Жарияланымдар

Бұрынғы қазақ халқының жылдық тамақтану үрдісі.

Біздің ата — бабаларымыз, яғни қазақ деген халық дұрыс тамақтанудың адам ағзасына қаншалықты тікелей әсер ететінін ешбір өзге халықтардан кем білмеген. Сол сияқты жылдың
төрт мезгілінің де ағзаға қаншалықты әсері бар екенін,қай мезгілде қалай тамақтану керек екенін өте жақсы білген. Барлық дәрумендер тек қана көкөніс пен жеміс-жидектерде, болмаса балық, бақа-шаяндарда деген түсінік біздің аталарымызда ол заманда болмаған. Сонда да ғасырлар бойы өз тәжірбиелерінің нәтижиесінде жинақталған тұжырымдарының дұрыстығы арқасында ешқандай емханасы, курорты жоқ иен далада жойылып кетпестен, қазіргі білгішсініп жүрген біз сияқты ұрпақтарының негізін қалаған.Ал енді аталарымыз жыл он екі айда қандай
тәртіппен тамақтанған деген сұрақ туындауы әбден дұрыс-ақ. Көктем айы «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы»-деп аталған,«Көктемнің көк өзек шағы»-атанған уақыт та осы кез.Қыстан қиналап шыққан жұрт есін жиып, күш жинау үшін осы бір шақта көктемгі соғымдарын сойып, тоя тамақтанып әл жинаған, сөйтіп ағзаның әлсіреуіне жол бермеген.
Осы шақта мал төлдеп, ақ молайып,қымыз-шұбат ағыл-тегіл уақытқа жалғасқан.Бұрынғылардың «Мал ауызы көкке, жан ауызы аққа тиді»-деген уақыты осы шақ болса керек. Жаз бойғы тамақ негізі құрт-май,ірімшік, айран-қатық, бағлан қозы сияқты дәрумендерге бай тамақтар болған.
Қазақтың «Күн жаз, ет аз»-деген сөзі осы уақыттан қалса керек.Содан терең күзге дейін солай жалғасқан. Ел қыстауға көшіп,қора -қопсысын, отын суын жайлап алғаннан соң Қараша, Желтақсан айларында қысқы соғым басталған. Қазақта соғымға мал сою уақыты өзінше бір мереке іспеттес болған. Бұл уақыт бір айдай кезеңге созылып, соғым сайылған үйде өз майына қуырдақ дайындалып ағыл-тегіл, мәре-сәре болып жатқан.Қазақ негізі соғымға жылқы, түйе малдарын арнаған.Себебі бұл екі түліктің де еттрінің емдік қасиетке өте бай екенін аталарымыз жақсы білген.Қой малын арнаулы қонақтар келгенде ғана атап, бата сұрап сойған.Ал сиыр, ешкі малдары еріксіз, ақсақ-тоқсақ болмаса сойылмаған.Екеуінің де еті суықтық, жел әкеледі деп саналған. «Соғым сойылған күн, ақ түйенің қарыны жарылған күн» — деген сөз осы уақытты меңзесе керек. Сонымен қайран Бабаларым қысымен әр үйден соғым басын тойлап,қазыны кертіп,қартаны майын ағызып жеп көктемге де шыққан. Оған қазақтың қаймағы бұзылмаған кең сахарасының саф ауасын, сол даладағы саятшылық, аңшылықты, әр үйде күмбірлеген домбырамның қоңыр үнін қос.Осыдан кейін оған дәрумен, ритм, ситмің не керек деп еріксіз ойлайсың.Бұл менің ешқандай энциколопедиядан көшірмеген таза өз тұжырымым, сондықтан қателесуім әбден мүмкін.
Әрі қарай

Сөз құдіреті

Сөз, осы бір үш әріптен құралған дүниенің кереметіне тірі жан таласаалмаса керек. Осы бір ауыз сөздің кесірінен елмен-ел кетіскен, ермен-ер шабысқан замандар болған екен. Осы бір ауыз сөздің құдіретімен бабаларымыз бітіспес жер дауын, келіспес жесір дауын шешіп отырған екен. Қазақ халқы әу бастан-ақ сөзге тоқтаған, сөз қадірін білген елміз. Қазір сол бабаларымыздың тамаша қалпынан тайып барамыз ба деген күдік бар. Осы жайлы ойлана отырып бұрынырақ естіген бір әфсананы жариялағым келіп отыр.
Сонау ілгергі халықты хан билеген замандарда бір қаһарлы хан түс көріпті. Түсінде аузында бір тісінен басқа тістерінің бәрі түсіп қалыпты.Содан шошып оянған хан, орнынан тұра сала екі уәзірін шақыртып түсін жорытыпты.
Әрі қарай

Бұл не деген масқара?

Бүгін, яғни 15-ші қыркүйек күні «Астана» арнасының таңертеңгі жаңалақтарынан Павлодар қаласының екі жасөспірімінің (аттарын айтып еді, ұмытып қалдым) өз аулаларының көріксіздігі, ластығы,қараңғылығы жайлы алаңдайтындықтарын білдіріп Путин мен Назарбаевтың атына хат жазғандықтарын, сол арна тілшісі аса бір мақтаныш пен айтып шықты. Әрі сол жасөспірімдердің хаты бойынша екі ел президенттері әлгі аулаға соғатынын бейне бір ырзалық екпінмен елге жария етті.Мен тыңдап отырып ойға қалдым. Әрине жасөспірімдердің өз қаласының,өз ауласының жайы алаңдатуы құптарлық жағдай, бірақ бұл жерде Ресей басшысы Путиннің қатысы не? Әлде Павлодар қаласы Ресейдіке ме? Жоқ болмаса бір үйдің ауласын жөндетуге пәрмен беруге біздің Елбасымыздың күші жетпейді деп ойлағаны ма? Немесе өз Елбасымызды сыйламағандығымыз ба, не деген масқаралық? Осыны жерден жеті қоян тапқандай жариялаған «Астана» телеарнасы мен сол арнаның тілшісінің көздегені не, осы жақтарын түсінбедім.
Осы бір ауланы сондай дәрежеге дейін жеткізген қала әкімі не қарап отырған? Ал осындай аулалар еліміздің қалаларында аз ба, және сол аулалардағы Палодарлық, Петропавлдық жасөспірімдер Путинге, Шымкенттік жасөспірімдер Каримовке, Өскемендік, Алматылық жасөспірімдер Қытай басшысына, Ақтау, Атыраулық жасөспірімдер Әзірбайжан басшысына хат жаза бастаса не боламыз? Өзім түсініп ой қорыта алмағандықтан сіздердің талқыларыңызға салғым келді. Аямай пікірлей беріңіздер.
Әрі қарай