Жарияланымдар

Үлкендерге реніш

Үлкен адамдардан естіп келе жатқан ақылдарым: «Бұл заманда честныйлық деген керек емес», «Слишком ақкөңіл болған дұрыс емес», «Честный болсаң ешнәрсеге де жетпейсің»
Шын жүріп, таза еңбекке ғана арқа сүйеп дәулетті болу қиын, бірақ мүмкін нәрсе. Пара ала алмайтын, тіпті өмірдің өзі олар айтпақшы үйрете алмайтын жандар болады. Ал үлкендер оларды маған бейшаралар, неудачниктер етіп көрсетеді, олардан үлгі алма дейді.
Алдыңа адам келетін жұмысқа тұр дейді, біреу келіп алдыңа іс айтатын жұмыс дұрысы дейді. Санэпидем, прокуратура, министрліктерді мысалға келтіреді.
Ренжимін мен оларға, жастары жарты ғасырға келген адамдардан мен ондайды естігім келмейді. Олар маған барынша таза жүр, артыңда балаларың мақтанардай, жақсы ісің мен атың оларға азық болардай адам болуға тырыс десе екен деймін. Олар өйтіп өте сирек айтады. Дастархан үстінде, жиылыстарда «Бәленше қалай акиматқа кірді солай байып кетті ғо» сынды әңгімелер. Адамдардың маскасы деген, маскарады деген жай айтылмаған дүние болды, шынымен де бәрі бәрі бәрі өтірік пен байлықтың тақырыбынан аспайды. Барлық заманда да солай болған, солай бола береді.
Әрі қарай

Жазда оқылған кітаптарға шолу - 2

1.Атауы: Вокруг света в 80 дней
Жанры: Қызықты оқиғалы /приключение/
Авторы: Жюль Верн
Құны: 450 тг /«Меломан», Мега/
Сюжеті: Филеас Фогг атты нағыз ағылшын азаматы достарымен бір күні жер бетін 80 күнде айналып шыға алатындығына бәстеседі. Сөзге берік, аса сабырлы Филеас сапарға өзінің жаңа қызметшісі француз Паспартуды да ала кетеді. Дәл сол кездерде Англия банкінен үлкен сомада ақша ұрланғаны туралы хабарлар тарап жатқан еді. Қожайын мен қызметшісі жолда түрлі оқиғаларға тап болады. Олардың ізінен Филеас Фоггты банкті тонаған ұрлықшы деп қате санаған Фикс атты барлаушы жүріп отырады. Кітапта олар Үнді елін, Америка қалаларын, екі мұхитты басып өтеді.
Ұнағаны: Кітап ағылшындарға тән керемет юморға, иронияға толы. Елдердің, халықтардың психологиялары мен салт-дәстүрлері де әдемі баяндалған.
Қосымша: Джеки Чан ойнаған аттас фильм бар екенін білесіздер. Алайда ол кітаптан тыс дүниелер көп қосылғандығы туралы википедиянан оқып білдім, қызық туынды болар деп сенемін.

2.Атауы: Айвенго
Жанры: Жартылай тарихи роман /яғни тарихи кезеңдерді арқау ете отырып, ойдан шығарылған кейіпкерлер мен тарихи тұлғаларды өзара біріктіре баяндау/
Авторы: Вальтер Скотт
Құны: 590 тг /«Меломан», Мега/
Сюжеті: Ортағасырлық Англиядағы сакстар мен норманндар арасындағы қақтығыстардың тарихи фонында крест жорығынан құпия түрде үйіне оралған және әкесінің еркімен мұрасынан айырылып қуылған жас рыцарь Айвенгоның абыройы мен леди Ровенаның махаббатын қайтару жолындағы ерлігі баяндалады. Оған көмекке Арыстан Жүректі Ричард пен аңызға айналған Робин Гуд көмекке келеді.
Ұнағаны: Кітаптан соң ортағасырлық тұрмыс пен тарихқа, патшалар өмірі мен Вальтер Скоттқа деген қызығушылық пайда болды. Біраз тарихи мағлұматтармен, сол дәуірдің психологиясына, әдеттерімен танысуға жақсы кітап.
Қосымша: «Айвенго» атты кеңес дәуірінің фильмі бар.
Кітаптар жұқа мұқабалы, сондықтан бағасы да едәуір арзан. 2080 теңгеге 4 кітап: осы екі кітап және Леонардо да Винчидің сурет өнері туралы қолжазбалары мен О.Генридің әңгімелерін алғанымда өте қуандым. Да Винчидің ой толғаулары тап-таза суретке арналған, техникалық және психологиялық қырлары туралы, перспектива, пейзаж салу т.б. тақырыптар қозғалған. Ал О. Генри — ол бөлек тақырып. Сүйікті екі американ жазушымның біреуі болып табылатын Генри мырзаны мектеп кезінен бастап жақсы көремін.
Әрі қарай

