Жарияланымдар

Пайдалы сайттар

Негізі интернетте көптеген пайдалы сайттар бар. Мен аспаздық рецептілерге мол немесе программалауды үйрететін, тіпті тегін антивирус кілттерін алатын сайттар туралы айтып отырған жоқпын. Олар да пайдалы, қажетті сайттар ғо. Басқаша пайдалы сайттар да болады ғо, белгілі бір идеяға негізделген, бір кәдімгі анық мақсатты ма… Түсіндіре алмай отырмын.
Қысқасы, каучсерфингке арналған www.couchsurfing.org сайты. Толығырақ жазар едім, бірақ бәрібір қызығушылық танытпайтындарыңды сезем мұндай постқа. Бірақ сонда да жақсы сайт бұл. Оқуға түссем, тіркеліп белсенді каучсерфер болам мен алдағы уақытта.
Әрі қарай

Қандай болды екен?

Баяғыда Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткенін оқыдық. Онда өте күші әсер қалдырып, Күләш бастап таңданыс туғызған. Сол онкүндіктен қалған бейнематериалдар бар шығар, ия?! Қатты көргім келеді соны. Бастапқы қазақтың заманауи өнерінің туылу кезеңдеріне куә болатын бейнематериалдар көрдіңіз бе? Мысалы, алғашқы опреамыз, Шараның билері /негізі Шара шынымен хас талант болған екен ғо, биге сіңірген еңбегіне тәнті болдым, автобиографиялық кітабына сенем мен оның/ соларды көргім келеді. Мен тіпті «Амангелді» фильмін де көрген жоқпын.
Сосын Әміренің дауысын кім естіді? Шынымен де қандай болған екен? Шара жазады, "Әміренің үні кезінде жазылмады, тек көзкөргендердің айтуы болмаса, оның даусын кейінгі ұрпақ ести алмай арманда да қалар еді. Қуанышқа орай, соңғы жылдары техникалық сапасы нашар болса да, оның диктофонға жазылған
7-8 әні табылды, онда да Парижден табылды. Ал осындай табылмай, қол ұстатапай кеткен халқымыздың інжу-маржандары қаншама!" деп.
Бәлкім, мен тек керектіні интернеттен іздеп, қарайтын болғандықтан, мақұрым қалған шығармын. Себебі еліміздің ұлттық арналарынан көрсетілген шығар олар. Онкүндіктің телевидениеге түсірілмеуі мүмкін емес ғо. Күләштің даусын естідім, Шараның билерін кім көрді? Қандайларын?

P.S. «Амангелді» фильмі ютюбта бар екен. Көрем бүгін.
Әрі қарай

"Алтыншы сезім" үшін үнді жігіті Пранавқа рахмет айтайық

Құрметті Айтишниктер!
Ештеңе жазбай-ақ қойдым. Тек мына видеоны басынан аяғына дейін қарауларыңызды сұраймын. Сосын жеткізу қабілеті жақсы біреулеріңіз егжей-тегжейлі пост етсеңіздер, бұл оған тұрарлық дүние.


P.S. Кішкенеден соң 'Особое мнение' фильмінің бастапқы 15 минутын қарап шықсаңыз, күшті болады.
Әрі қарай

Бір жақсылық жасағым келіп тұр

colingo.com
Бұл сайт бар ғо, әлемдегі ең пайдалы сайт дер едім.
Мұнда ағылшын тілінен 24 сағат бойы онлайн сабақтар жүреді носительдермен. Сабақтар тегін, деңгейге бөлінген. Өзім қатыстым бірнеше рет, өте күшті.
Сабақта онлайн түрде гугл+-та 5-6 оқушы мен мұғалім болады. Мұғалім бір сағат ішінде сіздермен танысып, тақырыбын түсіндіріп, сөйлетіп, жаздырып кәдімгідей тілдеріңді дамытады.
Ешкім білмейді бұл сайтты. Сендермен бөліскенімді өзімше бір жақсылық істегендей айтып отырғаным да содан.
Тіркеліп, қатысып /ойнап-қуу үшін емес/ көріңіздер!
Әрі қарай

Бұл өте-мөте жақсы сайт!

Мұнда эстафета сияқты өздері туралы сөз болатын тақырыптар ең популярныйлары екен. Керекинфоны екі күнде оқып шыққам. Басында таңғалдым, қазақ арасында осылай ойлайтын, қарапайым шындықты көретін, одан ұялмайтын, оны мойындайтын адамдар бар екен-ау деп. Қуандым шынымен.
Бірақ сайт пикке жетіп, енді құлдырап бара жатыр, ия?! Тек өз-өздерің туралы сөз болатын тақырыптарға құмарсыңдар, айналдырып келіп соны жазасындар, бір-біріңді мақтаған, шағын одалы пікірлер жазуға құмарсыңдар. Жазбасандар, сол жақты төңіректейсіңдер.
Күшті, қызық, шын жүректен шығып жатқан посттар жоқ.
Қолға алыңдар сайтты!
Бұл өте-мөте жақсы сайт!
Әрі қарай

