Мұхтар ШЕРІМ. КӨКЕМ КЕЛДІ!


--Алақай! Көктем келді!—деп айқайламасы бар ма? «Көкем келді!» деп естіген шешем шалқасынан түсе жаздап:
--Шырағым, қай көкең келді? Үйге кірсін де...—деп далақтап жүр. Күн сондай ашық, мамыражай еді, келіншегім жүгіріп барды да, есік алдындағы ақ қайыңды құшақтай алды:
--Мен сені сүйемін, ақ қайың!—деді. Шешем ашуланып қалды. «Мына келіннің бұрын Аққайың деген жігіті бар ма еді?—деп менен сұрайды. Мен де жаспын ғой, бірақ әйелім сияқты «романтичный» емеспін. Мен ақ қайыңды сүймеймін. Маған ақ қайың ба, қара тал ма, томар ма, бәрі бір. Сосын жында адамша: «Ойбай, көктем келді! Әне, көктем анау тұр!» деп айқайламаймын да… Шешемнің жүрегін ұшырып…