PayPal электронды төлем жүйесі туралы

Блог - Nodar: PayPal электронды төлем жүйесі туралы

PayPal төлем жүйесінің клиенттерді қорғау жағы өте мықты, жан-жақты. 90% жағдайда клиент қашанда дұрыс деген оймен, талабыңызды қанағаттандырады. Мысалы:
Интернеттен алдыртқан затыңыз сапасыз, бұзық болып келді ма, дереу PayPal-ға арыз тастасаңыз, сапасыз заттың суретін, видеосын салып, тіпті жай ғана толық түсіндіріп дәлелдесеңіз-ақ ақшаңызды қайтарып береді.
Немесе тапсырысыңыз бірнеше апталап әлі жолда келе жатырса, келуге тиіс уақытынан кешігіп жатса, тағы да арызданып, ақшаңызды қайтарып ала аласыз.
Бір сөзбен, PayPal-мен ғаламтордан қорықпай, сенімді түрде тапсырыс бере беруге болады.
Ғаламтордағы қолданушылардың пікірлерінен оқығандарым да осыны дәлелдей түседі.
Әрі қарай

Теміржол билетін онлайн алудың артықшылықтары

Блог - Nodar: Теміржол билетін онлайн алудың артықшылықтары
Теміржолға билетті epay.railways.kz/ktz3/proc?pa=clients сілтеме арқылы онлайн түрде сатып ала аласыз. Әуелі әрине тіркелуіңіз керек. Барлығы тегін. Артықшылықтары:
1. Комиссия ұсталмайды
Билеттің тек таза құнын төлейсіз. Яғни үйдің қасындағы теміржол билетін сататын кассасы ұстап жүрген 500 теңге өз қалтаңызда қалады.
2. Билетті қайта тапсырар болсаңыз, ешқандай шығындалмайсыз.
Қандай бір себептермен билетті қайта тапсыру керек болса, билеттің толық құны карточкаңызға қайтадан түсе қояды.
3. Билетті кезексіз алу
Әрі қарай

Ақ саз маскасы туралы

Құрметті ұлдар мен қыздар!
Бетке арналған табиғи әрі арзан, сосын жасауға да оңай маска рецептісімен бөліспекшімін.
Маска беттегі әртүрлі дақтарды кетіруге, жалпы бетті тазартып тұруға өте пайдалы.
Блог - Nodar: Ақ саз маскасы туралы
Әрі қарай

Әуезов театры туралы

Театрсүйер көрермен болмасам да, өзіміздің Ақтаудың, сосын Астананың театрларына 2-3 рет барған едім. Театр туралы ойым мынадай: фальш көп, драмасы да, комедиясы да «түймені түйедей етіп көрсету» сезімін тудырады, бір сөзбен қабылдай алмадым. Бірақ кінәні сол жергілікті театрлардан көретінмін, менің ойымша "әкемтеатр" деп аталатын, кезінде Одақтың үздігі болған Алматыдағы Әуезов атындағы қазақ драма театры басқаша, сонда ғана нағыз спектакль көре алам деп шешкен болатынмын.
Көңілім қалды менің. Сөйтсем мұндағы спекакльдер де, мұндағы пьесаны жұртшылыққа көрсету әдісі де, актерлар да, фальш та бәрі бәрі бірдей болып шықты. Мен барған пьеса, ұмытпасам «Бес бойдаққа бір той» деп аталатын.
Сәтсіз пьесаға бардым, келесінде «Абай» болып жатса, соған барамын деп шештім.
Бірақ қайдам, ілінген жарнамаларындағы спектальдердің атаулары мен суреттері бәрібір келешекте көңілім қалатынын сездіртті.
Әрі қарай

Жазда оқылған кітаптарға шолу

Құрметті керекинфолықтар, қалайсыздар!? Оразаларың қабыл болсын!
Осы постта маусым-шілде айларында оқыған кітаптарыммен таныстырсам демекпін.
Блог - Nodar: Жазда оқылған кітаптарға шолу
Жоғарыдағы кітаптарды оқығандар бар болса, ойларымызбен бөлісейік, ал оқымағандарға рекомендеймін, себебі мен оқитын кітап таңдауға келгенде өте салмақтымын.
Әрі қарай

