Жарияланымдар

Sherkeshbay
Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.
«Дүйімбаян, Шыңғысхан –
Нәсілің нұрдан жаралған,
Халқына әділ қараған
Ауыз тимей парадан,
Пақыр-міскін, бай мен бек,
Жарлы, жалсыз, аз бен көп
Бәрінде бірдей санаған» (Сәттіғұл «Аманат» Алматы 1996 115 бет). Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес.

Сол сияқты Адайдың Қосайы Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) өзінің «Адай тегі» атты толғауында:
«… Он төрт қабат жер мен көк,
Жаратылған нұрдан, — деп –
Атамыз Сапи, Сапиолла,
Жаралған топырақ, құмнан,-деп,
Хазіреті Шейіш пайғамбар!
О да жаратылған
Бір алланың ішінен,
Рақым еткен күшімен,
Бір тамшы тамған судан, — деп,-
Әр нәрсе солай болатын,
Алланың еткен ісімен,
Естуіңіз жоқ па еді;
Хазіретті Айсаны
Мариям ерсіз туған, — деп,-
Ол күндегі пендеге
Ғайыптан талай бала келіпті
Мезгілсіз туған бір күннен,
Жалтыраған сәулеге
Жеті қабат жер астында
Сарайдың іші толыпты
Онан Дүйім Баян хан
Бізге келіп жолықты
Оның туған анасы… десе, тағы бір көне жырда:
«Дүйін Баян – Шыңғыс хан,
Нәсілің нұрдан жаралған» деп, аруағын атап, бас иіп, тағзым етіп жүретін болған. Дүйім Баян дегені – Шыңғыстың арғы атасы, жазба деректерде Дубу Баян делінеді. Нұр деп Әлеуке (Алан-гуа) ананың нұрдан бала туғанын айтып отыр.

Тура осындай деректі, яғни Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оның «нәсілінің нұрдан жаралғандығын» Адай – Тобыштың — Зорбайы Бәйімбет Телеуұлы «Замананың құлқына» атты жырында:
«Ертеде өткен ерлерден
Ноғайлының Едіге,
Шыңғыстың өткен заманы
Асылы нұрдан жаралған,
Таймаған жолдан табаны» деп жырлаған.

Бүкіл әлемді мойындатқан Мұңал мен Шыңғыс ханның тегінің Қазақ, Адай екендігі Манқыстаудың өзге ақын-жырауларының шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Мысалы, Адай-Мұңал-Жары-Тастемір ұрпағы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966) атамыз:
«Атамыз Адай – Мұңалдың
Кіші жүздің ішінде
Қарасам қатар теңі жоқ,
Шашылған дабыл-даңқыңның
Баяны болса кемі жоқ.
Бүгінгі жүрген адамнан
Дәрежесі артық жаралған,
Адайдан Мұңал болғанда
Тұсында озған ешкім жоқ» (Жыр-дария 252 бет).

Адай- Қосай ата ұрпағы Қалнияз жырау Шопықұлы (1816-1902):
«Ақ ордасы Адайдың
Үлкен үйім Мұңалсың,
Батырда өзің, пір де өзің
Ұлы жиын құралсың,
Төрт мұңалым тұрғанда
Басқасы келіп Адайдың
Қолынан қалай ту алсын?!!! (Жыр-дария. 43 бет). Өте әділ бағасы берілген, Шыңғыс ханды (мұңалдарды) әлемнің ең ұлы тұлғалары деп ЮНЕСКО да мойындаған жоқ па?!

Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оны хан көтергендер қазақтар екендігін Маңғыстаулық Қалнияз ақын Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Хиуа ханы Мұхаммед – Рахимге:
… «Аржағым Алаш ұранды
Ел едік байтақ құралды
… Хан көтерген қазақпыз
Шыңғыс хан – арғы бабаңды»… деп жырлаған. «Маңғыстаудың жыр-дастандары» (52 бет).

«Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай.
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Кәпірден теңдік алуға,
Қайтып та келер деймісің,
Мұсылманның баласы,
Шыңғыстан туған хандар-ай»… Бұл Қазтуған жыраудың атынан айтылған Мұрат ақынның
зары. Біз бұдан бүкіл қазақтың 700-800 жыл бойы, Шыңғыс қағанды әулие деп қадір тұтқанын көреміз.

«Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,
Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,
Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел
Емес пе едің – жұртым саған не болды?!»… (Ғұмар Қараш). Қазтуған да, Мұрат та, Ғұмар Қараш та Шыңғыс ханды қазақ деп анық айтып тұрған жоқ па?

«Кім білмес кешегі өткен Шыңғысханды,
Жартысын дүниенің түгел алды.
Талайын Европаның бас игізіп,
Қорқытып Қытайға да алым салды.
Қолына туып еді қан уыстап,
Әлемді билейтұғын үлгі нұсқап.
Қойылған Шыңғыстауға соның аты,
Өзенін осы хақан кеткен қыстап.
Ортасын араб, қытай түгел алып,
Азия, Европаға жарлық салып.
Мейірімді, алған елге әділетті.
Кетеді, қарсыласса, қанға малып.
800 туғанына жылдар толды,
Темучин атын бұзып, Шыңғыс қойды.
Шыдамды Шыңғыс деген мықты демек,
Отызға келмей тұрып бақыт қонды.
Ол туған Бүлүнжылдық деген жерде,
Рахымды қол астында кірген елге.
Не дінге, не ғұрыпқа қол сұқпаған,
Ой жібер, міне, осындай кемеңгерге» Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Қазақтың түп атасы» дастанынан.
Sherkeshbay
Сіз не мемлекеттік тілді білмейсіз бе? Танысып көріңіз? Мынау Мұхамбеткәрім ағаның кітабынан үзінді:
ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫНДА
Шыңғыс ханды Қазақтың суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) былайша жырлапты:
… Кешегі Дүиім Баян кеткен соң
Алты жыл анық өткен соң,
Ар-сар болып жүрегі,
Қанға толып білегі,
Шыңғыс туды Арқардан?.(2)
Оның туған тұқымы
Патша болып таралған.
Осы бір сөздер көңіліме
Бұрынғы өткен үлкеннен
Қағида болып қалынған.
Шежіре болып жазылған
Тілімі түзу бағытты
Көңілім зерек қалыпты.
Аңдаған жақын, алысты,
Болжаған қисық, шалысты,
Бұрынғы қарт атамның сөздерін
Құлағым естіп, көргенін
Осындай құралы келген жерлерде
Шығарып жүрмін жарыққа.
Шариғат қарап, жол пәмдеп.
Мұсылманға үмбет деп,
Атасын анық білмеген,
Айтса болар мүрдет? деп..(3)
2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын. Шыңғысхан елінің ұраны «Архар» болатыны осыдан.
3 – Кәпір деп отыр.
Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!

«Адайдың әйгілі жауынгер — ақыны Қалнияз Шопықұлы «Бұл Адайдың атасы» толғауында:
«… Бұл Адайдың атасын,
Төре сүйек, ер деген.
Нәсілім төре болғасын,
Қай жерімді кем деген?!
Айбарлы тентек ел едік,
Түркімен түгіл, қалмақ пен
Орысқа да көнбеген.
Төрелесіп келгенде,
Дұшпанға теңдік бермеген! — деп шалқиды. Осы топтамаға кірген «Біссіміллә!» деп сөйлесем...» деген толғауының бір жерінде:
Ар жағым – төре асылдан,
Біз – Алашқа белгілі
Адай едік дүбірлі,
Дүбірі көпке білінді, — десе, тағы бір тұсында:
Қызғанышпен осы жұрт
Қазбалайды менің тегімді…
Атам – Елтай, білмесең,
«Төре» дейді тегімді…
… Білдірейін білмесең,
Мұны айтқан кім?» десең,
Мен Қалнияз өзім-ді, — деп асқақатайды. Ақынның бұлай сөйлеуіне толық негіз бар. Оның
«Төре сүйек ер», «асыл төре» деп отырғаны әрине, Адайдың әкесі Елтай. Бұл сөздер қосымша түсінікті қажет етпесе керек» (Мырзатай Болат, «Адай төре тұқымы емес пе?», «Ар» газеті 23.09.2009 жыл №15 (126)). Бүгінгі өздерін біз жүзге жатпаймыз деп жүрген Төрелердің
тегі осы. Олардың да ұраны «Архар».
Хан Ордасы (Бөкей) ауылының қасындағы «хан зиратындағы» құлпытаста: «Арқар руғы Нұралы хан» деген жазба бар. Бұндай жазба сол қорымдағы құлпытастың бәрінде бар.

«Шын ұлындай Шыңғыстың
Сұрасаң асыл тектері,
Ерлігін айтып мақтасам
Толып жатыр еткені». Бұл Адайдың ақиық ақыны атанған Сәттіғұл Жанғабылұлының «Адайдың он жеті бай-мырзасына айтқаны» атты толғауындағы Адай ата ұрпақтарының «Ірілік жақтан озғандарының» қатарында аталады («Аманат» Алматы-1996. 206 бет).

Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны Қазанғап өзінің ата-тегі жайлы жырында:
«Төле дейді ұранын,
Қоғалы дейді тұрағым,
Бақтиярдан ажырап
Бәйдібек бай, Жәнібек
Жалғыз ұлы Жарғышақ
Домалақ деген ананың
Албан, Суан, Дулат боп,
Бөлініп бері шығамын
Жарылғамыс, Жанту боп
Жаныстан келіп тарады
Патша менен ханы көп
Ілгері өткен заманның
Ұлы Шыңғыс ханыңды
Алдымен баян қылайын» (Төле би. –Алматы 1991.-18 бет.) Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.

«Зұлқарнайын Ескендір»,
«Әзірет Әлі», «Шыңғысхан»,
«Қырық тарау ноғайлық»
Дастандарым тағы бар,
Бәрі бізден табылар.
«Бұл да болмайд» десеңіз,
Мына отырған жыршыңыз
Жан қалтасын қағынар.
Өздеріңнен аяйтын
Жыршының не жаны бар?!.. (Сұлтан Қадір «Бір тыңдауға бұл қалай?» Атамыз «Зұлқарнайын Ескендірді де», «Әзірет Әліні де», «Шыңғысханды да», «Қырық тарау ноғайлық (Қырымның қырық батырында» бәрінің тегін қазақ деп отыр. Әйтпесе, ол дастандарды жырлап не істесін, жырлағанда да оны кім тыңдар еді. Мысалы, сен өзің орыстың бірінші Петрі жайлы жыр жазып оны жырлар ма едің. Әрине, жоқ деп жауап берерің сөзсіз.
Sherkeshbay
Сіздің сөзіңізде бірде-бір дерек көз жоқ қой. Дерек көзсіз (первоисточник) жазылған тарихыңызды кім мойындауы мүмкін деп ойлайсыз?
Sherkeshbay
— «Белгілі тарихшы Г.Н.Вернадский 1913 жылы Санкт-Петербург университетінде оқыған лекциясында Моңғол империясының 1331 жылғы картасында орыс жері де «Алаш» құрамына кіретіндігін, оның империяның Қиыр Солтүстік батыстағы ажырамас бөлігі екендігін атап айтады. Бұл дерек бізге «Алаш этнонимінің түп-төркініне бүгінгіден мүлдем басқа таным тұғырынан, мағына мұнарасынан қарауды талап етеді» (Т.Жұртбай. Түркістан газеті. №23 (653). 18.01.2007). Алаш пен Қазақ синоним емес пе? Моңғолдың тегінің казақ екендігіне бұдан артық қандай дәлел керек.

