Содан… Ұлы Жаратушы – Алла Ас пен Көкті жаратыпты…
Содан… Ортасы бос тұрмай өзі жаратқан дүниелеріне иелік етсін деп, қара жердің топырағынан Адам Атаны жаратыпты…
Содан… Оны жалғысырамасын деп, Адам Атамыздың сол қабырғасынан бір қабырғаны сөгіп алып Ауа Ананы жаратыпты…
Содан… Олар бір сарынды ғұмыр кешпесін деп, оттан тағы бір сана иесін (...) жаратыпты.
Содан… Топырақтан жаралған Адам Ата мен оның қабырғасынан жаратылған Ауа ананың міндеті жасампаздық болыпты… Олардың ұрпақтары бір-бірімен тек қана жақсылыққа жарысыпты…
Содан… Оттан жаралғанының міндеті араға от салу, бұзу, қирату, өртеу, біреулерді керістіріп қойып, қызығына қарап, сол өртенген дүниелердің отына жылыну болыпты…
Содан… Алла өзінің періштелеріне Адамдарға қызмет етуді бұйырғанда, сол оттан жаралғаны, мен тек қана өртеуді, күйретуді, бұзуды, адамдарды бір-бірімен ұрыстырып, керістіруді ғана білемін ғой деп, адамдарға сәжде етуден бас тартыпты…
Содан… Адамдарды Құдай жаратқан жоқ, олардың атасы Адам Ата емес, адамдар маймылдан жаратылған деген ілім келіпті…
Содан… Олар адамдар жасаған жақсы дүниені кім көп қиратады деп, жарысқа түсіпті…
Содан… Ол ілімді басшылыққа алғандардың бәрінің жүрген жері тек қана өртеу, бұзу, қирату, Адам Атаның ұрпақтарын менсінбеу, оларды бір-бірімен керістіру, бірін-бірі көрместей етіп ұрыстыру, соғыстыру болыпты…
Содан… Олар біздер өз атамыз маймылға ұқсауға тиістіміз деп, үстеріндегі барлық киімдерін шешіп тастапты…
Содан… Олар ол ілімді өте жақсы меңгеріп алып, Адам атаның ұрпақтарын аға, ата деудің орнына «шал», «алжыған шал» дейтін болыпты…
Содан… Олар ойлана келе, біздер неге маймылды бағуға тиіспіз деп, ата-аналарын қарттар үйіне тоғытатын болыпты…
Содан… Содан… Содан… Біразырақ уақыт өткеннен кейін Алшынның ағалы-інілі екі Атасының ұрпағынан тарайтын «екі ғұламасының» арасына от салып, екеуін айтыстырып қойыпты…
Содан міне солар арасында осы саитке келіп, оты сөніп қалса, оны үрлеп жағып, шоғына жылынып кететін болыпты…
Содан… Арғы жағын өзің жалғастырарсың?
3. Шыңғысхан қағанатының ұраны «Алаш», ал руының ұраны «Архар». Әйгілі Қашаған
жыраудың (Адайдың Қосай руынан шыққан) «Шыңғыс туды Архардан» деп жырлайтыны осыдан. Бұл Шыңғысханның шыққан тегі Маңғыстаулық, яғни Адай деген сөз. Соңғы ғасырда Шыңғысхан ұрпақтары өздерін Төре деп атап жүр. Төрелердің ұранымыз «Архар» дейтіні де осыдан.
Ежелгі аңыздардың бәрінде де Әз күнін (Әз әулие, қазақтың сөз түбірі Аз (Әз) болатыны осыдан) тек қана жұмақтан шыққан қой, және оны бағып жүрген қойшы ғана естиді делінеді. Міне осы аңыз Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен елдің түп атасы Әз әулие атамыздың ғұмыр кешкен жері де, моласы да Маңғыстауда екенін айғақтай алады. Ең алғаш даланың жабайы аңын (архарын) қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған Шопан атаның моласы да осы өңірде.
Адайларда ежелде «Алаш» пен түбірлес «Алғи» деген де ұраны болған.
«Енді Байұлы болатын Кіші жүздің әрбір руы өзінің белгілі адамдарының атын өздеріне ұран етіп кетіпті.
Беріштер Ағатай,
Шеркештер Шағырай,
Ысықтар Бәйтерек,
Жаппастар Баймұрат,
Таздар Бақай,
Сұлтансиықтар Әйтімбет, Қара дейді.
Есентемірде ұран болмай, Сырым заманында Есентемір Бөкен бимен ақылдасып, Есентемірге Алдаоңғар деген ұран беріпті дейді.
Кейін Кіші жүзде Табындар – «Жоламан», «Барақ-Мөңке», Әлімдер – «Майлыбай», «Жанқожа» деп ұрандаған. (Алшын Мендалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 94 бет).
Шыңғыс қағанның тегіне таласып жүргендерге айтарым: Қандай ма болмасын бір рудың осындай айрықша белгілері толықтай сәйкес келсе, онда ол Шыңғысханның төл жұрты болғаны.
Ал, егер кейбір белгілері сәйкес келіп жатса, онда олар Шыңғыс қаған мен оның елінің тума, ағайын-жекжат, құда-андалары деген сөз.
Бүткіл жер бетінде Шыңғысхан қағанатының барлық айрықша белгілері сәйкес келетін ел жалғыз қазақ, ал оның рулық тегі сәйкес келетін ру ол Адай. Ал, Адай бүкіл қазақтың, сонымен бірге бүкіл әлем елдері қарашаңырағының иесі болып табылады. Оның бүкіл қазақтың рулық шежіресінің ең соңында тұрғанының сыры осы. Бұл Кенже ұл деген сөз. Атасының шежіре тарихы тек қана кенже ұлда сақтала алады. Мына деректер осы айтқанымның айдай айғағы. Мен бұл деректердің басым көпшілігін, бала жасымнан өз Ата-анамнан және ауылдың жасы үлкендерінен естіп өскенмін.
Маңғыстаулықтардың өзге елдерден басты айырмасы, олар ешқашан батыстың (орыстың) Адамзаттың атасы «маймыл» деген ілімін мойындаған емес. Олар екі ғасырға жуық патшалық Ресейге бағынбастан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне жетті. Көптеген қазақ рулары Патшалық және Кеңестік Ресейдің зорлығымен атамекендерінен айрылып жатқан кезде, қазақ еліне ежелгі атамекендері Маңғыстау мен Үстіртті қазаққа қайта қосты.
Адай Ата ұрпақтары ұлт мүддесіне ешқашан сатқындық жасаған емес. Оған дәлел ретінде айтарым: 1870 жылғы пашалық Ресейге, 1930 жылғы Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліске қатыспаған, не оған қарсы болған бірде-бір Маңғыстаулық болмаған. Барлық халық түгел атқа қонған. Бұл ел түгелге дерлік қазақ халқы мен Орта Азия елдерін Ресей патшалығы түгел жаулап алған екі ғасырлық бодан кезінде де оған бағынбады, айтқанына көнбеді, айдағанына жүрмеді. Осылайша бүкіл Қазақстан мен Орта Азия мойындаған Ресей бодандығына бас иместен Қазан төңкерісіне жетті. «Түздіктердің ең бір ержүрек тайпасы Адайлардың орыс бодандығына берілмеуі Орта Азия хандықтарын орыс отаршылдығынан бір жарым ғасыр бойы сақтап тұрды», — деп жазды Ф.Энгельс бұл туралы.
1870 жылғы «Адай көтерілісі» патша үкіметін қатты састырды. Кавказдан көмекке келген қолдың басшысы граф Кутаисов: «Өлке түгелімен көтерілген, қарусыз бір адам жоқ… Олармен алғаш кездескенде тіпті шошып кеттім. Олардың бірде-біреуі қанша атсақ та құламайды. Шауып келеді, шауып кетеді. Өлісі қайсы, тірісі қайсы – адам айырып болар емес. Адам шошырлық аласапыран. Мұндай қарбаласта әскердің бас-аяғын жинап ұстаудың өзі қиын болды» деп жазады.
Осыдан төрт жылдан кейін, яғни 1874 жылы «Бізге әуелден берілмеген Адайлар 1870 жылғы көтерлістен кейін тіпті бағынудан кетті. Біз Маңғыстауда аяғымызды тік басып, өзімізді оның қожасымыз дей алмадық» жеп жазыпты Маңғыстау приставы.
«Мен 20 жыл топографтар корпусының офицерi бола жүрiп, қазақ даласында талай қақтығыстарды көрдiм, бiрақ дәл осындай көзсiз және табандылықпен жүргiзiлген шабуылды көрмеп едiм. Форттың тағдырын осындай бiрнеше шабуыл шешiп кетуi мүмкiн едi. Онда мұның немен аяқталатынын көзге елестетудiң өзi қорқынышты» (1870 жылғы Адайлар көтерiлiсi туралы капитан Зеленин)
1920 жылы 5 қаңтарда суық қаруланған 15 000 әскермен Форт-Александровскіге (қазіргі Форт-Шевченко) аттанған атаман В. С. Толстовтың отряды аталған жерге бір айдан соң тек қана 2000 адаммен ғана жетеді. Ал сол жылғы сәуір айында 15 000 адамдық әскерінен тек қана 214 адамы тірі қалып, сол жасақпен Форттан шығып Красноводск, одан әрі Иракқа қашып құтылады. (кей деректерде тек қана 70 адамы қалған деп көрсетіледі).
Адайлардан осыншама қиындық көрген атаман кейіннен өзінің бір мемуарында былай деп жазып кетеді:
«Ең соңғы Адайдың сүйегін музейден көрсем, мен армансыз, бақытты адам болар едім...»
Толстовтың бұл мемуары қазір Париждегі орыс казачествосының музейінде тұр.
Маңғыстаулықтар Кеңес үкіметімен де 40 жыл айқасты. Х.Досмұхамедов «Адайлардың орыс отаршылдарымен араласы алақандай Форт-Шевченко қаласының аумағынан асып жарыған жоқ. ...Қазақтың Адай сияқты рулары, шындығында, орыс өкіметі Хиуа мен Түрікпенді алғаннан кейін ғана бағынды» деп жазды («Аламан», А. 1991. 409 бет). Олардың орыс мәдениетімен (ілімімен) араласқан кезеңі бар-жоғы елу жылдың айналасы. Қазақ даласы 300 жылға жуық бодандық кезінде қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жоғалтпай сақтап қалған да осы Маңғыстау. Сондықтан да ол 360 әулиелі Киелі Маңғыстау деп аталады.
Шыңғысханның тегі қазақ және ол қазақтың Кіші жүз (Алшын, Бекарыс)- Он екі ата Байұлы — Адайдың — Мұңал руынан екендігі дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Шындықтан қашудың жалғыз жолы, ол маймылға бала болу. Бұл шындықты бүгін мойындай алмасаңдар, ертең мойындайсыңдар; ертең мойындай алмасаңдар, арғы күні мойындайсыңдар; арғы күні мойындай алмасаңдар, оның арғы күні мойындайтын боласыңдар. Атам қазақтың «Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар» деген мақалының сыры осы. Бәрің бірдей Дарвин айтқандай «маймылға» бала болып кетпесеңдер, мен айтқан тұжырымға күні ертең-ақ келесіңдер. Ол күн алыс емес. Бүгінгі таңда Адай(м) Атадан жеткен ақиқат, бәріңнің көкірек-кеуделеріңнің және үйлеріңнің есігін қағып тұр. Ақиқатқа ешкім есік ашпай тұра алмайды.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстаудан
Мақсатқа! Сізге және өзге де оқырмандарға арнап өткендегі (30 наурыз 2015 жыл 21.55 сағ) екінші сұрағыңа Мұхамбеткәрім ағамның «ШЫҢҒЫСХАН АДАЙ» атты зерттеу еңбегінен үзінді ұсынамын.
ШЫҢҒЫСХАН АДАЙ 639 жыл бойы, яғни 1206 жылдан 1845 жылға дейін Қазақ хандығы (мемлекеті) билігінің басында тек қана Шыңғыс ханның өзі және оның үлкен ұлы (тақ мұрагері) Жошыдан тараған ұрпақтары болды. Демек, Шыңғыс қаған қазақ болмаса, бізде өздерімізді қазақпыз деп атауға ешқандай құқығымыз жоқ. Шыңғыс ханда, оның ұрпақтары да тек қана қазақ елінің тәуелсіздігі үшін қытай, хорезм, жоңғар, орыс басқыншыларына қарсы жан аямай күресті, олар осы жолда ештеңеден де аянған жоқ. Талайлары өмір бойы аттан түспей, мына дүниенің қызығын көрмей кетті. Әңгіменің ашығын айтқанда мынау жарық дүниеде қазақтың тәуелсіздігі үшін дәл солардай күрескен әулет жоқ. Бұл кімде-кім «мың жерден басын тасқа ұрса да» солай. Себебі, ол қазақ қағанатының (Қағанға бүкіл әлем бағынған) қарашаңырағының иесі Кіші Жүз (Алшын-Бекарыстың), оның қарашаңырағы Он екі Ата Байұлының, оның қарашаңырағы Адайдың, оның қарашаңырағы Мұңалдан шыққан. Шыңғысхан қағанатының астанасының Қарақұрым аталып жүргені, олда оның арғы аталарының аты болатын.
