Жарияланымдар

Трайбализм шоғын көсеушілер кімдер?



Негізінде трайбализм деген терминнің мағынасын – жүзге бөлінушілік деп түсінемін.
Кезінде отарлаушы Ресей кең байтақ қазақ жерін оңай жаулап алу үшін, қазақ халқының осындай осал тұстарын шебер пайдалана біліп, «бөліп алда, билей бер» деген саясатын күні кешеге дейін жүзеге асырып келгенін тарих айғақтайды ғой.

Ал қазір егемен ел болып, өз билігіміз өз қолымызға тигенде, сол трайбализм деген пәле жаңаша түр, жаңаша сипат алып, басқаша айтқанда жалпы халықтық қауыпты іс-шараларға айналып бара жатқанға ұқсайды, және сол бәленің отын үрлеп жүргендер өзіміздің кейбір қазақ тілді ақпарат құралдары сияқты көрінеді.
«Дат» газетінің №1 нөмірінде белгілі қоғам қайраткері Ә.Қосановтың «фейсбуктегі» жазбалардан деген үзінділерінен мынадай сөздерді оқыдым да таң қалдым. «Трайбализм мен өсекизм кейбір БАҚ-тың анық тенденцияларына айналып барады. Қазақ баспасөзін құртатын қаржының аздығы, не билік тарапынан жүргізіліп отырған цензура емес, дәл осы кеселдер! Және де жоғарыдан осының бәріне бата беріп отырған бір күштер бар сияқты!» Таң қалғаным — мемлекеттік дәрежедегі белгілі саясаткердің мен сияқты шала сауатты, қарапайым оқырманның көптен көкейінде жүрген ойын дөп басқаны.
Сонау бала кезімізден сүйіп оқитын «Лениншіл жас», қазіргі «Жас Алашымның» соңғы кездері Батыс өлкеден шыққан биліктегі азаматтарымызды сын садағына жиі ала бастағаны алаңдатады. Соның ішінде ала бөтен Аслан Мусин жөнінде небір жөн-жосықсыз айтылып жатқан әңгімелер қаншама?!
Құдай-ау нелер айтылмады?! Жаңаөзендегі жазықсыз жандарды атқызған, бұйрық бергізген Мусин екен деп жақтары талмастан қақсағанын елдің бәрі біледі. Тіпті, Б.Рысқалиевке арандату үшін бұзақылар тобын жібергізген екен деп те естідік. ҰҚК басшысы Н.Әбіқаевтің беделін түсіру үшін Арқанкергендегі шекарашыларды қырғызған да Мусиннің ісі екен деп те шығарды. Бір басылымда Мусинді Сталиннің қанды қасапшысы Берияға теңеп, «Қазақтың Бериясы» деген айдар тағып қойды. Мемлекеттің бәленбай миллиард қаржысын жымқырған Атыраудың әкімі Б.Рысқалиевті шетелге қашырып жіберген Мусин болып шықты.
Сонда дейміз-ау, қаншама құзырлы органдар бар, қаншама күштік құрылымдар бар, ай қарап отырғаны ма? Бірнеше миллиардтап жоқ болып жатқан қаражаттың бақылаушысы, іздеушісі жоқ болғаны ма?
Германияға емделуге барған Мусиннің артынша «Ойбай, қашып кетіпті» — деп те шығарды.
Жақсы, дегендеріне жетті ғой, Мусинді президент әкімшілігінің басшысы қызметінен кетірді, енді басына тыныштық орнаған шығар десек, «Жас Алаштың» жаңа жылдағы кезекті санында елбасының кезекті ауыс-түйістерін саралай келіп, ендігі кезек бас прокурор мен ішкі істер министрі деп жазыпты. Себебі, бұлар да Мусиннің адамдары депті. Мусин бұл адамдарды басқа құрлықтан, басқа елден жетектеп әкелген жоқ қой. Кезінде осы елде туылып, оқып-тоқып, қызмет сатысында өсіп жетілген қазақ елінің таза қанды қазақ азаматтары емес пе?!
Бұлай Батыс өлкеден шыққан бірлі-екілі азаматтардың соңына шырақ алып түсуді трайбализм демей не дейміз?! Жоғары жақта болып жатқан қателіктер мен жөнсіздіктерді бір адамның басына таға салудың өзі жөнсіздік. Біздің елді бір ғана адам — президент басқарып отырғанын естен шығармауымыз керек емес пе? Барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелер сол кісінің дегенімен жүзеге асырылмай ма?
