Жарияланымдар

Неге болса да, ие болайық

«Жәннатқа кірер тағы бір жол – екі жақпен, екі бұттың ортасындағығы ие болу»,-делінген екен хадисте. Оқып отырып, ойланып қалыппын. Бүгінгі таңда кім қай жеріне қаншалықты ие болып жүр? Сұрағым тым ерсілеу көрінгенімен, нені болсын төтесінен «топ» еткізген дұрыс сияқты. Қазір мәймөңкелеп тұратын мезгіл емес.
Әрі қарай

"Құдай-ау, қайда сол жылдар..."

Қазір ғой ол…кітаппен онша дос болмай жүргенім. Мектепте оқығанда қысы-жазы ауыл кітапханасынан шықпайтын-мын. Қызықты кітаптары болса, оқып…шаңын сүртіп, ішін жинау керек болса, оған да білек түре кірісіп…Әлі есімде.
Әрі қарай

Оқысаңыз - өзіңіз..., оқымасаңыз - тағы өзіңіз...

АФоризмдер оқығанды жақсы көремін. Ұнаған ой-пкірілерді қойынкітапшама түртіп отырамын әрі.Мұны оқушы кезден «жабысқан» «доброкачественный» әдет десем болады. Құдайберді Бағашардың «Тағылым тамшылары» кітабын оқығанмын осыдан біраз бұрын. Сондағы жауһар ойлардың, кеңестердің сіздерге бір пайдасы тисін деген ниетпен ұсынып отырмын. Ұнаса, оқыңыздар, жазып алыңыздар. Ұнамаса, тағы өздеріңіз білесіздер…
Әрі қарай

Сөзімізге сақ болайық

Мынадай бір оқиға болған. Нағашы атасының атақты кісі болғандығын мақтаныш сезімімен жеткізгісі келген жиені қасындағыларға: «Білесіңдер ме, менің атам жынды кісі болған!» депті. Айтайын дегені – нағашысының есінен алжасып, жынданып кеткендегі емес, өз заманында атақты балуан болғандығы. Мұндай мысалдарды арамыздан жиі кездестіруге болады. Ең өкініштісі – «жындының» жастарымыздың ауызекі сөйлеуінде «жақсы», «күшті» сөздерімен алмастырылып айтылып жүргендігі, үрдіске айналғандығы. «Неге олай?» деп сұрап көргенімде, бірі: «прикольно ғой» десе, екіншісі: «ол сөз «жақсы», «күшті» деген сөздерден де күшейтіліп айтылған сөз, сондықтан солай қолданады» деп жауап берді. «Олай айтуға болмайды» деп барлығына бірдей тосқауыл бола алмасымыз иағы анық.
Десек те…
Алдымен, сөздің түп-төркініне назар аударайық. «Жын» — араб сөзі. «Жасырын, көмес болу, көзге көрінбеу» деген мағынаны білдіреді. Ал, «жынды» деген сөзі «ақылынан алжасқан, есуас, жарымес» дегенге саяды. Әлдебір жаңа киім не бұйым сатып алсақ, «О о, жындысын алыпсың! Құтты болсын!» немесс «Мә ә, мынауың жынды ғой?!» деп таңғалып жатады. Кейде әлденеге ашулансақ, «жыныма тимеші», «жыным келіп тұр» деп айтамыз.
Осы жөнінде Сабыр Алтынның («Жынға қол жайып, бата алушылар хақында», Астана қаласы) мына бір пікірі көкейге қонымды: «Жындар өте ұзақ ғұмыр кешедi. Екi жүз-үш жүз жыл және одан да көп жыл жасайтындар бар. Бұны жын шығарушы молда мен жынның арасында болатын диалогтардан оқысаңыз болады. Ордашылардың өткен шақты тура айтуы сондықтан. Оның үстiне әр адамның бойында өзiне тән туғаннан бекiтiлген жыны болады. Оны дiнде “бекiтiлген жын” дейдi. Ол адамның қан тамырымен жүредi. Адамның бойындағы шайтани қылықтардың барлығы осы жынның әсерiнен. Бекiтiлген жынның болатынын өзiңiз күнде қолданатын, бiрақ мән бере бермейтiн сөзден-ақ байқай аласыз. Мәселен: “жыным келiп тұр”, “жыныма тимешi”, “жынымды қоздырма” дейтiн сөздердiң барлығы әркiмнiң өзiне тәуелдi жыны болатынынан хабар бередi...» «Жынды» сөзін «круто» деп түсінетін замандастарым екі сөзінің бірінде осыны қолданып жатады. Бірақ «қолмен ұсталмайтын, көзге көрінбейтін жақтарын да» үнемі біліп жүрген дұрыс. Сөздің төркініне мән бермей, орынды-орынсыз жұмсай берудің орнына, осы жағын қаперімізде мықтап ұстау керек сияқтымыз.
Кейінгі кездерде жындылар жайлы әзілдер де жиі еститін болдық. Қазақ жасы үлкен ата-әжелерге, «осы кісілердің жасын берсін» деп күлгенімен, кемтар адамдарды ешқашан келеке қылмаған. Сөз арасында «осы сен-жындысың» деп жатамыз. Нағыз жын ұрған адамның қандай болатынын білмейді екенсіз. Білгіңіз келсе, жындыханаға бас сұғыңыз не жазушылар қиялынан туған сол іспетті шығармалар оқығанның өзі жетеді.
Әрі қарай

