Жарияланымдар

Ақпараттар ағыны - 05 қыркүйек 2012

ӘЛЕУМЕТ. «24 KZ» телеарнасын әлі көрмеген адам саны 16 млн 775 мыңға жетті.

СПОРТ. Криштиану Роналдудан кейін Месси де қарап қалмады. Ол да «Барселонада» бақытсыз және кетуге дайын екенін мәлімдеді.

БІЛІМ. Аттестаттаудан өткізіп беретін таныс табылды. Орамалы дайындалуда.

ИНТЕРНЕТ. Мамандардың айтуы бойынша facebook лайктарының 62% пайызы «баспасам ұят болар» сезімімен басылады екен.

МӘСЕЛЕ. Нокианың жіңішке қуат толтырғышы көршінің үйінде де жоқ болып шықты. Қонақтар шокта.

САЯСАТ. Қазақстан Футбол Федерациясына Ауыр атлетика моделі ұсынылды. 7 қыркүйек күні Ирландия матчының құрамына 5 қытайлық футболшы және Илья Ильин қосылатын болды.

ҚОҒАМ. "Қазақстандық Ононистер, Транссексуалдар, Аналшылар Қоғамы" өздерін аббревитатура емес, толық аттарымен атауды өтінді.
Әрі қарай

Ақпараттар ағыны - 29 тамыз 2012

САЯСАТ. Сыртқы Істер Министрлігінен Қырғызстан Үкіметіне үлкен қолдау:
— Алеооо, қоя бер тұтқаны. Қазір өзіміз телефон шаламыз.

СПОРТ. Оңтүстік Қазақстан облыстық спартакиадасында тоғызқұмалақтан 3-ші орын алған мектеп оқушысының жеңісі сарабдал саясаттың арқасында екені анықталды.

ҚОҒАМ. Үлкен қауіп! Биыл республика көлемінде 10 мыңға жуық адам журналист дипломын алды.

ҚЫЛМЫС. Ораза біткеннен кейін жазғы кафеде сыра ішіп отырған жігітті жігіттер көріп қалды.

МЫСҚЫЛ. «Астанаға автобуспен келдіңдер ме? Біз купеге билет болмағасын СВ-мен келдік» понтына үлкен жауап: «Пойызға дым билет жоқ екен, самолетпен келдік». Понтқа үлкен понт та кешікпеді: «Мен де самолетпен келдім, сендерді көрмедім ғой. Әлде эконом класс жақта болдыңдар ма?»

СЫЛҚЫМ. Суы ақпай, бұзылып тұрған унитаз бір қызды жаңа жігітімен айырып тынды.

РУХАНИЯТ. Етістіктерден ұйқас құрастыра алатын тағы бір жігіт ақын атанып, алғашқы өлең жинағын шығарды.

ТЕХНОЛОГИЯ. «Маған сол звондаса, SMS жазса болды» деп полифония телефонмен басталған тағы бір серуен әзірше Iphone 4S-ке келіп тоқтады.

БІЛІМ. Жұрттың баласы биыл тағы да грантқа түсті.

ИНТЕРНЕТ. Тағы да бір танымал адам «Айт қабыл болсын», «Мейрам құтты болсын», «Жолға шықтым», "Қайырлы жұма", «Жеңіс құтты болсын, Алға Қазақстан» деп жазу үшін Твиттерге тіркелді.

ӘЛЕУМЕТ. Тағы да бір USB флешканың қақпағы жоғалды…
Әрі қарай

Грек Үкіметі медаль салығынан қашып, Олимпиадада орын алмаған спортшыларына өкпелі


Грекияда кезекті жанжал. Бұл жолы спорт жанжалы. Грек Үкіметі Лондон Олимпиадасында медаль алмаған спортшыларына өкпелі. Лондоннан грек спортшылары тек 2 қола медальмен оралған еді. Олар дзюдодан Илиас Илиадис және ескекші қыздар жұбы. Бүгін Премьер-министр қабылдауында болған спортшыларға мақтау қағаздары берілді және Олимпиадада тапқан табыстарынан салық алынды.

Естеріңізге сала кетейік, әлемнің біраз елдері спортшыларына сыйақылар тағайындап, мұны күллі әлемге жар салып жариялаған кезде Грекия керісінше Олимпиадада жүлдегер атанған спортшылардан Халықаралық Олимпиада Комитеті және Федерациялардан алатын сыйақы табыстарынан 75 пайыз салық алатындарын жариялаған еді.
Әрі қарай

Сізді жұмыстан суытатын қызметкерлер түрлері және сипаттамалары


Бұл жазба студенттік өмірдің кайфынан әлі арыла алмай, шын өмірдің ауыртпалығына әлі кірісе алмай жүрген экс-студенттерге немесе жаңадан жұмыс іздеушілерге арналады. Жаз бойы алдымен таныс іздейсің, резюме тастайсың. Сосын бір күні хабар келеді пәленше деген жермен сөйлесіп қойдым, ертеңнен бастап кіріс деген. Сонымен басталады жаңа өмір, жаңа жұмыс, жаңа орта. Әдбетте басында қиналасың, жұмыс ұнамайды бастапқыда. Жұмыстағы адамдар да бір түрлі көрінеді. Сөйлесіп кетуге қиналып жүресің. Жұмыста да жақсы адамдар мен жаман адамдар болады. Әңгіме осы жаман адамдар туралы болмақ. Бұл адамдардан алыс болғаның жөн. Көп араласпа.

1. Беліне шәлі байлаған әйел
Мұндай адам нағыз кеңсе монстры! Шәлі оның дене мүшесі деуге болады. Онымен бірге өмір сүреді.
Әрі қарай

УЕФА әр ел бойынша Мессилер тізімін жариялады



УЕФА-ның Ішкі саясат және Мұрағаттар мен құжаттамалар басқармаларының ортақ жүргізген жобаларының қорытындысы жарияланды. Қос басқарма УЕФА-ға мүше әр ел бойынша Мессилер және Барселоналар тізімін жариялады. Атап айтар болсақ Голландияның Мессиі Ян Вертонген атанса, Швед Мессиі — Ибрагимович. Көршілес Ресейден Андрей Аршавин осы атаққа лайық болса, Украинаның жас перісі Коноплянка өз елінің Мессиі атанды. Өкінішке орай Қазақстан атынан бұл тізімге ешқандай футболшы кірмей отыр. Мальта (Клэйтон Файлла), Лихтенштейн (Марио Фрик), Фарер аралдары (Йохан Симун Эдмундссен) сияқты ұсақ елдердің Мессилері бар болғаны көңілімізді қынжылтты.
Әрі қарай