Сіз болып, біз болып дегендей, А.Мусинді кетірдік. Қонжитып К.Мәсімовты отырғыздық. Не ұттық, болашақта ұтарымыз не?
Негізінде, А.Мусинді аса ұстамды да сабырлы, салқын қанды азамат екен деп қалдым. Баспасөзден талай мәрте оқыдық емес пе, аса ірі көлемде жер иеленуші депутат Ромин Мадинов деген «ар-ожданыма тіл тигізді, өтемақы талап етемін» деп, тілшісімен қоса бүкіл газет ұжымын сотқа сүйреген жоқ па еді?! Сондай-ақ, шеттегі байлығымды елге жариялап қойды деп, Қ.Қожамжаровтың әйелі де Г.Ерғалиеваны сотқа сүйрелеп, ақыры газетін, ғаламтордағы сайттарын жапқызып тастағанын көзі қарақты оқырманның бәрі біледі.
А.Мусин ондай сорақы істердің біріне бой алдырмай, өзін сабырға жеңдіріп отыр. Мемлекеттік ірі шенеуніктерге тән салқынқандылықты, ұстамдылықты осы кісіден ғана көріп отырғанымыз өтірік емес.
Сонау 60-шы жылдары КСРО-ны Н.С. Хрущев басқарып тұрғанда, терістегі астықты облыстарды Ресейдің қарамағына қоспақ болғанда, министрлер кеңесінің төрағасы ма, әлде Қазақ ССР-і Жоғары кеңесі президумының төрағасы ма (есімде жоқ) қазақ халқының келешегін қара басынан биік қоя білген асыл азамат Жұмабек Тәшенов қарсы тұрып, жолын кескен екен. Ол кезде бала болсақ та естігенбіз.
Н.С.Хрущев арам ойын іске асыру үшін сол кездегі Қазақ ССР-ін басқарған Д.А.Қонаев атамызды басшылықтан босатып, орнына Исмаил Юсупов деген ұйғыр біреуді қойыпты. Сол ұйғырдың қолымен астықты өлкелерді — Батыс Қазақстанды, Ақтөбенің біраз бөлігін Ресейге, мұнайлы түбекті Түрікменстанға, мақталы Оңтүстік облысты Өзбекстанға қосып беріп, бүкіл Шығыс пен Жетісуды «Ұйғыр автономиялық республика» етіп құрмақ болған деседі. Н.С.Хрущев арам пиғылының жүзеге аспауына, қазақ мемлекетінің бөлшектенбей қалуына Л.И. Брежнев бастаған саяси бюроның Кремльдегі жасаған төнкерісі басты себеп болған дегенді құлағымыз естіді.
Бірді айтып, бірге кетеміз-ау, билік мансабын ел мүддесі жолында мансұқ ете білген, астықты өлкелерді Ресейге беруге табандап қарсы тұрған сол асыл азамат — Жұмабек Ахметұлы Тәшенов еңбек жолын біздің облыстан бастап, 1952-1955 жылдар аралығында облыстың, қаланың өркендеуіне зор үлесін қосқан екен. Өкініштісі, сондай ірі тұлғаға қаламыздағы қаптаған Тургенев, Некрасов сияқты көшелердің біреуінің атауын қия алмай отырғанымызда.
Мәсімовке байланысты 1960 жылдарды еске алып отырғаным түсінікті болған шығар. Өткен тарихтың опық жегізе жаздаған жәйттерінен сабақ алғанымыз жөн-ау.
Қарап отырсақ кіші жүзден биліктің биік мансабына барып жатқан тұлғалар көп емес екен. Кезінде Ж.Досқалиевті қандай күйге түсіргенін көрдік. Енді А.Мусинді елбасының қасынан кетіргенін көрдік. Тағы бірде «Тасмағанбетов таққа отырса» деген мақала оқыдық. Бұл жайды Тасмағанбетовты Елбасыға бақталас, жеккөрінішті етіп көрсету үшін арандату мақсатында жасалған тірлік деп білемін. Демек, тағы бір батыстық азаматты аяқтан шалу үрдісі іске асты дей беріңіз.
Мақсатым А.Мусинге ара түсіп, сөзін сөйлеу емес. Менің ара-ағайындығымды қажет ете де қоймас. Тұрақты жаздырып алып, жастана жатып оқитын жаныма жақын екі газетім «ДАТ» пен «Жас Алашым» құйтұрқы саясат ұстанушы, ел тұтастығына зиянын тигізетін, ниеттері лас әлдебір топтардың қолшоқпарына айналып кетпесе екен деген жанашырлық пендеуи тілек қой.
Айтылған сөздерді өзімнің жеке пікірім деп қабылдағайсыздар.

