Жарияланымдар

Мырзекеңнің "мырзалығы"

Қасым тойы кеше басталды. Сәл кешігіп келдік. Еріктілер (волонтер) боласыңдар дегенге, өзімізше асығып келгендегі түріміз ғой, екі білекті сыбанып. Алдында барлық ЖОО-дан студенттер жинап, «біріңде қалмай ат салысатын боласыңдар, кешігу болмасын, барлығыңа ақынның суреті басылған кепка мен футболка беріледі, әрқайсысына 1000 бірліктен таратылады. Бұл жоғарыдан берілген тапсырма. Атамыздың тойын ың-шыңсыз өткізу бізге байланысты» деп оооой партияның жиналысында «коммунизм орнатамыз» дегендей болатын. Студенттерде жазық жоқ. Межелеген уақытында келдік. "Әзірге ақын туралы түсірілген деректі фильмді тамашалай тұрыңдар, сосын сөйлесеміз",- деді. Жарайды. Фильмді тамашалап болдық. Енді «айтыс көре тұрыңдар, біткен соң жиналыс болады»,- деді. Оған да келістік. Айтыс та өз мәресіне жетті. Конференц-залда күтіп отырмыз. Әлгі ағайымыз жоқ. Біраз уақыт өткен соң, «ертең белгілі болады не істейтіндерің»,- деді. Содан қойш, үйге қайттық.
Жеке пікірім: айтыста бұрмалаушылық болды. Тамақтың айналасынан шыға алмаған қарағандылық Айтбай Жұмағұловты көтермеледі. Қасым Аманжоловқа арналған айтыс болғандықтан, тақырып ашылмады. Әсіресе, Мырзатай Жолдасбековты қайта-қайта мақтағандары ұнамады. Онда да ес жоқ. Микрорфонды қайта-қайта алып, айтысты осы уақытқа дейін, қалтасынан төлеп, өткізіп жүргендей, айтыскер-ақындардың мәшинелі болуына тікелей өзі ғана мұрындық болып жүргендей көпіріп сөйлейді-ай… Басында «айтыс өз мәнінде өтіп жатыр» деді, орта тұсында айтыс ұнамады, тақырып ашылмады" деді, соңында «айтыс жақсы өтті» деп тағы қуды.шынымды айтсам, бұл айтыста Жүрсін Ерманды қашан сөз сөйлер екен деп күтіп отырғанмын… болмады. (Шашы, сақал-мұрты ағарып, жүрісі аяңдап қалыпты. Қайта ана Мырзатай аға тың). Сөзден сөз шығады. Сол кісі біз осы жазда Астанада практикадан өтіп жүргенде, Президент мәдениет орталығында Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған бір сағатқа толар-толмас кеш өткізгені бар-тын. Оған да игі жақысылар жиналды. Кешті өзі жүргізді. Ай, сондағы Қайрат Байбосыновты «тірідей жергені көмгені-ай...». Қайрат ағаны қатты ұялтты. Бір оқиғаны бастады. Ойымызда түк жоқ. Тыңдап отырмыз. "Қайраттың бір кездерде көңіл-күйі болмай, өнерден біржола кетсем бе деп жүрді. Онысын байқап, қасыма шақырып алдым. Әй, Қайрат, саған не болып жүр? Мұның қалай? деп сұрадым. Сөйтсем, Қайрат барлығы атақ алып жатыр, сахнада жүргеніме біраз болды, менде жоқ деп айтты. Ол кезде мен осы жағында қызмет етіп жүргенмін. Сен өнерден кетпе, атақты саған алып беремін деп айттым. Көп ұзамай Қайрат «халық әртісі» атағын алды. Оның осы атаққа ие болуына түрткі болған мен едім!" — деді. Қайрат аға қып-қызыл болып, сахнадан аяғын әрең басып шығып кетті. кім білсін, әр жағы не болғанын… Мұмкін екеуара осындай әңгіме болған да шығар, бірақ бұл өнер адамының абыройын түсіру ғой. Сөйткен Мырзекең кеше де Айнұрды көтермелеп, тағы ұпай санын еселеп, Бас жүлдеге лайық (енді менің ойымша) Мақсат Ахановты түсірді. Көпшіліктің «Мақсат, Мақсат!» деп айғайлап, қолдағанына қарамастан… Дидар Қамиев өте жақсы айтысты. Бірақ… амал который?! Айта берсе көп.
Бүгін ақынға арналған ескерткіш ашылды. Қазір ҚарМУ-де үлкен конференция болып жатыр. Кешке Қасымның кіндік қаны тамған қасиетті Қарқаралыға жол тартады қонақтар. Сөздің қысқасы — біздің қажетіміз болмай қалды. «Ол жаққа сендер де барасыңдар, бөлме беріледі» деген болатын. Қайдағы… Не дейміз? қысқасы, той құтты болсын, ағайын!
Әрі қарай

