Жарияланымдар

Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы

Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Ақпарат әлемді билейді. Ақпаратты таратудың әртүрлі технологияларының дамуы біздің планетамызды үлкен «ауылға» айналдырғандай және бізді ол «ауылда» шынымен не болып жатқаны қызықтырады, дегенмен, сол болып жатқан жағдайлар туралы басқалардың не жазып, не айтатындығы одан сайын қызықтыра түсетіндігі шындық.
Біздің жетістігіміз бен өз өмірімізде қаншалықты алға жылжығанымыз санамызға қандай ақпаратты саралап енгізгенімізге байланысты.
Ақпаратқа ие болғандар әлемді билейді. Осы сөздің дәлелі ретінде австралиялық интернет-журналист, хакер Джулиан Пол Ассанжды (Julian Paul Assange) келтіруге болады. Wikileaks сайтын құрушы Ассанж 1971 жылы шілде айының 3 күні Австралияда дүниеге келген. Үлкен көлемде шпиондық жанжалдар, биліктің жоғары эшелонындағы жемқорлық, әлемдік державалардың дипломатияларының «жасырын» тұстары мен әскери қылмыстары туралы құпия құжаттарды көпшілік назарына жариялаған. 
Мемлекеттік құпия құжаттарды жариялау қылмыспен теңеледі. Және бұл үшін бас бостандығынан айрылатынын, тіпті өміріне де қауіп төнетінін біле тұра Ассанж осы «батырлығын» қалай және не мақсатпен жасады?
Wikileaks сайты өз жұмысын 2006 жылы бастаған екен. Алдағы уақытта қандай деңгейде жұмыс жүргізетінін білген Ассанж негізгі сервердің «үйі» Швеция болады деп шешті. Себебі, бұл ел журналистерге деген түзу ниетімен танымал. Сайттың басты ерекшеліктері: Интерфейс қарапайым және түсінікті, белгілі техникалық білімі жоқ адам да жеңіл қолдана алады; кез-келген адам өзіне белгілі болған құпия құжаттарды еш кедергісіз сайтқа жібере алады; криптографиялық технологияларды қолданудың нәтижесінде ақпарат жіберуші толықтай жасырын түрде қалады (анонимно) және оған ешқандай қауіп-қатер төнбейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары ретінде құжаттар Wikileaks сайтына шықпас бұрын порталдың барлық серверлеріне көшірме жасалып, бір уақытта шығады. Нәтижесінде ақпарат қай жерден жіберілгенін анықтау мүмкін болмайды. 
Джулиан Ассанж Wikileaks сайтымен шектелмей, Ауғанстандағы соғысқа қатысты 100 мың, Ирактағы соғысқа қатысты 10 мыңдай құжаттарды баспасөз беттеріне де жариялауға берген. Олардың қатарында «әл-Жазира», «The Guardian», «Der Spiegel» және «The New York Times» секілді газет редакциялары бар. 
Бұл құжаттарды жариялау бұқара халыққа осы елдерде ғана емес, әлемде не болып жатырғанын жақсы түсінуге көмектеседі деген болатын Джулиан және ол қолында Пентагонның 15 мыңға жуық құпия құжаттары бар екенін де мәлімдеді. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Бүгінгі таңда Ассанж Лондондағы Эквадордың елшілігінен саяси баспана алып, сонда отыр. 2013 жылдың тамыз айында Wikileaks сайтында 400 гигабайттық құпия материалдарға сілтеме салынған. Бірақ, құжаттар құпия кодпен сақталған. Құпия код  Джулиан Ассанжға немесе Wikileaks сайтының негізгі өкілдеріне қауіп төнген жағдайда жарияланады делінген.
Жасаған істерінен сөз бостандығын қалыптастырып, әлемде әділдік орнату, адам құқығын қорғау, құпияларды жариялау арқылы басқарушы элитаны «аяғын аңдап басуға» итермелегендей көрінеді. Алайда, бір емес, бірнеше әлемдік «айдаһарлардың» құйрығын басқан бір адамға барлығы жүріп қарсы тұра алмағаны қалай деген заңды сұрақ туады. 
Интернет-журналистің АҚШ-тан бастап, көптеген батыс елдерінің мемлекеттік «құпия» құжаттарын жариялап, қылмыс жасағанына қарамастан, оны халықаралық арнайы қызмет органдары іздеу салып, ұстай алмай жүргендігіне сену қиын. Wikileaks сайтында жарық көрген құжаттардың көпшілігінің АҚШ-қа қатысы бар. Америка Құрама Штаттары бәріне белгілі көп мөлшердегі ақшалай ғана емес, адами ресурстарымен, хакерлерімен, ұлттық қауіпсіздік агенттіктерімен қалайша бір сайтты жауып, жұмысын тоқтатуға күші жетпей отыр?
Джулиан Ассанж Остинда өткен технологияны дамытуға арналған South by Southwest халықаралық конференциясында Skype арқылы сөз сөйлеп, «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен Ұлыбританияның мемлекеттік байланыс орталығы біздің планетамызға «тыңшылық» жүргізетін болады, себебі, бұл бағыттағы олардың мүмкіндіктері 1,5 жыл сайын екі есе өсу үстінде» екенін мәлімдеді. 
«Әрбір адамды бақылау мүмкіндігі көп ұзамай шындыққа айналады, бұл алдағы бірнеше жылда шешілетін мәселе» деді Ассанж. Сонымен қатар өз сөзіне «біз жаңа тоталитарлық әлемге аяқ басып келеміз, Сталин немесе Пол Пот кезіндегідей емес, әрине,  тоталитарлық-тұрақты бақылау жүргізу мағынасында» дегенді сенімді түрде қосып айтты [1]. 