P.S. Мақала бұрынырақ «Жас Алаш» газетіне берілген болатын. Газет ұжымының ықшамдап, бірқатар өзгерістермен баспаға бергендеріне түсіністікпен қараймын.

Мырзағали Қартеменұлы.
Зейнеткер.
Әрі қарай

Бұл не? Қарғыс па? Әлде ауру ма?



ӘЧ-2006. 08.09.04ж. Қазақстан — Украина 1-2 (Ротан 91')
ӘЧ-2006. 05.09.05ж. Қазақстан — Греция 1-2 (Лимперопулос 94')
ЕЧ-2008. 17.10.07ж. Қазақстан — Португалия 1-2 (Роналду 91')
ӘЧ-2010. 14.10.09ж. Қазақстан — Хорватия 1-2 (Кранчар 93')
ЕЧ-2012. 02.09.11ж. Түркия — Қазақстан 2-1 (Туран 97')
ЕЧ-2012. 07.09.10ж. Австрия — Қазақстан 2-0 (Линц 91', Хоффер 92')
ӘЧ-2014. 07.09.12ж. Қазақстан — Ирландия 1-2 (Дойл 90')
ӘЧ-2014. 11.09.12ж. Швеция — Қазақстан 2-0 (Берг 94')
Әрі қарай

Біздің шенеунік...

«автомабиль»

«хабарландырудың орысша нұсқасы»

«женіл авто колігі»

«Chance автоколегін сатып алу, седан моделен,Қазахстаннан шыгарылған»



Біздің шенеуніктер мықты ғой! Жұмысқа қатал емтихан арқылы қабылданады, сондықтан сауаттарына шүбәңіз болмасын. Бір кереметі сол, олардың шын бетпердесі хақында халық айтады (халық дана ғой!), ал өздері дәлеледейді… Мынау хабарландыру соның бір дәлелі.
Әрі қарай

Тағы да футбол...



Үзіліс… Дауыл алдындағы тыныштық десе де болады. Келесі аптада өзіміздің сүйікті командаларымыз УЕФА байрағының астында кезекті қарымта матчтарын өткізеді. Барлығының қазіргі жағдайы — жүрегі әлсіз жанкүйерді бірнеше мәрте дәрісіне жүгіндіретіндей. Шахтеріміз сырт алаңда азулы Слованмен бір ғана гол айырмасымен жеңіліп келсе (0-1), Орданың батырлары кезінде Милан, Реал, Челси, Боруссия-Дортмунд сынды таныстыруды қажет етпейтін футбол ұжымдарынан айласын асырған Русенборгпен тең нәтижеге қол жеткізді (2-2). Ал Ақтөбеміз… Қобыланды батыр атындағы стадионда, өз жанкүйерінің алдында сырт алаңда кеткен есені (2 голды) әлі-ақ қайтаратынына ешкімнің күмәні жоқ десем қателеспейтінім хақ!

24 шілде (сейсенбі).
18-00 (Ақтөбе уақыты).
Қарағанды.
Шахтер — Слован (Чехия).
Келесі 3-раунқа өткен жағдайда ЧФР (Клуж, Румыния) командасымен алдымен қонақта (31 шілде), содан соң үйде (07 тамыз) бақ сынасатын болады.

26 шілде (бейсенбі).
19-00 (Ақтөбе уақыты).
Алматы.
Ордабасы — Русенборг (Норвегия).
Келесі кезеңге өтсе Серветт (Швейцария) командасымен алдымен қонақта (02 тамыз), содан соң үйде (09 тамыз) ойнайтын болады.

