Таңдаулы

Болар елдің баласы айтады...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Болар елдің баласы айтады...

Болар елдің баласы айтады:

Мен елімді ақиқатқа, адалдарға жақ қылам!
Қара қылды қақ жаратын әділ досқа тап қылам!
Сүмірейіп, езілетін ез — ынжықты жат қылам!
Тіктеп айтар сөзің болса үрлей берем, от қылам!
Әр қазақтың шаңырағын бақытты етем, бақ қылам!
Астындағы жамау-жамау көрпелерін тақ қылам!
Нағыз қазақ — нағыз досым, тіл мен көзден сақ қылам!
Шала қазақ — жауыз досым, таудан төмен лақтырам!

Абылай Хамидулла 28.03.2014
Әрі қарай

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 2013 ЖЫЛҒЫ ТМД ЕЛДЕРІ СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

Мемлекетер Достастығы елдерінің экономикалық кеңесі 2013 жылғы қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі байқаудың жеңімпаздарын жария етті.
Блог - ArkhatGaripzhan: Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 2013 ЖЫЛҒЫ ТМД ЕЛДЕРІ СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қызмет көрсету» аталымы бойынша Қазақстан Республикасындағы жоғары сапалы білім беруде 2013 жылғы қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі табыстары үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының лауреаты атанды.
Жеңімпаздарды Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан,Өзбекстан, Украина секілді ТМД елдерінің он бір мемлекеті анықтады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі сыйлық екі жылда бір рет конкурстық негізде беріледі, оның ішінен бірнеше мәрте сараптаудан, үздіктер арасындағы сүзгіден өткендер ғана марапатталады. Бұл жолы осындай жоғары атаққа Еуразия ұлттық университеті ие болып отыр.
ТМД елдері сыйлығы ұйымға мүше мемлекеттердің өндіріс орындары өндіретін өнімдер мен жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын бағалау үшін ұйымдастырылып келеді.
Ал енді «сыйлықтан үміткер кандидаттар қандай өлшемдермен бағаланды?» деген сұраққа келсек, сапалы білім, саналы тәрбие, жоғары технологиялы инновацияны енгізуге, энергия мен ресурс үнемшілдігіне, менеджмент сапасына,әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударылған, бұдан бөлек ұжымның қарыздарының жоқтығы, қылмыстық және әкімшілік істерінің болмауы — бұлардың барлығы конкурстың негізгі критерийлері.
Бұл сыйлықты еліміздің кәсіпорындары арасынан «Trei-Karaganda» ЖШС ұжымы да жеңіп алды. Олар «халық тұтынатын үздік тауар» аталымы бойынша лауреат атанды.
Әрі қарай

I ♥ NY or Youtube?

Хммм… керекинфо паролін ұмытпаппын Daniar-Alan -ның «Керекинфоға жылына бір-ақ рет Блогқұрылтай кезде жазады екенсің» деген сөзін жерге тастамай, дәстүрді жалғастырайын.

Менің видео жасаумен ауыратынымды біреуі білсе, біреуі біліп қалған болар. «Екпін»-де жұмыс істеп жүргенде «видеоблог жасайық, видеоблог жасайық» деп тыпыршыдым, кейін өзім бір нәрселер құрастырып, фотодан видеолар жасадым. Ал негізі нағыз махаббатым — youtube. Ондағы сүйікті ютубберлерім. Бьюти блоггерлер, скетч блоггерлер, күн сайынғы өмірін көрсететін лайф влоггерлер… бір сөзбен айтқанда жанды ақпарат, эмоция, динамика — менің соңғы кездегі жаңа құштарлығым.

Сол себепті де Америкаға жол түскенде автоматты түрде өзіммен өзім қолыма жай ғана телефонның видеосын қосып түсіріп кеттім

Бір жағынан қызықты сапардағы оқиғалармен бөлісіп, жаңа елді бірге аралау көрермен-юзерлерге де қызықты. Оны осы күнге дейін келіп жатқан көптеген жағымды пікірлерден біліп отырмын

Сондықтан егер New York VLOG! саяхат сериямды әлі де көрмеген болсаңыздар, kerbezful youtube арнама қош келіңіздер де жазылыңыздар 

Алғашқы сериялар:


Әрі қарай

М.Шаханов Ш.Айтматов - "Құз басындағы аңшының зары немесе ғасыр айрығындағы сырласу"

Ғасырлар тоғысындағы әңгіме… Жалпы, астындағы аты кісінісе Аллаға тәубәсін айтып, «сен тимесең мен тимейтін» момын халықпыз ғой. Тұла бойымыз тұнып тұрған — толеранттылық! Барға — қанағат, жоққа — мезірет айтып отыратын ата — бабаларымыз, апа-әжелеріміз қолындағы бар нәрсесін өз балаларына қимай, қашан келетіні бір құдайға мәлім құдайы қонағына сақтап отыратыны — соның бір дәлелі. Ал мен оқыған "Құз басындағы аңшының зары" кітабы — екі бөлек әлемнің, яғни қазақтың қайсар ақыны — Мұхтар Шаханов пен қырғыз ағайынның ардақтысы, бүкіл әлем бас иген Шыңғыс Айтматовтың диалогынан тұрады. Оқуға кеңес беремін! Халқымыздың өткен өміріндегі көлеңке тұстарды әшкерелеп, тарихи оқиғаларға да анализ жасап отырады қос наркескен. Сол арқылы әңгімеден әңгіме өрбітіп, туған халықтарының күйін күйіттейді. Сәттілік достар! Оқып жатсаңыздар ойларыңызбен бөлісе отырарсыздар!
Кітаптар әлемі: М.Шаханов  Ш.Айтматов  -  Құз басындағы аңшының зары немесе ғасыр айрығындағы сырласу
Әрі қарай