Америкалық лингвист, философ, саяси аналитик – Ноам Хомский өзінің зерттеулерінде «БАҚ көмегімен адамдарды басқарудың 10 әдісін» келтірген болатын [2]. Солардың ішінде «бірте-бірте енгізу» мен «адамдар туралы олардың өздерінен де көп білу» әдістері бар. Америка Құрама Штаттарының арнайы бақылау агенттіктері адамдарға бақылауды күшейтпесе, әлсіретпейтіні анық. Дүние жүзі бойынша көптеген мемлекеттер мен адамдар арасындағы ақпараттық-коммуникациялық байланыстарды, интернет желісіндегі процестерді, смс-хаттамаларды, пошта жәшігі арқылы хат алмасуларды, ұялы телефондармен сөйлесулердің барлығын бақылап отыратындығын, жазылып, сақталатындығын 2013 жылы Американың арнайы агенттіктерінде жұмыс жасаған Эдуард Сноуден мәлімдеген болатын. Онымен қоса «PRISM», «X-Keycore», «Tempora» сынды жобалар туралы да құпия құжаттарды жариялауға берген. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Әскери адамдарға «бұрынғы» деген сөз қолданылмайтыны белгілі. Ал Сноуден сынды арнайы қызмет өкілдерін «бұрынғы» деп айтуға тіптен келмейді. Қандай «қылмыс» жасаса да оның бір себебі, анық «миссиясы» бар. Сноуденнің «миссиясы» Американың әлемге бақылау орнататындығы туралы «құлаққағыс» ретінде тұспалдап көрсету, аудиторияны соған дайындау немесе осы арқылы алдын ала қоғамның реакциясын біліп, саналарына судай сіңіргісі келген шығар. Бұл ақпарат интернет арқылы бұқараға тез жетіп, таралып, уақыт өте келе қалыпты жағдай ретінде қабылданатын болады. Осылайша Ноам Хомскийдің БАҚ арқылы басқарудың бірінші әдісін байқауға болады.
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Екіншісі, «адамдар туралы олардың өздерінен де көп білу». Жоғарғы «система» адамдардың физиологиясымен қатар психикасы туралы да өте көп мөлшерде ақпарат жинап, басымдыққа ие болды. Ақпараттық технологияның дамыған заманында интернет, әлеуметтік желілер арқылы бұқара халық туралы әр түрлі бағытта деректер жинақталады. Олар Facebook, Twitter, Instagram т.б. тіркелу кезінде (аты-жөніңіз, суретіңіз, телефон нөміріңіз, айналысатын кәсібіңіз), қолдану кезінде (күнделікті суреттеріңіз, немен айналысатыныңыз, қызығушылықтарыңыз, GPS арқылы әрдайым жүрген жеріңіз, ой-пікіріңіз) тағы да басқа әркімнің өзі жазған ақпараттары арқылы қолданушының психикасын толықтай зерттеп біледі. Ал адамның психикасын білу дегеніміз – сол адамның қоршаған ортадағы болған оқиғаны түсінуін, елестетуін, қабылдауын, ерік, сезімін білу деген сөз. Психиканың жоғары нысаны – адам санасы. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адам санасы басқарылады деген сөз. Адам санасын басқару – күштеп емес, адамдарды «саналы» түрде өзіне тиімді жаққа бұру, керек іс-қимылдарға итермелеу. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Байқап қарасақ, тарихы тереңде жатқан АҚШ-қа Wikileaks сайтында жарияланған «құпия» құжаттар ешбір кесірін тигізбейтіндей. Құжаттар қатысты болған мемлекеттік өкілдер не жазаға тартылып, не өз орнынан түсті дегенді естімедік. Сноуденнің мәлімдемесінен кейін АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттіктері мен барлау орталықтары «бақылауын» тоқтатты деп ешкім айта алмайды. Тарихта бірнеше рет кездесетін «ақпараттың жайылып кетулері» Американы басқалардың алдында одан сайын күшті қылып көрсететіндей. Әлемді мысымызбен басып отырмыз дегендей пиғылдарын үсті-үстіне дәлелдей түсетіндей.
Ресейлік жазушы, журналист, саяси сарапшы Д.Ю.Лысков pravda.ru сайтындағы жарияланымында былай дейді: «Wikileaks жеке мақсаттармен жасалған дүние ме, әлде АҚШ мемлекеттік департаментінің қаруы ма?» деген пікірталаста басы ашық тұрған нәрсені назардан шығарып аламыз, ол – Wikileaks-тың АҚШ тапсырысымен жасалғандығы.
Алайда, Wikileaks-ты кім жасағаны маңызды емес. Джулиан Ассанж бен оның ең басты ақпарат берушісі Бредли Меннингтің оқиғалары шынайы ма, әлде ойдан шығарылған «аңыз ба», оған ешкім ешқашан нақты жауап бере алмайды. Себебі, қандай жағдай болмасын күмән болуы заңдылық» [3]. 
Ең бастысы бірнеше жыл ішінде ғаламторда әлемнің назарын өзіне аудартқан ақпараттық ресурс таралды. Бұл ақпараттық ресурс ғаламшарымыздың көптеген мемлекеттерімен қатар, экономикалық аймақтарының да саясатына айтулы өзгерістер әкелді. 
«Тек бір ғана нәрсеге сенімді бола аламыз, яғни, ештеңеге ақи-тақи сенімді болмау керек» — деп Үлкен Плиний айтқандай [4], бұл ақпараттық ресурсты кім шығарғанын нақты айта алмаймыз. Оның мұндай жұмбақтығы оған тағы да күш қоса түсетіндей. Қалай болғанда да Wikileaks ақпараттық қоғамда әлемдік деңгейде көрініс берген ең ықпалды ақпараттық қару ретінде тарихқа енгені анық.
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы

