Жарияланымдар
Патшаның қызы неге бақытсыз?..
(15)
- Nurlibek
Менің мына сайтта отырғаныма сағат жарым болды. Бір керемет сайт екен. Жарайсыңдар жігіттер!!! Мықтысыңдар
- Жасыру
Жар-жар
(14)
- Nurlibek
Бибігүл Дәулетбекқызының Аялы алақан бағдарламасы тәубаға түсіретін хабар еді. Әр жексенбі сайын осы қарындасымыздың хабарын екі көзіміз төрт болып теледидардың алдына бала шағаммен сағат алтыларда отыра қалатынбыз. Бір күні үлкен ұлым мені тыңдамай кешкілік бір топ балалармен машинаға мініп кетіп қалды. Түнімен жұбайымыз екеуіміз кірпік қақпастан таңды атырдық. Таңғы сағат жетілер шамасында полиция бөлімінен хабарласып тұр. бақсақ баламыз кешегі бұзақылармен қосылып төбелескен екен. Содан не керек әйтеуір баламыз үшін отқа да шоққа да түстік. Әйтеуір соттан алып қалдық. Бір күні жексенбі күні Бибігүл қарындасымның Аялы алақаны болып жатты, Қуаныш есімді баланың ішімдік ішіп алған достарының оңдырмай ұрып соққаны жайында және оны қыстың көзі қырауда айдалаға апарып тастағаны, соның салдарынан бозбала екі қолының саусақтарынан айырылып қалғаны туралы айтыла басталды. Жәймен көзімнің астымен жанымда отырған балама қарасам, көздері жасқа толып отыр екен. Сол Аялы алақаннан соң балам мүлдем өзгерді. Мектептен қалмай сабақты жақсы оқи бастады. Армандаған оқуына да грантпен түсті. Қазір үшінші курс студенті. Осы үшін де әйелім екеуіміз Бибігүл Дәулетбекқызының тілекшіміз. Егер дәл сол күні балам сол хабарды көрмесе кім білер еді қандай болып кететінін. Қарындасым не хабар ашсаңыз да біз Сізді үнемі қолдаймыз! Алла жар болып, әрдайым перштелер жебеп жүрсін.
- Жасыру