Таңдаулы

Тілмашқа 120 кеңес

Блог - Anuarbekkyzy: Тілмашқа 120 кеңес
Сіздермен отандық ұйымның тегі ағылшын тілмашы берген 120 кеңеспен бөліскім келеді. Ағылшын тілін жетік меңгердік деген сенімде болсақ та, қанша жыл оқысақ та, көп нәрсені жұмыс жасағанда ғана тәжірибеде біліп жатамыз. Білместіктен, орыс, қазақ тілінің ережелерімен шатастырып жатып, қате жіберіп жатамыз. Сондықтан аударма саласына жаңа келіп жатқандарға пайдаға асар деген үмітпен
Әрі қарай

Нағыз еркек

Соккер соққыр: Нағыз еркек
Ви́нсент Пи́тер «Ви́нни» Джонс — Уотфордтың тумасы. Жасы қазір 48-де.
Ағылшын футболшысы, бірақ Уэльс құрамасында өнер көрсеткен. Көбіңіз, әрине, оны футбол матчтарынан емес, көгілдір экрандағы фильмдерден көрдіңіздер.
Маған оның кинодағы рөлі жасыл алаңдағысынан аса өзгере қоймаған секілді көрінеді. Қай киносын қарамасам да не аз сөйлейтін, не мүлдем сөйлемейтін қанішер және қатігез кісі өлтірушіні сомдап жүреді.
Бала кезінде тәуір техника иесі болғанымен, ересек мансабында балташыға көбірек ұқсаттым. Нағыз жауынгер, қаймықпайтын дүлей. Жақындағанын шауып түсіреді. Оның бала кезінде футболмен қош айтысып, кейін қайта оралғанын да айтады білгіштер. Алайда, кейін ол енді қолапайсыз «ағаш» қорғаушы боп оралды. Бірақ, бұл жақсы, техникасы мығым қорғаушы — команданың жауы. Егер де, әрине, жартылай қорғаушыдан өзге амплуа ұстамайтын Барселона болмасаң.
«Жындылар бандасы» деп ат қойылған «Уимболдонның» құрамында Англия кубогін ұтып алған Винни кейін бірқатар ағылшын клубтарында ойнады. Қорғаушы және жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсеткен ол 384 ресми матчта ойнап, 33 гол соқты.
Әрі қарай

Салфетка

Ақын емес болғандықтан азулы,
Бос сөзде де білмейді екем қажуды.
Таусылғандай әлемде бар тақырып
Тапқан екем мен де нені жазуды!

Сүртейін бе не қолымды, бетімді,
Салфеткамның түрлері бар не түрлі.
Пайдалану осы жұмсақ қағазды,
Мәдениеттің көрінісі секілді.

Әне жатыр салфетканың құрғағы,
Міне жатыр антимикроб-ылғалы.
Жол жүруші адамыңа бұл нәрсе,
Аса қажет жарақ болып тұрғаны.

Пах, салфетка! Демеңіздер далбаса,
Шала біткен ақын жырын арнаса.
Мына өлең шықпас па еді жарыққа
Жазатұғын бір салфетка болмаса.
Қаңтар, 2010
Әрі қарай

Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ (02)

Екінші бөлім

Сұрақ: Әйгілі төрт халифа кімдер?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.), Осман (р.а.), Әли (р.а.).
Сұрақ: Құран кәрім қай халифаның кезінде кітап болып жиналды?
Жауап: Әбу Бәкірдің (р.а.) кезінде.
Сұрақ: Құран қанша аяттан тұрады?
Жауап: 6216 аят.
Әрі қарай

Атаңанә сөз тіркестері

Менде бір керемет сюжет бар...: Атаңанә сөз тіркестері

***
Жұрттың бәрі "құнды пікір" деп жүрген бір пікірді алдық та, Нью-Йорк Қор Биржасына орналастырдық. Екі апта бойы тұрды. Ешкім алмады. Сеніміміз ақталмады: құнсыз пікір болып шықты.

***
Елдің үмітін ақтамақ болдық. Екі шелек әк ездік те, шөткімен елге бардық. Иконың пақаны — ар жағын, мен бер жағын ақтайтын болып келістік. Бірақ үмітті таба алмадық. Сөйтіп, елдің үмітін ақтай алмай, қайтып келдік. Шешесстің.

***
Газеттен «Сырбаз Сырбай» деген мақаланы көріп қалдық. Бір жартымызды алып, үйіне бардық. Бөтелкені аяғына дейін ішкенше жұмған аузын ашпады. Әйелі онысын — кеше ғана Қауіпсіздік Комитетіне жұмысқа тұрғанымен түсіндірді.

***
Нақу ақын бақшасын суаруға шығып, жалаңаштанып, арамшөптерді отай бастағанда, суретке түсіріп-түсіріп алдық. Сөйтіп жұртқа — оның иығы ақ емес екенін дәлелдедік. Нақу ақын масқарамен жер аударылды.

***
Судья Джексонның туыстары жоқ екен деп, Жаңа Жылға сыйлық жазбадық. Судья Джексон ертңіне ұлы ойбай ұйымдастырды. Туыстары жоқ болмақ түгілі: 4 қызы, 3 ұлы, пақаны, мақаны, екі інісі мен үш әпкесі бар боп шықты. «Шешесс...» дегеннен басқа эпитет келмей қалды…
Әрі қарай