Жарияланымдар

Эстафета. Эпатажды эпопея - қызыл балық.

Дінмұхаммед ұсынған трапеза-кезек. Тамара Тамақ асар.

Істелуіне аз уақыт, минимум еңбек жұмсалатын әрі тез дайын болатын ауқатқа зәруміз делік. Тоңазытқышта тіскебасар провианттан қызыл балық бар деп қиялдайық. Төменгі сөрелерінде гарнирге лайықты кәкір-шүкір. Болды, енді турау-отқа қоюға ыңғайласамыз.

Аздап қыздырылған табаққа майдалап туралған пияз, ол қызғылт түске ауыса берген тұста орташалау туралған картопты үйеміз үстіне. Қалауымызша тұздаймыз. Ортадан жоғары отта 20 минуттай уақыт ішінде пісуі керек. Түбі қатып қалмауы үшін араластырып тұрыңыз.

(1133.63 Kb, 2592x1944)

Балбырап тұрған қызыл балықты жуып аламыз.
Әрі қарай

Мен ұсынатын 3 кітап

Эстафетаны құрдас Омар быраттан қабылдадым. Кейінгі жылдары оқып жатқанымның дені кәсіби жұмысыма қатысы бар әдебиет болғасын, оларды тізбектегім келмеді. Сондықтан шығар, ұсынғым келетіндерім түгелдей бала күнгі оқығандарым болып шықты.

1. «Пеппи длинныйчулок»

(32.08 Kb, 400x284)

Пеппи қыз тоғыз жастағы кейіннен қаранәсілді тайпаның көсемі боп кеткен капитан Эфраим Длинныйчулоктың қызы. Шешесі құндақтаулы жатқан сәби кезінде дүниеден озса да, Пеппи маймылы Нильсон және атымен бірге тәтті дәурен кешіп жүреді. Әке қанымен бойына дарыған алапат күш пен бір шабадан алтын арқасында Швецияның шағын бір кентінде алаңсыз өмір сүруіне жәрдемдеседі. Өз ойындағысын істеуден тайынбайды және өз ойлағанындай істеуге құштар. Айтқанынан қайтпайтын сұмдық табанды Пеппи мектепке барып тәлім алатын сауатты оқушы емес, өтірік айту жақсы еместігін біле тұра, анда-санда ол ереже есінен шығып қап, алуан түрлі ойдан құрастырылған аңыз-әфсаналарының шыншылдығына күмән туғызғандарға тез ренжи салады.
Әрі қарай

Көзi ашықтың соқыр сенiмi

(8.84 Kb, 230x294)

Көзi ашықтың соқыр сенiмi немесе ҚАЗАҚСТАН САЯСАТЫНДАҒЫ ОН БЕС АҢЫЗҒА АЙТАР УӘЖIМIЗ БАР

Бүгiнгi жұрт қызық осы. Мәселенiң мәнiсiне тереңдеп баруға жалқау миды жұмсағысы келмейдi, сiрә. Билiк жақтың әдейiлеп таратқан сөзiне имандай сенiп қалатыны бар. Елiмiзде сауатсыз адам жоқ-ау, бәрiнiң көзi ашық. Бiрақ, сөйте тұра, соқыр сенiмнiң шырмауынан шыға алмайды.
Көпшiлiк арасында мықты бiр қисынға балап, айтылып қалатын, бiрiн-бiрi iлiп әкететiн сөздердiң төркiнiн түсiнiп көрелiкшi.
Әрі қарай

Әрбір қазақстандыққа - 500 000 фунт стерлинг

(53.93 Kb, 300x299)

Кеше Үкімет үйіндегі алқалы мәжілісте үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап күшіне енетін ел тарихындағы елеулі Резолюция қабылданды. Резолюция мәтініне сәйкес, елдегі қазба байлықтарынан түскен пайда есебінен бірінші кезекте Республиканың 119, 2 миллиард доллар көлеміндегі сыртқы қарызы жабылып, маусым айынан бастап туылған әрбір нәрестенің жеке есепшотына 500 мың фунт стерлинг аударылатын болады. Бұл сомаға есепшот иесі кәмелет жасқа толғаннан кейін ғана иелік ете алады.
Әрі қарай

Қостанайда күйеуі қалыңдығынан 44 жас кіші жұп некесін қидырмақ

(35.96 Kb, 468x286)

Қостанай. 31 наурыз. Kazakhstan Today – Қостанайда 19 жасар жас жігіт және 63 жастағы әйел үйленуге бел буды. Бұл туралы агенттік корреспондентіне қалалық АХАЖ бөлімі хабарлады.

Қалалық АХАЖ бөлімінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 2 сәуірінде облыс орталығында 19 жасар Сергей Кулишов пен 63 жастағы Татьяна Нефедовалардың некесі қиылатын болады.
Әрі қарай

Блогкемптен кейінгі «айтыс»

Алматы абыз алқап Алатаулы,
Нысанаға алды жұрт ол отауды.
Ұлы күн қарсаңында дүбірлетті
Блогты тұмар қылған бала атаулы.

Ағылдық шартараптан лек-лек болып,
Құрылтай – өзгесінен бөлек жорық.
Бөз үйде ҚазНеттің жанұясы
Түтінін түтетті үш күн, «шелек» болып.

Үстем болмай жаманның қыңырлығы,
Блоггерлердің болды бұл бір ірілігі.
Презентация түр-түрі сап түзеді,
Стартаптардың түріліп шымылдығы.

ҚазНеттің кең екен-ау жағрапиясы,
Әрі қарай

Блогкемпке домбыраны не үшін апардым?

TOTY да қойыпты төтесінен сауалын. Домбыраны пәлен үшін тартамын, түгенді айтамын деп күнібұрын жоспар сайланбап едім, негізі. Әйтеуір, бас қосылса, бәлкім, ортақтаса Шәмшінің әндерін айтармыз, басқа бір кәдеге жарап қалар деп апарған едім расы. Домбыра апара салуда қиянат жоқ сияқты. Жейде үлестіріп жатқан кей блоггер әріптестерімнің шымши "Әдейі ерекшелену үшін әкелдіңіз ғой, иә?" деп қылжақтауы да ақыр соңында сол домбыраның шертілуі керегіне дәнекер еді. Зилола ханымның ұсына қойған көк түсті дәптері мен қаламы презентацияма бір сағаттай уақыт қала болған жағдай еді. Отыра кетіп бір нәрселерді шимайлай бастадым. Бұны Сатыбалды туралы толғаудың қалай шыққанымен бөлісу үшін жазып отырмын десем жарайтын шығар. Бірер сәттен соң мына бір екі шумақ туды:
Әрі қарай