Таңдаулы

Aldeken
Бірде бір ағайынды екі кісі болыпты, екеуіне де Алланың мұғжизасы дарыған әулиелігі бар екен.
Содан екі ағайындының бірі сол әулиелігін дамытам, білімімді тереңдетем деп тау-тастың арасына жалғыз өзі көшіп кетіп, бар уақыты мен ықыласын ілім-білім үйренуге, әулиелігін шыңдауға бағыттапты да, екіншісі сол өздерінің туған қаласында базарда етікші болып, аяқ-киім жөндеп, нәпақасын тауып жүр екен.
Күндердің күнінде әлгі ел-жұрттан бөлек кеткен ағайыны қалаға келіп, өзінің әулиелігін көрсетпек ниетпен, түбі жоқ екі шелекке су толтырып, әулиелігінің арқасында сол суды төкпей шашпай шелектің ішінде ұстатып, қаланы аралап келе жатса керек. Содан өзінің әулиелігін дамытқанын көрсетейін деп базарда етік жөндеп отырған ағайынына қарай беттеген екен. Сол кезде ағайынына келіп бір келіншек аяғындағы етігінің тақасын қақтырып тұрсекен және етікшінің жұмысына кедергі болмау үшін көйлегінің етегін тізесіне дейін түріп тұрғанға ұқсайды.
Сол кезде түбі жоқ шелекпен су алып келе жатқан туысқанының көзі әйелдің балтырына түсіп кеткен кезде екі шелектегі су да түбінен ағып кетсе керек. Осы жағдайды көріп отырған етікші туысқаны: «Тау-тастың арасында жүріп әулие болу оңай ғой» деп комментарий айтыпты.

барлық әйел шешініп жалаңаш жүрсе де құдайдан шын қорқатын адам көңіл аудармайды.

осы бір жерде мұсылманның негізгі және ең ауыр джихады оның жүрегінде, яғни өз нәпсісімен күресу дегенді оқып едім. осыған қосылам.