— Орыс тарихшысы Александр Бушков «Шыңғыс хан және беймәлім Азия» кітабында: Моңғолдардың жартысынан көбі қазіргі кезеңде киіз үйді мекен етеді, ал тұрғындардың білім деңгейі өте төмен дәрежеде. Яғни, Шыңғыс ханның тегі түркі болғандығына сүйенейік… Шыңғыс ханның моңғол болуы еш мүмкін емес. Осы жерде түркілер жайында мәселе қозғалып отыр. Өте ірі көлемде дүниені жаулап алу үшін тек қана үлкен орда ғана емес, сонымен бірге бес қаруы сай, дайындығы мол әскер керек. Моңғолдар ұлттық салт-дәстүр мен мемлекеттіліктен жұрдай болғандықтан, олар аз уақыт ішінде әскер құрып үлгере алмас еді, осылайша бізде Азияда ХІІІ ғасырда мемлекеттілікті құру, кәсіби әскерді жасақтау, басқарушылық жүйені ұйымдастырудың тәжірибесіне кім ие болған деген ең қарапайым мәселенің шешімін тапқандаймыз… Бұл сұрақтың жауабын іздеп жатудың қажеті шамалы. Сұрақтың жауабы анық. Олар, әрине, сан ғасырлық қағанат пен мемлекет кұру тәжірибесі бар түркі тайпалары екені сөзсіз. Демографиялық есеппен XXI ғасырды ХІІІ ғасырмен салыстыратын болсақ, онда сол кездегі моңғолдардың саны 50-60 мың адамды ғана құрайтын. Ал Шыңғыс ханның әскері 300 мың адамға дейін жететін. Моңғолдарға ақиқатты ажыратып алудың уақыты келгендей, сондықтан да олар өзге халықтың тарихына таласпаулары тиіс.
Одан әрі Александр Бушков былай деп жазады: “Моңғол жазуы ХVІІ ғасырда қалыптасты. Сондықтан да қазіргі кезеңде Шыңғыс ханға жақын болып келетін ешқандай жылнама деректер жоқтың қасы”.

— 1950 жылдардағы Қытай қазақтары көтірілісшілерінің басшысы Оспан батыр жайлы ағылшын жазушысы Гофедей Лияс «Оспан батыр егер бұдан 5-6 ғасыр бұрын дүниеге келгенде аталары Мөңке, Шыңғыс, Темірлан деңгейлес ұлы қолбасшы болар еді» — деп жазыпты. («Намыс». №1 (60). қаңтар 2010 жыл). Ағылшындар Шыңғыс ханның тегінің қазақ екенін білмесе, Г.Лияс бұлай деп жазбаған болар еді.

— ХІХ ғасырда жасаған орыс оқымыстысы Н.Аристов «… кейбірінің түп негізі мың, мың жарым жылға кететін, ежелгі тарихтан танымал белгілі тайпа, рулардың күні бүгінге дейін сол атаумен сақталып келгеніне таң қаламын. Яғни, қазіргі белгілі ру, тайпалардың көпшілігі ежелгі этнонимдерді кейінгі заманға жеткізуші ғана емес, сол ескілікті жұрттардың нақпа-нақ өзі болмаса да, түрленген, түлеп, жаңғырған анық мұрагері. «Арғы тарихта таңбаланған аталы рулардың барлығы дерлік бүгінгі қазақ арасынан табылады”.

— 1984 жылдың тамызында Британия галымы Нортон Джефферсон Шынғысхан жайында мақала жазып, Шыңғысханды қазақ деп жариялаған.

— Биылғы 2015 жылдың 1 қаңтарында «Жаңалықтарда» Британ газеті Шыңғыс ханды ҚАЗАҚ деп
жазып жатыр деген айдармен мақала жарияланған.
«Ағылшындардың “The Guardian” газеті “Постсоветтік әлем: Мұндағы 15 мемлекет туралы сізге ең алдымен нені білу керек” деп аталатын мақаласында Қазақстанға арнайы тоқталып өтіп, әлемге әйгілі тұлға Шыңғыс ханды ең танымал қазақ (император) деп жазыпты. Ал Боратты ойдан шығарылған кейіпкер деп атап өткен екен» … (http://www.theguardian.com/world/2014/jun/09/-sp-profiles-post-soviet-states).

— Шыңғысхан – Еуропа төрінде (19 Сәу 2012). Жуырда ресейлік Даши Намдаковтың жобасы бойынша қоладан құйылған аттылы Шыңғыс ханның бесметрлік мүсіні Лондон жұртына ұсынылды. Тасмүсін Гайд-парктың солтүстік-шығыс бөлігінен «қоныс тепті».
Шыңғыс қағанның ескерткіші буряттың суретшісі, ұста әрі зергері Лондондағы «Хэлсион» галереясында қойылған ретроспектив туындыларының құрметіне арналған. «Көшпенділер әлемі» атты көрме 5 мамыр мен 7 шілде аралығында жұртшылыққа кереге жаймақ.
Мұңал (Моңғол) қағанатын құрған қаһарлы қағанның қола мүсіні ішкі қуатын сыртқа тебуімен аса ерекше. Шыңғыс қаған әскери жарақпен атқа қонған күйі аспаннан түскендей әсер береді. Қысыңқы көзі жерге қараған күйі, алақандарын төменнен тіреген ауаға жайған бейнесі көз тартады.
«Бұл жұмыс арқылы мен тарихи тұлғаны бейнелеуден гөрі, аспаннан түскен күйі адамдарға ҚАЙЫРЫМ МЕН ДАНАЛЫҚ сепкен тұлғаны көрсетуге тырыстым. Шыңғыс ханның тірі кезіндегі бейнесі қалған жоқ, оның үстіне деректі айғақтар бір біріне қайшы келеді, сондықтан мүсін-тұлғаны сынықтан жинап-тергендеймін. Шамасы маған эпикалық кейіпкерді сомдау бостандық берген сықылды. Өзім сондай мақсат қойдым, сол себепті де мүсін сондай аспандық, әуелік сипатқа ие болды», – дейді автор. (http://www.minber.kz/2012/04).
Шетел тарихшылары жазбаларында мұндай деректер өте көп. Оның бәрін жинау үшін айлар мен жылдар және бүкіл әлем тілдерін білу қажет болар. Қысқасы, бүкіл әлем Шыңғыс ханды мақтап, ол Ұлы тұлға, өмірде одан асқан әділетті тұлға болмаған, оған қарауындағы бірде бір адам сатқындық жасамаған, ол бәріміздің Атам деп таласады. Ал, біздер өз Атамызды, жауыз, надан деп балағаттап ат-тонымызды ала қашып жүрміз. Тіпті де ақылыма сияр емес».

Мен өзім, ол кісінің пікіріне толықтай қосыламын.
Sherkeshbay
— Орыс генералы Иванин, монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар деп бағалады. Оның пікірінше бақташы монғолдар, 1211-1216 жылдар аралығында Цзинь имепериясын жаулап алғаннан кейін олардан соғысу тактикасы мен стратегиясын үйреніп, бұл ғылымды жетік меңгергені сонша жарты әлемді бағындырып, өздерінің ұстаздарынан да асып түскен. (О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане. Алматы. Санат. 1998. 28-29 бетт). Осындай пікір білдіргенде Иванин, 100 мың ғана әскері бар, әскери ғылымды меңгермеген монғолдардың өздерінен 3 есе көп, соғыс өнерін жете меңгерген қытайларды қалайша жеңуі мүмкін екендігін ой елегінен өткізбеген. Логика бойынша соғысудың тактикасы мен стратегиясын білмейтін бақташы монғолдар, өздерінен 3 есе көп, әскери ғылымы мен техникасы дамыған, соғыс өнерін жете меңгерген қытай әскерін жеңуі, мүмкін емес. Олай болса, Иваниннің монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар ретінде бағалайтыны және олар, соғысуды қытайлардан үйренген дейтін пікірі түп – тамырымен қате.
Себебі европалықтар, Шыңғысхан басқарған монғолдардың Орта Азиядағы Хорезм мемлекетіне жасаған шабуылын, жабайы көшпелі тайпалардың өркениетті елге жасаған шапқыншылығы, деп қабылдады. Олар, монғолдарды дамымай артта қалған жабайылар, деп түсініп, олардың Қайырхан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалау үшін Хорезм еліне жасаған жорығын, жабайы жыртқыш аңның адамға тарпа бас салатын шабуылына теңеді. Хорезм әскерінің Шыңғысхан әскерінен жеңілуін, хорезмшах Мұхаммедтің соғыс тактикасында жіберген қателігінен болған кездейсоқ жеңіліс, деп бағалады. Ал, Шыңғысханды – әлемді жаулап алуды мақсат тұтқан баққұмар, қанышер, жауыз, өзімшіл озбыр билеуші бейнесінде берді. Европа, араб және орыс тарихнамаларында білдірілген осындай пікірлер мен тұжырымдардың, теңеулер мен бағалаулардың Шыңғысхан мен монғолдар туралы шындыққа қаншалықты жанасатындығын тарихи-этнологиялық, археологиялық фактілер мен адамзат қоғамы өрістей дамуының тарихы негізінде қарастырып көрейік.
Шыңғысхан басқаруындағы монғолдар, 1211 жылы Цзинь империясының Уша қаласына шабуыл жасап, төрт жылдың ішінде Қытайдың солтүстігін, Орта Қытай жазығындағы астанасы Пекинді, 1215 жылы басып алған кезде монғол әскерінің саны 100 мың ғана, ал Қытай әскері, олардан 3 есе көп болған. Монғолдар, 1219 жылы Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашқан кезде олардың әскерінің саны 150 мың, ал хорезмшах әскері, олардан 3 есеге жуық көп болған. Осыған қарамастан Шыңғысхан әскері, Цзинь империясының астанасын алып, толық болмаса да жартылай бағындырды, ал Хорезм мемлекетінің әскерін күйрете жеңіп, оны да толық бағындырды. Ресейдің XIX ғасырдағы әскери тарихшысы, генерал М.И.Иванин, монғолдардың соғыс жүргізу тактикасын арнайы зерттеп «О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане» дейтін зерттеу жазған (Алматы. Санат. 1998). Егерде монғолдардың соғысу тактикасына арналып зерттеу жазылған болса, онда монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған. Егерде монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған болса, онда олар, дамымай арта қалған жабайы халық болмаған. Қандай да бір ғылыммен айналысып оны дамыту, адам интеллектісінің бір деңгейде тоқырап қалмай даму үстінде болғандығын дәлелдейтін физиологиялық факті.
Қытай, монғол және басқа да тарихтардың деректеріне сүйене қытай киноматографистері 2007 жылы шығарған «Шыңғысхан» атты тарихи фильм дерегі бойынша Шыңғысхан, батысқа жорық жасап бүкіл әлемді жаулап алуды ойламаған, тек өз қоластындағы елшілікке жіберілген 500-дей адамды жазықсыз өлтіргені үшін Отырардың билеушісі Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалауды ғана мақсат еткен. Тарихи драмадағы Шыңғысханның батысқа жорық жасауына себепші болған мотив туралы дерек пен Рашид-ад-дин және Әбілғазының тарихи шығармаларындағы Шыңғысханның Хорезм еліне шабуыл жасауына себепші болған мотив туралы дерек, бір-біріне сәйкес келеді. Қытай киноматографистерінің тарихи драмасында да, аталмыш мұсылман тарихшыларының шығармаларында да Шыңғысханның Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашуына кінәлілер ретінде иналшық Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммед аталады. Осымен қатар тарихи драмада, Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының Хорезмнен бөтен батыстағы көптеген елдерді жаулап алуына себепші болған бір-ақ адам – Отырар билеушісі Қайырхан екендігі атап көрсетілген.
Тарихи драма мен аталмыш мұсылман тарихшылары шығармаларының деректері бойынша Шыңғысхан, себепсізден-себепсіз баққұмарлық, атаққұмарлық пендешілікпен бірде-бір тайпаға немесе елге өздігінен шапқыншылық жасамаған, яғни жаулап алу соғыстарын жүргізбеген. Ол, 9 жасында әкесіз жетім қалып, әділетсіздік пен кедейшілікті, қиыншылық пен қорлықты, зорлық пен зомбылықты көп көріп, досқа адал, дұшпанға мейрімсіз болып өсті. Досқа деген адалдығы сондай, өзіне бірнеше рет опасыздық жасап өлтірмекші болған досы Жамуханы өлімге қимай, оған Монғол мемлекетіндегі менен кейінгі екінші басшы бол, дейтін ұсыныс жасаған. Оның бұл ұсынысын қабылдамаған Жамуха, Шыңғысханнан өзін «қан шығармай» өлтіртуін сұрайды». (С.А.Козин. Құпия шежіре. М-Л. 1941. §200,201).
Sherkeshbay
Бастаған әңгімемізді тиянақтау үшін, тағы да Мұхамбеткәрім ағаның еңбектеріне жүгінейін:
«ШЫҢҒЫСХАН ЖӘНЕ МҰҢАЛДАР ӘЛЕМ ТАРИХШЫЛАРЫ ЖАЗБАЛАРЫНДА
— Белгілі ғалым Владимир Белинский бүкіл саналы ғұмырын Алтын Орда тарихын зерттеуге арнап, мынадай тұжырым жасаған. «Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғысхан – қазақ». Ол өзінің бұл тұжырымын «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптарында келтірген.
Оның айтуынша, Кеңестік тарихшылар қаншама бұрмалағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екендігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шыңғыс ханның ұрпақтары, Алтын Орданың хандарының барлығы Моңғолстанда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ осыны білдіреді, дей отыра Ұлы қолбасшының қазақ болғандығын көптеген нақты фактілермен дәлелдейді.
«Моңғол империясының негізін қалаған наймандар, керейлер, қияттар мен меркіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қытай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қазақша. Темуджиннің әкесі (қазақша Теміршін болып айтылады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс ханның әйелі — Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер болған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің басшыларын «қонтайшы» деп атаған. Шыңғыс ханды әдеттегі қазақтың құрылтайында хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. Тәңірге табынатын тек қазақтар ғана қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жерлеген.
Шыңғысхан Шығысқа жорыққа шыққанда түрік тайпалары оны бірден мойындады. Сондықтан ол Қазақстан жеріндегі көшпенділермен соғысқан жоқ.
Наймандар және қазақтың басқа рулары Шыңғысхан империясына оның дүниеге келер тұсында қосылды. Оның Шығысқа жорығы Хорезм билігіндегі елдермен ғана болды.
«Жақын арада Шыңғыс ханның қазақтан шыққаны ресми түрде мойындалады» деп мәлімдейді тарихшы Владимир Белинский.

