Жарияланымдар

Саңлақ сахабалар

Ассалаумағалейкумдер!
Жақында Алау Әділбаевтың «Саңлақ сахабалар» атты еңбегін оқып шықтым.
Сөз жоқ берер тағылымы мол, адами қасиеттердің ең үздігін бойына сіңірген асыл жандардың өмірбаяны жүректі иманға толтырады екен.Оқысаңыздар өкінбейтініңіз анық.

Бұл кітапта Пайғамбарымыздың (с.а.у) көзін көрген саңлақ сахабалардың өнегелі өмірнамасы, олардың ислам тарихындағы ерекше орны нақты тарихи дәлелдермен көркем суреттелген.

Кітап Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Сараптау комиссиясымен мақұлданған. Алматы 2004-264 бет.
Әрі қарай

Мұқаңа арнау

Кешіп өтіп жалғанның сын қатпарын,
Жарып кетті биігін мұздақтарын.
Гүрілдеген, тасыған өмір-өзен,
Шіркін ақын ағамнан мін таппадың.

Дантенің "Құдіретті комедиясын",
Аударып қазақшаға оқығансың.
Өмірге өткір қыран көзбен қарап,
Өлеңді өрмекшідей тоқығансың.

Жылататын жүректі жыр айтқанда,
Бірде лаулап,
кейде бір мұз қатқанба?
Қайрылған шаш,
Кең маңдай,
Терең ойлы!
Керемет қой қаламы тіл қатқанда.

Суретінен Мұқаңның көп сұраймын,
«Аққулар ұйықтағанда»
О,Құдайым,
«Музасымен» ақынның таныстыршы.
Бір сезініп қалайын,
ақ шырайын.
Әрі қарай