Хандықтарды (мемлекеттерді) билеген ұлы тұлғалардың рулық тегі былайша айқындалады.
1. Ол рулық шежіре (жалпы ежелгі қазақтар ата-тегін сонау түпкірдегі Адам Атаға дейін
таратқан). Бұл дәстүр Маңғыстауда сол бұрынғы дәрежесінде толықтай сақтаулы тұр.
Атам қазақтың «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген
ұл, жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» дейтін мақалдарының сыры осы.
2. Рулық таңбасы.
3. Ұраны.
Егер осы көрсетілген белгілер толықтай сәйкес келмесе, онда ол тұлға сен ойлаған руға
жатпайды деген сөз. Себебі, біз Шыңғыс қаған атамызды бүгінгі 105 (ежелгі шежірелер де 125) таңбалы қазақ руларының ішінен таба алмасақ, онда біздің де Шыңғыс қағанды қазақ деуге ешқандай құқығымыз жоқ.
1. Шыңғыс қағанның тегі:
Шыңғысханның шыққан Қиян (Қият) руы былайша өрбиді: Қазақ-Кіші Жүз (Үш Жүздің ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі), Бекарыс (сөз түбірі «ек (екі)». Екі саны қазақтың сандық атауы, яғни лақап аты), Алшын (Ең алғаш Ұлы Жаратушы-Алланың бар екенін, Оның шын екенін, Оның мекені биікте (аспанда, шыңда) екендігіне көзі жеткендер). Ол жер күні бүгінде Қыр (биік шартарап), Үстірт (Үстіңгі Жұрт), Сынды (Тауратта, Забурде, Інжілде, Құранда айтылатын Синай (Сынай) тауы осы), Үстірттің ең биік жері күні бүгінде де Шың деп аталады – одан Он екі Ата Байұлы (Алшынның, сонымен қатар бүкіл қазақтың ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі) — одан Адай (Он екі Ата Байұлының ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі, шежіре дерегі бойынша Адайдың ең соңында тұратын себебі осы) – одан Келімберді (Адайдың екі баласының кішісі) – одан Мұңал (Адайдың сегіз немересінің ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының (Мұңал ошақтың) иесі – одан Жаулы – одан Жары – одан Мұрат (Кеще) – одан Шортық – одан Бұқар – одан Құрым (Шыңғысхан қағанаты астанасының Қарақұрым (Қарақорым) атанатын себебі осы) – одан Сүйіндік – одан Тұрнияз – одан – Айытқұл – одан Қиян (Қият осы Қиянның толып-толысқанын білдіретін көпше атауы). Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлының шежіресінен алынды. (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі». Алматы-2002. 225-228 беттер).
Қазақ та «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» делінеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Адай атауы сөз түбірінде Ада (Ата) деген атты иемденген және сонымен қатар Шежіренің де ең соңында тұр.
Маңғыстауда Шыңғысханның арғы аталары Қиян (Қият), Қараман (Әйгілі Шумерлер өздерін Қарабас деп атаған, Шыңғыс қағанның арғы аталары Қараханидтер қағанатын құрған), Құрым (Қарақұрым), Бөржігін атты топономикалық атаулар күні бүгінде де бар. Ал, Адайды қазақ емессің деуге ешкімнің де құқы жоқ. Сол сияқты оның ұрпақтарын да. Себебі, күні кеше патшалық Ресей Адайды (Маңғыстауды) қазақтан бөліп тастау үшін басында Кавказға, кейіннен Түрікменістанға зорлықпен қосқан кезде, біз қазақтың қарашаңырақ иесіміз, ағаларымыздан ешқайда ажырамаймыз, — деп ұлы қырғын-қантөгіспен өз қазағына (Қаз ағасына) қайта қосылған және бүкіл қазақ елі өз жерлерінен айрылып жатқанда Қазаққа атамекен Маңғыстау мен Үстіртті қайта қосқан біздің аталарымыз болатын.
Қысқасы, Шыңғыс қағанды қазақ деп мойындай алмасақ, бізде өзімізді Қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.
Осы аттары аталған Аталарымыздың басым көпшілігінің, тіпті бәрінің десе де болады әулие-қорымдары Маңғыстау да күні бүгінде де бар. Қиянның қасында барлық ежелгі шежірелерде айтылатын шыңғысхан шықты делінетін Бөржігін атты жер атауы да бар.
Бұндай сәйкестік жер бетінің ешбір елінде жоқ.
Маңғыстауды 360 әулиелі киелі Мандардың қыстауы (Манқыстау) делінетінінің сыры осы. Қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) және оның құрамы ешқашан жаңылысып көрген емес. Сол үшінде оларды «Тіл таңбалы Адайлар» және Қас би (бүгінгі Каспий теңізінің ақиқат атауы осы), Бас би, Тау би (Қазақтың Қап тауын (Кавказ) Албандар (Албания) осылай деп атапты.
Албан демекші, Албания мен Қазақтың Ұлы Жүзіндегі Албандардың тегі: рулық құрамы да, таңбасы да, ежелгі ұраны да, тілі де бір. Албания қазақтан енші алып бөлініп шыққаны, біздегі албандар (Ұлы Жүз) қарашаңырақта қалғандары. Бүкіл әлем елдері осылай тарайды. Мысалы, Моңғолия бөлек шыққаны, Мұңал қарашаңырақта қалғаны; Шеркешия (Ресей құрамында) бөлек шыққаны, Шеркештер қарашаңырақта; Мысырлықтар бөлек шыққаны, Ысықтар қарашаңырақ та қалғаны; Иемен бөлек шыққаны, Жеменей қарашаңырақта қалғаны; Аджария бөлек шыққаны, Адай Жарылар қарашаңырақта қалғаны; Мажарлар бөлек шыққаны, Маңғыстаулық Жарылар қарашаңырақта қалғаны; Буряттар бөлек шыққаны, Бөрі Адайлар қарашаңырақта қалғаны; Мадиярлар бөлек шыққаны, Ман Адайлар қарашаңырақта қалғаны т.т. болып кете береді.
Шыңғыс қаған империясының ұлттық құрамы қазақ руларынан құралған. Оның барлық қолбасшылары да, билері де, барлық батырлары да (Өзі, төрт баласы және әйгілі Жебе (Жебе оның лақап аты және Адайдың таңбасы) ноян Адай, Мұқылай ноян Жалайыр, Шыңғыс қағанның әділ биі, ұлы жыршы, дәулескер күйші, көріпкел бақсы, сұңғыла шежірешісі Кетбұға Найман, бас биі Майқы би Үйсін т.т. бәрі тек қана қазақ руларына жатады.
2. Шыңғыс қағанның бас таңбасы (гербі) «Тіл» және «Қас би» таңба деп аталған. Ежелде де,
бүгінде де Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар» атанып жүргендерінің сыры осы. Біз сол аталарымыз атын қойған Каспий теңізінің жағасында әлі отырмыз. Маңғыстаудан үш рет кеттік, үшеуінде де «Сауран айналып» Маңғыстауға (Ата мекенге, яғни Атам, әкем және менің туған жеріме) қайта оралдық. Ата мекенді сүйсең осылай сүй.
Адайлардың соңғы таңбасы «Жебе», яғни «Садақ». Бұл жерде «авторлық құқық» сақталып тұр. Бұл сол замандағы қарсылысын алыстан жайрататын ең ұлы қару Садақты Адайлар ойлап тапты деген сөз. Мұны тек қазіргі заманның Атом қаруының оқ тұмсығымен салыстыруға болар.
“Өсер ел тарихын таспен жазады, өшер ел тарихын жаспен жазады” – деген екен. Аталарымыз тарихын таспен де, оған салған таңбамен де жазып кетiптi. Ал бiздер… Таңбаны ұмыттық… Оған себеп бiздiң заманымызда, көз алдымызда сол тарихтың күнiне бiр әрпi тозаңға айналып, жылына бiр жолы сүртiлiп жатыр. Турасын айтсақ қазір аталарымыздың басындағы құлпытасқа «таңба» салуды қойдық, ескерткiштер құлап жатыр, бұзылып жатыр, орны жоғалып жатыр.
Кенге! Менде бәрі жақсы. Күнделікті үйренген тіршілік.
VKMге! Қорқатын дәнеңе де жоқ. Атамыздың аруағына, ағамыздың арына және менің намысыма тиіспесеңіз болды. Қалғаны әркімнің өз еркінде. Арна менің жеке меншігім емес.
SSSS-ке! Біріншіден, мұны жазған мен емес. Мен мұнда тек қана Мұхамбеткәрім ағамның еңбегін көшіріп салдым.
Екіншіден, менің Шыңғысхан атам өте жақсы адам болғасын жұрттың бәрі менікі деп, таласып жатыр. Бұл мен үшін өте үлкен қуаныш. Жаман болса, Одан жұрттың бәрі қашар еді. Таласа берсін. Біздің одан ештеңеміз кетпейді. Жақсы адам солай болып, оған жұрттың бәрі таласуы тиіс. Әзірге таласа тұрсын. Соңғы сөзді бәрібір біз айтатын боламыз.
Үшіншіден, бұл тарихи-зерттеу еңбекті жазған Мұхамбеткәрім ағам ешкімді сенуге зорлап жатқан жоқ. Ағам өзінің зерттеп, зерделегенін халыққа жеткізді. Мен өзім ол кісіге сендім. Сенгенім соншалық, Шыңғыс қаған атамның аруағын да, Мұхамбеткәрім ағамның арын да әрқашан да қорғауға әзірмін. Мен сияқты ол кісіге сенетіндер өте көп. Әсіресе, Дарвинге (атам маймыл деген) сенбейтіндер түгел сенеді десе де болады. Себебі, ол кісі ешқашан жалған сөйлеген емес. Сіз байқамадыңыз ба? Оның жазғандарын ешкім теріске шығарып, басқаша тұжырым ұсына алмауда. Себебі, шындыққа, яғни ақиқатқа ешкім қарсы тұра алмайды. Ал, ол кісі қазақ тарихына қатысты кез-келген жаңсақтықты (өтірікті) бір ауыз сөзбен талқанын шығарады.
Төртіншіден, Мұхамбеткәрім ағамыз айтқандай, әр кім өз санасының, яғни ақылы мен білімі жеткен жерінің қонағы болмақ. Білімің жетпеген жерге ешқашан қонақ бола алмайсың.
Бесіншіден, мен сені жақсы түсініп отырмын. Сенің бұлай айтуыңның жөні бар. Қазіргі Дарвин ілімінен дәріс алғандар сөзге тоқтамайды. Пәлен жерде Атамның моласы бар десең, міндетті түрде сенен оның сүйегін әкеліп көрсетуді сұрайды. Ағамыз көптеген жұмбақтың жауабын жазыпты ғой. Енді қалған жерін өзіміз шешсек, сонда өте сенімді болады.
Алтыншыдан, Мұхамбеткәрім ағамның мына бір тұжырымын қаперлеріңізге бере кетейін: «Шыңғысханның тегі қазақ және ол қазақтың Үш Жүзінің кенжесі Кіші жүз (Алшын, Бекарыс)- оның кенжесі Он екі ата Байұлы – оның кенжесі Адайдың – оның қарашаңырағы, яғни «Мұңал ошақтың» иесі Мұңал руынан екендігі дауға жатпайды. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Бұл шындықты бүгін мойындай алмасаңдар, ертең мойындайсыңдар; ертең мойындай алмасаңдар, арғы күні мойындайсыңдар; арғы күні мойындай алмасаңдар, оның арғы күні мойындайсыңдар. Түптің түбінде бәрібір мойындайтын боласыңдар. Мұндай жағдай (жаттың ықпалымен аталарынан адасып қалу) қазақ тарихында бұрында да сан рет болған. Бәрінде де бүкіл әлем елдері Қаз ағаларына (Қазаққа) қайта оралып отырған. Атам қазақтың „Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар“ деген мақалы осыдан қалған. Бәрің бірдей Дарвин айтқандай „маймылға“ бала болып кетпесеңдер, мен айтқан тұжырымға күні ертең-ақ келесіңдер. Ол күн алыс емес. Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім. Маңғыстаудан»
4. Сөз түсінетін ақыл-есі түзу жандарды бірден мойындататын жағдай, Шыңғысхан қағанаты
ақшасының теңге деп аталуы және онда «Қазақ», «Алаш» және «Аға хан» деген жазбалардың болуы.
Бүкіл әлем елдерінің (қытай, арап, ағылшын, француз, парсы, моңғол, орыс т.т.) тілді елдердің (мемлекеттердің) бәрінің ұлттық валюталары (ақшалары) бар. Сол ақшалардың бәрі сол елдің тілдерінде жазылған, бәрінде сол елдің тарихына қатысты атаулары және онда сол мемлекеттердің аттары жазылған. Бұл бүткіл әлем елдеріне ортақ қағида. Біздің де ақшамыз күні бүгінде де сол Шыңғысхан заманындағыдай «теңге» деп аталады, жазбалары қазақ тілінде, дәл солардың ақшалары сияқты «қазақ (қазақстан)» деген жазбасы бар. Сенбегендерге қалталарыңдағы теңгелеріңді алып қарауға кеңес беремін.