(Суреттер интернет желісінен алынған)

Мені
twitter: twitter.com/Raiymbek94
Facebook: www.facebook.com/raimbek.ramazanov?ref=tn_tnmn
желілерінде оқыңыз. Рахмет!
Әрі қарай

Өмір туралы ойыңызға өзгеріс керек болса...

Бұрын бұлай болмады білем. Қазір қарасам қоғам құруда. Мойындаңыз мұңға* мойынсұнғандаймыз. Интернетке иілдік. Ақпаратты аңдығандардың арпалысы. Жастар Желінің жетегіндегі жендеттей. Фейсбуктің фишкасы — фолловерлер, «фейковый» философтар. Твиттерде тәжірибелілер төңкеріс тұтатады. «В контакте»-де виртуалды «везунчиктер» *. Назарда — негатив. Налытады… Санаға стереотип салынған.
Осы сынды күнделікті күйбелеңнен шаршағанда, бос уақыт тауып, пайдалы позитивті пәлсапаны Пауло Коэльоның «Алхимик» кітабынан іздеп көріңіз. Автор адам өмірінің мәні неде екеніне жауап беруге тырысады. Кітаптар әлемі: Өмір туралы ойыңызға өзгеріс керек болса...Өміріңізге өзгеріс әкелері сөзсіз.