— Авар (Ресей) тарихшысы Мұрат Аджи: «Адайдың аса үлкен Мұңал деген бөлімі бар. Әртүрлі
жазбаларда, соның ішінде Рашид-ад-Динде, моңғолдарды мұғал-мұңал деп жазған.
Жауынгер дай – дах – адайлар жөнінде ежелгі жазбалар өте көп. Европалық Дақтар Римге қарсы тұрған аса ұлы держава болды, ал олардың Азиялық бөлігінде тұратын Дайлары б.ж.с. дейінгі дәуірдің 111 ғасырында аса қуатты Парфияны құрды, оларды Римнің ұлы қолбасшысы Помпейдің өзі сол дайларды „Патшалардың патшасы “ деп мойындап теңдессіз баға берді. Мен осы жауынгер ұлы халық Адайлардың Х11 ғасырда Шыңғыс қағанды дүниеге әкелгеніне ешқандай күмән келтірмеймін.
Адай руы. Бұл «Мұңалдың құпия шежіресінде» Байұлылар құрамындағы Шыңғысханның немере ағасы Оңғырдың елі. Менің дерегімде Х111 ғасырдағы Баяуыттың ұрпақтары Байұлы құрамындағы Адайлар болып табылады».

— Орыстың белгілі ғалымы Л.Л.Викторова: «Сол кездің моңғолдары үшін ата-бабаларының өнегесі ұрпағының жадында жатталып қалуына ұмтылу, дәстүрге және туыстық қатынасқа ерекше құрметпен қарау тән болған. Өздерінің шыққан ата-тегін жаңылыссыз жатқа білетін білгір шежірешілер өз білімдерін балаларына ұқыптылықпен беріп отырған. Сол себепті де шежіре кітаптары бірінші дереккөздік мәнге ие».

— «Жылнамалар жинағының» авторы «моңғолдың шыққан тегі — түрік» деп айқын көрсеткен.
Түсініктеме: Еңбектің авторы Рашид ад-Дин Фаздуллах ибн Абул-Хаир Али Хамадани – Моңғол империясының дәуірлеп тұрған кезінің көз көрген куәгері, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен Олжайту ханның уәзірі болған адам. Осы арада басын ашып айта кетер бір мәселе – бұл еңбектің авторлығы бір адамға телінгенімен, шын мәнінде, «Жылнамалар жинағы» (1300-1310 ж.ж.) – ұжымдық еңбектің жемісі. Заманында білікті билеушілердің бірі болған Ғазан хан ғұлама уәзірі Рашид ад-Динге арнайы тапсырма беріп, қасына мұңғұл халықтарының тарихын мейлінше терең білетін, даланың теңдессіз шежірешісі Болат бастаған алты моңғол шежірешісі мен сол кездің ең мықты деп есептелінетін бірнеше білікті тарихшысын (Абдуллах Қашани, Ахмед Бухари және т.б.) қосып, осы еңбекті жазғызған. Сондықтан да бұл еңбекті өз заманының білімді де білікті мамандары бірігіп шығарған энциклопедиялық жинақ деу артық айтқандық болмайды.
Міне, осы энциклопедиялық еңбекте моңғол халықтарының шығу тегіне қатысты: «Барлық моңғолдар, түрік тайпалары және барлық дала тұрғындары Абулджа ханның тұқымынан тарайды», — деп, ақ қағазға қара сиямен ап-анық етіп жазылған. Автордың мұндағы «Абулджа-хан» деп отырғаны бүкіл түрік халықтарының түп атасы деп есептелінетін Нұх пайғамбардың баласы Йафет (Йафес).
Арнайы тапсырмамен моңғолдар тарихын жазуға арналған шығарманың бірінші томының бірінші кітабының моңғол халықтарының пайда болуы мен олардың түрлі тайпаларға бөлінуіне арналмай, «Түрік халықтарының пайда болуы және олардың түрлі тайпаларға бөлінуінің жағдайы туралы» деп аталып, тек түрік халықтарына арналуы – сол түп бастаудың бірлігін, яғни мұңғұлдардың шыққан тегінің түрік және оның тарихи шындық екенін мойындаудан жасалып отырған іс екенін пайымдау онша қиындық туғызбайды. Егер сол кезде мұндай мойындау болмаса, Бірінші кітап түрік халықтарына арналмас еді…
Sherkeshbay
«Біз ұлттық тарихымызды Шыңғыс хансыз елестете де алмаймыз. Сондай-ақ, қазақ тарихынан – Қазақстан тарихынан Шыңғыс ханды ешкім, ешқашан да алып тастай алмайтынына кәмел сенеміз! Ұлтымыздың соңғы 800 жылдық тарихын Шыңғыс хан мен оның әулетінен бөле қарау мүмкін емес. (Марал Ысқақбай, жазушы, Қазақстан және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі).

Шыңғысхан атамыздың тегінің қазақ екенін әйгілі қазақ жазушысы және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза өзінің Тұрар Рысқұлов жайлы тарихи еңбегінде былайша суреттейді: Т.Рысқұлов бірде Сталин өткізген бір жиналысқа кешігіп келгенде, Сталин оған Шығыстың Шыңғысханы кел төрге шық дегенде, Тұрардың оған төрге Грузиннің князы жайғасыпты ғой, деп екеуінің сөзге келісіп қалғаны айтылады.
Шерхан ағамыз Сталиннің аузымен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екенін анық айтып тұрған жоқ па?!

Қазақтың көрнекті жазушысы І.Есенберлин «Алтын Орда» атты тарихи триологиясында Шыңғысханның өзі де, одан тарап Қазаққа хан болған барлық қазақ хандарының тегі Қазақ екендігін жеріне жеткізе жазыпты.

«Моңғолдың (Мұңалдың М.Қ.) құпия шежіресі» бұл Қазақ халқының «Батырлар жыры» дастандарының жалғасы (Қ.Данияров).
Т. Әбенайұлының «Шыныңа көш тарих: Шыңғысхан кім?» деген кітабында Шыңғысханның тегі Қазақ деген тұжырым жасаған.
Қарағандылық М.Қарғабаев «Көшпенділер атлантидасы» атты зерттеу еңбегінде Шыңғысханның тегі Қазақ екендігіне ешқандай күмән келтірмейді.
Жазушы М.Мағауиннің төрт томдық «Шыңғыс хан» атты деректі тарихи романы Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігіне арналған.… Шыңғыс ханның ең негізгі мұрагері – қазақ халқы.… Шыңғыс қаған мөрінің беті түрікше жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Түрік мемлекеті – түрік тілінде. Сол сияқты толып жатқан мәселелердің бәрін нақтылауға тура келді. (М.Мағауин).
Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов: «Шыңғысхан Түрік. Түріктің ішінде қазақ».

