Жарияланымдар

Аарон Руссоның айтқандары


Жақында кинотеатрлардан «Время» атты фильм көрсетіле бастады. Оқиға адамдардың өмірі уақытпен өлшенетіні туралы өрбиді. Әлемді билеп отырған Рокфеллерлер жанұсының негізгі жоспары болып табылатын микрочиптің бүкіләлемдік парламенттің елесі осы фильмде анық көрсетілген. Ал мына Ааарон Руссоның айтқандарынан көп нәрсені аңғаруға болады. Кезінде кілеммен ұшудың қиял ғажайыптығы ұшақтардың пайда болуымен түсіндірілсе, демек, қазір қиял- ғажайып сияқты көрінетін чиптік басқарудың жақын арада-ақ іске асу мүмкіндігі өте зор сияқты.
Әрі қарай

"Ғашық қыз"


Санджай Лила Бхансалидің "Ғашық қыз" «Saawariya» деп айдар таққан фильмін көріп шықтым.(2007 жылы шыққан) Үнді фильмдеріне әуестігім аса емес. Алайда, үнді киносының бір қолтығын ұстап тұрған Бхансалидің Достоевскийді экранизациялауы қызық көрінді. Әйгілі «Белые ночиді» оқымағандарыңыз кемде-кем шығар. Қанша дегенмен үнді өз үнділігін істепті. Біршама реалдан ауытқу, әлмисақтан үнді киносында қалыпты жағдайға айналғанын мойындасақ, фильм орта көрерменге арналған.
Әрі қарай

Қабыл ал, Керек инфо!

Ел аузындағы www.kerekinfo.kz сайтына да кеп жеттік. Есімім Серік. Тегім Нүрпейіс. Бұл сайттың барына қуанып отырмын. Себебі қазақ жастарының кей-кейде көшеден шаршап, клубтан жалыққанда қап-қараңғы үйдің бұрышында отырып ап керекинфоны кезіп отырғанға не жетсін. Сонымен, қатты сынамайсыздар деп сенем. Себебі мамандығым журналист емес. Қатты жаза алам деп айта алмаймын. Көбіне кино туралы ойларыммен бөлісіп тұрам деп ойлап отырмын. Сонымен қабыл алңыздар!
Әрі қарай