Той десе, тормозымыз жоқ)))

десем, қалай? Өзімізше ұялғандай болып, жымың-жымың етеміз, ә?! Енді ше?! Бізде тойсыз күн жоқ. Аптаның 7 күнінде де дүркіретіп той жасай береміз, миллион ақшаны қайдан табамыз деген ой жоқ. Өйткені қарыз шешіп, кредит аламыз, мал сатамыз…опшым табамыз. Мысқыл деп қабылдап қабылмаңыз. Ондай ниетім жоқ. Бірге оқыған топтасымыз, яғни группаласымыз Жезқазғанда тұрмысқа шығып, арқа-жарқа болдық. Қу қыз “әні кетем, міне кетем” деп зарықтырып жүріп, әйтеуір кетіп тынды ғой. Байлам тағып, ауызын жапты))). Аптаның 7 күнінде де думан дегенім осыдан шығады. Үйлену тойын жігіттің ата-анасы дүйсенбіге белгілепті. “Неге?” деп әуелгіде өре түре келген едік. Жоқ, жұмыс күніне қарамастан, той жап-жақсы, жинақы өтті.Шетелдің бір-бір дөкей мәшинелеріне тиеліп алып, мысты өңірді біраз уақыт аралап шықтық.
Әрі қарай

Айтайын дегенім

«Керекинфоға» тіркелгеніме көп болған жоқ. Шынымды айтсам, әрбір жариялаған (мейлі ол «умаждалған», мейлі тың тақырып болсын) жазбаға жан-жақтан, яғни сіздерден салмақты ой-пікірлер күтетінмін. Себебі бір мәселеге бірнеше көзбен қарап, өрбіту деген жақсы ғой. Бірақ, Аршат, Асхаттар бұл жерді боқауыз сөздердің қоймасы қылыңдар деп ашты ма? Бәрін жаза беру керек екен деп, жазып жатырмыз, жазып жатырмыз… Жазу мәдениетміз болса, құлдырап барады...((
Әрі қарай

Абайдың "умаждалуы"

Дүкен біткенде самсап тұрған сансыз тәтті атаулыдан алыс жүретін адам кемде-кем шығар...Өзім де тәттіге құмартатын, қолыма түсе қалса, тез-тез қағазын ашып жіберіп (ашылмай жатса, ашулана жыртып ),
Әрі қарай

"...-мыс"