«Шыңғысхан біздің бабамыз, біз түркілер, оның ішінде қазақтар Шыңғысханның ұрпақтарымыз!» (Қазыбек Иса).
«Шыңғыс ханның ұрпағын шарқ ұрып іздеп жүрген қытайлықтар ұлы қаған ұрпақтарының қазақ жерінде өріп жүргенін білмейді-ау. Әйтпесе, бірден академик Шота Уәлиханов ағамызды іздеп келмей ме. Шота ағамыз қайбір жылы Моңғолияға барғанда, моңғолдар Шыңғыс ханның өзі тіріліп келгендей, жүректері жарыла қуаныпты. Өздерінде хан ұрпағынан тірі тұқым қалмапты. Соған қарағанда, «Шыңғыс хан — қазақ» деп жүргендер бір нәрсені біліп айтатын сияқты ма-ау...» (Төре ҒАЛИ).
Өтеміс қажының «Шыңғыс-нама» шығармасында Шыңғыс ханның ұлы Жошы Ұлытауда аң аулаған кезінде аттан құлап, мойны үзіліп қаза тапқанын жазған (1-тарау). Тарихта оның әкесінен жарты жыл бұрын қаза болғаны айтылады. Қазақта «Ақсақ құлан– Жошы хан» деген аңыз, күй бар.
«Адамзатта Шыңғыстай ер тумайды» (Мағжан Жұмабаев).
«Шыңғыс ханның түркі халқынан шыққаны хақ. Қобыланды жырында «Қырық мың үйлі Қият» деген ел бар. Сол қияттың әулеті Шыңғыс ханның ата-бабалары. Мәселен айталық, Абақай, Есукей, Қабыл хан. Түгел түркі текті адамдар. Ал Шыңғыс ханның тоғыз өрлігі болған. Тоғыз өрліктің тоғызы да түркі текті адамдар. Мәселен, керейден Торқан Сары бар, жалайырдан Мұқалы бар. Түгел осылай болып келеді. Ал Шыңғыс ханның алған әйелінің бірде-біреуі моңғол емес. Ана атақты төрт ханымның төртеуі де түркі тектес.
Шыңғысханды 10 жыл зертедім. Сондағы келген қорытындым – Шыңғыс хан асқан қырғыншы дегенге қосылмадым. Шыңғыс хан өз дәуірінде данышпан адам болған. Үлкен ұйымдастырушы, мықты саясаткер, әскери маман болған.» (Зейнолла сәнік).

«Дулатидың, Бичуриннің еңбектерінің бір жерінде Шыңғыс ханның түрік тілінде сөйлегені, мұсылман дінінде болғаны, бір баласының ораза тұтқаны, бір немересінің аты Мұхаммед болғаны айтылып кетеді. Моңғолдарда Мұхаммед деген есім жоқ қой. Осындай нақты дәлелдер бар. (Төреғали ТӘШЕНОВ, журналист, Алматы қаласы).

«Шыңғысхандық маңғол тайпасы, Борджигин мен Тайджут тайпаларынан құралғаны мәлім. Борджиги дегені Бөріжігі, оны өздерін Бөрі (қасқыр) ұрпағы дейтін аңыздары да дәлелдейді. Ал Тайджут дегені Адайжұрт, оны осы тайпадан шыққан атақты Жебенің есімі Жорға Адай екені дәлелдейді (132 бет).
… Шыңғыс хан ұрпақтары өздері орнатқан мемлекетті, неге Қазақ хандығы деп атады дейміз? Өйткені осы аймақта, Шыңғыс ханға дейін Қазақ қағанаты өмір сүргенін олар жақсы білетін. Бұл атау барлық тайпаларға ортақ екендігінен атады, өздері де (Жәнібек пен Керей) Қазақ халқымыз деп білетін Шыңғысхан ұрпақтары еді. Қазақ тайпаларының 19-шы ғасырда ешқандай диалектісіз біртілді екені және өздерін бір халық саанйтыны, сол замандағы Ресей адамдары көрсеткен» (Бекжан Аден «Қазақ пен Казак немесе Құпияланған тарих» Алматы, 2013. 158 бет).

«Осылайша, менің жоғарыда көрсеткенімнен шығатын қорытынды, Шыңғысхан атамыздың тегі Қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені даусыз. Аспандағы ай менен күн қандай ақиқат болса, Шыңғысхан атамыздың тегі қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені де сондай шындық. Күннің бетін ешкім алақанымен жаба алмайтыны сияқты, бұл шындықты да мәңгі бақи жасырын ұстау еш мүмкін емес еді» (Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім «Шыңғыс ханның тегі Адай» Алматы-2010. 368 бет).
Бұл тізімді әлі де, ондап, жүздеп жалғастыра беруге болады…
Sherkeshbay
Мая! Қарындасым! Шыңғыс ханды қазақ дегенге неге соншама ашуланып отырсыз? Шыңғыс қаған атамыздың тегін қазақ деп жазып жүрген жалғыз Мұхамбеткәрім аға емес қой.
Менде басында Сіз сияқты сенбегенмін. Бірақ мына төмендегі алыптардың еңбектерімен танысқаннан кейін, өз пікірімді өзгерттім. Мек тек қана ол кісінің еңбегімен емес, ол кісі оқыған еңбектермен де таныспын. Сізде танысып көріңіз?

Қазаққа Шыңғысханның туыстығы бар ма? деген сұраққа академик Оразақ СМАҒҰЛ былай деп жауап береді: «Алдымен Шыңғысхан моңғол ма, моңғол емес пе дегенді анықтап алу керек. Шыңғысхан, мәселен, ХІІІ ғасырда өмір сүрген адам. Бірақ, сол Шыңғысханның елі қолданған тіл мен сол тұстағы этникалық атауларды бүгінгі моңғолдар түсінбейді. Арада бар болғаны 800 жыл ғана өтсе де, олардың жазуын не оқи алмайды, не түсінбейді. Ал, біз түркі тектес халықтың біріміз, осыдан 700-800 жыл бұрынғы көне түріктердің жазуын ашып, оқып жатырмыз ғой. Сонда бұл жақындық пен айырмашылық нені білдіреді?.. Бұдан шығатыны, ол заманда, Шыңғыс заманында моңғолдар атты этникалық дара қауым болмаған. Атау болған, бірақ негіз болмаған. Ол заманда, тіпті түрік әлемі мен моңғол тектес халықтардың арасында айырмашылықтар да, қайшылықтар да болмаған болуы мүмкін. Оны жалған десеңіз, қазір барлық тарихи деректерде жазылып жүр, Шыңғысхан түркі әлемімен хат алысқанда тілмәш ұстамаған. «Мен моңғолмын» дегенмен олар түркі тайпаларымен барлығы бір тілде сөйлескен. Ал, енді бұл нені білдіреді? Әрине, негізі бір екендігін білдіреді. Шыңғысханның қоңыраттың қызы Бөртені алғаны да тегін емес қой. Ал, біз бүгін тұрақты этникалық топқа бөлініп алғаннан кейін оны анаған тартып, мынаған тартып, өз айтқанымызды растағымыз келеді. (Оразақ СМАҒҰЛ, академик: Шыңғысхан моңғол ма, моңғол емес пе дегенді анықтап алу керек).
Түсініктеме: Өте дұрыс тұжырым. Ол заманда Мұңал (Моңғол) деген мемлекет болған жоқ, бірақ қазақтың кенжесі Адайда Мұңал деген ру болды. Мұңалдың, яғни өз атасының есімін мемлекет атауына айналдырған Шыңғысхан атамыз. Бұл сөз түсінген жанға бүкіл әлем елдерінің қалай дүниеге келетінінің айдай айғағы. Бүкіл әлем елдері осылай дүниеге келген.

«Мәдениеті мен дәрежесі, әскери күш-қуаты мен мемлекеттік құрылымы жағынан Шыңғысхан мемлекеті Ұлы Түркі Қағанатынан заңды жалғасы болса да асып түсті. Себебі, Ұлы Түркі Қағанатының шеті Қырымға ғана тірелсе, Батудың сарбаздары мінген аттардың тұяғының дүрсілі мен жебесінің зуылынан европалықтар мен орыстар зәресі ұшып, қалтырай қорықты. Біз оларға, олар бізге ұнамсыз шетжұрттық тарихшылар тізбектеп жазғандай, адамзат цивилизациясын жоюға бағытталған қанды қырғын мен жаппай жер бетіндегі қалаларды жермен- жексен етіп қиратып, шектен шығу болған емес. Сол заманда Русь жерін аралаған Плано Карпинидің өз жазбаларында, мен орыс қалалары мен селоларында ешқандай соғыс іздерін көрмедім деген сөздерді таңқалыспен қалдырған.
Алтын Орда мемлекетіне үш жүз жылдан астам бодан болған орыс мемлекетінің сол кездегі көне қалалары әлі күнге дейін қаз-қалпын сақтап тур. Ал енді Иван Грозныйдан басталған орыс шапқыншылығы айналасы бір ғасырға толар — толмас уақыт ішінде Алтын Орда мемлекетінің 200 астам қалаларын жер бетінен ізін де қалдырмай мүлде жойып жіберді. Тағылымы мол тарихи деректер қамтыған қаншама кітапханалар мен баға жетпес мұралар өртенгенін есептей беріңіз. Осы кезеңнен бастап Шыңғысханды қаралау үшін жаптым жала, жақтым күйе эрасы басталды.
Біріншіден, оның тарихтағы орнын ақтан қараға ауыстыру пиғылымен ұлтын өзгертіп, түркі емес моңғол деп жария қылды. Моңғол деп көрсетудің тиімділігі, жабайы халықтың өкілі болғандықтан, ол жауыз әрі қанішер болуға тиіс деген ұғымды қалыптастырудың жеңіл-желпі оңайлығы, баспанасы тек киіз үймен ғана шектелген, мәдениеттен жұрдай, қалалары мүлде болмаған — деген пікірдің қолайлығы.
Екіншіден, өздерінің дәл қазір қол астындағы түркі халықтарына кеше ғана өздері үш ғасырдан астам бодан болғанын мойындаудың мүмкін еместігі. Бұл әрине шовинистік пиғылдан туған – пікір. Еліміз егемендік алғаннан бері ақиқаттың ауылы жақындап көріне бастады, оған дәлел тарихтың қайта қаралу процестерінің басталуы. Бұл тарихи үрдіс ұрпақтан ұрпаққа жалғасады, тоқтату енді мүмкін емес.
Үшіншіден, Марал Ысқабайдың мынандай сөздерін қайталағым келеді, жиырмасыншы ғасырдағы «просвещенная Россияның» мансап иелері мен оқымыстылары жалпақ дүниені жайлап жатқан қазақты шөкімдей қырғызбен шатастырса, сонау сегіз ғасыр бұрынғы түркі жұртын моңғол атандырып жібергеніне таңдануға болмайды да» («Жәрдем» KZ газеті. 29.09.2013, Берден Қадыр).

«Қытай деректері былай деп жазыпты: Олар (мұңғылдар) Батыс өңірдің (Орталық Азияны қытайлар осылай атайды) көмегімен қытайларды езді, ұлт халқының қарсылығын әлсіретіп, өз үстемдігін нығайту үшін, Қытай халқының ішкі ынтымағына іріткі салды. Олар сондай-ақ, Қытайда жасайтын халықтарды төрт жікке (дәрежеге) бөліп қарайды.
Бірінші дәрежедегілер — өздері (мұңғылдар); екінші дәрежедегілер – батыс өңірдегілер (түркі халықтары), үшінші дәрежедегілер – терістіктегі өзге көшпелі халықтар; төртінші дәрежедегілер – қытайлар мен түстік халықтар» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы. 2008. 214 бет). Шыңғыс ханның тегі Түрік болмаса, ол өзінен кейінгі екінші дәрежеге Түріктерді қоймаған болар еді.

