Таңдаулы

qisyq
"+" қойып үйреніп қалған қайран басым-ай… қолым қалт етіп, қу тұрмыстың жетегінде, қырт әңгіменің етегінде кеткен жастарымыз жайлы салмақты, салихалы жазбаға "-" басамын деп "+" қойып тастаппын… Кешіре гөр, Құдайберген… Сенің «ах» дегенде көрінер ақ пейіліңді бұл құрғыр қазақ, сатқын қазақ, дарақы қазақ, алды-артын ойламайтын қазақ түсінбейді-ау, түсінбейді… Өз дәуірінің алау оты болып Абай да өткен қан жылап, халқын ойлап, Ақан сері де өткен арқырап, Бұқар да өткен буырқанып… Кім біледі, жылдар өтер, ғасырлар кетер, біздің балалардан тараған ұрпақ өзіңнің осы бір алтын жазбаңды, астарлы сөзіңді интернет қойнауларынан тауып алып, ұлағат көрсетер, ұлықтар… «Бұл қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің жамандықтан аманы жоқ» демекші біз секілді өңшең көрсоқыр, мысықтілеу, майда тірлік, қыбырлаған пенделер дәл осы сәтте, нақ осы шақта сенің самал желмен ілесе жеткен саналы ойларыңды қадірлемейді де, қастерлемейді де… Сондықтан біздің «шіли офтопик, утір нүктеге ілініскен» кейпімізге, «не болса соны талқылауға әуес» түрімізге, «жазылған мақаланың пікірлерінен бір-бірімен жарысып санасуына» алтын жүрегіңді ауыртып, асқақ пікіріңді айтып, жүйкеңді жүндей тоздырып қайтесің…
Әй, бірақ, табиғатынан тобырдың жайына көз жұмбай тұра алмайтын теңдессіз мінез тайсын ба, осы жолдағы күресіңді жалғастыратыныңызға бек сенімдімін. Артық-ауыс айтқан сөздерге сендік кең пейіл, дархан көңіл өзіне тән ақсүйектікпен мойын бұрмасы анық.
Оффтоп сөз айтып, жырқ-жырқ күлген өңкей қыртты атам заманнан бері алапат ой иелері мен ақиқат үшін жан алысып, жан беріскен қаһармандар түзей алмаған, ендігі кезек, ендігі үміт өзіңде, Qydaibergen… «Дүниедегі ең қиын күрес — надандықпен күрес» деп Ғабит Мүсірепов айтпақшы, сенің еншіңдегі бұл жанталас әркім-әркімнің маңдайына жазыла бермесі хақ…
"+" қойғаныма тағы да бір мәрте кешірім өтінемін…