«Аға хан» демекші, «Аға хан» мен «Қаған» синоним сөздер. Айырмасы, Қ-аға-н дегенімізде, Хан сыртында қалып, Аға сөзі ортаға ауысады. Маңғыстауда Қанға баба деген әулие-қорым бар. Бұл алғашқы хандық құрылған жер. Қанғаның толық мағынасы Хан аға. Ал «Қаған (Аға хан)» дегеніміз, бүткіл жер бетіндегі барлық хандардың ағасы деген сөз.
Бас таңбасы «тіл», өзгелер Қас би (Каспий) деп атаған Қазақ қағанатының сөздік қорында дәл осындай «құпия» мағынасы бар сөздер баршылық. Олар: Садақ (С-ада-қ) – Сақ ата (Сақтардың атасы), Санақ – Сақ ана, Сабақ — Сақ апа, Сенек – Сақ ене, Сағақ – Сақ аға (Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан) т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде авторлық құқық сақталып тұр. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?
5. Әр елдің өзіне тән саяси жүйесі болады. Мысалы:
А. Иран патшалығы — саяси билік жүйесі патшалық. Елбасы: патша, шах;
Ә. Хорезм патшалығы – жүйесі патшалық, елбасы патша, шах; Шыңғыс қаған күйреткен
Хорезм патшалығын құрғандар да, оларды билегендер де парсылықтар және сол Парсыларға тәуелді болғандар. Шыңғыс ханға кінә қылып тағып жүрген күйреген Отырар мен Мары қалалары осы елдікі болатын.
Б. Рим империясы — жүйесі империя, елбасы император;
Г. Орыс патшалығы – жүйесі империя, елбасы император; Бұлар Рим империясының жалғасы. Олардың Христиан дінін ұстанатыны да осыдан.
Ғ. Кеңес үкіметі (ССРО) – жүйесі партия, елбасы Бас хатшы; Рухани негізін Евангелие (Жердегі Құдай патшалығын құрамыз деген), саяси негізін Ленин, экономокалық негізін Карл Маркс қалап, тәжрибе де іске асырған большевиктер партиясы болды. Оларды қаржымен Америкалық банкирлер қамтамасыз етті.
Д. Ресей федерациясы – жүйесі президент, елбасы президент;
Е. Арап – жүйесі халифат, елбасы халифа;
Ж. Европа — жүйесі парламенттік және президенттік, елбасы президент;
З. Қазақ – саяси жүйесі хандық пен қағандық, елбасы хан мен қаған; Демек, бұл адамзат тарихындағы барлық хандықтар мен қағандықтардың барлығы қазақтардікі деген сөз.
Қорытынды: Соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы болып бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) мойындалған Шыңғыс қағанның тегі қазақ екендігі дауға да, күмәнға да жатпайды. Егер біз осыны мойындай алмасақ, біздерге өзімізді де қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.
7. Шыңғысхан қағанатының ұраны «Алаш» болған. Оның сарбаздарын Аландар (Алаштар) деп атаған. Қазақтың да ұраны Алаш емес пе? Шыңғыс қағанатының ақшаларында «Алаш» деген жазбалар болған. Оның кейінгі ұрпақтары бәріміз білетіндей, Алаш Орда хандығын құрды.
Кейінгі «Алашордашылар» қозғалысының көсемдері Әлихан Бөкейханов пен Санжар Аспендияровтың ұлы Шыңғысхан бабамыздың тікелей ұрпағы екендігін біле жүргеніміз абзал. Сол сияқты, сонау Керей мен Жәнібектен бастап, Қасым, Есім, Тәуке, Тәуекел, Абылай, Әбілқайыр сынды, қазақ хандарының барлығы да, тіпті қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың да Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы екендігін зерделей жүргеніміз дұрыс. Егер біз Шыңғысханды және қазаққа 650 жыл бойы қаған (хан) болған оның ұрпақтарының қазақ екенін мойындай алмасақ, онда біздердің де өзімізді қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ. Бұл бүгінгі Қазақ Елбасын қазақ емес дегенмен бірдей.
8. Шыңғыс ханның туы-тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын
болған. Ал тудың дәл ортасында бауырына аулап алған жемтігін қысып, қанатын жайып, ұшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған.
Түсініктеме: Ақ түс – ақиқатты, адалдықты және осы ұғымдарды дүниеге әкелген аталарымыз бен ағаларымызды білдіреді. Адамның (Адайдың) сөз түбірі Ад (Ат), Ада (Ата), ал ағаның сөз түбірі Ағ (Ақ) болатыны осыдан. Еске ұстайық. Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысқан емес. Ананың ақ сүті, ақ неке, ақ ниет, ақ тілек, ақ адал мал, ақ орамал, ақ жаулық т.т. осы айтқанымның айдай айғағы болмақ. Тоғыз шашақ, мұңалдың алдындағы тоғыз буын аталары мен ағалары.
Олар, бірінші буын Адайдың екі баласы, яғни ағалы-інілі Құдайке мен Келімберді. Немерелері: екінші буын Тәзіке, үшінші буын Қосай, төртінші буын Құнанорыс (Рысқұл), бесінші буын Ақпан, алтыншы Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), жетінші Жеменей (Бұзау), сегізінші Семит, тоғызыншы Тобыш, оныншы буын Моңғол (Мұңал). Моңғол Мұңалдың сандық атауы, яғни лақап аты.
Үш бұрыш – Үш Жүз (Үш аналы қазақ) және Нұқ пайғамбар шыққан ру (Қосай мен Қоңыратты) білдіреді. Үш саны Қосайдың сандық атауы. Ал, Қосай мен Қоңыратқа келсек, Қосай Адайдың (Атасының) қарашаңырағында қалғаны, Қоңыраттар бөлініп шыққаны. Үш бұрышты тудың сырыққа үш жерден байланатын себебі осы. Нұқ пайғамбардың үш ұлының (Қам, Сам және Иапес) елі.
«Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді.… Иафес атасының әмірімен Жуды (қазіргі атауы Қазығұрт (Қазық жұрт)) тауынан кетіп Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегіз ұлы болды. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», — деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап ат қойды. (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 12-13 беттер).
Көк – көк аспан елінің ұрпағы деген сөз.
Қаршыға – сөз түбірі «қар», бұл ақ, аға және ақиқаттың балама атауы. Ақша қарды Қар дейтініміз осыдан. Ал, Қардың түбірі «Ар», бұл Шыңғысханның арғы аталары Жарының сөз түбірі. Араптар да (Ар апалар) бізден тарайды. Олар өздерін ерте заманда Тәзіке елі (Адайдың бірінші немересі) деп атаған.
Ата сыйласаң, аға сыйласаң осылай сыйла. Ту жасасаң осылай жаса. Бір тудың өзі-ақ бүкіл Ата тарихты сайратып тұрған жоқ па? Нағыз даналық деп осыны айт. Сол үшінде оларды Қас би деп атаған. Каспий теңізі атауының негізгі мағынасы осы.
1. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының да қазақтан еш айырмасы жоқ. 100% cәйкес
келеді. Мысалы, Шыңғысхан еліндегі келіндер жұбайларының жасы үлкендеріне иіліп сәлем етеді. Бұндай салт қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Шыңғысты хан боларда да, қаған боларда да халық сайлаған. Хан сайлау қазақ дәстүрі. Моңғолдар да хан, қаған деген ұғымдар жоқ. Олар билеушілерін Қонтайшы деп атайды.
2. Ешбір ел өзге елдің, өзге ұлттың ұрпағын хан сайламайды. Темірді (Шыңғысты) хан
боларда да, қаған боларда да, оның бүкіл ұрпақтарын да қазақтар өздеріне «ақ киізге салып көтеріп» хан сайлап отырған. 1986 жылғы Д.Қонаевты орнынан алып, орнына орыс Колбинді тағайындағанда не болғанын еске алайық.
3. Х11 ғасырда Мұңал даласында (қазіргі Монғолия) өмір сүрген Шыңғыс қағанның
айналасындағы адамдардың да, ру-тайпа аттарының бәрі де тек қана қазаққа тән. Олар, Есекей, Алтан, Құшар, Сағабек, Темір, Тастемір, Шыңғыс, Өлең, Бөрте, Жібек, Марал, Жамұқа, Белгітай, Қасар, Нақу-Баян, Бауыршы, Тарғытай, Желме, Алтан, Мұқалы, Жеменей, Есен, Бөкен, Жанай батыр, Үгедей, Жолшы (Жошы), Төле, Дәрітай, Шағатай, Тайшар Қарасақал, Жебе т.б. Оның үстіне Қият, Жадыран, Жары, Адай, Байұлы, Маңғыт, Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Ұйғыр, Жабал т. б. ел, ру, тайпа атауларын қосыңыз. Сол кездегі жоғарыда көрсетілген ру-тайпалардың барлығы да қазіргі қазақ халқының құрамында.
Шыңғысханның айналасындағы адамдардың көпшілігінің аттарының қасына «Ад», «Дай», «Адай», «Жары» деген тегі (қазіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-Адай», «Туху-Адай», «Бөрі-Адай»(186 бет), «Нояқ-Адай», «Қаран-Дай», «Буда-Ад», «Дахал-Адай», «Арул-Ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-Адай» (200 бет), «Шырғы-Адай Батыр», «Жажир – Адайлық Жамұқа» (220 бет), «Жырғы Адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме Адай» (234 бет), «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше Адай»(240 бет), «Бары Адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже Дай», «Долы Адай» (259 бет), «Идік Адай», «Қынкия Адай» (260 бет), «Жары Адай-Еген» (265 бет), «Алшы Адай» (271 бет). (Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002 «Көшпенділер баспасы).
Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы.
«Түрік шежіресі» 46 бет).
Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған» деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет), «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай–шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз».
Мақсатқа! Сізге және өзге де оқырмандарға арнап Мұхамбеткәрім ағамның «ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ҚАҒАНЫ» атты зерттеу еңбегін ұсынамын. Бұл еңбек Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бәйгеге қатысуда. Қазақ тарихынан хабарлы жандарға пікір білдірулеріңізді өтінеміз. Қазақтың Ата салты (Ата заңы) бойынша ұлттан ұлттың айырмасы төмендегідей:
1. Мемлекеттің (ұлттың) тілі.
2. Діні.
3. рулық (тайпалық) құрамы.
4. Жерінің (территориясы) жалпы атауы және сол жердегі өзге де топономикалық (жер, су) атаулар. Жер бетінде мұндай айғаққа тоқтамайтын жан жоқ.
5. Таңбасы (Гербі).
6. Билеушінің мөрі.
7. Ұраны (бүгінде ол «Ән ұран» деп аталады).
8. Жалауы (туы).
9. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы.
10. Ел (мемлекет) билеушілерінің шыққан тегі.
11. Ел басшылары мен адамдарының есімі.
12. Мемлекеттің ақшасы. Сонау Атам заманнан бері кез-келген елдің ақшасында
(валютасында) ұлттық мемлекеттің атауы міндетті түрде жазылады. Шындығын айтқанда осы бір ақшаның өзі-ақ, ежелгі ұлттардың (мемлекеттің) бүгінгі ұрпақтарының кімдер екенін айқын ажыратып бере алады. Ақшаға жазылған мемлекет атауының жалғыз өзі-ақ сол ақшаларды шығарған елдің кім екенін айғақтап береді және қалған айғақтардың бәріне соңғы нүктені қоя алады.
13. Саяси билеу жүйесі.
Шыңғыс қаған құрған қағанаттың (мемлекеттің) тегі қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес:
1. Шыңғыс қаған қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Оның өзге елдердің мемлекет басшыларын
жазған хаттары осы тілде жазылған. «Құпия шежіре де» қазақ тілінде жазылған. Тіл ұлттың тұғыры. Атам қазақтың «Тіл тұғырың, дін діңгегің» дейтіні осыдан. Қазақтың Ана тілі дегені менің шешемнің тілі дегені емес. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бізден және бізге ең жақын елдерден басқа ешбір ел өз тілдерін Ана тілі деп атамайды. Олар тілдерін туысқан (родной), немесе орыс тілі, қытай тілы, ағылшын тілі т.т. деп атайды. Демек, қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз.
1. Шыңғыс қаған Тәңірге (Құдайға) табынған. Бұл сол замандарда жазылған барлық тарихи
еңбектерде айқын көрсетілген. Біздің «О, Құдайым!» және сонымен қатар «О, Тәңірім!» дейтіндеріміздің сыры осы. Оларда дәл біздегідей әулиеге түнейді, туыстарының басына барып садақа жасайды. «Құпия шежіреде» Шыңғыс ханның үш рет жаны қиналғанда «Мойына бұршақ салып» Тәңірден тілек тілегені жазылған. Үш тілегі де қабыл болған.
