Тіленші қарттар
Қарағандыдағы Орталық көшені бойлап келе жатып суық жерде отырған қайыршыға көзім түсті. Шын мәнінде қайыршыға емес, бүрісіп, алдына қалбыр қойып отырған қарияға.Осыған дейін де бірнеше жерде алақан жайып отырған қарияларды көргенім есіме түсіп, жанына жайғастым. «-Тоңған жоқсыз ба?» — дедім аяушылық білдіріп. «-Жоқ, суық емес» — деп астына төсеп алған қалың ағаш тақтайшаны көрсетті. Әңгімеміз осылай басталды. – Балаларыңыз қайда, неге бұлай отырсыз? – деп мән жайды сұрадым. Әлбетте, күнкөріс көзі. Үлкен екі баласы мен немересін осы қарт тіленшілікпен асырап отыр. Екі баласы да мүгедек. Ұлы ішкілікке салынып, соңында үлкен дертке шалдыққан. Тамақты өздігімен жей алғанымен, ас асқазанға, бойға батпайды. Асқынған асқазан ауруы. Қызы болса 3-ші топтағы мүгедек. Көзі әрең көреді. Және бастауышта оқитын немересі бар. «Ел ақша тастайды, күнкөріске жетеді, маған тек – ұят» — деді көзіне жас алып қария. Жасы 82-ге келген әжейдің жұмыс істеуге еш қауқары жоқ әрине. Амалының жоқтығынан көшеде ақша сұрап отыруға бел буған.

Бетін жуған тамшылардың өзінде қаншама мұң, «Ұят» сөзінің астарында іркіліп қалған қаншама сөз барын оты сөнген жанары айтып-ақ тұр. «-Үйдің өзін күтетін, жинайтын адам керек, оны кім жинайды? Менің қауқарым жетпейді, балалар болса – анау», — деп үйі бар болғанымен, оған еш жағдай жасалмағанын айтып мұңайды. Сол маңды торуылдаған Полицей ағайлар болса, «Бұл жерде отыруға болмайды» -деп қарт ананы отырған жерінен қуып жібереді екен. Бейнетінің зейнетін көретін шақта ешкімнен қамқорлық көрмей, өткен-кеткенге осылай жәутеңдеп отырған қарияның тірлігі жаныма батты. Бұл жалғыз қария емес, орталықтың өзінен қол жайып отырған бірнешеуін кезіктіресіз. Қарттардың бар екені тек бір күнде ғана түседі есімізге. Ол – қарттар күні. Сол күні оларға құшақ-құшақ сыйлықтар алынып, жылы сөздер арналады. Басым көпшілігі – ардагерлер мен қарттар үйіндегі ата-әжелерге назар аударады. Күннің суығында жұқа киіммен қайыр тілеп отырғандар ше? Ертеңгі қыстың қақаған аязында олардың күні не болмақ? Қамқорлыққа өте зәру көшедегі қарттарға назар аударса екен биліктегілер. Басына түскен қайғымен бөлісіп, кішкене болсын қол ұшын созса тіленші-қарттар саны азаяр ма еді? Қазыналы қарттармызға көшеде емес, үйдің төрінде, немерелеріне ертегі айтып отырған жарасады емес пе?! Оларға бір күнде ғана емес, әр күн сайын құрмет, қамқорлық жасалуы тиіс. Бізде болса тіленші қарттар саны әр жерде күн санап көбейіп бара жатыр. Қариясын далаға қаңғыртпаған ел емес пе едік? Қайдасыз қазақ баласы? Анаңыз, ата-әжеңіз — күздің, қоғамның қара суығынан тонып қалды ғой…