*мұң — қазіргі кездегі бұқаралық ақрапат құралдарының бұқара халыққа өміріндегі қандай жағдай болмасын кінәні өзінен іздеуіне итермелеу, соған сендіру. Әлеуметтік желілердегі «типа» философиялық сөздер, афоризмдер.
*«везунчиктер» — «жолы болғыштар». Тағы да жастар арасында кең тараған әлеуметтік желілердегі байлыққа, ақшаға, билікке «оңай» қол жеткізуге болатындығына сендіру.
Әрі қарай

"Еркінмін" деп айта аласызба?!

Ақпарат тарату арқылы бұқараның санасына әсер ету процесінің басталғанына бірнеше жүзжылдықтар өтті. Ол сонау алғашқы болып шыққан газеттерден бастау алып, одан кейін радио, теледидар көмегімен іске асырылса, 21 ғасырда ғаламтордың ғаламат күшін сезіндік.
Қазір басым топ өкілдері бұқара халықты өз қалауына қамшылап, арбауына айдап отыр. Стереотиптер салу арқылы адамдарды алдап қана қоймай, құлша құрдымға қуып, организмді ғана емес, сананы улауда. Дегенін істетіп, қарапайым халықты аузына қаратып отыр. Және бұның бәрі күш қолдану емес, адамның ойлау жүйесіне әсер ету арқылы жүзеге асырылуда. Ал адамның ойлау жүйесіне әсер ету бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен(газет, теледидар, интернет жүйесі, әлеуметтік желілер) істелуде.
Адам өз таңдауын жасаудан қалған сияқты. Мысалы, киім таңдауды алайық. Киімді әрине қай кездегідей сән үлгісіне («мода») қарап алады. Ал, сол моданың мода екенін кім шешеді?! Сол брендтің иесі немесе жарнамашылар. Біздің таңдауымызды әлде әр сезонға «моданы» анықтап, таңдап беретін соларғой. Олар өздеріне ұнағанын не қалағанын «мода» десе болды сол киім үлгісі әлемге тарайды. Айнала бәрі киіп жүргеннен кейін біз де сол жақсы екен деп сатып алып, киюге ынтызар боламыз. БАҚ-нан күнде жарнамалап жатқаннан кейін біздің миымызға, санамызға орнығып алатыны соншалық біздің таңдауымыз соған тартады да тұрады.
Менің мамандығым — PR (Public relations) Қазақша қоғаммен байланыс. Қысқаша мазмұндайтын болсақ: PR — бұл бұқараның санасын бұғаулап бағындыру. Яғни, қарапайым халықтың санасын, ойын басқару, сол арқылы ыңғайлы іс-әрекеттерге итермелеп, қалаулы таңдаулар жасату. Бұл жаңағы айтқан тауар таңдауға да қолданылады. Манипуляциялау деуге де болады. Таңдау туралы тағы бірер мысал келтірсек, ыдыс жуу керек болғанда не керек? ойыңызға алғаш келетіні — FAIRY. түгелдей болмаса да көпшілігі солай. Санамызға құйып тастағаны соншалық басқа жуғыш заттардың бар екені, олардың сапасы fairy ден артық болуы мүмкін екені ойымызға кіріп те шықпайды. Жаңа жыл жақындаса ойға тағы да бірінші келетіні «Соса соla» сусыны ия?
Жарайды, тауардан алшақтайық. Теледидардан көретін, интернеттен оқитын жаңалықтарға келсек. Қандай жаңалық көрсек соны рас деп есептейміз. Әрине, өтірік дей алмаймын. Бірақ жалпы осы «шынайы» мен «шынайы емес» дегенді кім қалай түсінеді?(«реально», «не реально») иә, сіздердің араларыңызда мен интернеттен көрген барлық жаңалыққа бірден сене кетпеймін, бірінші оқимын, содан кейін ойланып, анализ жасаймын дейтіндер кездесуі мүмкін. БІрақ сол анализді жасау үшін де салыстыратын ақпарат керек яғни екінші ақпарат көзі. Оның рас екеніне кім кепіл? Бұл жағдай тек интернеттегі ақпаратқа емес, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының бәріне байланысты.
Бір PR маманы лекциясында мынадай ой айтқан болатын: «Мен, ЕШҚАШАН, ЕШКІМГЕ 100%-ға сенбеймін! Маған Панама мойнағы Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың арасын бөліп тұр десе сенбеймін. Фотодан. бейнероликтен көрсетсе 90% сенермін, ал, панама мойнағымен өткізіп, көзбен көрсетсе 99,9% сенермін. Бірақ көзбен көргенге де 100% сенбеймін. Себебі, көз де кей кезде алдамшы.» Бұл сөздерден кейін «Секрет» документалды фильміндегі «көзбен көрген шынайы емес, адамның ойындағы нәрсе шынайы» деген ой келді.
Адам басқалардан ерекше ойлағанның өзінде ойлау жүйесі — қоршаған ортасының, бұқаралық ақпарат құралдарының сол адамның ойына, санасына салып қойған стереотиптерінен, былайша айтқанда «шекарасынан» немесе санаға салған «шеңберінен» шыға алмайтындай.
Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен ғасырлар бойы адамдарды алдау туралы ойымның соңғы жағында ең толғандыратын нәрсе туралы жазғым келді. Ол адамзат тарихында ашылған ең ірі жаңалықтардың бірі АЙҒА ЕҢ АЛҒАШ ҚОНҒАН НАСАНЫҢ (АҚШ) қонуы. Алдауы мүмкін деген күдіктердің ең ірісі осы, біртүрлі көрінсе де)
«Иллюминаттар» деген сөз таныс шығар. Құпия символдардың шешімін іздеп табушыларды осылай атайды. Иллюминаттардың зерттеулеріне көңіл аударсақ НАСА-ның алғашқы айға қонуын жоққа шығарады. Сонда НАСА бүкіл адамзатты алдағаны ма? Бір қызығы менің бұлай ойлауыма әсер еткен ақпараттар да интернеттен алынған бұл менің ойым ғана.
Сонымен не шынайы? не шынайы емес?! осыған дейін айдан анық болып көрінген, көзбен көргеніміз, құлақпен естігеніміздің бәрі өтірік шығар? Бізді алдаған шығар деген ой тек мені ғана алаңдатады дегенге сенбеймін. Бұның бәрі менің ойларым және ойландыратын нәрселерді мысалға келтірсек өте көп. Сіздер қалай ойлайсыздар?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!
Әрі қарай