2. Шыңғысхан құрған хандықтың құрамы қазақ руларынан болды. Сол рулар күні бүгінде де
қазақ халқының құрамында.
Күн қағаны Мөде б.з.д. 209 жылы құрған империядан бергі 1500 жыл ішінде қазіргі Мұңалия (Моңғолия) аймағында қазақ этносын құраған көптеген тайпа мен рулар өмір сүрген. Бүгінгі күні Керілген (Керулен) өзенінің арнасынан 25 шақырым жердегі Шыңғыс ханның жазғы жайлауы Аваргада 1990 жылы қойылған ескерткіште қырыққа жуық қазақ тайпасы мен руының таңбасы қашалған. Олар: арғын, бағаналы, балталы, шапырашты, беріш, ошақты, жалайыр, тарақты, тама, табын, жаппас, шекті, қаңлы, телеу, керей, алаша, таз, ысты, адай, сарыүйсін, дулат, уақ, қоңырат, рамадан, алтын, кете, төртқара, қарасақал, жағалбайлы, шеркеш, сиқым, албан, ботбай, шымыр, матай және терістаңбалы. Қазіргі қазақта барлығы 105 таңбалы қазақ руы бар делінеді.
4. Шыңғысханды «еншілеп» жүрген бүгінгі моңғолдардың жері 1921 жылға дейін Түркістан
деп аталған. Моңғолиядағы жер-су атауларының бәрі «әсем әннің қайырмасындай» болып қазақ даласындағы атауларды түгелдей қайталайды. Мысалы, бала кезімізден бәрімізге жақсы таныс, мектеп қабырғасынан жаттап өскен
«Әй, Тайқарбай дегенде, Әй Тайқарбай,
Қойыңды Тайқартасқа жай Тайқарбай», — деген жаңылтпашқа арқау болған Тайқар өзені де, Тайқар жазығы да, Тайқар тасы да осы Мұңалия (Моңғолия) жерінде. Тайқартас Қаңға үстіртіндегі Тарбағатай мен Ұлытаудан бастау алатын Тайқар өзенінің бойындағы көк жазықтың ортасында орналасқан. Қаңға үстірті демекші, осы Қаңға бабаның жерленген жері Маңғыстаудың Түпқараған ауданы жерінде. Күні бүгінде де Қаңға баба деп аталады.
5. Шыңғыс қағанның бас таңбасы (гербі) «Тіл таңба» болған. Оны «Қас би» таңба деп те
атаған. Мысалы, «Алтан Тобыш (Алтан Тобши)» атты еңбекте осылай көрсетілген. Бүгінгі Каспий теңізінің дұрыс атауы осы. Бүгінгі Маңғыстаулық Адайларда екі таңба бар. Біріншісі «Тіл», екіншісі «Жебе». Екеуі де Адайдың лақап аты. Себебі, олар бүгінгіше айтқанда осы ұғымдардың «авторы». Адайлар күні бүгінде де «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталады. Бұл таңба Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргада да Шыңғысханға арнап орнатылған обелискіге салынған.
6. Шыңғыс қағанның «1206 жылғы мөрінде «Көкте тәңір, жерде қаған бар. Әлем иесінің
таңба мөрі» деп жазылған (Эренжен Хара-Даван, Чиргис – хаан как полководец и его наследие. Алматы 1991, 19 бет). Қаған таза қазақ сөзі, негізі ман, хан, қазан (қазақ елі) деген сөзден шыққан. Бізге жеткен ұлы шежіреде тек қана қазақтан шығып әлемді билеген ұлы көсемдер ғана қаған атын иемденген. Бүкіл әлем тарихының бірде-бір елінде, қазақтан басқа билеушісін қаған деп атаған мемлекет болып көрген емес. Мысалы, Қазақ қаған, Ұлы Алаш қаған, Өгіз (Оғыз) қаған, Тоны көк Білге қаған, Бұмын каған, Күлтегін қаған, Шыңғыс қаған т.т. Яғни қаған деген сөз бүкіл әлемге билік жүргізетін ұлы хан, хандардың ағасы, яғни ең жоғарғы әмірші дегенді білдірген. Бұл жөнінде Әбілғазы: «Қағанның мәнісі мынау. Кім де кімнің ғиззаты және дәулеті хандық мәртебесінен артық болса, әмірлер мен халық оны қақан дер және кімнің мәртебесі қақаннан жоғары болса оны қаған дер. Қағаннан жоғары мәртебе, құрмет болмас» дейді. (Түрік шежіресі 110 бет).
Шыңғысханның Мөрі қазақша жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Қазақ мемлекеті – қазақ тілінде.
Түсініктеме: Мен бұл жерде «Түрік» деген сөзді әдейі қолданбай отырмын. Себебі, Түрік Қазақтың баласы екендігі ежелгі шежірелерде айтылған. Біздің (қазақтың) сөздік қорымыздағы «Әз Түрік» деген сөз, Түрік Қазақтың баласы дегенді білдіреді. Әз Наурыз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әз Елбасы т.т. дейтініміз осыдан. Қазақтың түп атасы Әз Әулие. Бұл Маңғыстаулық 360 әулиенің ең біріншісі, ең ұлысы, ең ардақтысы деген сөз. «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Ол Әз әулие емес қой», «Тасташы, әрі Әз әулие қылмай» дейтініміз осыдан. Еске ұстағанымыз жөн, Әз (Аз) бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы осы. Бүткіл жер бетіндегі ең ұлы құрылықтың Азия атанып жүргенінің де сыры осы. Әз әулиенің де моласы Маңғыстау да (Үстіртте).
Қоңырбай! Мынау сенің 10.03.2015, 15.02 сағ. екеуміздің жырмен айтысымыздағы сөзіңнің соңы: «Соңғы айтқан жауабым:
»Өтірігіңмен қоса өлсеңші!".
Бүгінгің мынау «Шеркешбайды қайтыс болды деп естігем». Сенің жасың ғой 25-те. Жоғары білімің бар. Қашан саған ақыл кіреді?
Мен саған өткенде де ескерткенмін, біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле, деп.
Сенің біреуге өлім тілеуің мен мына өлеңіңнің арасы аспан мен жердей ғой. Құранды өзің құр ән деп жүрген сияқтысың.
Күні мен түні ауысқан
Өмірде болмай сауысқан
Ағайын, ғұмыр кешейік!
Хақ жолына атсалысқан.
Исламнан қашып безбеңіз,
Алладан қашып не етпексіз?
Бабалар келген өмірден
Біздер де қайтып кетпекпіз.
Аятпен амал етсеңіз,
Бақытты ғұмыр кешесіз.
Алланың айтқан сөзі сол
Құранды құр ән демеңіз.
Жоғарыдағы тіл туралы бір шумақ өлең, бұл менің өзімдікі емес, «Тіл туралы ең ұнаған бір өлең» деген айдармен жарияланған ағам Мұхамбеткәрім Қожырбайұлының сөзі еді» (Қара 27 ақпан 2015, 18:40). Сендер «мәңгүрт» болмай дұрыс адам болсаңдар, осы жыр шумақтарының ішінде қандай әбестік бар?
«Бала!»Ispek92. Менің саған бұлай сөйлеуім, әзірге тек қана ескерту. Мен сенің атыңа "Әй" деген сөзді қосқаным жоқ. Бала деген сөздің мағынасын білгің келсе, Қоңырбайға арналған «комментті» оқып жаттап ал. Келесі де менің атыма тағы осындай боқтық сөздерді тағы қайталайтын болсаң, сол «коммент» сенің атыңа да жалғанатын болады. Және оның қасына «Әй» деген сөз қосылып, оған да «әдемі» коммент берілетін болады. Бұл бір.
Екіншіден, Жасың қылшылдаған, қайран 25-ке келсе де (өзің біздің мемлекеттік тілмен түйдей құрдас екенсің (қазақ та үш жасқа дейін құрдас саналады)) тілдерің әлі шықпаған. Өзге жұрттың балаларының тілдері 3 жасында шығады. Ана тілдерінде аудармашысыз сөйлей алады. Ал сендердің жастарың 25-ке келсе де әлі шықпай жүр.
Үшіншіден, өзің біздің орыс тілді биліктен аумай тұрсың. «Көт» пен «Пат» деген сөздердің мағынасын ажыратуға сендердің саналарың, яғни ақылдарың мен білімдерің жетпей жүрген.
Әзірге осы «сыбағаңа» разы бол!
Қашан сендердің ақылдарың кіреді? Өмір бойы осылай «мәңгүрт» болып жүре бермексіңдер ме?
SSSS-ке!! нім! Көтеріп отырған мәселең де дұрыс. Қазақтың мүддесін қорғайтын Үкімет жоқ дегенің де шындыққа келеді. Ал, шындығын да, бұл «ауруды» сіз ұсынған жолмен емдеу, іші іріп, иісі шығып кеткен жараның бетіне, адамдар уақытша ғана көрмесін деп «лейкопластыр» жапсырып қойғанмен бірдей.
Жиырма бес жыл өтсе де,
Төрімде отыр өзге тіл.
Ал өз тілім жетім бала секілді,
Сығалайды есіктен
Неге оның бекімейді буыны?
Неге белі шыға алмай жүр бесіктен?
Сендерге не керек өзі? Жезөкшелікті тоқтату ма, әлде ақша ма? Тағы кім деген алпауытты "қыздарымыздың (болашақ ұлтымыздың аналарын) арын сату" арқылы байытпақсыңдар? Осығанда бастарыңның жетпегені ме? Сендер не сонда «жезөкшелікті» тоқтату үшін соларға заңды құқық бергеннен басқа жолы жоқ деп ойлайсыңдар ма? Қыздарымыздың ойы осындай болса, жетіскен екенбіз онда?
Алдыңғы комментіме қосымша: Күні кешеге дейін қазақ даласында, тіпті қалаларында да бірде-бір түрме-зындан болмаған, абақты тұрғызбаған. Себебі, қазақ арасында ол жерге жіберетін адам болмаған. Мен Сендерге міне осыны зерттеуге және осыны уағыздауға кеңес беремін.
Балалар! Қазақтың ұлы қағаны Шыңғысханды және оған арнап кітап жазған Мұхамбеткәрім ағамды келемеж-күлкі қылып, олардың атына қорлау сөз айтатын болсаңдар, менен жақсылық күтпеңдер. Егер де мен айтқан ескертуге көнбей, тағы да жариялап жатсаңдар, менің сендерге берген жауабымда Сендердің де аттарыңның қасына "Қоңырбайдың" қасына берілетін «коммент» бірге берілетін болады. Бұл бір.
Екінші, сендердің жаңадан ашқан саиттеріңде осы Кісілердің атына қорлау сөз болатын болса, Мұхамбеткәрім ағамның кітабының "үзінділерімен" толтыратын боламыз. Осында менің бір сыйлас ағам бар, жақында зейнеткерлікке шықты. Қолы бос, іші пысып отыр. Сол ағама айтсам болды. Сендердің келемеж саиттеріңнен Мұхамбеткәрім ағамның Шыңғысхан жайлы кітабын күн сайын ежіктеп тұрып оқып отыратын боласыңдар.
Үшінші, менің бұлай айтып отырған себебім, "Қазақтың ұлы қағаны Шыңғыс ханның" аруағын және Мұхамбеткәрім ағамның арын қорғау біздің (өзін мен қазақпын дейтін азаматтың) азаматтық парызы деп білемін.
Төртінші, мен сендерге Сендердің айтқандарыңды елемей «Ит үреді, керуен көшеді» деп үндемей жүре беретін Мұхамбеткәрім аға емеспін. Айтқанға көнбесеңдер, ындықтың түбінде жүрсеңдер де тауып аламын.
Бұл сендерге Олар жайлы әңгіме қылмаңдар деген сөз емес. Бұл жердегі әңгіме тек қана сендердің Оларды келемеж-күлкі етіп «қорлау» сөздерің де болып отыр.
Айтпақшы ұмытып барады екенмін. Өздерің біздермен аудармашы арқылы сөйлесетін орыс тілді билік иелерінен, яғни қазіргі шенеуниктерден аумайды екенсіңдер? Оларда тура сендер сияқты, қазақ үшін қарапайым дүниелерге бастары жетпейді. Айтыңдаршы! Сендердің ақылдарың қашан кіреді?
Жақында британ тарихшысы Хелен Раппапорттың «Конспиратор: Ленин в ссылке» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Ол осы еңбегінде орыс революциясының көсемі В. Лениннің нейросифилис ауруынан көз жұмғанын дәлелдеген. Ол мұндай қорытындыны 1904 жылғы медицина және физиология саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, әйгілі орыс ғалымы, профессор Иван Павловтың (1849-1936) қалдырған деректеріне сәйкес жасаған. Оның айтуынша, мұны Кремл дәрігерлерінің бәрі білген, бірақ оларға кезінде мұны жариялауға тыйым салынған. Раппапорттың тұжырымы бойынша Ленин бұл ауруды 1902 жылдары Париж жезөкшелерінен жұқтырған көрінеді.
