Жарияланымдар

Сен өлесің

Керекинфода отырып жазба жазуға уақыт құрғыр жар бермей қойғаны деп ақталайын, айып етпеңіздер. Мен жер басып жүрмін. Соңғы кезде жұмыспен қатар үй шаруасы, бала күтімі деген сияқты тірліктерімнен әрі аса алмай қалдым.
Осы блогтұғырнамадағы соңғы жазбамды жақтырмай, отбасы, ошақ қасыңды жаза берші деп мұрнын шүйіргендер де бар екен. Ақыл айтып, жол сілтегендер де жоқ емес. Алайда, мен өзімнің азаматтық позициям мен қоғамдық пікірімді өзгертпеймін және не жазсам да өз еркіммен жазам. Әрине, отбасы мен ошақ қасындағы мәселелер менің басты тақырыбым. Бірақ ара-арасында қоғамдық мәселелерге де ден қойып, өз пікірімді білдіруге хақылымын деп ойлаймын.
Бүгін, мен, дәрігер этикасы туралы айтамын.
Әрі қарай

Зікіршілерден қоғам неге қорқады?

Блог - Kelinshek: Зікіршілерден қоғам неге қорқады?
Бүгінгі қазақ қоғамын жалған намысшыл, аттан, айғайдың тобыры мен ұлттық санадан ада ұрпақ жайлаған. 100% емес, әрине. Бірақ көп бөлігін. Және өңшең дәлдүріштердің дәурені жүріп тұрған алмағайып заман. Қайтейік енді, қазақ, қазақ дегенде көкірегі қарс айырылып, аза бойы қаза болып, қазақтың санасын қазақыландыру үшін аянбай жүрген шынайы, нағыз ұлтшылдар тар қапасқа қамалып немесе қудаланып кетті емес пе? Осы үшін қатты қамығамын. Көңілім құлазып, ішімді бір ыза кернейді. Өйткені, бүгінгі қоғам тажал, аранын ашса, шайнап-шайнап қылғытып жібереді.
Әрі қарай

Қызғаншақтық - дерт

Блог - Kelinshek: Қызғаншақтық - дерт
«Сенің анау қызға көзің түсіп отыр, ол қызға деген ықыласың өзгеше екенін байқамай қалды дейсің бе? Сен соны жақсы көресің, қаласаң соған бар» деген сыңайдағы жанжалды әңгімені естігенде жүйкеңіз жұқарып, төзіміңіз таусылып сала береді.
Әрі қарай

Кеткен қыздың мұраты...

Қыз мұраты — кету екені белгілі. Ал кеткен қыздың мұраты — барған жерге сыю. Барған жерге сыю үшін, меніңше, кез келген келін қазақтың салт-дәстүрін орындап, таңертең ерте тұрып ата-енеге шай беріп, қысқасы, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығуға міндеттеліп жатады. Келіннің өзі оның барлығын мойнына артып алады.
Әрі қарай

Керекинфоға керегім болып қалар деп...

Керекинфоға керегім болып қалар деп осы ауылға ат басын бұрдым. Қарсы ал, құрбыларым!
Келіншек сіздерге келін яки келіншек болудың артықшылықтары мен қиындықтарын, ащысы мен тәттісін, кәйіп-мәйіпін жазып беруге уәде береді. Өйткені, мен келінмін, мен келіншекпін! Мен ошақ қасында отырған отанасымын) Көріп-білетін, абайсызда естіп қалатын өсектер көп. Ол өсектер сіздерді қызықтыруы мүмкін.
Әрі қарай