«Шыңғысхан ХІІІ ғасырда Моңғолия территориясында өмір сүрген қазақ тайпаларының тілінде сөйлеген.
… Моңғолдардың Шыңғысханға ешқандай қатысы жоқ. ...Әлем тарихындағы көрнекті тұлғаларының тым болмағанда үшеуінің біздің халқымызға тікелей қатысы бар. Бұлар – сақ патшайымы Тұмар, Ғұндардың көшбасшысы Еділ (Аттила) және біз сөз етіп отырған Шыңғысхан. Бұлардың бойында қазақтың қаны болды.
Айтулы Ұлы моңғол империясы 1206 жылы құрылды. Оның құрамына қазіргі қазақ ұлтын құрайтын тайпалар мен рулар кіріп, бұл мемлекетті қазақ халқының даңқты ұлы – Шыңғысхан құрды. (Қайрат Зәкрянов. Шыңғысхан татар ма, моңғол ма, әлде қазақ па? «Қазақ үні» газетінен 20 тамыз 2014 жыл).
Sherkeshbay
М.Ермұханов бауырым! Неге Сіз менің Қазақстанда тұрмаймын дегеніме соншама айызыңыз қанды? Мен бұл жаққа жұмыс бабымен ұзағырақ мерзімге іссапарға келгенмін. Сіз сонда шетелде жүріп өз ойын айтқан қазақтардың бәрін шпион деп есептейді екенсіздер ғой. Бәсе, Жаңаөзен оқиғасына неге оралмандарды кіналады және неге алыс жақын шетелдегі қазақтың көші тоқтап қалды деп жүрсем. Неге қазақтың саны өспей тұр десем. Неге шетелден бауырымдап жылап келген елдің көбі кейін қайтып кетті десем. Бауырым! Бәріміз қайда жүрсек те бір қазақтың баласы емеспіз бе? Осыған да басыңыздың, яғни ақылыңыз бен біліміңіздің жетпегені ме? Біле, білсеңіз Менің жүрегім Сізден көрі Қазақия үшін қаттырақ ауырады. Оған күмәніңіз болмасын. Мені бостан-босқа «шпион» деп жазықсыз кіналағанша Қазақ елінде Ана тілімізді, Ата дінімізді төрге шығаруға ат салыс. Бүкіл жер шарындағы өз ойларын ашық айтып жүрген қазақтарды «шпион» дегенше, елге шақыр. Сөйтіп қазақтың санын көбейт. Қазақ та мемлекеттік тіл "Қазақ тілі" делінгенімен, Қазақ билігі түгелге жуық өзге тілде сөйлеп, өз қазақтарымен аудармашы арқылы сөйлесіп жүрген жоқ па? Қазақша сайрап, қазақтың Ата-бабасын түп-тұқияннан тарқатып отырған адамды «шпион» деп сөккеніңіз, бұл Сіздің біліміңіздің таяз екенін айқын көрсетеді.
Інім жаттап алып, есіңе мықтап сақтап қой.
«Қазақ бір деген ел едік,
Қайырлы халық атанған.
Өсіп өнген қатардан:
Үйсін, Арғын, Алшын деп,
Үш жүз болып атанған» (Қашаған «Бес ғасыр жырлайды». Алматы, 1989. 101 бет).
«Атасы алыс болғанмен
Жамиғи қазақ бір туған» (Базар жырау. (1842-1911).
«Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік-қауымдастық біртұтас бітімі ғасырлар бойы «бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген ұстаным бойынша өсіп-өркендеп отырған» (Қазақ Республикасының Президенті Назарбай Нұрсұлтан Әбішұлы).
Sherkeshbay
Гүлістан! Қарындасым! Сау-саламат жүрсіз бе? Пейіліңізге, ықыласыңызға көптен-көп рахмет. Екеуміздің кездесе армайтынымыз мен үшін өте өкііншті болып тұр. Себебі, мен Қазақстанда тұрмаймын ғой.
Sherkeshbay
«Maya_Nekim» — ге! Қарындасым! Неге соншама ашуланып отырсыз? Бұл жер ұрыс алаңы емес, ақыл-ой, тарих ғылымынан жүйелі пікір сайысының алаңы ғой. Сіздің мұныңызды Мұхамбеткәрім ағамыздың жүйелі тарихи тұжырымдарына қарсы айтатын уәж, яғни теріске шығаратын дәлел таппағандығыңыздан Сіз осындай ашуға мініп отырсыз деп тұжырымдасақ, дұрысы осы болар. Әйтпесе, Сіз ол кісінің айтқан тарихи деректерін, жоққа шығарып дәлелдеуіңіз керек еді. Мысалы:
Мары, Отырар тағы солар сияқты Орталық Азия қалаларын қанды қырғын соғыспен Хорезм патшасы жаулап алған жоқ деуіңіз керек еді. Сіз олай деп, айта алмадыңыз. Демек, Сіз оны мойындап отырсыз.
Отырар билеушісі Қайырхан өзі қазақ бола тұра қазақ елін жаулаушы Хорезм патшасының бұйрығымен Шыңғысханның 500 саудагері мен елшілерін дүниеге қызығып өлтіргенін де, жоқ оларды ешкім өлтірген де, керуенді тонаған да жоқ деуіңіз керек еді. Сіз олай деп, айта алмадыңыз. Демек, Сіз мұны да мойындап отырсыз.
Менің Сізге таң қалып отырғаным, Сіз сонда Хорезм патшасының сол Шыңғысхан шабуылының алдында Қазақ қалаларын (Отырар да соның ішінде) басып алғанын білмегеніңіз бе? Шыңғыс ханның елшілері мен саудагерлерінің кегін алу үшін Сартауыл (Хорезм) еліне жорыққа шыққанда жолдағы қазақ руларының барлығы дерлік Шыңғыс ханға өз еріктерімен қосылып, Хорезмге жорыққа қатысқанын білмегеніңіз бе? Сіздің сонда Қайырханның да сол рулармен бірге өзіне тумалас, рулас, өз қазағына солармен бірге Шыңғыс ханға қосылмай, оның (Қайырханның) қазаққа қиянат жасағанын түсінуге ақылыңыз бер біліміңіздің жетпегені ме? Сонда Сіздің өзімен көрші отырған елдің елшілері мен саудагерлерін жазықсыз өлтіріп, бар дүние мүліктерін тонап алуының ең ауыр қылмыс екенін және Атам Қазақтың «Елдестірмек елшіден», «Елшіге қиянат жасамас болар» деген мақалының мағынасын түсінуге ақылыңыз бен біліміңіздің жетпегені ме? Шыңғысханның Хорезм патшасына жорыққа шыққанда бар-жоғы 150 000 дай ғана сарбазы болғанын, Ал Хорезм патшасының 400 000 аса сарбазы бола тұра (ол тағы соншама әскерді бір айда қосымша жинай алатын еді) қарсы ашық соғысқа шыға алмай, камалдарға неге қамалып қалғандарын түсінуге де біліміңіздің жетпегені ме? Жарайды, осымен тоқтайын. Әйтпесе, мұндай сұрақтарды Сізге әлі де көптеп қоя беруге болады.
Ал, Сіздің Мұхамбеткәрім ағамызды «а/ш» дегеніңізге айтарым: Пікір сайысы мәдениетті түрде болғаны дұрыс. Жеке адамның, тұтас бір елдің (рудың) намысына тию, есірік елдің (рудың), ессіз ұландарының ісі. Жалпы менменсіп сөйлеу (өзіңнен жасы үлкенді аға демей, шал деп атауыңыз соған жатады), біреуге қатты сөз айту, балағаттау т.т. кез-келген жанның білімінің, тәрбиесінің, мәдениетінің төмен екендігін көрсетеді. Ежелде үлкендер ондайлардан Кімнің баласысың? деп сұрайтын. Демек, ол Сіздің отбасыңызда алған тәрбиеңізге байланысты деген сөз.
Қарындасым! Есіңізде болсын. Ежелде де, есті ұл мен есті қыз күні бүгінде де өзінен жасы үлкендерді «ата», «әке», «аға», «әже», «апа» «жеңеше», Беке, Ереке, Сәке деп құрметтеген, көбі күні бүгінде де солай құрметтеп жүр. Бұл да қазақтың «ат тергеу» ғұрпының бір түрі. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Қазіргі сіздер сияқты жастардың арасында үлкен кісіні «әй, шал» немесе «старик» деп айтушылар жиі кездеседі. Бұлай деу және өзінен үлкен адамның атын тура атау барып тұрған анайылық пен жабайылық. Біздің бала кезімізде, қариялар өзінен кішіге «шал» деп айтқызбайтын. Кезінде кейбір сөздің парқын білмейтін әумесер (ессіз, білімсіз) біреу табыла қалса, сол қарияның қамшысы әумесердің жауырынында ойнайтын. Үлкендердің үнемі өзіңнен үлкен кісіге «шал» деп айтпаңдар, «шал» — шайтанның аты дейтіндері, екеуінің де алғашқы буындарының бірдей болатыны содан. Қазақта бастауын осы сөздің түбірінен алатын «шала», «шалажансар», «шалапай» (піспеген, жетіспеген, кемеліне келмеген), «шалжию», «шалқаю» (а. дұрыс отырмау, б. жағымсыз әрекет), Кір шалу (ылас болу), «шалшық» (теңіз де емес, көл де емес, кішкентай ғана шұңқырға жиналған, лас су), «шалыс» (қате), «шалаш» (үй деп, үй емес, соған ұқсас бірдеңе, күрке), «шалан» (суда ғана өсетін балдырдың қураған кезіндегі атауы), «шалам» (шөп-шалам, толық қанды ас емес, яғни құнарсыз тағам), «шалы» (тек қана қара сумен қоректеніп, суда пісетін дәнді дақыл, шалғы (орақ) деген сөздер бар. Демек, «шал» дегеніміз, өмірінің бәрін тек қана «ас ішіп, аяқ босатқаннан басқа дым білмей, ұрпаққа үлгі болатындай ештеңе қалдырмай, мағынасыз өткізген «надан (бейшара) адам» дегенді білдіреді. Ал орақтың шалғы деп аталатын себебі, шал болып қартайған қарияның көк өскінді (қазақтың ұлы мәдениетін) қырыққан сол шалғыдан айырмасы жоқ деген сөз. Мен Сіздердің «шал» мен «кемпір» болмай, ақсақалды Ата, жақсы Аға, ақ жаулықты Әже, Ана болып қартаюларыңызға тілектеспін.
Мен сіздерге мынадай кеңес берер едім. Күн сайын бір мезгіл өз жүректеріңізден сұрап отырыңыздар, Ата-аналарыңызға және жасы үлкендерге деген жүректеріңіздегі мейірім деген сезімнің деңгейі қандай? Егер сіздер өз Ата мен Аналарыңа құрмет пен мейірім деген сезімді сезіне алмасаңыздар, онда сіздерді Құдайдың атқаны. Онда сіздер Ұлы Аталарымыздың «Ата-Анаң жынды болса, байлап бақ» деген мақалына сай бола алмағандарыңыз. Сіздердің өздеріңізден жасы үлкенді сыйлай алмағандарыңыз, келешек те қазақ халқының ең үлкен қасіреті болмақ.
Қарындасым-ау! Шыңғысхан билерінің шешімімен Қайырханның көзіне құйылғаны қорғасын емес, алтын ғой. Алтын тек көзіне емес, аузы мен құлағына да құйылды ғой. Сіз не сонда осыны да білмегеніңіз бе?
«Оны (Қайырханды) тірідей ұстатып, бүкіл халық алдында билердің үкімімен жазалап, оның көзіне, құлағына, аузына алтын ерітіп құюдың қаншалықты қажеті бар еді. Көптің бірі сияқты басын қылышпен шаба салса болмас па еді.
Міне осы әрекеттер де ақыл-есі бүтін жандар үшін қаншама ғибрат жатыр:
а. Адамдарға туған еліне (ұлтына) сатқындық жасаса, жазасыз қалмайтынын ескертті;
ә. Адамдарға туған еліңе сатқындық жасасаң, ұрпағының атын атап, мақтанудың орнына ұялып безетінін білдірді;
б. Дүние қуалаудың соңы сені сондай ашкөздікке ұрындырып, өзгенің мүлкіне көз алартуыңды санаңа сіңіретінін ескертті;
г. «Елшіге тимес болар» деген атам қазақтың ең ұлы салтын бұзғандардың қандай жазаға ұшырайтынын айшықтап кетті;
ғ. Ең бастысы бұл жерде бүкіл мемлекет билігі басында жүргендерге ешқашан қателесуге болмайтынын білдірді».

