Таңдаулы

beka95
негізі айтады, «түс — түлкінің боғы» деп. бірақ мен келісе қоймаймын. кей кездері түстерде аян беріледі. мен де сіз сияқты бір қызға қатты ғашық болғам. қазір де ғашықпын- ау шамасы…
өткен жылы сол сүйген қызым бір жігітпен жүріп жүрген. сосын бір күні түсімде сол жігітімен айырылысқанын естідім. ертесіне өңімде агентте достарым «солай да, солай, екеуі айырылысып кетті» деп айтты. сол күні тағы да түс көрдім. түсімде сол мен сүйген қыз мені іздеп жүр, маған «кетіп қалмаш, сабақтан соң сөйлесейік» деп. ал мен сіз айтпақшы қашып жүрмін, жолым түйіспейді. дәл осылай мазмұнмен 3-4 күн түсімде көрдім…
бұл не?! мүмкін тағдыр…
ademi_alem
ол күйеуден шығып келгендігіне қарамай аламын дедім түсімде.Егер бұл өңімде болғанда да мен солай айтар едім өйткені мен оны өте қатты жақсы көремін,өлердей ғашықпын.
Бұл аян түс деп ойламаймын. Жақсы көретін адамды көп ойлау нәтижесінде болған түс сияқты. Өмірде қалай болғанын қаласаңыз, түсіңізде соны көргенсіз. Жүрегіңізден босатыңыз оны. әрине, айтуға оңай... Мүмкін оны ұмытуға «Ол мені әлі жақсы көреді, ол мені сағынады, ұмытуы мүмкін емес» деген ойларыңыз кедергі болатын шығар.