Қазақстанның Батыс өңірінде аталып өтетін "Көрісу күні" құтты болсын ағайын.

Бүгін, мерекеге толы наурыз айының 14-ші жұлдызы Қазақстанның батыс өңірінде, атап айтсақ Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында «көрісу күні» аталып өтеді. Бұл күні адамдар үй ішінен бастап, көрші-көлең, ағайын-туыс, таныстарының үйіне барып, қол алысып амандасып, төс қағыстырады. «Көрісу айт күні құтты болсын!», «Бір жасыңмен!», «Жаңа жылдарың құтты болсын!» деген сынды тілектер айтылып, реніш-өкпелері болса ұмытып, татуласады. Ал, қонақ күтуші үй, келгендерге дастархан әзірлеп, бауырсақ пісіріп тағы басқа жылы жұмсағын алдарына тосады.
Жалпы, айтулы мереке қалай, қайдан шыққан? "Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз" мерекесі әрбір өңірде той жасалып аталып өтетін, ал үш жүздің басын қосқан ұлы жүзде өтетін ұлан-асыр тойға ел-елден, жер-жерден бәйгеге қосар жүйріктерін, күреске салар палуандарын, айтысар ақындарын ерткен, былайша айтқанда, «делегаттар» еліміздің оңтүстігіне жол тартады. Шалғай жатқан Батыс өңірінің «делегаттары» бұл тойға дайындалып, жолға 14 күні шығып кететін болған. Жолшыбай ауылдан ауылға соғып, мерекемен құттықтап, көрісіп жеткенше 22 наурызға белгіленген жерге уақытылы жетеді. Сонымен, қазақтың жаңа жылы наурыз мерекесін батыстықтар ертерек, яғни 14 күні бастап кетеді екен.Блог - RaimbekRamazanov: Қазақстанның Батыс өңірінде аталып өтетін Көрісу күні құтты болсын ағайын.
Әрі қарай