Сіз аузыңызға «өтірік» деген сөзді алғаннан кейін ол кісінің «өтіріктерін» жоққа шығарып, керісінше дәлелдер келтіруіңіз керек еді. Қарағым-ау, Сізде оның бірі де жоқ қой.
Қарындасым! Айналайын! Ренжи көрмеңіз! Шындықты бетке айтқанның айыбы жоқ дейді, Атам Қазақ та. Сіздің ауыл тарих деген ілімнен өте алысқа қонған. Қазіргі заман шындығында, бұндайды істеп отырған жалғыз Сіз емес, шынайы тарихтан ауылы алысқа қонғандардың бәрі ашуланады, қарсы пікір білдірушілерді қорлайды, аузына келгендерін айтады, тіпті балағаттайды. Қысқасы, Өзі қорғап отырған тұжырымдарын қорғап дәлелдей алмайтындардың бәрі солай жасап жүр.
Ежелде, тіпті күні кешеге дейін, яғни Адамды Құдай жаратқан жоқ, Адам маймылдан жаратылған деген Дарвиннің сандырақ ілімі мектеп оқулықтарына енгізілгенге дейін, Қазақ Атам ұрпақтары орынды айтылған бір ауыз сөзге тоқтаған. Екі сөйлемеген. Біле білсең елімізде түрме- зындан дегендердің бірде-бірі болмаған. Осы Дарвин ілімін басшылыққа алып өскен бүгінгі ұрпақ орынды сөздің бірі түгілі, мыңын айтсаң да тоқтамайды. Қарындасым! Бүгінгі күннің шындығы осы болып тұр. Менің Сізге еш ренішім жоқ.
Sherkeshbay
Сіздің Отырар жайлы қойған сұрағыңыздың жауабына, тағыда Қожырбайұлы Мұхамбеткәрімнің кітабынан үзінді ұсынамын:
«ОТЫРАРДЫҢ КҮЙРЕУІ. Ол заманда Шыңғысханның арғы аталары құрған Қарахандар қағанатын парсылық бағыт ұстанған Хорезмшах жаулап алды. Бүгінгі қазақтың қаласын қиратты деп Шыңғысхан атамызға басты кінә қылып тағатын Отырар қаласы, осы жаулаушы елге қарайтын. Мемлекеттік тілдері де қазақ тілі емес еді.
Ол жайлы тарихшы С. Ақынжанов «Қазақстанның орта ғасырлық тарихындағы қыпшақтар» кiтабында шежiрешi Жужаниден мынандай мысал келтiредi: «615 (1216) жылы… Хорезм шахы Мұхаммед Иемектен шыққан Иакафтанның ұлы түркiстандық Қадырханның елiн ойрандауға аттанды». Иә, иә, Хорезм шахы басқа емес, дәл Қадырхан-Иналшық Қайырханның (Шыңғысханның арғы атасы Қараханның) елін ойрандауға аттанып отыр. Бiрақ, Қайырхан өзiне күні кеше ғана теперiш көрсетіп, жерін жаулап алған Хорезм шахына адалдығын көрсету мақсатында және дүниеге қызығып, Шыңғысханның елшілерін өлтіріп, керуенін тонап, қазаққа сатқындық жасады. Шыңғысхан Хорезм патшасынан Қайыр ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Атамыз бар-жоғы жүз елу мыңға жуық сарбаздарымен Хорезмшахқа қарсы жазықсыз өлген елші-саудагерлерінің (бес жүз адам) кегін алуға аттанды. Ол кезде Хорезм патшасының төрт жүз мың тұрақты әскері бола тұра (және ол осынша әскерді бір айда жинап ала алатын еді) Шыңғысханға қарсы тұра алмай, қамалдарға жасырынып қорғанды. Себебі, ол өз әскерінің дені қазақтардан, әсіресе қаңлы және басқа қазақ руларынан болғандықтан Шыңғысханмен ашық айқасқа шығудан, оларды өз еліне қосылып кетеді деп қорықты. Атамыз өз сарбаздарына сатқын Қайырханды тірілей ұстауды бұйырды. Ол өзінің қазақ халқының алдында істеген кінәсінің кешірілмейтінін біліп, ақтық демі қалғанша айқасып, бүкіл әскерінің қырғынға ұшырауына себепкер болды. Ол қала халқының жағдайын тіпті де ойлаған жоқ, ол өзінің мына жарық дүние де бір күн болса да тірі жүре тұруын ғана ойлады. Қаған тапсырмасы мүлтіксіз орындалып Қайырхан тірілей ұсталды. Шыңғысхан Қайырханды ұстаған бойда өзінің жеке билігімен өлтіре салған жоқ, оны қазақтың билері ежелгі ата салтымыз бойынша тергеу жүргізіліп, куәлар тыңдалып, оның барлық кінәсін мойнына қойып, бүкіл халық алдында қазаққа жасаған сатқындығы және дүниеқоңыз, ашкөздігі үшін өлім жазасына кесті. Саған керегі ел емес, дүние (алтын) екен ғой, ал онда керегіңше деп, оның дүниеден басқа ештеңені көрмеген көзіне, жазықсыз жандардың (бес жүз адам) зарын естімеген құлағына, тойымсыз аузына алтынды ерітіп құйды.
Бұл әрекет баяғы Маңғыстаулық Дайлардың (Сақтардың) жесір ханшайымы Тұмар ханымның парсы патшасы Кирдің басын қанға толырылған торсыққа салып «Іш керегіңше» деп қақпаға іліп қойғанымен толықтай сәйкес болып тұрған жоқ па?
Түсініктеме: Хорезм патшалығының орталық астанасы қазіргі Түркменістанның Ташауыз облысы Көнеүргеніш қаласы болды. Олар ол заманда да, қазірде де қазаққа жатпайды. Басқасын былай қойғанда, олардың бізден тілдері де басқа болды. Бұл парсылардың қазақ елін жер бетінен жойып жіберу үшін құрылған патшалығы болатын. Олар оның алдында бүкіл қазақ даласын қан сасытып, қырып-жойып, қазақтың Қарахандар қағанатын құлатқан болатын.
Қазақ даласындағы барлық рулар, елдер Шыңғысханға өз еріктерімен, шын ниеттерімен қуана қосылды. Ал, Қайырхан қазаққа сатқындық жасады. Сол үшінде тиісті жазасын алды.
Отырардың күйреуінің біз білетін ақиқаты осы. Құрметті Оқырман! Өздеріңіз ойлап көріңіздерші! Әйтпесе, оны тірідей ұстатып, бүкіл халық алдында билердің үкімімен жазалап, оның көзіне, құлағына, аузына алтын ерітіп құюдың қаншалықты қажеті бар еді. Көптің бірі сияқты басын қылышпен шаба салса болмас па еді.
Міне осы әрекеттер де ақыл-есі бүтін жандар үшін қаншама ғибрат жатыр:
а. Адамдарға туған еліне (ұлтына) сатқындық жасаса, жазасыз қалмайтынын ескертті;
ә. Адамдарға туған еліңе сатқындық жасасаң, ұрпағының атын атап, мақтанудың орнына ұялып безетінін білдірді;
б. Дүние қуалаудың соңы сені сондай ашкөздікке ұрындырып, өзгенің мүлкіне көз алартуыңды санаңа сіңіретінін ескертті;
г. «Елшіге тимес болар» деген атам қазақтың ең ұлы салтын бұзғандардың қандай жазаға ұшырайтынын айшықтап кетті;
ғ. Ең бастысы бұл жерде бүкіл мемлекет билігі басында жүргендерге ешқашан қателесуге болмайтынын білдірді.
Тарихшылардың “тонның ішін теріс айналдырып” тағатын кінәлары тек қана Отырар. Тағы да қайталаймын. Оның күйретілуіне бірден-бір кінәлі 500-ге жуық бейбіт елші-саудагерлерді жазықсыз қырып тастаған Қаразым патшасы Сұлтан Мұхаммед пен Отырар билеушісі Қайырхан болып табылады. Қай заманда да елші мен саудагерді жазықсыз өлтіру ешбір елдің заң аясына сиған емес. Бұл жайлы Әбілғазы атамыз өзінің «Түрік шежіресі» атты еңбегінде (68 бет) былай дейді: «Махмут жылауыш Сұлтан Мұхаммедтен рұқсат сұрап, дүние жүзі әміршісінің сарайына қайтты. Сұлтан Мұхаммедпен тіл табысқанына Шыңғыс хан шынайы разы болып, Сұлтан Мұхаммедтің бұған жаманшылық жасамайтынына және өзінің де оған өшпенділікке бармайтынына сенімді болды. Дәл осы кезде Бағдаттың халифы Насыр Шыңғыс ханға елші жіберіп, Сұлтан Мұхаммедтің үстіне бірігіп аттанайық деп ұсыныс жасап еді, оған жасасқан шартты бұзғысы келмей, жағымды жауап бермеді, бірақ Сұлтан Мұхаммедтің бұйрығымен Қайырханның Шыңғыс ханның елшілері мен саудагерлерін өлтіруі бұл келісімді ұзаққа жеткізбеді». Күні бүгінге дейін Шыңғыс ханның да, оның төл жұрты қазақтардың да бір ауыз сөзге тоқтайтынына, уәде жұтып екі сөйлемейтініне ешкім күмән келтірген емес.
Шындығында да, Шыңғыс қаған атамыздың халықаралық үрдісті бұзушыларды жазалауын Алланың бұйрығы деп түсінсек дұрысы сол болар.
«...Қара-Құла – ойраттың тұрғысы еді,
Қырық рудың қарғысы ұрды сені!
Елшіге өлім кескенге қандай жаза
Қолданарын үйреткен – Шыңғыс еді!
Ұшырайды ұзамай апатқа ордаң,
Елші өлтіріп, ел барма атақ қонған?
Ұмыттың-ау, елшіге қастық қылып,
Қаразымның Дәулетін опат болған?!» деп жырлады өлкеміздің белгілі ақыны С.Нұржан өзінің 2008 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Ай таранған түн» атты жыр кітабында.
Осылайша, Қайырхан Отырардың түркi-моңғолдың қайқы қылышының астына түсуiне себепшi болады. Кешегi дала жауынгерi нелiктен бұлай жаза басты… Бұл жерде бар болғаны қызылбас парсыға тәуелдi Иналшық Қайырханның өз бауырларына қылыш көтергендiгiн айтсақ та жеткiлiктi. Иә, иә, өз бауырларына қылыш көтергендiгiн.
«Шыңғысханның «Отырарды қиратты» дегеніне айтарым: Отырар ол заманда Қарахан әулетінің құрамындағы шағын ғана мемлекет-қала болған. Илек хандардың басы, сұлтандардың сұлтаны деген Осман Самарқанда отырған, Османның інісі Қадыр Ферғананы билеген, сосын кіші қалаларда кіші туыстары болған. Османның немере інісі Тәж-әд-Дин Білге хан Отырарды билеп отырған. 1210 жылы парсы патшасы Хорезмшах Аладдин Мұхаммед Самарқанды басып алады. Тәж-әд-Дин Білге ханды тұтқынға алады. Османды бір жылдан кейін өлтіреді. Отырарды тонайды, қаншама халқы қырылады, қаншамасы шетке қашады. Отырар бай қала, көпестердің барлығы татар даласы Шыңғыс ханға қарай қашады. Отырарды мұсылман дінбасыларына дейін тастап кетеді. Артынан Тәж-әд-Дин Білге ханның да басын алған. Содан кейін оның орнына Отырарды билеуге өзінің шешесінің әлде ағасынан, әлде інісінен туған Қайыр ханды отырғызады. Ал Шыңғыс хан келіп, Отырарды азат еткен. Керуеннің тоналып, бес жүз адамның өлтірілуі және басқа да толып жатқан жағдайлар бар. Бізде советтің тарих ғылымының азып-тозғаны соншалық, қарақшыларды жақтай біледі. Тарихшылардың барлығы Отырарда керуеннің қырғынға ұшырауын үлкен жауыздық деп бағалаған. Адам қайран қалатын жағдайлар болған. Мысалы, өзіміздің Сарайшық қаласы. 1480 жылы Ермак Сарайшық қаласын басып алады. Содан қаладағы бүкіл халықты қырады. Ең соңында Алтын Орда хандарының күмбездері бар қабірді, сүйектерді қазып алып, үйіп өртейді. Соны кезінде Иван Грозныйдың өзі айыптаған. Осыны Тәжікстанда бәрі жауыздық деп айтады. Ал совет тарихшылары дұрыс жасады дейді. Қаланы тазарту керек деп есептейді. Сол сияқты жағдайлар өте көп» (Мұхтар Мағауин)».

