Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?
ФК Шахтер: Еуропа Лигасының топтық кезеңіне алғашқы болып шыққан қазақстандық команда, соңғы жылдары ширақ ойын көрсетіп жүрген топ, қазақстан футболының сенсациясы, еліміздің 2 дүркін чемпионы. УЕФА рейтингі 246-шы орын.ФК Ақтөбе: Еуропа ойындарына ұзақ қатысып келген, бірақ соңғы сәттерінде жолдары болмай қалып
жүрген команда. Дегенмен жинаған жалпы ұпайы көп, соңғы 9 жыл бойы жергілікті премьер-лигада үздік үштіктен түспеген клуб, еліміздің 5 дүркін чемпионы. УЕФА рейтингі 196-шы орын.9-шы наурызда Астана-Арена стадионында өтетін Суперкубок-2014 матчында қайсысы жеңеді деп ойлайсыз немесе жай ғана қайсысына болысасыз?

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында шетелдік компаниялардың бірінде қызмет ететін, сәйкесінше ағылшын тілінде жиі сөйлеп үйреніп қалған 30 жастағы бойдақ, ұлты кәріс ресейлік азамат Леонид Вон, түркі халқының жаңа жылы болып саналатын Наурыздың қалай тойланатындығын өз көзімен көру мақсатында жұмысынан демалыс алып, облыс орталығы — Орал қаласына келеді. Ал бұдан бұрынырақ ол Пенза қаласынан көптен бері көрмеген, хабарласпаған бұрынғы махаббаты, өзінен 3 жасқа үлкен Люда есімді кәріс қызын осы жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырып қояды. Ал оның жеке нөмірін ортақ ескі таныстарынан біліп алады. Леонид телефон арқылы сөйлескенде Люданың әлі тұрмысқа шықпағанын біліп, өзінің ұсынысын Наурыз мерекесі кезінде білдіргісі келгендіктен, алдын-ала қымбат сақина сатып алу үшін, Оралдағы сауда орталықтарының біріне барады. Және осы жерде жергілікті қылмыскерлердің нысанасына ілігеді. Оны аңду басталады.

Халықаралық ғарыштық станциядағы ғарышкерлердің әрекеттері мен әңгімелерін осы сілтеме арқылы тікелей эфирде көріп тыңдай аласыз:
Бұл тек жастарға ғана емес, өзін жас санайтын кез келген адамға арналған. Жастық шақтың қадірін қалайша анық түсініп, сезінуге болады?! Әр адам өзінің жастық шағын белгілі бір бағытқа арнай алады, оның ішінде адамзатқа танымал тұлға болуға — солайша атыңды қалдыруға, бір сөзбен айтқанда мансапқа, не жай ғана «ойна да күл» қағидасымен өмір сүруге немесе тек отбасы өміріне және ең күрделісі осының барлығын қатар алып жүруге. Ал ең оңайы – қор болып, жай ғана арманмен өткізуге.