Қу ақша

«Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» дей ме?! Әжем үнемі айтып отырады. Баяғыдағы ақшалардыі құны болушы еді, 1 тиынға 100 сіріңке сатып алып, 3 соммен Қарағандыға барып-қайтамыз деп… Мен енді ол кезді білмеймін. Бірақ қазіргі ақшалардың иісі бұрқырап тұрғанымен, құны жоқ. Су сияқты ағып кетеді, жібек сияқты қолдан сусып кетеді. Мүмкін ол адамның ұқсата білуіне де байланысты шығар. Әйтпесе… Ақшаның соңына түсеміз деп, бәріне барамыз.Ұрлық та жасаймыз, кісі өлтіреміз. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» деген Абай атамыздың сөзін «современный» тілмен айтқанда, «Ақшасы жоқтық аздырар адам баласын»...қалай десек те, адам ақшаны басқарып тұрған жоқ, ақша адамды билеп тұр (ақша таба алмай қалғандағы ашынып айтқан сөзім ғой )
Әрі қарай

О-О..!

Тағы бір оқиға есіме түсіп отыр. Студент атанған кезіміз. Мартбек ағайымыз (жаны жәннатта болсын) бір қызықты оқиғаны айтып берген болатын. Біз оқитын 8 корпус — кілең қыздардың оқу оқитын жері десек болады, ұлдар — дефицит. Көрші 7 корпуста керісінше әскери мамандықта білім алатындар, спортсмендер оқиды. Енді екі корпустың ұл-қыздарының арасында танысу, көңіл жарастырулар болатыны — мен айтпасам да түсінікті жағдай.Опшым, ұзын сөздің қысқасы, жігіт көрші корпуста оқитын қызға ғашық болмай ма?! Күндер өтіп, екеуі кездеспекші болады. Кездеседі. Жігіт қызды концертке апарады. Ғимараттың кіреберіс дәлізінде Құрманғазының портреті ілінген екен. Оны көрген жігіт: «О-о, Абай Жабаев!»-депті...
Әрі қарай

"А кто он?"

www.halyksozi.kzОблысымыздың мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген «көкеміздің» жұмыс орнына күтпеген жерден құда-құдағиы, келіні ұлымен келіп қалады. Екі аяғы бір етікке тығылған әлгі кісі жалма-жан жұмыс кабинетінің түкпірінде орналасқан «кухнясына» хатшысын жіберіп, шай демдетеді. Ұятты кісілері әп-сәтте келе қалды. Құдасының даңғазадай кабинетін аралап, тамсанып жүр. Басын шайқап қояды. «Көкеміз» кісілерінің асты-үстіне түсіп, бәйек болып жүр. Шай ішіп, дем алатын бөлмесіне ертіп апарды. «О-О, мұнда тұруға болады ғой кәдімгідей»,-деп қояды құдасы кеңк-кеңк күліп. Оған қызын алып отырған бастық құдасы ырза. Шай құйылды. Шай үстіндегі әңгіме басталды. Былай қарасаң, жасына лайық сақал-мұрт қойған құдасы парасатты, оқыған болып көрінеді. Бір орысша, бір қазақша араластырып сөйлегені — өзінше «современныйлығын» таныту сияқты. Әңгіме ауаны Қасым Аманжоловтың мерейтойына ауды. Қолындағы өрігін еппен сүртіп отырған келін: «А кто он Касым Аманжолов?»- деді. Мамасы: «вроде бы поэт»,- дейді. Әкесі болса: «Не он молодец ақын, есть же у него стихи...қалай еді? Қасымның Рахымжанымымын ба или Рахымжанның Қасымымын ба? Ну, вроде того»… Шай құйып отырған қыз мырс ете қалды.
Әрі қарай