Жарияланымдар

Көтібар атамыз көтін ашып жүрген бе?

Ел аузында жүрген соңғы жаңалықтардың бірі: бір шенеунік Қарашаш, Сұлушаш, Алтыншаш деген қазақ қыздарының есімдері қазақ қыздарының шаштарын ашық қылып жүргендігіне дәлел депті-міс.
Шшшшш айтатын сөз қалмағанда адамдардың дінді әңгіме қылатындары бар. Егер сол шенеуніктің сөздеріне қарасақ, Қазақ халқы қыздарына есімді шаштары шыққанда қоятын болғаны. Ақиқаты олай емес. Қазақ перзентіне есімді дүниеге келген сәтте немесе бір апта ішінде қойған қойып та жатыр. Жаңа туылған қыз баланың шашы сұлу, қара, алтындай сары болмайды.
Әрі қарай

Түрмені бақылаудағы ауыс-түйістер


Түрмедегілердің тәртібін бақылау Әділет министрлігінен Ішкі істер министрлігінің құзырына берілді. Түрмедегілердің құқын қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар сотталғандардың жағдайлары түрме ІІМ бақылауына өткелі бері мүшкіл болып кетті деп дабыл қағып жатыр. Жер дөңгелек, менттердің дәурені қайтып келді.
Әрі қарай

Қайрат Лама-Шариф: Жұмыс орнында намаз оқу қылмыс жасау болып саналады

Депутат Бекболат Тілеуханның айтуынша, Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама-Шариф «Жұмыс орнында намаз оқу қылмыс болып саналады» депті. Жалпы, талқыланып жатқан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасына сүйенсек, мұсылмандар оқитын намаз болсын, христиандарша діни жоралғыларды жасау болсын, тағы да басқа діндергі құлшылықтарды жасау болсын, барлығы арнайы орындарда (мешіт, храм, шіркеу, т.б.) іске асырылу керек екен. Егер біреу жұмыс орнында намаз оқыса, қылмыс жасаған болады. Ал егер бірнеше адам бірігіп құлшылық жасаса, заңсыз митинг өткізген болып табылады.

Қайрат Далай Лама Шарифтің айтып жатқан ережелеріне барлық діннің өкілдері қарсы болып жатыр. Заң бойынша тыйым салған орында (мемлекеттік мекемелерде) құлышылық жасағаныңыз үшін 500 доллар шамасында айыппұл төлейтін боласыз.
Әрі қарай

Шымкент шынымен үздік қала екен

Шымкент шынымен үздік қала екен. Шымкенттің ТМД-дағы ең үздік қала болғанына сенесіз бе? деп айдар таққан тұшымды постым республикалық газеттерде жарияланып кетпей тұрғанда аздап өзгерту жасайын.

Шымкент қаласы, сөз жоқ, үздік қала болып шыққан екен. Бірақ қай бұтағынан үздік екенін айтпаппын мен сорлы.
Әрі қарай

Шымкенттіктердің жүніне тиген мақала болды

Әкесі мас болып, арықта аунап жататын балаға «Сенің әкең алқаш адам» дегенде еститін сөзді Шымкенттің «шырайын» шығарып жазған микро-мақаламда естігендей болдым, шешесс. Қалаларың құрыған қала екен, маған неге ренжисіңдер, нахтар?

Микро-мақалам тек шымкентскийлерге ұнамай қалды ма осы? Шымкентте баспасөз бостандығының қалай бағаланатындығын мына кескіннен көресіңдер, сопақтар.

Ертеде атам қазақ айтып кеткен: «Алматының жақсылығын айт, нұры тасысын. Шымкенттің жамандығын айт, арты ашысын».

Тарихи деректер
Әрі қарай

Шымкенттің ТМД-дағы ең үздік қала болғанына сенесіз бе?

Шешессс, Шымкент деген парақорлықтың шыққан отаны саналатын қала ТМД-дағы ең үздік қала атаныпты. Ол атақты да парамен алмағанына ешқандай гарантия жоқ пока. Қала дегеннен гөрі Қазақстандағы ең үлкен ауыл деген статусқа ие ойлы-қырлы кент ТМД-да ең үздік болса, басқа қалалардың мал күйде болғаны ма?!

Сіз Шымкенттің ТМД-дағы ең үздік қала болғанына сенесіз бе?
Әрі қарай

Қаңғыбас иттердің отряды

Осы алматыда не көп, қаңғыған иттер көп. Қаңғыбас иттердің отрядын Абай даңғылының қақ ортасынан да кездестіруге болады. Ол иттердің денсаулықтарын ешкім бақылап жатқан жоқ. Олардың қаншасы құтырған ит екендігін Құдай біледі.

Жақында Қызылордада бес жасар баланы құтырған ит қауып алыпты. Дәрігерлерге қаралмағандықтан бала құтыру ауруынан көз жұмған. Осындай жағдайдың еліміздің ең үлкен қаласы саналатын Алматыда орын алмасына ешкім кепілдік бере алмайды.

Қаланың қолында билігі бар шенеуніктері қымбат көліктерге мініп, қаланың ең таза, ең жайлы көшелерімен жүрып, ең қымбат әрі ең қауіпсіз аймақтарында тұратындықтан ба, соқыр адам да байқап қалатын келеңсіздіктерге мән бермейді.

СЭБ басқармасы ма еді қаңғыбас иттерді аулайтын? Кім болса да қаңғыбас иттерді аулаудан пара алмайтын болғандықтан басын қатырып жатпайтын секілді. Мұндай іске МАИшниктерді жексең де іс өнбейді
Әрі қарай

"Қазақстан әйелдері" журналы қашан жаңарады?

"Қазақстан әйелдері" журналы 1925 жылдан шығып келе жатқан қазақша танымал журналдардың бірі. Оныауылдық жердегі оқырмандар көп оқиды. «Ауылбайларға бола береді» дегені ме, басқа да себебі бар ма, осы журналдың дизайны мен шығып жатқан қағазы осыдан 15-20 жыл бұрынғы журналдан еш өзгермегендей.

Құдайға шүкір, техника мен технологияның дамыған заманы. Журналдарды да әсем безендіріп шығаруға толық мүмкіндік бар. Солай бола тұра "ҚӘ" журналының отсталый болуына не себеп екен?
Әрі қарай