Тарих тағлымы: Сонау Адам атадан бері келе жатқан ұлы қағида «Елдестірмек елшіден...», «Елшіге қиянат жасамас болар».

Атам Қазақтың және сонымен қатар бүкіл әлем елдерімен толықтай мойындалған ең ұлы қағида: «Елдестірмек елшіден», «Елшіге қиянат жасамас болар». Менің де ойым осы.
Sherkeshbay
Сізге толық жауап беру үшін, маған тағы да Мұхамбеткәрім Ағаның кітабына жүгіну қажет болып тұр. Ол кісінің Шыңғысхан жайлы кітабында мынадай жолдар бар.
«ШЕЖІРЕ ҚАЛАЙ ОҚЫЛАДЫ? Шыңғыс ханды Адай дегеніме байланысты маған ең көп қойылатын сұрақ? «Дәлеліңізге келісеміз, бірақ Х11-Х111 ғасырдағы Шыңғыс ханды жалғыз мұңалға жатқызуыңызды түсіне алмай жүрміз. Себебі шежіремен есептеп қарасақ, уақыт бойынша оған жалғыз мұңалдар емес, бүкіл Адай сыйып тұр. Сонда Маңғыстаулық Адайлар тікелей кімнің ұрпағы болмақшы, Тоқтамыстың ба, әлде анау Солтүстік Юаньде хан болған Адай ханның ұрпағы ма?»
Қазақтың шежіре жасау жүйесінің мынадай сыры бар. Атам Қазақтың “Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз”, “Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер” мақалдары бар. Сіздердің сұрақтарыңыздың жауабы осы мақалдардың ішінде тұр. Бұл мақалдардың бізге айтып тұрғаны, бірінші тегіңді біл дейді. Ал, тек дегеніміз бұдан сан ғасырлар бұрын ғұмыр кешкен арғы ата-бабаларымыз. Ал, жеті атаң өзіңнен бастап санағандағы тікелей жеті атаң. Мұны әрбір қазақ баласы жатқа біліп әрқашанда дұғасын жолдап отырулары керек. Өздеріңіз ойлап қараңыздар, сіздер де, мен де бұдан 70 000 жыл (шежірелерде солай жазылған) бұрынғы сонау түп атамыз Адам Ата мен Ауа анадан бері үзіліп қалмай жалғасып келеміз. Үзіліп қалсақ, сіздер де, мен де бұл дүниеге келіп, сіздермен бұлайша сұхбаттасып отырмаған болар едік. Сондықтан тікелей жеті ата ру ішіне кірмейді, ол бөлек аталады. Ал ру аты сол сан мыңдаған жылдар бұрынғы аталарымыздың ішіндегі еліне жасаған жақсылығы, даналығы, данышпандығы, батырлығы, көрегендігі, әулиелігі т.т. сияқты ұрпағына үлгі болып, ру атын иемденген аталарың. Ол аталарыңның әрқайсысының аралары сан ғасырларға кетуі мүмкін. Ол сол соңғы ру атын иемденген аталарыңнан кейінгі, еліне жасаған жақсылығымен тағы да ұрпағы мақтанып, ру атын тағы да иемденген атаңның дүниеге келуіне байланысты. Бұлай болған жағдайда соңғы Ру атын иемденген атаң, соңғы атаңның артына тіркеліп айтылады. Арты осылай жалғасып кете береді. Қазақта ру атын иемденуден артық атақ, мадақ, абырой, дәреже жоқ. Оны қазіргі «Халық батыры» атағымен ғана шамалы салыстыруға болар. Бірақ, бұл атақ адамның өзімен бірге келіп, өзімен бірге кетеді. Ал ру атын иемденген атаның аты ұрпақтары үшін мәңгі жасайды. Ол есім сол атаның ұрпағы жазатайым (ешкімнің басына бермесін) түгел жоқ болып кетпесе, мәңгі өлмейді. Атам қазақтың шежіре жасау жүйесі осылай оқылады.
Қазақтың «Руың кім?» дегені, ол сенің ел танитын атаң кім дегені. Қысқасы руыңның аты, сенің көп аталарыңның ішіндегі ең танымал атаңның аты.
Мұны күні кешеге дейін қазақтың бес жасар баласына дейін білген. Бізді бұдан айырған кешегі Кеңес үкіметінің билігі.
Тоқтамыс хан Шыңғысхан бабамыздың тікелей тоғызыншы ұрпағы.
Тоқтамыс ханның тегі: Тоқтамыс хан – Тұқа Темір ұрпағы, 1380-1395 жж. Алтын Орда ханы. Шығу тегі: Тоқтамыс – Түйеқожа – Тоғылыққожа – Қоншақ – Сарыжа – Үз Темір – Тұқа Темір – Жошы – Шыңғыс хан.
Адайлар Адам Ата мен бүкіл Қазақтың қарашаңырағының иесі. Адайда аты әйгілі екі Тоқтамыс бар. Бірінші Тоқтамыстың руы Қосай. Ол Қосай Ата рулық шежіресінің құрамында. Оның атына руы қосылып айтылмайды. Екінші Тоқтамыс – Тоқтамыс Жары делінеді. Бұл Атамыз Адайдан – Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жары – Мұрат (Кеще) – Шортық – Бұхар – Құрым – Сүйіндік – Тұрнияз – Айытқұл – Қиян (Қият) болып таратылады. Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлы шежіресінен алынды (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 67 бет). Тоқтамыс Шыңғысханның тікелей тоғызыншы ұрпағы. Қазіргі Ақтөбе облысы жеріндегі Мұңалжары (орысшасы Мұғаджар) тауы, Арқадағы Шыңғыс тауы (оның ең биік шыңы «Мұңал шыңы» деп аталады) сол аталарымыздан қалды.
Ал ХҮ ғасырдағы Мұңалия (қазіргі Монғолия) жерінде хан болатын Адай ол Шыңғысханның көптеген ұрпақтарының бірі. Ол жайлы жазба деректер көп. Маңғыстаулық Адайлардың тегі Адам Атадан да әрі де жатыр. Себебі, Ата (Атам, Атам менің) атануың үшін міндетті түрді сені Ата деп атайтын немерең (ұрпағың) болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысының баласы, ұрпағы деген мағына беретінін жоғары да айттық. Ата шежіренің Адам ата шежіресі делінбей Адай шежіресі делінетінінің сыры осы. Бұл тұжырым күмәнға да, дауға да жатпауға тиіс. Себебі, ең бірінші болып Атасының шежіресін жазған немересі жетінші буын Бұзау-Жеменейлер болатын.

«Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!
Анасын жылатқанды мойынына құрым кигіздім,
Отқа жақтым, күлін қарғаның ұясына салдым!» (Шыңғыс қаған өсиетінен)».

