Жарияланымдар

www.youtube.com видео порталынан бейнелерді көшіріп алудың мен білетін әдістері

Интернеттен бейне жазбалар іздесек ең алдымен алдымыздан www.youtube.com видео порталы шығатыны белгілі. Ақтарсаң ішінен қалағаныңды табуға болады. Әрі жылдам жұмыс істейді. Жаңадан шығып жатқан клиптер мен кинолар да осы арада жүреді. Қазақша бейнелер де баршылық. Кей біреулер осында салған бейнелері арқылы әлемге танымал болып жатады. Енді бұл арадан өзімізге ұнаған бейнені қалай көшіріп аламыз? Өзім білетін бірнеше жолды ұсынамын.

Бірінше әдіс: Алдымен керек бейнені тауып, URL мекенін көшіріп аламыз

Әрі қарай

Фото жұмбақтың жауабы.

мына жерде жарияланған фото жұмбақтың жауабы. Алғаш болып дұрыс жауабын жазған sammita болды. Уәде бойынша келесі бас қосуда бір кесе шәй менен.


Ескерткіш 1998 жылы Омаров көшесінде ашылған екен. Жоғарғы сот ғимаратының жанында.
Тасалау жер секілді тұрған жері.
Әрі қарай

Қызықтарыңызды жаза отырыңыз.

Алғаш жұмыс бастаған кезім. IT бөлімде. Жұмысым бұзылған компты жөндеу. Бірде жас қыз келді. Кеңсесін ауыстырғанын айтты. Енді барлық комп, принтерлерді құрадым.Бір ақ принтердің светі жанып тұр, қалғандары қосылмайды дейді, біраз әуреленіпті. Бардым. Столдың үстінде бәрі тұр. Сырттан қарап тұрмын сымдарына. Араласып жатыр. Сөйтсем әлгі блог пен монитордың сымдарын әкеп сетевой фильтрға қосыпты да

фильтрдің өз шнурын әкеліп қайта өзіне тығып қойыпты. Ал принтердің жанып тұрғаны оны тоққа тікелей қосып қойған екен.
Әрі қарай

Қажетті бағдарламалар. Кез келген құжатты Pdf форматына ауыстыру.

Жұмыс барысында құжаттарды Pdf форматына ауыстыруға тура келетін жағдайлар болады. Сол кезде пайдасы тиетін, әрі қолдануы өте оңай бағдарлама.
dopdf

Кез келген құжатты Pdf форматына ауыстыру. Мысалы Doc, cdr, jpg,html т.б.

көшіріп алу.

www.dopdf.com/ru/download.php
Әрі қарай

Фото жұмбақ

Астанадағы ескерткіштерді таныту мақсатында фото жұмбақ ойынын бастадым.
Алғашқысы.
Мына жазулар қай ескерткіштің алдында жазылған.
Әрі қарай

Азиада жарыстарынан кейінгі ең беделді спорттық бәсеке. Астанадағы блогшылар жарысы.

Бекболат ағамыз блог ашуы қазақ блогшыларына жаңа серпін алып келген секілді. Әсіресе Астана жазғыштары үшін. Дуалы ауыз ағамыздың жазған жазбасынан кейін пайда болған ой осындай кішігірім ( біз үшін үлкен ) бас қосуға алып келді. Сонымен не керек Өркен, Кәмшат, Аршат блогтарына жазбалар жазған екен, сондықтан кімдер жүлделі болғанын шұқылап көрсетпей ақ қояйын. Жарыс барысында алда келе жатып аяғымнан шаңғым шығып кетіп (қарсыластардың үйымдасқан әрекеті болуы мүмкін) құладым. Қайта тұрып шаңғымды киіп жатқан кезде Аршат озды да кетті. Кейіндеу Арекеңе адамгершілік болмады неге көмектеспедің деп әзілдеген едім, дұрыс түсінбеген бе (түсінуі керек қой, тәжірибесі көп кісі емеспе)менің тарапыма біраз әріптер жазып тастапты керек инфода. Ал Қыздар арасындаға жеңімпаз Кәмшат әпкеміз Есімімді Ерасыл деп жазып жіберіпті. (Ерасыл інім, осы суреттерді түсірген жігіт). Мақұл делік!!! Сонымен суреттерге келсек: Суреттерді мына арадан көре аласыздар.
Әрі қарай