Алматы және кубик рубик

Бастапқы постымда айтқан оқу орным ойымдағыдай білім бере бастады. Ойлаған жұмыс орныма да түсем деген сенімім нығайды. Дәл бір ай үлкен қызығушылықпен кубик рубикті бір жарым минутта жинай алатын болдым. «Алынбайтын қамалдай» көруші едім. Кубик рубикті тек басы мықты жасайтындар ғана жинай алады деп ойлайтын жандарға: Ютюбтан «Александр Рябко кубик» деп іздеу салсаңдар, оның жеті сабақтан тұратын түсіндірме видеолары ашылады. Өте оңай әрі толыққанды түсіндірілген. Мен сол арқылы үйрендім, әрине ол ұзақтау «прослойный метод». Оны жетік меңгерген соң Джессика Фридрих әдісін меңгерсеңіз, кубикті отыз секундта жинай алатындай дәрежеге жетуге болады.
Негізі әлемдік рекорд шамамен алты секундты құрайды. Ең жақсысы, осы видеолар арқылы үйрену тек қара дүрсін алгоритмдерді жаттау емес, логикалық түрде өз басыңызбен де жинауға мүмкіндіктер ашатын жол.
Менің қазір оқып жатқан сабағым ұйымдағы (компания, фирма) қатынастар, жұмысшыларды мотивациялау жалпы HR саласының негіздері. Бұрын ойлаушы едім, бұлар батыстың құдайға қажеті жоқ мамандықтары, псевдобілімдері деп. Ойымнан айни бастадым. Ғылым мен психология сүйенген пайдасы мен маңызы бар сала, білім, тіпті ғылым деп айта аламын.
Сосын мындағы тарихты жетік білетін керекинфошылармен Орбұлақ шайқасы туралы әңгімелесейікші. Қызықты фактілер, Салқам Жәңгір туралы тың информацияларың бар болса бөлісейік. Бірге армандайық, қалай оны фильм етіп түсіретінімізді.
Әрі қарай

Микрофибралы сүрткішке ода

Микрофибра — полиэфир талшықтарынан жасалған мата, алғаш рет Жапонияда 1956 жылдан бастап шығарыла бастапты. Қайдағы жоқ матаға бола пост арнады демеңіздер. Себебі микрофибраның үй шаруасындағы кереметтерін көріп жазып отырмын.
Микрофибралы сүрткіштер /шаң сүрту, еден жууға және т.б./ кейбір сауда орындарында ғана кездеседі, бағасы қымбат емес. Бір сүрткішін 2-3 жыл пайдалана беруге болады.
Төмендегідей түрлері ең көп кездеседі.

Микрофибралы сүркіштер несімен мықты:
Біріншіден, артынан талшық, із қалдырмайды. Яғни, бір сүртіп шыққан жеріңіз алақ-жұлақсыз тап-таза болып қалады. Әсіресе, айна, терезе беттерін сүрткенде бұрынғы көріп жүрген қорлықтарыңызды түгелдей ұмытасыз.
Екіншіден, шаңды бірден «сіңіріп» алады, бойына жинақтайды. Құдды желім сияқты.
Үшіншіден, суды эффективті «сіңіретіндігі» себепті, тазалаған жеріңізде ылғал қалмайды. «Влажная уборка» жасағанда таптырмас құрал.
Төртіншіден, майды қиындықсыз және тез тазартады, ең бастысы химиялық қосындылар мен құралдарсыз. Яғни газ плитасының бетін микрофибра сүрткішіңізбен бір-екі рет сүртіп өтсеңіз-ақ жылтырап сала береді.
Нені ескеру керек: Мұндай сүрткішті ыстық суға жумаңыз, ыстық батареяға ілмеңіз.
Сатып аларда, мұқият болыңыз. Микрофибраның мақсатына қарай әр түрлісі болады. Жалпы шаң сүртуге біреуі, еденге біреуі және соңғысы «полировка» жасауға арналған түрінен біреуін /ох, қалай жылтырататынын білсеңіз ғо/ сатып алсаңыз үйді рахаттана болмаса да, жақсы көңіл-күймен тазалайтын боласыз.
Әрі қарай

Кімде қандай теориялар бар?

Теория емес, орысша «наблюдение» дегенді аудара алмадым. Өзіңіз ұққан, байқап сынаған бір заңдылықтар болады ғо. Мысалы, Джеффри Раш /«Кариб теңізінің приарттарындағы» Барбосса/ көрермендер кино қарағанда кітап оқыған сияқты назарын оңнан солға қарай ауыстырып отырады деген өзінің теориясы бар екен. Сондықтан да ол кісі жоғарыдағы фильмде ролінің экрандық уақыты аз болғандықтан үнемі басты кейіпкермен түскен эпизодтарда оң жақта тұруға тырысқан.
Міне осындай осындай әркімнің үлкенді-кішілі «теориялары» болады.
Мен өзімнің екі «теорияммен» бөлісейін.
Біріншісі, жақсы адамдар мен жаман адамдар жайлы. Жақсы адамдар бала шағында неден қиындық көрсе, не зат жетіспесе, соны ересек болғанда өзгелерге бергіш болады. Ал жаман адамдарда керісінше. Айталық, бала кезіңде ақшадан тарлық көрген жақсы адам, келешекте қолы ашық, кедейлерге көмектескіш болады. Немесе жаман адам бала кезінде ата-ана мейірімінен құр қалса, ержеткенде де басқаларға ол мейірді көрсете алмайды, керісінше олар да менің көрген қиындығымды сезсін дегендей ойлайтын болады.
Екіншісі, «ханжа» адамдар — ең қауіпті адамдар тобы.
Әрі қарай