Өз жанымнан қосарым: Біздер, яғни бүгінгі ұрпақтар бүкіл әлемге түгелге жуық билігін жүргізіп, осындай игі істерді атқарған адамды жауыз, қанішер деп атап жүрміз. Шыңғысханның айналасынан бірде — бір адам, оған бағынышты болған бірде-бір ел сатқындық жасамаған. Ал, біз сол Шыңғыс қаған бастаған Ұлы Аталарымызға сатқындық жасап жүрген жоқпыз ба? Қарындасым! Сіз бұған не айтар едіңіз?
Sherkeshbay
"Әр қазақ өз руын білуі керек, бірақ руға бөлінбеуі керек деген қағидаға қайсымыз қарсымыз?" Мен Сіздің бұл сұрағыңызға жауап берместен бұрын, Сіз маған өзіңіздің «Ру» деген сөздің мағынасын қалай түсінетіндігіңізді жазып жіберіңіз? Әйтпесе, екеуміз екі тілде сөйлеп, бір-бірімізді ешқашан түсіне алмайтын боламыз. Екеуміз осы Сөздің мағынасына бірдей түсініскеннен кейін арғы жағын тез түсінісетін боламыз.
М.Қожырбайұлының кітаптары Ақтау қаласының кітап дүкендерінде сатылымда бар.
Sherkeshbay
Гүлісхан қарындасым! Еліміздің тағдырына алаңдағаныңыз үшін ағалық алғысымды білдіремін! Сіздің сұрағыңыздың жауабын Атам Қазақтың «Атамекен» және «Отан» деген екі киелі ұғымынан табуға болады. Мынау Мұхамбеткәрім Қожырбайұлының "Қазақтың шежіре-салтының тарихы" атты кітабынан үзінді:
«Ата мекен (м-еке-н), – Ата алдында, мен сөзінің қақ ортасында еке (әке) тұр. Бұл сөздің толық мағынасы «Атам, әкем және менің туған жерім». Ата-мекен, бұл қазақ атамның ең қасиетті ұғымы.
Алайда, бұл ұғымның қасиетін толық түсіну үшін, қазіргі таңда осы ұғымның орнына қолданыста жүрген Отан ұғымының мағынасын толық түсінуіміз қажет.
Отан – От анамыз бен Отбасымыздың, яғни бала-шағамыздың орналасқан жері. Демек, отбасың қайда болса Отаның сонда, яғни ит сияқты қарның қай жерде тойса, отаның сол жер деген сөз. Бұл қазіргі Америкаға жер-жерден жиналған әр түрлі ұлттардың «қаңғыбас» өкілдерінің қағидасына толықтай сәйкес келеді.
Біз қазір Атамекенді ауызға алмаймыз, оның орнына бар жерде үнемі бірінші етіп «Отан отбасынан басталады» деп, Отан деген сөзді ауыздан тастамаймыз. Бізге ұлы аталарымызға лайық толық қанды ел болу үшін бірінші кезекте Отан емес, Атамекен тұруы тиіс. Шындығында да, Атамекенді ауызға алмай, тек қана жалаң Отанды уағыздау біздің Ата тарихтан да, оның ұлы мәдениетінен де толықтай бас тартқандығымыз болып табылады. Бұл космополитизмнің бастау алатын жері, яғни сол жерге тіке апаратын жол. Ата тіліміздегі космополитизмнің баламасы «Ер туған жерінде, ит тойған жерінде» делінеді. Қазіргі Қазақстанның солтүстік өңірлеріне өзге ұлт өкілдерінің аса көбейіп кетуі осы тұжырымымыздың айдай айғағы болмақ. Бұл баяғы Америкалықтардың (Европалықтардың), яғни ебрейлердің жобасымен қолдан жасалған «Мой адрес Советский Союздың» жалғасы.
Бұл екі ұғымның айырмасы аса үлкен. Себебі, сен Ата мекеніңді ешқашан сатпайсың, сата да алмайсың, қазақта ондай ұғым да, ондай түсінік те жоқ. Атамекен (атаң, әкең және өзіңнің туған жерің) сенің жүрегіңнің түпкірінде мәңгі жатуға тиіс. Ал, қазір Отанын сататындар толып жатыр. Бұған айғақ іздеп алысқа ат айдаудың да қажеті жоқ. Нұр Отанға мүше болып алып, партиясында, соған қоса елін де, жерін де сатып шетелге қашып жүргендер қаншама десеңізші! Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда бүгінгі көптеген ұрпақтардың арасында Ата мекен, Туған жер деген ұғымдардың оты сөнуге айналған. Көптеген замандастарымыз Отбасын ертіп алып, көже қарнын тойғызатын Отан іздеп жер шарын шарлап кеткені ешкімге де құпия емес.
Бұндай әрекеттің мысалдары, қазақ даласында да айқын көрініс табуда. Мысалы, солтүстіктің қазақтары атамекен — туған жерлерін орысқа босатып берсе, оңтүстіктің (Шымкенттің) қазақтары атамекендерін өзбекке беріп, өздері бүкіл қазақ даласын шарлап, «көже қарын тойғызатын жер» іздеп кетті. Демек, қазіргі қазақ руларының ежелгі қазақи болмысы бұзылуға айналған.
Атамекеннің қадірін де, оның толық мағынасын да бүгінгі таңда Адайлардан артық білетін қазақта ел қалып жарыған жоқ. Күні кеше, осыдан бар-жоғы он-жиырма жыл бұрын Маңғыстаудағы жергілікті халықтың үлес салмағы өте аз мөлшерде болса (40 пайыздан аспайтын), азғана жылдың ішінде ол еліміз бойынша ең қазағы көп облысқа айналды. Баяғы патшалық Ресей, Ресейлік Кеңес үкіметінің қуғынына ұшырап шетел асқан қандастарымыз, түгелдей атамекен Маңғыстауларына қайта оралды. Жарайсыңдар! Адай ата ұрпақтары! Атамекенді, яғни Ата мен Аналарыңның моласы жатқан жеріңді) сүйсеңдер осылай сүйіңдер». Меніңше де, қазақ баласына мынау ұлан-байтақ жерді қорғап, сақтап, келер ұрпаққа табыстап кету үшін бұдан асқан
айқын жол жоқ.
Sherkeshbay
Қоңырбайға! Сіздің балағат ретінде (оған жас сәбиді пайдаланып) қолданып отырған ер адамның «аталық мүшесі» ежелде Құттау деп аталған. Баламасы Жанартау (вулкан), фонтан (су бұршақ). Ол күні кешеге дейін, яғни «Адамдар маймылдан жаралған, адамдарды аналары маймылмен ойнастан тапқан» (әйел баласының маймылмен некеге отырмайды емес пе?) деген Дарвиннің сандырақ ілімі дүниеге келгенге дейін Атам қазақ та бұл сөз ұятқа саналмаған. Бүкіл адам баласы сонау түпкірдегі Адам Атадан бастап, сол Құттаудан шыққан бір тамшы судан жаралып келе жатқан жоқ па? Сіздер де, біздер де әкелеріміздің құттауынан атқылаған бір тамшы судан жаралғанымызға қандай дау бар.
Ер адамның тастан жасалған аталық мүше бейнесі Маңғыстаудың ежелгі қорымдарының бәрінде де бар. Сөз түсінген кісіге Ұлы Жаратушы – Алланың бұйрығымен адамзат тірлігінің бастауы ер адамнан, яғни Адам атаның (Манның) мекені Маңғыстаудан басталды деген сөз. Сондықтан, Құттау (ер адамның аталық мүшесі) киелі деп саналады.
Ал Сіздің айтып отырған «Иди на х-ға» келсек (қазақшасы Х-ның үстіне барып отыр деген сөз), бұл сөздерді тек қана әйелдер мен «КӨГІЛДІРЛЕР» қолданады. Бірін-бірі келемеждеп, құттаудың үстіне барып отыр деп. Әйтпесе, қазақтың ер-азаматтарының «Х-ның» үстіне барып отырғанын қайдан естіп, қайдан көріп едіңіз. Және мұндай ұят іске жас баланы араластырғансыз. Осыған да ақылыңыз бен біліміңіздің жетпегені ме?
Сіздерге қашан ақыл кіреді?
Sherkeshbay
Сатыбалды мырзаға! Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің заңы бойынша, адамдар тек қана қылмыстық әрекеттің толықтай орын алуымен, яғни бұл жерде тікелей адамның өлтірілуімен емес, соны ойлап, жоспарлап, оны әртүрлі жолдармен жәбірленушіге жеткізіп, қорқытқаны (угроза) үшінде қатаң жазаға тартылады. Сіздің маған жіберген сурет-хабарламаңызда аяқталған ауыр қылмыстың айқын белгілері бар. Орысшасы «оконченный состав преступлений» делінеді. Айғағын өз қолыңызбен көпшілікке өзіңіз жариялап отырсыз. Одан ешқайда қашып құтыла алмайсыз. Әзірге заң орындарына шағым жібергенім жоқ, Сіз мұны жастықпен, түсінбестікпен істеп жүрген болар деп. Менің айтар ақылым, менің Сіздерден жасым көп үлкен (әкелеріңізбен қатар болармын), сондықтан сіздердің қазақ баласы екендіктеріңізді ескеріп, өз қателеріңізді өздеріңіз түсініп, кешірім сұрағандарыңызды жөн көріп отырмын.
Ал, айтқан ақылға құлақ аспасаңыздар, онда өз обалдарыңыз өздеріңізге. Сіздердің істеп отырғандарыңыз өте ауыр қылмыс. Сенбесеңіздер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «Қасақана кісі өлтіруге дайындалу, ұйымдастыру, кісі өлтіру және соған қатысу» деген бабтарын оқыңыздар, адвокаттармен сөйлесіңіздер. Сіздерге келешекте Адвокат аса қажет болатын түрі бар. Бұл қылмыстың жазасы өте ауыр. Ұмытпасам ең берісінің өзі он жылдан басталады.
Айтпақшы, бұрынғы Шыңғысхан бабамыздың аруағын қорлаған қылмыстарыңыздың тағы бар екенін естеріңізге салып қояйын.
Sherkeshbay
Сатыбалдыға! Мен Сіздің маған жіберген суретіңізден «ұйымдасқан қылмыстық топтың» екі адамды дарға асайын деп жатқан әрекетін және сонымен қатар Қоңырбайдың, Е.Мейірмановтың, ВКМ және Кеннің Шеркешбайды да дарға асып өлтірейін деп жатырған сәтін көріп отырмын. Ол адамдардың атын үстеріне өзіңіз жазып қойыпсыз. Ішінде Сіздің суретіңіз жоқ. Демек, Сіз осы мені өлтіруге дайындалып жатырған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы болғаныңыз ғой? Мен Сізді дұрыс түсіндім бе? Жауабын жазарсыз.
Sherkeshbay
Қоңырбайға! Айтпақшы Сіздің әрекетіңізде Әкімшілік Кодекстің тағы бір бабының жауапкершілігі бар. Ол кәмелетке толмаған жас баланы құқық бұзушылыққа итермелеу.
111 бап. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы жасы үлкен адамдардың балаларды дұрыс тәрбиелемеуі.
Оларды қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер жасауға итермелеуі (Сіз жас сәбиді құқық бұзушылыққа итермелеп отырсыз).
Айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Sherkeshbay
Қоңырбайға! Мынау Қазақстан Республикасының ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСІНІҢ 330 бабынан үзінді:
Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапат сөйлеу, яғни азаматтардың арына тиісіп, боқтық, балағат сөздер айту (айғақты өзің қосып қойғансың)… ортақ пайдалану орындарын қорлау (интернет осыған жатады)…
Айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеліп соғады.
Байқоңыр қалалық Ішкі Істер Полиция Бөліміне хабарласам, қалай қарайсыз?
Айтпақшы бұрынғы Шыңғыс қаған атамыздың аруағын қорлағаныңыз, менің арыма тиген көптеген фактілеріңіз бар. Олардың бәрін бір жерге жинап қойдым. Ол жайлы Қылмыстық Кодексте де арнайы бап бар. Олардан да ешқайда қашып құтыла алмайсыз. Айғақтардың бәрін осы саитке өзіңіз өз қолыңызбен салып қойдыңыз.
Бұл жауапкершіліктен модераторда қашып құтыла алмайды.