Жарияланымдар

+1, періштелермен жұмыс істеушілер немесе қызымның атын кім қойдым?



Айы-күні жетіп, толғағы піскен ару ананың аманшылықпен жеңілденуін тектен-тек тілемейді екен ғой. Адамнан адамның шығуы физиологиялық тұрғыда қаншалықты қиын құбылыс болса, соншалықты жеңіл, үлпілдек дүние сияқты. Елордадағы «Ұлттық ана мен бала орталығы» қызымыздың туылған құтты ордасы болды. Үш триместрдегі қарап-бақылау да, нәрестенің дүниеге келуі де, бір сөзбен – тұтас цикл осы орталықта өрбіді. Тәубә, бәрі ойдағыдай өтті. Күтімі де, мейірімі де тәнті етті
Әрі қарай

МБ немесе бір түрлі коктейль



Баян Есентаеваның «Ғашық жүректің» біріншісіндегі қарарман көрермендегіні дөп басуы ұнап еді. «Рэкетир» әкелген тың леп сияқты бір жаңашылдық байқап едім онысында. Кеше екіншісіне жұмыстан сытылып шығып барып қайтып едім.

Бұған дейін барғаныма өкініп, фильмнің бастауалды жиырма минутынан кейін тұрып кетіп қалған екі «кином» бар екен. Біріншісі бір жыл бойында әсіре жарнамаланған ана Шаолинь тәріздес тақырбас бала туралы (фильмнің атауы да есімде қалмапты), екіншісі – орыс кинематографиясындағы ең көп шығынды керектіргендердің бірі, ертегі жанрындағы Кончаловскийдің туындысы. «Щелкунчик» пе еді…
Әрі қарай

Қыстың алғашқы күнімен!

Жұмыстың маңында мына бір суретті түсіріп едім. Астанаға қыс әлдеқашан келіп үлгерді. Енді Жаңа Жылға тура отыз күн қалды. Біздегі корпоративка 15-не белгіленді. Ұлу боп киініп барсам ба екен

Әрі қарай

ҚазНеттің логотипі анықталыпты

Оның авторы 59 жастағы қостанайлық Юрий Новоселов. Сайысқа 86 адам қатысыпты, ақтық кезеңге 20 жұмыс іріктеліп алынған. Жюри құрамында экс-мәжіліскерлер Бақыт Сыздықова, Мұрат Әбенов және блоггерлер болыпты. Жеңімпаз логотип мынау:
Әрі қарай