазсаң да, мазалай береді ғой. Өшіріп қоюға тағы келмейді. Бұ күні туысыңның да, досыңның да қалын агентпен сұрайтын дәрежеге жеткенбіз. Оған қоса, қызметтен бөлек, тұрақты түрде үш қаладан жарнама агенттіктері орыс тілінде аудиороликтер жіберіп тұрады, мәтінін қазақ тіліне аударып, қолма-қол өздеріне агентпен қайта салуым қажет. Соның бәріне кедергі дерсің… Сонда да, соңғы үш күннен бері «халқым» қояр емес.
Әрі қарай

«Астана арландары» тағы да жеңіске жетті!


Бірде автобуста келе жатып, "Қазақ радиосын" тыңдап отырсам, діни бағдарламаға қатысып отырған имам «бүгінгі күні ата-аналар ақшаның соңында жүріп, бала тәрбиесіне мән бермей кетті. Сұрасаң, «бала-шағамды асырау үшін жүрмін» деп жауап береді. Таңертең кетеді, кешке келеді. Ал балаларының теледидардан не көріп, не біліп жатқандарымен ісі жоқ, ал тәрбие негізінің бірі сонда жатыр» дейді.
Не нәрсенің елең еткізер тұстарын өз ойларыңмен ұштастыру кімнің болса да әдеті ғой, есіме тағы да балалық шағым түсті. Біздің кезімізде теледидардан көретініміз небәрі екі-ақ телеарна болатын. Газетке басылып шығатын бағдарламалардың астын қаламмен сызып қойып, ертегі, мульфильм, концерттерді сол уақыт туғанша асыға күтетінбіз. Бір қызығы әкем Қуанышбек бізге кешкі сағат 23.00-ден кейін жүретін киноларды көруге рұқсат бермейтін. Әкетіп бара жатқан бір кинолар емес қой,қазіргілермен салыстырғанда… бірақ,қарсы келмейтінбіз, соның салдарынан, күні бүгінге дейін киноға қызыға қоймаймын. Оқта-текте болмаса. Кинотеатрға да сирек барамын, оның өзі… бірсарынды жұмыс күндерінен сергу үшін ғана. Бірдің басын, бірдің аяғын айтып кетті деп сөкпеңіздер. Бекболат ағамыз айтқандай, «айтайын дегенім» басқа еді. Сол балалық күндері күндізгі бағдарламалар өз алдына, әкеммен қатар, яғни, кешкісін, тең дәрежеде отырып көретін, Жүрсін Ерманның «Айтыстары», «Терме», «Тамаша» ойын-сауық отауының қойылымдары және «Бокс» болатын. О-о-ооо, бокс сирек өтетін, оның өзі басталуы түнгі сағат 00.00-ден кейін еді ғой, естеріңізде болса. Сол мезетке дейін «барып ұйықтаңдар» деген сөзді айтпай, «көріңдер» дейтін Коля ағаға (әкем ғой) :) дән риза едік. Содан бері боксқа қызығушылығым еш төмендеген жоқ. Сан мәрте олимпиада ойындарын, әлемдік кездесулер көрсетілімін телеарналардан мүмкіндікке қарай жібермеуге тырысамын.
Әрі қарай

Суретке түсе білу де “өнер”…

Блог - TOTY: Суретке түсе білу де “өнер”…
Кеше қалада қапалақтап қар ұзақ жауды. Кабинетімнің терезесінен ауық-ауық сыртқа көз тастаудан жалықпадым. Біздің жұмыстың ауласы кең, айналасы ағаш, жанында кісі отыратын орындықтары бар. Жылы күндері үзілісте серуендеуге шығып тұрамыз. Бақтағы әр мезгілдегі маусымдық өзгерістерді сандық фотоаппарат алудың сәті түспей жүргендіктен, қалта телефоныммен түсіріп отыруға тырысам. Ара-тұра суретші жігіт Дәуренді шақырып, «суретке түсірші» деп мазалаймын. Кеше тағы бұрқақтаған қарлы ауа-райы реңіне қызығып, Дәуренге өтініш білдірдім. «Кезекті фотосессия ма?» деп күлді…
Жалпы, фотоға түсу менің бала күнімнен қаныма сіңген әдет. Өйткені, әкем Қуанышбек жас кезінде фотоға түсірумен әуестенген. Хоббиі деуге де болатын шығар. Әлі күнге дейін үйде сақтаулы “Сеть-2″ фотоаппаратын тастамайтын. Мереке күндерді немесе кез келген сенбі-жексенбі әкемнің қолы бос уағын асыға күтіп журетінбіз. Онымен қоймай, «китайский» көйлектерден бастап, бірнеше ауыстыратын киім дайындайтынбыз.
Қазіргідей сандық үлгіде емес, кеңес үкіметінің аппараттары бір әуре еді. Фотоаппаратқа жарықпен белгі беретін қосалқы бөлшек “фотовспышка” жалғанады. Әкем «дайындал» деп шүріппені басқанда, бөлшек жарқ ете түссе, кадрде қалдым деп есепте. Бірде дәл мені түсірерде жарық қайта-қайта жанбай қалып, әкем «саған әдейі жанбай жатыр» дегеннен-ақ, өкпелеп жылап қашқаным есімде. Көбінде, суретке түсіру “рәсімі” осылайша менің «жылағаныммен» аяқталатын…
Фотоға түсуден бұрын, бізді шығаратын процесі қызықтыра түсуші еді. Сол мезеттерді ұйықтамай тосып, апайым Салтанат екеуіміз әкемді төңіректейтінбіз. Әйтеуір, түн уағында жарықты сөндіріп, қараңғы бөлмеде фотокассетадағы пленканы фотобачокта жуып сорғытатын, сосын «увеличитель» атты құрал аппараты болған, бертінге дейін үйде тұратын, қазір қайда екенін…, жә, ол маңызды емес, әйтеуір әкем әлгі аппараттың кішкентай ғана көзінен түсірілген сұлбаны тамашалауға рұқсат ететіне мәз болатынбыз. Одан кейін фотоқағаздарды пластмассадан жасалған, төртбұрышты арнаулы ыдыстарға салып, «фиксаж», «проявитель», «закрепитель» деуші ме еді, сондай бір қоспалармен жуатын, көз алмай қарап отырсаң, аздан кейін-ақ бейнең шыға келетін. Ең соңында кішкентай пинцетпен байыппен алып, су қағаздарды кептіру үшін кәдімгі, біз «тримо» деп атайтын айнаға жапсыратын. Таңертең сурет дайын. Мінекейіңіз, қаншама машақаты көп дүние.
Е-еее, «Балалық шағың – патша тағың»… деген осы. Айпақшы, сол жылдары басқа елдімекендерге қыдырып бара қалсақ, дүкендерден фото шығаруға қажетті материалдар іздейтінбіз, «дефициттердің» қатарында еді. Қазіргі заманның баласының керек-жарағы бәрі алдында, тек меңгеріп әкетсе болғаны…
Әрі қарай

Махаббат періштесі

Менің сұрғылт ойларымның ішінде,
Жылап отыр жараланған періште.
Күйдірейген еркек сайтан түсімде,
Айтқанымды дауыстайды терістеп.
Бір хабарды жеткізуге келгендей,
Жылап отыр, о неліктен, аппақ рух?
Жаһандағы жалғыз досым өлген бе,
Қайдан келді, қалқып ұшып батпырауық?
Әрі қарай