Жарияланымдар

Nurgisa
Ойынға қайта қатысу үшін 2 жыл күту керек екен. Ереже солай.
Ниет етіп, қатыспаққа оқталған мұқым жұртқа сәттілік!
Nurgisa
Бәрінен бұрын Арья Сансамен қауышып, Мизинецті қашан өлтіреді екен деп отырмын. 4-серияда боп қалуы керек-ау дейді ішкі түйсік.
Nurgisa
Экспо туралы 2012 жылы жорамал айтқан екенбіз. Зымыраған уақыт…
Nurgisa
Тындыратыны да үлкен нәрсе, дала да жарық…

Halledecegi de buyuk bir is, disari da karanlik degildi, maalesef :))))
Nurgisa
Нұрбергений бақсы ма, Пахом әлде шаман ба,
Бәрін біліп тұрады, аман болшы әмәнда.
Nurgisa
All inclusive пакеті бойынша басқа провайдерлер қанша тыраштанса да, Түркия ұсынғанның 50 пайызын ұсына алмай ма деп ойлап қоям. Анталья әзірше нашарлай қоймады. Қандай да бір төтенше жағдай орын ала қалса, вот сонда үрей күшейеді. А так, бір ғана ұшақтың атып түсірілуі мен кемелердің түсініспеушілігі турист нөпіріне кедергі болмау керек сияқты.
Nurgisa
Папасы үйге ұрттаңқырап кеп, әр нәрсені былапыттап мезі еткен, шешетайы болса байым ұл-қыздың алдында әкіреңдеп, ырың-жырың боп кетпесін дейтін үйдің баласындаймыз. Бір шетте үрпиісіп пана тапқан.
Nurgisa
Жалпы, беталысың жаман болмады, Мерей. Осы табандылықты бәсеңдетпесең, 2018 жылғы бәсте топ үштікке үміткер болатын жайың бар.
Фентезиден жалпы әсер қандай, жігіттер? УЕФАның сайтындағысымен салыстырып көргендерің бар ма?
Nurgisa
Беталыстарың жаман емес, балалар. Плейофф кезеңіне жақсылап дайындалыңдар енді, ал!
Nurgisa
Асеке, ризамын!
Вахтадан келгесін, қол тисе, ресурс тапшы болмаса, анау орындыққа қосарлап тағы екеуін жасап жіберерсің?
Әлмираға сабыр мен күш, жеңіл өтсін, құдай қаласа.
Nurgisa
Естіумше, әкім бұл жерге метромен жетіпті. Меніңше, өте орынды жасаған.
Ерлер арасында жеңімпаз кім болғаны со күйі жұмбақ боп қалды…
Атмосфера үшін рахмет! (Әйгерім, таяқ жисің...)
Nurgisa
Ақпаратқа қанықтыратындай-ақ екен, Нұреке, рақмет!
Мыналарды дұрыстап қоя салшы:
«Импортталған»
«Зауыт пен цех саны»
«Мини-ферма құру»
«Беларусь»
Nurgisa
Дарбыз сатып алғасын сол бойда екіге бөліп, біреуін тоңазытқышқа қоямын. Салқын күйінде жұмсақ лепешкімен ұрып жеу ұнайды. Дәстүріме берікпін.
Nurgisa
Кореяға ақша жинап барып қайтуға болады. Бізде қазірдің өзінде спорт мәдениеті, контрибуциялық ментальділік дамып үлгерді. Қала берді, Теніміз ол жақта өз үйіндегідей сезінер, сүрінбес, алтыннан алқа тағынар… деген понидәме…
Nurgisa
Биыл спорт эйфориясын бастан кешеміз тағы. Тек, біздің коронный спорт түрлері — бокс, ауыр атлетикадан бәс жоқ. Бұрынғыдай Ресейге де жақтаса алмайсың…
Nurgisa
Ойбай-ау, минустап тастапсың ғой, Гаста  Жылдың басы ғой, жылы-жұмсақ, ашық та жайдары болайық  
Бұл пост — символизм. Бұдан философиялық тереңдік, терең түптамыр іздемеу керек шығар. Бұл керекпен біте қайнасу белгісі, достар.
Уақыт өте сіздерге де жағадан алмаушылық, үлкенге құрмет көрсету деген сияқты ізгі қасиеттер даритынына сенгім келеді.