21-00 (Ақтөбе уақыты).
Ақтөбе.
Ақтөбе — Милсами (Молдова)
Молдавандардан 3-раундқа өтсек Бельгияның Генк командасымен 02 (қонақта) және 09 (үйде) тамызда ойнайтын болады.

Командаларымызға сәттілік!!! Келесі кезеңге өтуге барлығының да мүмкіндігі бар. Алға, Қазақстан!!!
Әрі қарай

Менде бір ұсыныс бар...



Алдымен, барша отандық футбол жанкүйерлерін «Ақтөбеміздің» Еуропа лигасы аясында келесі кезеңге өтуімен құттықтаймын!

19 шілде 2012 жыл. Бейсенбі. Еуропа лигасы. Ақтөбе — Торпедо (Кутаиси, Грузия). Стадион… Командамыз әдемі ойын өрнектерімен барша жанкүйерді тәнті етуде. Жан-жақтан «Ақтөбе!», «Алға, Ақтөбе!» деген қолдауларға қосылып қана қоймай, жындыыы жасалған «толқынның» бір «тамшысына» айналдық… Гооол! Көптен күткен гол да соғылды. Қуаныш қойынға сыймай бара жатыр. Әр жерден шыққан «Ақтөбе, жарайсың!», «Жарайсыңдар!» іштегі әсерді сыртқа толық шығара алмай жатқанын байқадым. Сол сәтте менің ойыма бір идеяның келмесі бар ма… Неге келесі молдавандармен болатын ойында Ескендір ағамыздың «Атамекенін» стадион болып шырқамасқа?! Ақ, қызыл түсті киіммен келу жөніндегі ұсынысты қолдаған жанкүйер, аталмыш әнді шырқауға да қарсы болмас…

Ақтөбе бәрібір чемпион!!!
Әрі қарай

"Ақтөбенің" шілде айындағы ойындар кестесі.

XV тур
1 шілде (жексенбі)
105. Жетісу — Ақтөбе – 1-1

5 шілде (бейсенбі)
Еуропа Лигасы. Бірінші квалификациялық раунд.
Алғашқы матч.
Торпедо (Грузия) – Ақтөбе – 1-1

XVI тур
8 шілде (жексенбі)
107. Ақтөбе — Тараз – 4-1

12 шілде (бейсенбі)
Еуропа Лигасы. Бірінші квалификациялық раунд.
Қарымта матч.
Актобе — Торпедо (Грузия)

XVII тур
15 шілде (жексенбі)
118. Ордабасы — Ақтөбе

19 шілде (бейсенбі)
Еуропа Лигасы. Екінші квалификациялық раунд.
Алғашқы матч.
Милсами-Урсидос (Молдова) – Ақтөбе

26 шілде (бейсенбі)
Еуропа Лигасы. Екінші квалификациялық раунд.
Қарымта матч.
Ақтөбе — Милсами-Урсидос (Молдова)

XVIII тур
29 шілде (жексенбі)
122. Ақтөбе — Ақжайық

Ақтөбе — чемпион!!!
Әрі қарай

22 маусым...



Ох, ал егер 22 маусым күні ЕУРО-2012 чемпионаты аясында ширек финалда Ресей мен Германия құрамалары кездескенде қалай болар еді?.. Ойын уақытын таңғы сағат төртке белгілесе де керім болар еді, солай емес пе? Оның үстіне жаңа Левитан табылып, келесідей хабарландыру таратса: «вероломно… без объявления войны….»

Дегенмен, бұл болмай қалды. Бүгін кешке неміс машинасына қарсы гректер бағын сынайтыны барлығына аян…

2012.ua-football.com/news/4fe37d07.html
Әрі қарай

Керемет, бірақ ыңғайсыздау жұмыс!

Жақында бір сыныптасым кездесіп қалды. Аман-саулық сұрасқаннан соң не кәсіппен айналысып жатқанын сұраған едім…
— Ауылда жұмыс жоқ. Қалаға келіп, әупірімдеп жүріп «говновозға» (боқ соратын мәшине) жүргізуші болып жұмысқа тұрдым. Жаман емес, тіпті жақсы жұмыс екен ғой. Күніне жалақыдан бөлек 4000-5000 теңге «шабашка» жасап тұрамын. Тек… бір жаман жері бар екен… «Брат, қаншаға сорасың?» — деп сұрайтыны…
Әрі қарай