Менің /және почти барлығымыздың/ қателіктерінен сақтандырғым келеді

Мектеп бітірерде бар ғо, қасыңда көзі ашық, саған шын жаны ашитын адам болмағандықтан, көбіміз қазір қалай болса солай өмір сүріп жатырмыз. Біреулеріміз соны түсініп, іштей, сырттай қиналсақ, біреулеріміз «жұрттан кем емеспіз» деп жұбанғанымызға сеніп жүрміз. Айтайын дегенім, неге ғана оқу бітірерде дұрыс мамандық, дұрыс университет таңдамадым деген ойлар ғой баяғы! Өкінем мен, бірақ мен өкінішімді жөндейтін болдым. Осы жылы КИМЭП-ке тапсырдым. Айтып-айтпа, бәрібір, КИМЭП-тан басқа дұрыс университет жоқ қазір Қазақстанда. КИМЭП-ты бітірген менің сыныптастарымның барлығы қазір 130 000-нан жоғары, өте жақсы жерлерде, өз мамандықтрымен жұмысқа тұрды. Таныссыз, тіл білуімен, мамандығын универінде осы заманмен сәйкестіріп оқығандығының арқасында.
Адамға байланысты бәрі дейтінмін баяғыда, ол рас. Бірақ бар ғо, «грант» үшін оқуға түсу деген неткен ақымақтық еді, ия? Грантқа қызықпаңдар балалар, грант «престижный» мамандықтарға өте аз бөлінеді. Оны да тек алтын белгілер алады. Оқудың тегініне емес, қыруар ақша кетсе де сапалысын таңдаңдар!
«Ой, колледж бітірген анау да қазір бай ғо», «Жұмысқа тек таныс керек, сондықтан тек бітіріп алсаң болды», «Рейтинг бойынша, ЕНУ бірінші орында» деген қыңыр сөздерге құлақ аспаңдар! Жан-жақтарыңа қараңдар! Жан-жақтарыңда ондай адамдар кездеспесе, КИМЭП бітіргендермен кездесіңдер, сұраңдар! Жаңа бітіріп те, жоғары жалақы алатын, ұжымда тұлғаны сыйлайтын Алматыда тым жақсы компаниялар көп. Ата-аналарыңызды да аямаңдар! Олардың басты міндеті де сол — сендерге дұрыс тәрбие мен білім беру.
Дұрыс білім — қашанда «роскошь». Ұмтылыңдар соған!

П.С: Мен ғой қатемді дер кезінде түсінген жанмын. Біреулер бәрін қоғамнан көріп, әлі жүр. Шын ниетіммен жаздым, әсіресе башкавик, пысық емес, дарынды балаларға арналады.
Әрі қарай

Шоқыр Бөлтекұлы деген кісі болыпты баяғыда

Шоқыр Бөлтекұлы кім?
Ол қазақ боксының атасы. Жетім. Қазақфильмде суретші болып жұмыс жасаған. Қазір соның атымен аталатын жыл сайын бокстан жарыс та өткізіліп тұрады.
Бұл адам мен үшін бір әдемі образ. Маңғыстаудың жетім баласы, өзі талпынып қазақтан тұңғыш боксер атанған. Болтеков болмай, Бөлтекұлы болып қалған. Қырсығып фамилиясын өзгертпегені үшін, ірі сайыстарға да өткізілмеген жан. Жаны сұлу адам болған деседі. Бокстан кеткенде, киностудияда суретші болған. Атаққа ұмтылмаған, қарапайым өмір сүрген деп өтірік мақтамайын. Бірақ солай болған сияқты маған.
Өмірі, түр-әлпеті киноға лайықталып туғандай жан. Ол туралы ақпарат іздеуден шаршадым-ақ. ЖОҚ. Осы кісі туралы кім не біледі? Біреулерден естігендерің бар шығар. Бөлісе отырыңдар!
Әрі қарай

Есенберлиннің Мемлекеттік сыйлықты алмағаны дұрыс екен!

Бізді мектепте Ілияс Есенберлиннің КСРО Мемлекеттік сыйлығын алуына өзіміздің қазақ жазушыларының үстінен жазылған арыздары түрткі болды деп оқытты. Ал дәл сол сыйлыққа ұсынылған басқа грузин жазушысының артынан бір вагон вино ма, тартулар ма жіберілген-мыс. Дұрысына келгенде, сол арыздар әділетті деп ойлаймын. Себебі Есенберлиннің тарихи романдары қанша жерден құнды, қызықты, танымал десек те, жазушы ретінде оның Әзілхан Нұршайықовпен деңгейі бір. Олар әдебиетті сүйген жандар, бірақ талантты емес еді. Есенберлин мен Нұршайықовтың қай шығармасы да «тәтті» де «ащы» да емес. Сатыбалды айтпақшы, «кемтар дүниелер». Есенберлиннің сыйлықты алуына кедергі болған арыздар қызғаныштан емес, әділеттікке ұмтылғаннан жазылған сияқты маған. Әрі сол сыйлыққа ие болған Нодар Думбадзенің кітабын оқығанда, екі жазушыны бір-бірімен салыстыруға келмейтінін түсіндім. Нодар Думбадзе — керемет жазушы, ерекше адам екені шығармаларының әр абзацынан көрініп тұрады. Оқыған адам оның бірден фанаты болатынына сенімдімін. (бәрі емес)Интернеттен осы бір кісінің бірлі екілі шығармасын оқып, ойларыңызбен бөліссеңіздер екен.
Әрі қарай