Жарияланымдар

Біз қазақпыз!!!

Мына сайтта орысша кірме сөздерді көп қолданады екен. Қазағымыздың сөздерін бұрмалап жазады екен. Ау, ағайын, өз тіліміз тұрғанда басқа тілдің не қажеті бар? Не деген бассыздық бұл? Сайт басшылары қайда қарап отыр?
Әрі қарай

Ту деген не?

Ассалаумағалейкүм Қазақ елі!
Бүгін мейрам. Бүгін ұлттық рәміздер күні. Осы атаулы мерекемен құттықтай отырып, өзімнің өнердегі ұстазым, бауырым, досым Олжас Қасымның Ту деген не атты өлеңін ұсынбақпын.

Ту деген не?

Бала болдым мән іздеген өмірден,
Қайран жүрек ол кездері не білген?
«Ту деген не?» деп сұрадым әкемнен,
Дәл сол жылы тоғыз жаста едім мен.
Жанарынан сырғытқандай сәл мұңды,
Көңілінде өткен уақыт жаңғырды.
«Көбі туды шүберек деп ойлайды,
Ту дегенің тарих»,- деді тағдырлы.
Жүрегімде жүйткігендей бір ағын,
Әзір тұрды тағы менің сұрағым.
Қиялыма ерік беріп бірауық,
«Туды кімдер жасайды?» деп сұрадым.
Әкем сонда бала сынды шаттанып,
Айтқан еді құпиясын ақтарып,
«Ар мен төрден табылатын бұл туды,
Қан мен терден жасадық»,- деп шаттанып.
Мына жауап жігер беріп жаныма,
Тәубе етумен өз елімнің барына.
«Туды кімдер ұстайды?» деп тосыннан,
Әкешіме сауал қойдым тағы да.
«Балам менің деді әкешім бері қара,
Алдыңда бар айналайын жол дара,
Ұстамайды кез-келгені бұл туды,
Туды ұстайды рухы биік ел ғана».
Қарсы алдымнан шақырғандай бір міндет,
Байрағыма көз тоқтатып тұрдым көп.
Сәлден кейін мазалады әкемді,
Неге тудың көк болғанын білгім кеп.
Ардақты әкем сөзін толғап дастандай,
Еңсе тіктеп, тұрды алдымда асқардай.
«Көк ту сенің көк аспаның емес пе?
Сен де биік болғын!»,- деді аспандай.
Осы сөзбен келешекке талпындым,
Шақырады арманыма жарқын күн.
Жоғалмайтын жыры болам ұлтымның,
Ту көтерер ұлы болам халқымның!!!
Әрі қарай

Елім үшін құрбан болған

Ассалаумағалейкүм ағайын!
Еліміз үшін құрбан болған Алаш ардақтыларын еске ала отырайық!

Елім үшін құрбан болған,
Алаштың ардақтылары
Табиғатта гүлдей солған
Елімнің ардақтылары.

Сол арыстың ұрпақтары,
Ұсақталып кетті ғой,
Ерке көлдің құрақтары
Майдаланып кетті ғой…

Қорықпа елім Біз бармыз әлі
Еліміздің жалғасы
Қорықпа елім біз бармыз әлі
Даңқты ата-баба мұрасы!
Әрі қарай

Ассалаумағалейкүм Қазақ елі!

Ассалаумағалейкүм Қазақ елі!
Менің атым — Ернар. Қазақ елінің патриотымын. Ұланғайыр даланы ақ найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорғап қалған Қазақ елінің ұланымын!
Арманым — Қазақ елінің гүлденгенін көру. Әлемнің 30 белді елдері арасынан көру.
Кумирім — Қазақ елінің Тұңғыш президенті — Нұрсұлтан аға! Оны әркім жамандайды, бірақ өзім ойлаймын — егер ол кісі болмаса Қазақстанның дамуы кешеуілдеуші еді, Өзбекстан сияқты дамымай қалушы едік деп.
Әрі қарай