Сіз ЕЛЕС дегенге сенесіз бе? Өзім көрмеген соң, нақты айта алмаймын. Адамзатпен қатар өмір сүріп жатқан белгісіз тіршіліктің бары ақиқат болса, онда елес те бар. Оған құрбыларымның айтқан неше түрлі оқиғалары дәлел. Жатақханада бір қыздың бөлмесіне жиналып алып, естіген, көрген-білген қорқынышты оқиғаларды айтатынбыз. Қызық…Қорқынышты…Сосын бөлмелерімізге қайта алмай, қорқып жүретінбіз. Сол оқиғалардың дені елес туралы болатын. Қайтыс болған адамның елесі кезіп жүреді дегенді көп естідім. Соның бірі – Қарағанды банк колледжінің жатақханасында болған оқиға. Тағы сол қыздардан естідім.

saya.kazjur.kz/files/2011/09/555.jpeg Осыдан біраз уақыт бұрын (нақты білмеймін, бәлкім 5-6 жыл бұрын) жатақхананың жоғарғы қабатында бір топ ұлдар қызды зорлап (Құдай бетін аулақ қылсын!!! ) өлтіреді де, кілемге орап, кереуеттің астына тастай салады. Ондағылар болса, қыздың мәйітін бірнеше күннен кейін бірақ көреді.

Одан кейін қаншама уақыт өтті. Бүгінгі таңда 9 қабатты жатақхананың тек 5-еуінде ғана студенттер тұрып жатыр. 5-тен жоғары қарай кірпішпен қалап, жауып тастаған деседі (көзіммен көрген жоқпын). Неге дейсіз бе? Әлі күнге қыздың елесі сол жерді кезіп жүреді-мыс. Кейбір тұрғындары түнде ұйықтап жатқанда қыздың жылаған дауысын, есіктің сықырлап ашылғанын естиміз дейді. Қыздың жаны жай таппай жүрген болар…

P.S. Рас-өтірігі Аллаға ғана аян осы оқиғалардан кейін ойланып қалдым. Мен елеске сенетін сияқтымын. Ал, сіз ше?
Әрі қарай

Ниеті беймәлім жазулар...

Агент деген «бәленің» құрсауына түсіп қалғаныма біраз болды. күні-түні отырмасам да, қолым қалт еткенде кітап оқымаймын, агентке кіремін. Кітап оқу, мақала жазу, дипломды түрту дегендер ойыма кіріп-шығар емес. Әйтеуір, арты жақсы болсын.
Онда кімдер жоқ дейсің, бәрі бар: «законные, не законные, государственные, не государственные»)) опшым — бәрі. Қызға жігіт, жігітке қыз, шалға кемпір, кемпірге шал бар. Содан әңгіменің тиегі ағытылады -ай келіп. Блокпен «бомбитетед» одан қалса. Әрине, достарымен хат жазысып, хабар алысқан дұрыс қой. Бірақ әлдебір еріккендердің не арам пиғылды адамдардың ба жазып, осыны 10 адамға не 5 адамға тарат, әйтпесе сонша жыл бақытсыз боласың дегені — СҰМДЫҚ! Ойыма алмастан, өшіріп тастаймын. Қу көңілде бірақ қалады екен… Сол жазылғандардың барлығы дінге қатысты. «la ilaxa ilallax Muxammadur Rasullullah»dep 10 adamga jiber bugin jaksi soz estisin .alla uwin erinbe bugin juma " жіберді жаңа біразда".
Мұны жазып отырған кім екен? Алла тағаланың қасында отырғандай сөйлейді. Жақсылық жасап-жасамайтыны — Жаратқанға ғана аян. Сосын неге «именно» 10 адамға? Неге 7 адамға емес, неге 77 адамға емес? Беймәлім. Бұл — адамды адастыру. Достар, осыдан аулақ болайық. Жақында бір газеттен аты-жөні «Аллаһ....» (тегін ұмытып қалдым) деп тіркелген адамды көріп, жағамды ұстағанмын. Фотосы жоқ екен. Блокка «Пишу Коран...» деп жазып қойыпты. Ал, керек болса?!
Әрі қарай