Жарияланымдар
Сырдың суы сирағымнан келмейді..
(15)
- Momin
Ия, бұл ОҚО мен Қызылорда облысы диқандарының жылда қайталанып келетін «кеселі». Сырдария мемлекетаралық өзен болған соң, оның проблемаларын шешу тек өзімізге ғана байланысты болмай тұр ғой. Диқандарға қажет емес кезде су жинап алып, қажет кезде диқандарды сумен қамтамасыз етеді және көктемгі су тасқынының алдын алады деген Көксарай суреттегішіміздің бұл функцияларды атқаруға әлеуеті жеткіліксіз болғаны ма, әлде Көксарай толығымен іске қосылмады ма екен?! Қазіргі кезде өзендегі мұз кептелісінің кесірінен Отырар ауданы Маяқұм ауылын су алғалы тұр (Алла сақтасын!).
- Жасыру
Менің атамның аңшылығы және қазіргі қоғамның супер аңшылары....
(15)
- Momin
Жанасыл, жақсы жазыпсың. Балтакөл ауылында шынында да аңшылар көп. Жетпістен жеті жасарына дейін аңға шығады (әсірелеп айтқанда). Бұл туралы «Көтеннен ұл туды дегенше, қоянға күн туды дей бер» («Көтен» — Қоңыратқа жататын ру аты) деген "қанатты" сөздері де бар. Негізінен, шариғатта аңшылық, саятшылықа жол берілген. Бірақ бұл кәсіп өз нәпақасын айыру мақсатында қолданылса және аңды олжалар кезде Алланың ат аталса ғана адал болмақ.
- Жасыру