Жалпы, христиан дініндегі патшалық Ресейде «әйелдердің жеңіл жүріспен табыс табуы» мемлекеттік деңгейде рұқсат етілген болатын. Төңкеріспен дүниеге келген «Коммуна» кезінде Кеңес үкіметімен жарияланған «Әйел теңдігінен» кейін бұл «ауру» қатты асқынды. Осы кезде орыстың пролетар ақыны В.Маяковскийдің «сифилис» деген өлеңі жарыққа шықты: «По скверам, где харкает туберкулез, где б…ь с хулиганом да сифилис…» деп жазды ол.
Орыс интелгенциясының көзін жоюда Кеңес билігі де «сифилистен» қалысқан жоқ. Орыс ақындары Пушкин (37 жасында), Лермонтов (26 жас), Гумилов Н. 35 жас т.т.) адам қолынан опат болды. Қысқасы, орыс революциясы орыс елінің ежелгі ұлы мәдениетін, бірнеше ғасырларға «кейін» лақтырып тастады. Олар алпыстағы дана қариядан, алты жасар балаға айналды. Шындығында да, бұл дәл солай болды. Әйтпесе, олар адам баласының атасы «маймыл» дегенге сеніп, мектеп оқулықтарына (Дарвин ілімі) осылай деп жазар ма еді.
Олардың қазақ үшін қарапайым ғана қағида, Ұлы Жаратушы – Алланың адамнан басқаға сана бермегендіктен, маймылдың (айуанның) ешқашан адамға айнала алмайтынына саналары (білімі мен ақылы) жетпеді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда да мемлекетіміздің орыс тілді билік иелері, тіл және тарих ғылымдарының саналары (ақылы мен білімі) жетпей келеді.
Міне бізге тура осы жерде Қазақ мәдениетімен Европа (орыс) мәдениетін салыстырудың реті келіп тұр. Қазақ, жалпы мұсылман елдерінің ешқайсысында мұндай «проблема» жоқ. Күні кешеге дейін қазақ халқында, яғни орыстар жаулап алғанға дейін мұндай «жаман» ауру болмаған. Олар мұндай аурудың бар екенінде білмеген. Құрметті оқырман! Еске ұста! Бұл аурудың қоздырғыш күші «жеңіл жүріс», яғни бей-берекет жыныстық қатынас болып табылады.
Бұл аурудың алдын алу жолдарына келсек, біз үшін мұның еш қиындығы жоқ. Атам қазақтың Ата салтын ұстансаң жарап жатыр. Онда былай делінген. Адам баласы ештеңеге асықпау керек. Жалғыз-ақ, асығуға тиісті бір нәрсе бар. Ол ұл-қызыңды кәмелетке толған бойына теңін тауып тез үйлендіру деген. Ол сені тек қана сифилистен емес, кез-келген «жамандықтың» бәрінен (ұл-қызың түнімен қаңғымайтын болғасын, барлық пәле-жаладан аулақ болады) аман алып шығады. Бұған күмәндарың болмасын.
Ал қазір, ал қазір, біз бұл мәселені тек қана жастардың өздерінің мойындарына жүктеп тастадық. Соның салдарынан соңғы жылдары 30-40 жасқа келгенше үйленбей жүріп алатындар тым көбейіп барады. Бұл жаман әдет келешекте қазақ халқын ең үлкен кесапатқа, яғни денсаулықтың нашарлауына, дүниеге ақыл-есі кемтар балалардың көптеп келуіне және халық санының азаюына әкеліп соғатын болады.
Жастардың ертерек үйленіп, үй болуы халық санының көбеюіне және оның сапасының жақсаруына негіз болады. Атам қазақ, 13-ке толған қызды да, ұлды да отау иесі деп тәрбиелеген. Жастардың уақтылы үйленуі, тіпті олардың ертерек үйленулерінің өзі де, олардың 30-40 жасқа дейін үйленбей жүріп алуларынан, немесе тіпті үйленбей қалуларынан (қазір ондайлар өте көп) мың, миллион есе артық».
Мен Мұхамбеткәрім ағамның пікіріне толықтай қосыламын.
Маған Айдана қарындасымның «Құдай сақтасын. Өз қарындасыңызды немесе қызыңызды сол орынға қойып көріңізші. Солардың осылай заңдастырылғанын қалайсыз ба?» деген пікірі қатты ұнады. Айдана айналайын! Қазақтың барлық қызы сіз сияқты ойлайтын болса ғой, Шіркін! Бұл арманға Бізді мына жақшаның ішіндегі «азаматтар» жеткізер дейсің бе?
qonyrbai 15 наурыз 2015, 10:53 0
«Шыңғыс ханды Адайдың жезөкшесінен туды дей ме? Шірікбай білетін шығар. Кожура Насыбай да өзінің сасық пікірін жаза жатар».
Adiletshu 15 наурыз 2015, 13:19
«Заңдастыру керек. Салық төлесін. Кейін пенсияға шығатын болсын».
MERmukhanov 16 наурыз 2015, 11:33
«Мен де заңдастыруды жақтаймын»
aza 16 наурыз 2015, 16:01 0
«Білмеймін… Маған поқ».
Заңдастыру деген сөз біздің ата дініміз «Исламға» да қарсы дүние ғой. Патшалық Ресей мен Европада болған жағдайлардан сабақ алсақ жөн емес пе? Атам Қазақтың «»Ақылды адам өзгенің, ақымақ адам тек қана өзінің қателігінен қорытынды шығарады» дегенін де басшылыққа алсақ әдемі үйлесіп кетпей ме? Айдана қарындасым айтқандай, заңдастырған кезде, олардың саны бұдан он, жүз, мың, миллион есе көбейетін болады. Олардың ішінде күні ертең-ақ Айдана қарындасымның қауіпі айдай келеді. Айналайындар-ау! Ұялсаңдаршы? Не боп кеткенсіңдер өздерің? Бәріңнің де қарындас, қыздарың бар емес пе?
Ал, енді содан кейін не болатынына келсек, дүниеге кемтар, ақылсыз-ақымақ, жарымес, баскесер, нашақор, алқаш, ар-ұяттан жұрдай, ата сыйлауды, ана сыйлауды, аға сыйлауды, өзінен жасы үлкенді сыйлауды білмейтіндер, ата-аналарын қарттар үйіне тапсыратындар, парақорлар, жалақорлар, жебірлер, яғни айуаннан (маймылдан) тек қана тезегі басқа ұрпақтар көптеп келетін болады. Оларды кейін қамайтын орынды да жетістіре алмайтын боламыз. Қазір Англияда 97 000 адамдық түрме бар. Тағы салып жатыр. Франция да 57 000 адамдық түрмеге адамдар сыймай, олар оны екі есеге көбейту керек деп жатыр. Бізде де 50 000 орынға сыймай жатыр. Осылардың көбі қазірдің өзінде арамызда өріп жүр. Осы комменттердегі бірін-бірі балағаттау, кемсіту, аруақ қорлау (күні кешеге дейін бүкіл қазақ Әулие тұтқан адамның каррикатурасын салып, келемеж қылу) біздің елдің де азып бара жатқанының басты белгілері болып табылады.
Қарақтарым-ау осығанда бастарыңның жетпегендері ме?
Содан… Ортасы бос тұрмай өзі жаратқан дүниелеріне иелік етсін деп, қара жердің топырағынан Адам Атаны жаратыпты…
Содан… Оны жалғысырамасын деп, Адам Атамыздың сол қабырғасынан бір қабырғаны сөгіп алып Ауа Ананы жаратыпты…
Содан… Олар бір сарынды ғұмыр кешпесін деп, оттан тағы бір сана иесін (...) жаратыпты.
Содан… Топырақтан жаралған Адам Ата мен оның қабырғасынан жаратылған Ауа ананың міндеті жасампаздық болыпты… Олардың ұрпақтары бір-бірімен тек қана жақсылыққа жарысыпты…
Содан… Оттан жаралғанының міндеті араға от салу, бұзу, қирату, өртеу, біреулерді керістіріп қойып, қызығына қарап, сол өртенген дүниелердің отына жылыну болыпты…
Содан… Алла өзінің періштелеріне Адамдарға қызмет етуді бұйырғанда, сол оттан жаралғаны, мен тек қана өртеуді, күйретуді, бұзуды, адамдарды бір-бірімен ұрыстырып, керістіруді ғана білемін ғой деп, адамдарға сәжде етуден бас тартыпты…
Содан… Адамдарды Құдай жаратқан жоқ, олардың атасы Адам Ата емес, адамдар маймылдан жаратылған деген ілім келіпті…
Содан… Олар адамдар жасаған жақсы дүниені кім көп қиратады деп, жарысқа түсіпті…
Содан… Ол ілімді басшылыққа алғандардың бәрінің жүрген жері тек қана өртеу, бұзу, қирату, Адам Атаның ұрпақтарын менсінбеу, оларды бір-бірімен керістіру, бірін-бірі көрместей етіп ұрыстыру, соғыстыру болыпты…
Содан… Олар біздер өз атамыз маймылға ұқсауға тиістіміз деп, үстеріндегі барлық киімдерін шешіп тастапты…
Содан… Олар ол ілімді өте жақсы меңгеріп алып, Адам атаның ұрпақтарын аға, ата деудің орнына «шал», «алжыған шал» дейтін болыпты…
Содан… Олар ойлана келе, біздер неге маймылды бағуға тиіспіз деп, ата-аналарын қарттар үйіне тоғытатын болыпты…
Содан… Содан… Содан… Біразырақ уақыт өткеннен кейін Алшынның ағалы-інілі екі Атасының ұрпағынан тарайтын «екі ғұламасының» арасына от салып, екеуін айтыстырып қойыпты…
Содан міне солар арасында осы саитке келіп, оты сөніп қалса, оны үрлеп жағып, шоғына жылынып кететін болыпты…
Содан… Арғы жағын өзің жалғастырарсың?
жыраудың (Адайдың Қосай руынан шыққан) «Шыңғыс туды Архардан» деп жырлайтыны осыдан. Бұл Шыңғысханның шыққан тегі Маңғыстаулық, яғни Адай деген сөз. Соңғы ғасырда Шыңғысхан ұрпақтары өздерін Төре деп атап жүр. Төрелердің ұранымыз «Архар» дейтіні де осыдан.
Ежелгі аңыздардың бәрінде де Әз күнін (Әз әулие, қазақтың сөз түбірі Аз (Әз) болатыны осыдан) тек қана жұмақтан шыққан қой, және оны бағып жүрген қойшы ғана естиді делінеді. Міне осы аңыз Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен елдің түп атасы Әз әулие атамыздың ғұмыр кешкен жері де, моласы да Маңғыстауда екенін айғақтай алады. Ең алғаш даланың жабайы аңын (архарын) қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған Шопан атаның моласы да осы өңірде.
Адайларда ежелде «Алаш» пен түбірлес «Алғи» деген де ұраны болған.
«Енді Байұлы болатын Кіші жүздің әрбір руы өзінің белгілі адамдарының атын өздеріне ұран етіп кетіпті.
Беріштер Ағатай,
Шеркештер Шағырай,
Ысықтар Бәйтерек,
Жаппастар Баймұрат,
Таздар Бақай,
Сұлтансиықтар Әйтімбет, Қара дейді.
Есентемірде ұран болмай, Сырым заманында Есентемір Бөкен бимен ақылдасып, Есентемірге Алдаоңғар деген ұран беріпті дейді.
Кейін Кіші жүзде Табындар – «Жоламан», «Барақ-Мөңке», Әлімдер – «Майлыбай», «Жанқожа» деп ұрандаған. (Алшын Мендалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 94 бет).
Шыңғыс қағанның тегіне таласып жүргендерге айтарым: Қандай ма болмасын бір рудың осындай айрықша белгілері толықтай сәйкес келсе, онда ол Шыңғысханның төл жұрты болғаны.
Ал, егер кейбір белгілері сәйкес келіп жатса, онда олар Шыңғыс қаған мен оның елінің тума, ағайын-жекжат, құда-андалары деген сөз.
Бүткіл жер бетінде Шыңғысхан қағанатының барлық айрықша белгілері сәйкес келетін ел жалғыз қазақ, ал оның рулық тегі сәйкес келетін ру ол Адай. Ал, Адай бүкіл қазақтың, сонымен бірге бүкіл әлем елдері қарашаңырағының иесі болып табылады. Оның бүкіл қазақтың рулық шежіресінің ең соңында тұрғанының сыры осы. Бұл Кенже ұл деген сөз. Атасының шежіре тарихы тек қана кенже ұлда сақтала алады. Мына деректер осы айтқанымның айдай айғағы. Мен бұл деректердің басым көпшілігін, бала жасымнан өз Ата-анамнан және ауылдың жасы үлкендерінен естіп өскенмін.
Маңғыстаулықтардың өзге елдерден басты айырмасы, олар ешқашан батыстың (орыстың) Адамзаттың атасы «маймыл» деген ілімін мойындаған емес. Олар екі ғасырға жуық патшалық Ресейге бағынбастан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне жетті. Көптеген қазақ рулары Патшалық және Кеңестік Ресейдің зорлығымен атамекендерінен айрылып жатқан кезде, қазақ еліне ежелгі атамекендері Маңғыстау мен Үстіртті қазаққа қайта қосты.