Нұркен — Ұлы Отан соғысының қанды қырғын майданында қазақ халқынан шыққан жетінші Кеңес Одағының Батыры. Ол 1919 жылы Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылында дүниеге келген. 9 жасқа дейін осы ауылда өсіп, кәдімгі қазақ ауылының тәлім — тәрбиесін алған. Жастайынан ширақ, пысық болып өсті. Содан 30 жылдардың аумалы-төкпелі кезеңдерінде отбасының ұйғаруымен Қарағанда қаласына көшіп келеді. Соғысқа дейінгі өмірі сонда өтеді. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып Орынбор әскери ұшақтар училищесіне оқуға жіберіледі. 1942 жылы 808 полктің әскери ұшақтар дивизоны құрамында соғыс қимылына белсене қатысады. Нұркеннің қан майдандағы өмірі ұзаққа созылмаса да ерен ерлік жасап, өшпес даңқа бөленіп, аңыз болып тарайтын хас батыр болып дүниеден өтті. Нұркен Әбдіров 16 рет әуе шабуылына қатысып, фашист тасқыншыларының 12 -танкісін, 28 автомашинасын, 3 зеңбірегін, көптеген жау бекіністерін, ондаған жаяу әскерін жер жастандырып, нағыз ерліктің ортасында жүрді. 1942 жылғы желтоқсан айының соңғы шайқастарында жаудың бірнеше объектілерін талқандап үлгеріп, отқа оранған самолетін неміс әскерлерінің қару-жарақ тиелген тұсына қарай бағыттап, жау төбесінен жұлдыздай жарқырап ағып түсті. Өзінің артына өшпес даңқын қалдырып солай қаза тапты…
Тоқтар ағамыз өзінің туған жерінен (Тоқтар ауылы) Нұркен ауылына дейін «Батырдың басқан жерін мен де басайын — деп жаяу келеді екен. Сонаау жерден Тоқтар ағамыз жаяулап келген жерде біз тұрып жатырмыз!.. Біз үшін бұл-қуаныш)) Ауылымызда қазір 2000 мыңға жуық адам тұрады. Нұркен атындағы мектеп бар. Әрбір бүлдіршін оған еліктеп, батыр болсам, елге пайдамды тигізссем деп өсері анық. Туған жердің атына кір келтірмеу әр баланың міндеті. Олардың бабаларымызға арнап, өлең, әңгіме жазатындары, „ұқсап өссем ғой“ — деген армандары қуантады!

Алдымен Музей алдындағы Шоқан.У ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым еттік, содан соң музей ішін тамашалауға көштік. 
Қолынан қаламы мен қағазы түспеген Шоқан олардың «Манас» поэмасын зерттеген. 





Алғаш суретті көргеннен-ақ адамда жаңа пікірлер мен ойлар қалыптасады. Және бірінші ой адамда ұзақ сақталады, және де сол қалыптасып қалған ойдан тез арыла алмайды… Аваға ескі суретті қоймауға тырысу керек. Көңілді күліп түскен суретің ұтымды болып табылады.
Өзіңді асыра мақтаудан сақ бол. Жалған мәлімет беруден аулақ болу қажет. Соңы сенімсіздікке, алдануға әкеліп соғады.
Әңгімелесу барысында жағымды тақырыптарды қозғауға тырыс. Ешуақытта өзіңіе шағымданып, келеңсіз жайттарынды қозғама.
Қауіпсіздік үшін қоғамдық жерлерде кездесуді таңда.





Бүркітпен аң аулаудағы ең қызықты әрі қиыны-түлкі аулау болып табылады. Себебі: түлкі басқа аңдардай емес дыбыс, иіс, дүбірді алыстан сезеді, дереу жасырынады. Бүркітті көрген түлкі шамасы келсе қыранның тасасын сығалап, қараған-бұтаны аралай қашады. Түлкінің бұлай жықпылдата бой тасалауын құсбегілер «жабыттап қашу» дейді. Ал, жасырынған түлкінің үстіне қағушы немесе ит барып қалмаса, жатқан жерінен тыпыр етпейді. Көбінде бүркітті алыстан байқап, осылай бұғып қалады. 



Және олардың қолдарында мылтық емес, винтовка, автоматқа ауыстырған. Және де саятшылдықтың рахатын сезіну үшін емес, бас-көз жоқ жазықсыз аңдарды арам пиғылмен аулайтын болған. Яғни, бағалы мүйізі, терісі үшін.




Қазақстан жерін мекендеген тайпалар Қола ғасырында Андровтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған.
Қола дәуірінің ең басты ерекшелігі — түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі. Көшпелі мал шаруашылығы өркендеп, әке билігі орнады.
Осы кездегі таутеке, жылқы суреттері ерекше компазицияға ие болды. Және бір ерекшелігі шошақ бөрікті адам суретінің болуы. Адам бейнесінің осы суреті тиграхауда сақтарын еске түсіреді. Сақтардың негізгі үш тобы ( парадарайы, тихрахауда, хаумаварга) мектеп бағдарламасынан белгілі және жиі қоныстанған жері, яғни өзіндік территориясы болды.