Адай Ата ұрпақтары ұлт мүддесіне ешқашан сатқындық жасаған емес. Оған дәлел ретінде айтарым: 1870 жылғы пашалық Ресейге, 1930 жылғы Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліске қатыспаған, не оған қарсы болған бірде-бір Маңғыстаулық болмаған. Барлық халық түгел атқа қонған. Бұл ел түгелге дерлік қазақ халқы мен Орта Азия елдерін Ресей патшалығы түгел жаулап алған екі ғасырлық бодан кезінде де оған бағынбады, айтқанына көнбеді, айдағанына жүрмеді. Осылайша бүкіл Қазақстан мен Орта Азия мойындаған Ресей бодандығына бас иместен Қазан төңкерісіне жетті. «Түздіктердің ең бір ержүрек тайпасы Адайлардың орыс бодандығына берілмеуі Орта Азия хандықтарын орыс отаршылдығынан бір жарым ғасыр бойы сақтап тұрды», — деп жазды Ф.Энгельс бұл туралы.
1870 жылғы «Адай көтерілісі» патша үкіметін қатты састырды. Кавказдан көмекке келген қолдың басшысы граф Кутаисов: «Өлке түгелімен көтерілген, қарусыз бір адам жоқ… Олармен алғаш кездескенде тіпті шошып кеттім. Олардың бірде-біреуі қанша атсақ та құламайды. Шауып келеді, шауып кетеді. Өлісі қайсы, тірісі қайсы – адам айырып болар емес. Адам шошырлық аласапыран. Мұндай қарбаласта әскердің бас-аяғын жинап ұстаудың өзі қиын болды» деп жазады.
Осыдан төрт жылдан кейін, яғни 1874 жылы «Бізге әуелден берілмеген Адайлар 1870 жылғы көтерлістен кейін тіпті бағынудан кетті. Біз Маңғыстауда аяғымызды тік басып, өзімізді оның қожасымыз дей алмадық» жеп жазыпты Маңғыстау приставы.
«Мен 20 жыл топографтар корпусының офицерi бола жүрiп, қазақ даласында талай қақтығыстарды көрдiм, бiрақ дәл осындай көзсiз және табандылықпен жүргiзiлген шабуылды көрмеп едiм. Форттың тағдырын осындай бiрнеше шабуыл шешiп кетуi мүмкiн едi. Онда мұның немен аяқталатынын көзге елестетудiң өзi қорқынышты» (1870 жылғы Адайлар көтерiлiсi туралы капитан Зеленин)
1920 жылы 5 қаңтарда суық қаруланған 15 000 әскермен Форт-Александровскіге (қазіргі Форт-Шевченко) аттанған атаман В. С. Толстовтың отряды аталған жерге бір айдан соң тек қана 2000 адаммен ғана жетеді. Ал сол жылғы сәуір айында 15 000 адамдық әскерінен тек қана 214 адамы тірі қалып, сол жасақпен Форттан шығып Красноводск, одан әрі Иракқа қашып құтылады. (кей деректерде тек қана 70 адамы қалған деп көрсетіледі).
Адайлардан осыншама қиындық көрген атаман кейіннен өзінің бір мемуарында былай деп жазып кетеді:
«Ең соңғы Адайдың сүйегін музейден көрсем, мен армансыз, бақытты адам болар едім...»
Толстовтың бұл мемуары қазір Париждегі орыс казачествосының музейінде тұр.
Маңғыстаулықтар Кеңес үкіметімен де 40 жыл айқасты. Х.Досмұхамедов «Адайлардың орыс отаршылдарымен араласы алақандай Форт-Шевченко қаласының аумағынан асып жарыған жоқ. ...Қазақтың Адай сияқты рулары, шындығында, орыс өкіметі Хиуа мен Түрікпенді алғаннан кейін ғана бағынды» деп жазды («Аламан», А. 1991. 409 бет). Олардың орыс мәдениетімен (ілімімен) араласқан кезеңі бар-жоғы елу жылдың айналасы. Қазақ даласы 300 жылға жуық бодандық кезінде қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жоғалтпай сақтап қалған да осы Маңғыстау. Сондықтан да ол 360 әулиелі Киелі Маңғыстау деп аталады.
Шыңғысханның тегі қазақ және ол қазақтың Кіші жүз (Алшын, Бекарыс)- Он екі ата Байұлы — Адайдың — Мұңал руынан екендігі дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Шындықтан қашудың жалғыз жолы, ол маймылға бала болу. Бұл шындықты бүгін мойындай алмасаңдар, ертең мойындайсыңдар; ертең мойындай алмасаңдар, арғы күні мойындайсыңдар; арғы күні мойындай алмасаңдар, оның арғы күні мойындайтын боласыңдар. Атам қазақтың «Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар» деген мақалының сыры осы. Бәрің бірдей Дарвин айтқандай «маймылға» бала болып кетпесеңдер, мен айтқан тұжырымға күні ертең-ақ келесіңдер. Ол күн алыс емес. Бүгінгі таңда Адай(м) Атадан жеткен ақиқат, бәріңнің көкірек-кеуделеріңнің және үйлеріңнің есігін қағып тұр. Ақиқатқа ешкім есік ашпай тұра алмайды.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстаудан
ШЫҢҒЫСХАН АДАЙ 639 жыл бойы, яғни 1206 жылдан 1845 жылға дейін Қазақ хандығы (мемлекеті) билігінің басында тек қана Шыңғыс ханның өзі және оның үлкен ұлы (тақ мұрагері) Жошыдан тараған ұрпақтары болды. Демек, Шыңғыс қаған қазақ болмаса, бізде өздерімізді қазақпыз деп атауға ешқандай құқығымыз жоқ. Шыңғыс ханда, оның ұрпақтары да тек қана қазақ елінің тәуелсіздігі үшін қытай, хорезм, жоңғар, орыс басқыншыларына қарсы жан аямай күресті, олар осы жолда ештеңеден де аянған жоқ. Талайлары өмір бойы аттан түспей, мына дүниенің қызығын көрмей кетті. Әңгіменің ашығын айтқанда мынау жарық дүниеде қазақтың тәуелсіздігі үшін дәл солардай күрескен әулет жоқ. Бұл кімде-кім «мың жерден басын тасқа ұрса да» солай. Себебі, ол қазақ қағанатының (Қағанға бүкіл әлем бағынған) қарашаңырағының иесі Кіші Жүз (Алшын-Бекарыстың), оның қарашаңырағы Он екі Ата Байұлының, оның қарашаңырағы Адайдың, оның қарашаңырағы Мұңалдан шыққан. Шыңғысхан қағанатының астанасының Қарақұрым аталып жүргені, олда оның арғы аталарының аты болатын.
Хандықтарды (мемлекеттерді) билеген ұлы тұлғалардың рулық тегі былайша айқындалады.
1. Ол рулық шежіре (жалпы ежелгі қазақтар ата-тегін сонау түпкірдегі Адам Атаға дейін
таратқан). Бұл дәстүр Маңғыстауда сол бұрынғы дәрежесінде толықтай сақтаулы тұр.
Атам қазақтың «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген
ұл, жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» дейтін мақалдарының сыры осы.
2. Рулық таңбасы.
3. Ұраны.
Егер осы көрсетілген белгілер толықтай сәйкес келмесе, онда ол тұлға сен ойлаған руға
жатпайды деген сөз. Себебі, біз Шыңғыс қаған атамызды бүгінгі 105 (ежелгі шежірелер де 125) таңбалы қазақ руларының ішінен таба алмасақ, онда біздің де Шыңғыс қағанды қазақ деуге ешқандай құқығымыз жоқ.
1. Шыңғыс қағанның тегі:
Шыңғысханның шыққан Қиян (Қият) руы былайша өрбиді: Қазақ-Кіші Жүз (Үш Жүздің ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі), Бекарыс (сөз түбірі «ек (екі)». Екі саны қазақтың сандық атауы, яғни лақап аты), Алшын (Ең алғаш Ұлы Жаратушы-Алланың бар екенін, Оның шын екенін, Оның мекені биікте (аспанда, шыңда) екендігіне көзі жеткендер). Ол жер күні бүгінде Қыр (биік шартарап), Үстірт (Үстіңгі Жұрт), Сынды (Тауратта, Забурде, Інжілде, Құранда айтылатын Синай (Сынай) тауы осы), Үстірттің ең биік жері күні бүгінде де Шың деп аталады – одан Он екі Ата Байұлы (Алшынның, сонымен қатар бүкіл қазақтың ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі) — одан Адай (Он екі Ата Байұлының ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі, шежіре дерегі бойынша Адайдың ең соңында тұратын себебі осы) – одан Келімберді (Адайдың екі баласының кішісі) – одан Мұңал (Адайдың сегіз немересінің ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының (Мұңал ошақтың) иесі – одан Жаулы – одан Жары – одан Мұрат (Кеще) – одан Шортық – одан Бұқар – одан Құрым (Шыңғысхан қағанаты астанасының Қарақұрым (Қарақорым) атанатын себебі осы) – одан Сүйіндік – одан Тұрнияз – одан – Айытқұл – одан Қиян (Қият осы Қиянның толып-толысқанын білдіретін көпше атауы). Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлының шежіресінен алынды. (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі». Алматы-2002. 225-228 беттер).
Қазақ та «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» делінеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Адай атауы сөз түбірінде Ада (Ата) деген атты иемденген және сонымен қатар Шежіренің де ең соңында тұр.
Маңғыстауда Шыңғысханның арғы аталары Қиян (Қият), Қараман (Әйгілі Шумерлер өздерін Қарабас деп атаған, Шыңғыс қағанның арғы аталары Қараханидтер қағанатын құрған), Құрым (Қарақұрым), Бөржігін атты топономикалық атаулар күні бүгінде де бар. Ал, Адайды қазақ емессің деуге ешкімнің де құқы жоқ. Сол сияқты оның ұрпақтарын да. Себебі, күні кеше патшалық Ресей Адайды (Маңғыстауды) қазақтан бөліп тастау үшін басында Кавказға, кейіннен Түрікменістанға зорлықпен қосқан кезде, біз қазақтың қарашаңырақ иесіміз, ағаларымыздан ешқайда ажырамаймыз, — деп ұлы қырғын-қантөгіспен өз қазағына (Қаз ағасына) қайта қосылған және бүкіл қазақ елі өз жерлерінен айрылып жатқанда Қазаққа атамекен Маңғыстау мен Үстіртті қайта қосқан біздің аталарымыз болатын.
Қысқасы, Шыңғыс қағанды қазақ деп мойындай алмасақ, бізде өзімізді Қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.
Осы аттары аталған Аталарымыздың басым көпшілігінің, тіпті бәрінің десе де болады әулие-қорымдары Маңғыстау да күні бүгінде де бар. Қиянның қасында барлық ежелгі шежірелерде айтылатын шыңғысхан шықты делінетін Бөржігін атты жер атауы да бар.
Бұндай сәйкестік жер бетінің ешбір елінде жоқ.
Маңғыстауды 360 әулиелі киелі Мандардың қыстауы (Манқыстау) делінетінінің сыры осы. Қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) және оның құрамы ешқашан жаңылысып көрген емес. Сол үшінде оларды «Тіл таңбалы Адайлар» және Қас би (бүгінгі Каспий теңізінің ақиқат атауы осы), Бас би, Тау би (Қазақтың Қап тауын (Кавказ) Албандар (Албания) осылай деп атапты.
Албан демекші, Албания мен Қазақтың Ұлы Жүзіндегі Албандардың тегі: рулық құрамы да, таңбасы да, ежелгі ұраны да, тілі де бір. Албания қазақтан енші алып бөлініп шыққаны, біздегі албандар (Ұлы Жүз) қарашаңырақта қалғандары. Бүкіл әлем елдері осылай тарайды. Мысалы, Моңғолия бөлек шыққаны, Мұңал қарашаңырақта қалғаны; Шеркешия (Ресей құрамында) бөлек шыққаны, Шеркештер қарашаңырақта; Мысырлықтар бөлек шыққаны, Ысықтар қарашаңырақ та қалғаны; Иемен бөлек шыққаны, Жеменей қарашаңырақта қалғаны; Аджария бөлек шыққаны, Адай Жарылар қарашаңырақта қалғаны; Мажарлар бөлек шыққаны, Маңғыстаулық Жарылар қарашаңырақта қалғаны; Буряттар бөлек шыққаны, Бөрі Адайлар қарашаңырақта қалғаны; Мадиярлар бөлек шыққаны, Ман Адайлар қарашаңырақта қалғаны т.т. болып кете береді.
Шыңғыс қаған империясының ұлттық құрамы қазақ руларынан құралған. Оның барлық қолбасшылары да, билері де, барлық батырлары да (Өзі, төрт баласы және әйгілі Жебе (Жебе оның лақап аты және Адайдың таңбасы) ноян Адай, Мұқылай ноян Жалайыр, Шыңғыс қағанның әділ биі, ұлы жыршы, дәулескер күйші, көріпкел бақсы, сұңғыла шежірешісі Кетбұға Найман, бас биі Майқы би Үйсін т.т. бәрі тек қана қазақ руларына жатады.
2. Шыңғыс қағанның бас таңбасы (гербі) «Тіл» және «Қас би» таңба деп аталған. Ежелде де,
бүгінде де Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар» атанып жүргендерінің сыры осы. Біз сол аталарымыз атын қойған Каспий теңізінің жағасында әлі отырмыз. Маңғыстаудан үш рет кеттік, үшеуінде де «Сауран айналып» Маңғыстауға (Ата мекенге, яғни Атам, әкем және менің туған жеріме) қайта оралдық. Ата мекенді сүйсең осылай сүй.
Адайлардың соңғы таңбасы «Жебе», яғни «Садақ». Бұл жерде «авторлық құқық» сақталып тұр. Бұл сол замандағы қарсылысын алыстан жайрататын ең ұлы қару Садақты Адайлар ойлап тапты деген сөз. Мұны тек қазіргі заманның Атом қаруының оқ тұмсығымен салыстыруға болар.
“Өсер ел тарихын таспен жазады, өшер ел тарихын жаспен жазады” – деген екен. Аталарымыз тарихын таспен де, оған салған таңбамен де жазып кетiптi. Ал бiздер… Таңбаны ұмыттық… Оған себеп бiздiң заманымызда, көз алдымызда сол тарихтың күнiне бiр әрпi тозаңға айналып, жылына бiр жолы сүртiлiп жатыр. Турасын айтсақ қазір аталарымыздың басындағы құлпытасқа «таңба» салуды қойдық, ескерткiштер құлап жатыр, бұзылып жатыр, орны жоғалып жатыр.
VKMге! Қорқатын дәнеңе де жоқ. Атамыздың аруағына, ағамыздың арына және менің намысыма тиіспесеңіз болды. Қалғаны әркімнің өз еркінде. Арна менің жеке меншігім емес.
Екіншіден, менің Шыңғысхан атам өте жақсы адам болғасын жұрттың бәрі менікі деп, таласып жатыр. Бұл мен үшін өте үлкен қуаныш. Жаман болса, Одан жұрттың бәрі қашар еді. Таласа берсін. Біздің одан ештеңеміз кетпейді. Жақсы адам солай болып, оған жұрттың бәрі таласуы тиіс. Әзірге таласа тұрсын. Соңғы сөзді бәрібір біз айтатын боламыз.
Үшіншіден, бұл тарихи-зерттеу еңбекті жазған Мұхамбеткәрім ағам ешкімді сенуге зорлап жатқан жоқ. Ағам өзінің зерттеп, зерделегенін халыққа жеткізді. Мен өзім ол кісіге сендім. Сенгенім соншалық, Шыңғыс қаған атамның аруағын да, Мұхамбеткәрім ағамның арын да әрқашан да қорғауға әзірмін. Мен сияқты ол кісіге сенетіндер өте көп. Әсіресе, Дарвинге (атам маймыл деген) сенбейтіндер түгел сенеді десе де болады. Себебі, ол кісі ешқашан жалған сөйлеген емес. Сіз байқамадыңыз ба? Оның жазғандарын ешкім теріске шығарып, басқаша тұжырым ұсына алмауда. Себебі, шындыққа, яғни ақиқатқа ешкім қарсы тұра алмайды. Ал, ол кісі қазақ тарихына қатысты кез-келген жаңсақтықты (өтірікті) бір ауыз сөзбен талқанын шығарады.
Төртіншіден, Мұхамбеткәрім ағамыз айтқандай, әр кім өз санасының, яғни ақылы мен білімі жеткен жерінің қонағы болмақ. Білімің жетпеген жерге ешқашан қонақ бола алмайсың.
Бесіншіден, мен сені жақсы түсініп отырмын. Сенің бұлай айтуыңның жөні бар. Қазіргі Дарвин ілімінен дәріс алғандар сөзге тоқтамайды. Пәлен жерде Атамның моласы бар десең, міндетті түрде сенен оның сүйегін әкеліп көрсетуді сұрайды. Ағамыз көптеген жұмбақтың жауабын жазыпты ғой. Енді қалған жерін өзіміз шешсек, сонда өте сенімді болады.
Алтыншыдан, Мұхамбеткәрім ағамның мына бір тұжырымын қаперлеріңізге бере кетейін: «Шыңғысханның тегі қазақ және ол қазақтың Үш Жүзінің кенжесі Кіші жүз (Алшын, Бекарыс)- оның кенжесі Он екі ата Байұлы – оның кенжесі Адайдың – оның қарашаңырағы, яғни «Мұңал ошақтың» иесі Мұңал руынан екендігі дауға жатпайды. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Бұл шындықты бүгін мойындай алмасаңдар, ертең мойындайсыңдар; ертең мойындай алмасаңдар, арғы күні мойындайсыңдар; арғы күні мойындай алмасаңдар, оның арғы күні мойындайсыңдар. Түптің түбінде бәрібір мойындайтын боласыңдар. Мұндай жағдай (жаттың ықпалымен аталарынан адасып қалу) қазақ тарихында бұрында да сан рет болған. Бәрінде де бүкіл әлем елдері Қаз ағаларына (Қазаққа) қайта оралып отырған. Атам қазақтың „Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар“ деген мақалы осыдан қалған. Бәрің бірдей Дарвин айтқандай „маймылға“ бала болып кетпесеңдер, мен айтқан тұжырымға күні ертең-ақ келесіңдер. Ол күн алыс емес. Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім. Маңғыстаудан»
ақшасының теңге деп аталуы және онда «Қазақ», «Алаш» және «Аға хан» деген жазбалардың болуы.
Бүкіл әлем елдерінің (қытай, арап, ағылшын, француз, парсы, моңғол, орыс т.т.) тілді елдердің (мемлекеттердің) бәрінің ұлттық валюталары (ақшалары) бар. Сол ақшалардың бәрі сол елдің тілдерінде жазылған, бәрінде сол елдің тарихына қатысты атаулары және онда сол мемлекеттердің аттары жазылған. Бұл бүткіл әлем елдеріне ортақ қағида. Біздің де ақшамыз күні бүгінде де сол Шыңғысхан заманындағыдай «теңге» деп аталады, жазбалары қазақ тілінде, дәл солардың ақшалары сияқты «қазақ (қазақстан)» деген жазбасы бар. Сенбегендерге қалталарыңдағы теңгелеріңді алып қарауға кеңес беремін.
«Аға хан» демекші, «Аға хан» мен «Қаған» синоним сөздер. Айырмасы, Қ-аға-н дегенімізде, Хан сыртында қалып, Аға сөзі ортаға ауысады. Маңғыстауда Қанға баба деген әулие-қорым бар. Бұл алғашқы хандық құрылған жер. Қанғаның толық мағынасы Хан аға. Ал «Қаған (Аға хан)» дегеніміз, бүткіл жер бетіндегі барлық хандардың ағасы деген сөз.
Бас таңбасы «тіл», өзгелер Қас би (Каспий) деп атаған Қазақ қағанатының сөздік қорында дәл осындай «құпия» мағынасы бар сөздер баршылық. Олар: Садақ (С-ада-қ) – Сақ ата (Сақтардың атасы), Санақ – Сақ ана, Сабақ — Сақ апа, Сенек – Сақ ене, Сағақ – Сақ аға (Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан) т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде авторлық құқық сақталып тұр. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?
5. Әр елдің өзіне тән саяси жүйесі болады. Мысалы:
А. Иран патшалығы — саяси билік жүйесі патшалық. Елбасы: патша, шах;
Ә. Хорезм патшалығы – жүйесі патшалық, елбасы патша, шах; Шыңғыс қаған күйреткен
Хорезм патшалығын құрғандар да, оларды билегендер де парсылықтар және сол Парсыларға тәуелді болғандар. Шыңғыс ханға кінә қылып тағып жүрген күйреген Отырар мен Мары қалалары осы елдікі болатын.
Б. Рим империясы — жүйесі империя, елбасы император;
Г. Орыс патшалығы – жүйесі империя, елбасы император; Бұлар Рим империясының жалғасы. Олардың Христиан дінін ұстанатыны да осыдан.
Ғ. Кеңес үкіметі (ССРО) – жүйесі партия, елбасы Бас хатшы; Рухани негізін Евангелие (Жердегі Құдай патшалығын құрамыз деген), саяси негізін Ленин, экономокалық негізін Карл Маркс қалап, тәжрибе де іске асырған большевиктер партиясы болды. Оларды қаржымен Америкалық банкирлер қамтамасыз етті.
Д. Ресей федерациясы – жүйесі президент, елбасы президент;
Е. Арап – жүйесі халифат, елбасы халифа;
Ж. Европа — жүйесі парламенттік және президенттік, елбасы президент;
З. Қазақ – саяси жүйесі хандық пен қағандық, елбасы хан мен қаған; Демек, бұл адамзат тарихындағы барлық хандықтар мен қағандықтардың барлығы қазақтардікі деген сөз.
Қорытынды: Соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы болып бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) мойындалған Шыңғыс қағанның тегі қазақ екендігі дауға да, күмәнға да жатпайды. Егер біз осыны мойындай алмасақ, біздерге өзімізді де қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.
Кейінгі «Алашордашылар» қозғалысының көсемдері Әлихан Бөкейханов пен Санжар Аспендияровтың ұлы Шыңғысхан бабамыздың тікелей ұрпағы екендігін біле жүргеніміз абзал. Сол сияқты, сонау Керей мен Жәнібектен бастап, Қасым, Есім, Тәуке, Тәуекел, Абылай, Әбілқайыр сынды, қазақ хандарының барлығы да, тіпті қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың да Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы екендігін зерделей жүргеніміз дұрыс. Егер біз Шыңғысханды және қазаққа 650 жыл бойы қаған (хан) болған оның ұрпақтарының қазақ екенін мойындай алмасақ, онда біздердің де өзімізді қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ. Бұл бүгінгі Қазақ Елбасын қазақ емес дегенмен бірдей.
8. Шыңғыс ханның туы-тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын
болған. Ал тудың дәл ортасында бауырына аулап алған жемтігін қысып, қанатын жайып, ұшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған.
Түсініктеме: Ақ түс – ақиқатты, адалдықты және осы ұғымдарды дүниеге әкелген аталарымыз бен ағаларымызды білдіреді. Адамның (Адайдың) сөз түбірі Ад (Ат), Ада (Ата), ал ағаның сөз түбірі Ағ (Ақ) болатыны осыдан. Еске ұстайық. Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысқан емес. Ананың ақ сүті, ақ неке, ақ ниет, ақ тілек, ақ адал мал, ақ орамал, ақ жаулық т.т. осы айтқанымның айдай айғағы болмақ. Тоғыз шашақ, мұңалдың алдындағы тоғыз буын аталары мен ағалары.
Олар, бірінші буын Адайдың екі баласы, яғни ағалы-інілі Құдайке мен Келімберді. Немерелері: екінші буын Тәзіке, үшінші буын Қосай, төртінші буын Құнанорыс (Рысқұл), бесінші буын Ақпан, алтыншы Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), жетінші Жеменей (Бұзау), сегізінші Семит, тоғызыншы Тобыш, оныншы буын Моңғол (Мұңал). Моңғол Мұңалдың сандық атауы, яғни лақап аты.
Үш бұрыш – Үш Жүз (Үш аналы қазақ) және Нұқ пайғамбар шыққан ру (Қосай мен Қоңыратты) білдіреді. Үш саны Қосайдың сандық атауы. Ал, Қосай мен Қоңыратқа келсек, Қосай Адайдың (Атасының) қарашаңырағында қалғаны, Қоңыраттар бөлініп шыққаны. Үш бұрышты тудың сырыққа үш жерден байланатын себебі осы. Нұқ пайғамбардың үш ұлының (Қам, Сам және Иапес) елі.
«Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді.… Иафес атасының әмірімен Жуды (қазіргі атауы Қазығұрт (Қазық жұрт)) тауынан кетіп Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегіз ұлы болды. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», — деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап ат қойды. (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 12-13 беттер).
Көк – көк аспан елінің ұрпағы деген сөз.
Қаршыға – сөз түбірі «қар», бұл ақ, аға және ақиқаттың балама атауы. Ақша қарды Қар дейтініміз осыдан. Ал, Қардың түбірі «Ар», бұл Шыңғысханның арғы аталары Жарының сөз түбірі. Араптар да (Ар апалар) бізден тарайды. Олар өздерін ерте заманда Тәзіке елі (Адайдың бірінші немересі) деп атаған.
Ата сыйласаң, аға сыйласаң осылай сыйла. Ту жасасаң осылай жаса. Бір тудың өзі-ақ бүкіл Ата тарихты сайратып тұрған жоқ па? Нағыз даналық деп осыны айт. Сол үшінде оларды Қас би деп атаған. Каспий теңізі атауының негізгі мағынасы осы.
1. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының да қазақтан еш айырмасы жоқ. 100% cәйкес
келеді. Мысалы, Шыңғысхан еліндегі келіндер жұбайларының жасы үлкендеріне иіліп сәлем етеді. Бұндай салт қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Шыңғысты хан боларда да, қаған боларда да халық сайлаған. Хан сайлау қазақ дәстүрі. Моңғолдар да хан, қаған деген ұғымдар жоқ. Олар билеушілерін Қонтайшы деп атайды.
2. Ешбір ел өзге елдің, өзге ұлттың ұрпағын хан сайламайды. Темірді (Шыңғысты) хан
боларда да, қаған боларда да, оның бүкіл ұрпақтарын да қазақтар өздеріне «ақ киізге салып көтеріп» хан сайлап отырған. 1986 жылғы Д.Қонаевты орнынан алып, орнына орыс Колбинді тағайындағанда не болғанын еске алайық.
3. Х11 ғасырда Мұңал даласында (қазіргі Монғолия) өмір сүрген Шыңғыс қағанның
айналасындағы адамдардың да, ру-тайпа аттарының бәрі де тек қана қазаққа тән. Олар, Есекей, Алтан, Құшар, Сағабек, Темір, Тастемір, Шыңғыс, Өлең, Бөрте, Жібек, Марал, Жамұқа, Белгітай, Қасар, Нақу-Баян, Бауыршы, Тарғытай, Желме, Алтан, Мұқалы, Жеменей, Есен, Бөкен, Жанай батыр, Үгедей, Жолшы (Жошы), Төле, Дәрітай, Шағатай, Тайшар Қарасақал, Жебе т.б. Оның үстіне Қият, Жадыран, Жары, Адай, Байұлы, Маңғыт, Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Ұйғыр, Жабал т. б. ел, ру, тайпа атауларын қосыңыз. Сол кездегі жоғарыда көрсетілген ру-тайпалардың барлығы да қазіргі қазақ халқының құрамында.
Шыңғысханның айналасындағы адамдардың көпшілігінің аттарының қасына «Ад», «Дай», «Адай», «Жары» деген тегі (қазіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-Адай», «Туху-Адай», «Бөрі-Адай»(186 бет), «Нояқ-Адай», «Қаран-Дай», «Буда-Ад», «Дахал-Адай», «Арул-Ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-Адай» (200 бет), «Шырғы-Адай Батыр», «Жажир – Адайлық Жамұқа» (220 бет), «Жырғы Адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме Адай» (234 бет), «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше Адай»(240 бет), «Бары Адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже Дай», «Долы Адай» (259 бет), «Идік Адай», «Қынкия Адай» (260 бет), «Жары Адай-Еген» (265 бет), «Алшы Адай» (271 бет). (Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002 «Көшпенділер баспасы).
Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы.
«Түрік шежіресі» 46 бет).
Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған» деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет), «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай–шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз».
1. Мемлекеттің (ұлттың) тілі.
2. Діні.
3. рулық (тайпалық) құрамы.
4. Жерінің (территориясы) жалпы атауы және сол жердегі өзге де топономикалық (жер, су) атаулар. Жер бетінде мұндай айғаққа тоқтамайтын жан жоқ.
5. Таңбасы (Гербі).
6. Билеушінің мөрі.
7. Ұраны (бүгінде ол «Ән ұран» деп аталады).
8. Жалауы (туы).
9. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы.
10. Ел (мемлекет) билеушілерінің шыққан тегі.
11. Ел басшылары мен адамдарының есімі.
12. Мемлекеттің ақшасы. Сонау Атам заманнан бері кез-келген елдің ақшасында
(валютасында) ұлттық мемлекеттің атауы міндетті түрде жазылады. Шындығын айтқанда осы бір ақшаның өзі-ақ, ежелгі ұлттардың (мемлекеттің) бүгінгі ұрпақтарының кімдер екенін айқын ажыратып бере алады. Ақшаға жазылған мемлекет атауының жалғыз өзі-ақ сол ақшаларды шығарған елдің кім екенін айғақтап береді және қалған айғақтардың бәріне соңғы нүктені қоя алады.
13. Саяси билеу жүйесі.
Шыңғыс қаған құрған қағанаттың (мемлекеттің) тегі қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес:
1. Шыңғыс қаған қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Оның өзге елдердің мемлекет басшыларын
жазған хаттары осы тілде жазылған. «Құпия шежіре де» қазақ тілінде жазылған. Тіл ұлттың тұғыры. Атам қазақтың «Тіл тұғырың, дін діңгегің» дейтіні осыдан. Қазақтың Ана тілі дегені менің шешемнің тілі дегені емес. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бізден және бізге ең жақын елдерден басқа ешбір ел өз тілдерін Ана тілі деп атамайды. Олар тілдерін туысқан (родной), немесе орыс тілі, қытай тілы, ағылшын тілі т.т. деп атайды. Демек, қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз.
1. Шыңғыс қаған Тәңірге (Құдайға) табынған. Бұл сол замандарда жазылған барлық тарихи
еңбектерде айқын көрсетілген. Біздің «О, Құдайым!» және сонымен қатар «О, Тәңірім!» дейтіндеріміздің сыры осы. Оларда дәл біздегідей әулиеге түнейді, туыстарының басына барып садақа жасайды. «Құпия шежіреде» Шыңғыс ханның үш рет жаны қиналғанда «Мойына бұршақ салып» Тәңірден тілек тілегені жазылған. Үш тілегі де қабыл болған.
2. Шыңғысхан құрған хандықтың құрамы қазақ руларынан болды. Сол рулар күні бүгінде де
қазақ халқының құрамында.
Күн қағаны Мөде б.з.д. 209 жылы құрған империядан бергі 1500 жыл ішінде қазіргі Мұңалия (Моңғолия) аймағында қазақ этносын құраған көптеген тайпа мен рулар өмір сүрген. Бүгінгі күні Керілген (Керулен) өзенінің арнасынан 25 шақырым жердегі Шыңғыс ханның жазғы жайлауы Аваргада 1990 жылы қойылған ескерткіште қырыққа жуық қазақ тайпасы мен руының таңбасы қашалған. Олар: арғын, бағаналы, балталы, шапырашты, беріш, ошақты, жалайыр, тарақты, тама, табын, жаппас, шекті, қаңлы, телеу, керей, алаша, таз, ысты, адай, сарыүйсін, дулат, уақ, қоңырат, рамадан, алтын, кете, төртқара, қарасақал, жағалбайлы, шеркеш, сиқым, албан, ботбай, шымыр, матай және терістаңбалы. Қазіргі қазақта барлығы 105 таңбалы қазақ руы бар делінеді.
4. Шыңғысханды «еншілеп» жүрген бүгінгі моңғолдардың жері 1921 жылға дейін Түркістан
деп аталған. Моңғолиядағы жер-су атауларының бәрі «әсем әннің қайырмасындай» болып қазақ даласындағы атауларды түгелдей қайталайды. Мысалы, бала кезімізден бәрімізге жақсы таныс, мектеп қабырғасынан жаттап өскен
«Әй, Тайқарбай дегенде, Әй Тайқарбай,
Қойыңды Тайқартасқа жай Тайқарбай», — деген жаңылтпашқа арқау болған Тайқар өзені де, Тайқар жазығы да, Тайқар тасы да осы Мұңалия (Моңғолия) жерінде. Тайқартас Қаңға үстіртіндегі Тарбағатай мен Ұлытаудан бастау алатын Тайқар өзенінің бойындағы көк жазықтың ортасында орналасқан. Қаңға үстірті демекші, осы Қаңға бабаның жерленген жері Маңғыстаудың Түпқараған ауданы жерінде. Күні бүгінде де Қаңға баба деп аталады.
5. Шыңғыс қағанның бас таңбасы (гербі) «Тіл таңба» болған. Оны «Қас би» таңба деп те
атаған. Мысалы, «Алтан Тобыш (Алтан Тобши)» атты еңбекте осылай көрсетілген. Бүгінгі Каспий теңізінің дұрыс атауы осы. Бүгінгі Маңғыстаулық Адайларда екі таңба бар. Біріншісі «Тіл», екіншісі «Жебе». Екеуі де Адайдың лақап аты. Себебі, олар бүгінгіше айтқанда осы ұғымдардың «авторы». Адайлар күні бүгінде де «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталады. Бұл таңба Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргада да Шыңғысханға арнап орнатылған обелискіге салынған.
6. Шыңғыс қағанның «1206 жылғы мөрінде «Көкте тәңір, жерде қаған бар. Әлем иесінің
таңба мөрі» деп жазылған (Эренжен Хара-Даван, Чиргис – хаан как полководец и его наследие. Алматы 1991, 19 бет). Қаған таза қазақ сөзі, негізі ман, хан, қазан (қазақ елі) деген сөзден шыққан. Бізге жеткен ұлы шежіреде тек қана қазақтан шығып әлемді билеген ұлы көсемдер ғана қаған атын иемденген. Бүкіл әлем тарихының бірде-бір елінде, қазақтан басқа билеушісін қаған деп атаған мемлекет болып көрген емес. Мысалы, Қазақ қаған, Ұлы Алаш қаған, Өгіз (Оғыз) қаған, Тоны көк Білге қаған, Бұмын каған, Күлтегін қаған, Шыңғыс қаған т.т. Яғни қаған деген сөз бүкіл әлемге билік жүргізетін ұлы хан, хандардың ағасы, яғни ең жоғарғы әмірші дегенді білдірген. Бұл жөнінде Әбілғазы: «Қағанның мәнісі мынау. Кім де кімнің ғиззаты және дәулеті хандық мәртебесінен артық болса, әмірлер мен халық оны қақан дер және кімнің мәртебесі қақаннан жоғары болса оны қаған дер. Қағаннан жоғары мәртебе, құрмет болмас» дейді. (Түрік шежіресі 110 бет).
Шыңғысханның Мөрі қазақша жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Қазақ мемлекеті – қазақ тілінде.
Түсініктеме: Мен бұл жерде «Түрік» деген сөзді әдейі қолданбай отырмын. Себебі, Түрік Қазақтың баласы екендігі ежелгі шежірелерде айтылған. Біздің (қазақтың) сөздік қорымыздағы «Әз Түрік» деген сөз, Түрік Қазақтың баласы дегенді білдіреді. Әз Наурыз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әз Елбасы т.т. дейтініміз осыдан. Қазақтың түп атасы Әз Әулие. Бұл Маңғыстаулық 360 әулиенің ең біріншісі, ең ұлысы, ең ардақтысы деген сөз. «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Ол Әз әулие емес қой», «Тасташы, әрі Әз әулие қылмай» дейтініміз осыдан. Еске ұстағанымыз жөн, Әз (Аз) бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы осы. Бүткіл жер бетіндегі ең ұлы құрылықтың Азия атанып жүргенінің де сыры осы. Әз әулиенің де моласы Маңғыстау да (Үстіртте).
»Өтірігіңмен қоса өлсеңші!".
Бүгінгің мынау «Шеркешбайды қайтыс болды деп естігем». Сенің жасың ғой 25-те. Жоғары білімің бар. Қашан саған ақыл кіреді?
Мен саған өткенде де ескерткенмін, біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле, деп.
Сенің біреуге өлім тілеуің мен мына өлеңіңнің арасы аспан мен жердей ғой. Құранды өзің құр ән деп жүрген сияқтысың.
Күні мен түні ауысқан
Өмірде болмай сауысқан
Ағайын, ғұмыр кешейік!
Хақ жолына атсалысқан.
Исламнан қашып безбеңіз,
Алладан қашып не етпексіз?
Бабалар келген өмірден
Біздер де қайтып кетпекпіз.
Аятпен амал етсеңіз,
Бақытты ғұмыр кешесіз.
Алланың айтқан сөзі сол
Құранды құр ән демеңіз.
Жансанов Медет, жас драматург! Ұят, қайда?
Екіншіден, Жасың қылшылдаған, қайран 25-ке келсе де (өзің біздің мемлекеттік тілмен түйдей құрдас екенсің (қазақ та үш жасқа дейін құрдас саналады)) тілдерің әлі шықпаған. Өзге жұрттың балаларының тілдері 3 жасында шығады. Ана тілдерінде аудармашысыз сөйлей алады. Ал сендердің жастарың 25-ке келсе де әлі шықпай жүр.
Үшіншіден, өзің біздің орыс тілді биліктен аумай тұрсың. «Көт» пен «Пат» деген сөздердің мағынасын ажыратуға сендердің саналарың, яғни ақылдарың мен білімдерің жетпей жүрген.
Әзірге осы «сыбағаңа» разы бол!
Қашан сендердің ақылдарың кіреді? Өмір бойы осылай «мәңгүрт» болып жүре бермексіңдер ме?
Төрімде отыр өзге тіл.
Ал өз тілім жетім бала секілді,
Сығалайды есіктен
Неге оның бекімейді буыны?
Неге белі шыға алмай жүр бесіктен?
Қайсысы екенін ашып айтсаңыз жақсы болар еді. Әйтпесе атыңыз жасырын, сөзіңізде екі ұшты.