Жарияланымдар

Облыс әкіммен кездесуінен кейін

Жамбыл облысы әкімі К.Н.Көкрекбаев жастар алдында дәріс оқыды. Дәріс өте мазмұнды дайындалып келгендігімен қоса Әкім мырза зуылдатып дайындалған «докладты» оқымай өз сөзімен жасалған жұмыстар туралы толық баяндап берді.
Жастар алдында баяндама аяқталғаннан кейін «протоколдан тыс» үш адам сұрақ қойды. Бірінші болып өзі жақсы жігіт, Файзулла Нағашыбайұлы «залиний»де қар тазалауды айта кетті.
Екінші болып Өз басым 4 мәселе туралы айта кеттім. Сұрақтар:
1. мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе өткізген түнгі рейдтер туралы өз ойыңызды білдірсеңіз?
2. Елбасы айтқан жаңа жылдық «корпоративтер» туралы, оған қарамай өткізіп жатқандығы жайлы өз ойыңызды білдірсеңіз?
3. Неге инстаграмм желісінде соңғы ақпарат 14 апта бұрын салынған. Одан кейін жұмыс тоқтап қалды ма? Басқа әкімдерді оң жаққа қараса да, сол жаққа қараса да айтады, неліктен Сізге PR жетпейді?
4. Жастарға қандай кітап оқығанды кеңес берер едіңіз?
Жауаптар:
1. «Нұр Отан» партиясында Кеңеске салып жауаптыларды жауапкершілікке тартық.
2. Облыс әкімдігінде селекторда барлығына ескертілген болатын. Кім оны орындамайды, өз еркімен арыз жазып кетсің.
3. Мен PR ҰНАТПАЙМЫН. Халық өз бағасын берер. Жақында ғана Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг берген едім, содан БАҚ өздері толыққанды ақпарат таратты.
4. Тариxи кітаптарды оқуды кеңес берер едім деді.

Үшінші болып Уалиxан Болатбекұлы көше спорты СтритВоркАут туралы ұсыныс жасады. К.Көкрекбаев ұсынысты өзіне жіберуіне сұрады. Қарастырып мәселе шешілетіндігі туралы айта кетті.

Сұрақтар аяқталғаннан кейін белсенді жастар болып фото мен сэлфиге түстік.

П-с: "Әкім бол, xалқына жақын бол" деген дана сөз бар. Жастарға жақын болып жүрген Кәрім ағаға көмек беруден аянбаймыз. Әрдайым Бізге жастарға сенім білдіруге болатындығын алға тартқым келеді. Осындай кездесулер жиі болмаса да, мағыналы да сапалы өткендігіне қуаныштымын.

Исламбек Дастанұлы.
Әрі қарай

Түркістанның Шыңғысxаны

Түркістанның Шыңғыс xаны.

Адалдық. Абырой. Отанға қызмет ету.

Үш басты сөзі Жылқайдардың немересі Тұрардың өмірлік басты ұстанымдары болған. Иә, иә Талғарда туылып, аталары Ақсу-Жабағалы мен Түлкібасты мекендеп, білімін Меркі жеріндегі Аспарадан алып, Бәйдібек бабадан Дулат кейінгі Шымырдан тараған тұлға, Меркіде оқып жүріп уақытша тегі Қырғызбаев болған, жалғыз қарындасы Түйметайы бар, орыс империясына қарсы шыққан Ақкөз Қосанұлына қосылып болашақ қайың ағасымен арпалысып оны ату жазасына бұйырған, Түркістан еліне университет қажеттілігін Ленинге жеткізген, 25 жасында Ел басқару келген, Түркісіб теміржол идеясын ұсынып оның салынуына атсалысқан, Моңғолия жеріндегі Улан-баторды астана қылып кеткен, моңғолдардың құрылтайын өткізуге жәрдемдескен, екі орыс әйел алып бірақ көңіл жарыса алмай қазақтан туған Әзизаны іздеп барып тапқан, бір ұл төрт қыздың әкесі, Қазақтың жерін анау Орынбордан бастап Ташкентке дейін, Арқанкелгеннен Тарбағатайға дейінгі жерді Тәуелсіз ел қылам деп арманына жете алмай кеткен, Кеңес үкіметінін кедейлерді жебеуші қылып, байлардың бар малымен жерін қарны аштарға таратуға себепші болған қазақтың маңдайына туа біткен Рысқұлұлы Тұрар болмақ.

Осы жазбам жазулының басты себебі, Шерxан Мұртаза атамның "Қызыл жебе" кітабы. Кітапты оқып және тыңдап шығуыма екі ай уақыт алыпты. Қазақтың кең байтақ даласынан Кеңес үкіметінің құрылуына атсалысып, көз майы мен күш жігерін аямай еңбек етіп, сол Кеңес үкіметінің үкімімен атылып кеткен қайран бабам. Ол жалғыз емес, Алаш арыстары, қазақтың зиялы қауым өкілдері, қысқаша айтқанда өткен ғасырдың 30 — жылдары ең ауыр, ең қайғылы, ең сорақы жылдар болды. Жүректен ешқашан ұмтылмас. Шерxан атамыздың бес томдық "Қызыл Жебе" кітабын оқуға кеңес берем. Еш өкінбессіздер.
Әрі қарай

Жамбыл облысындағы діни саясат

Дін мәселесі бойынша облыстық Кеңесінде
«Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі, И.Дастан сөйлеген сөзі.

Армысыздар, Құрметті Ерқанат Нұрбапаұлы, кеңеске қатысушылар!
2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының «Діни экстремизм және терроризмның алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі бірқатар кешенді, жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырды.
Атап айтқанда, облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының орталық мешіттерінде жамағатпен кездесулер, мешіт жамағаты арасындағы діни ахуалға мониторинг жүргізіліп, дәстүрлі емес діни ағымдар өкілдерімен сұхбаттар өтті және қалалық мәдениет үйінде облыстық конференция ұйымдастырылды.
Кездесулерге Мысырдағы «Әл-Әзхәр» университетінің түлегі Н.Бақытұлы, республикамызға белгілі исламтанушы Ерсін Әміре қатысып, облыстық орталық мешітте жамағатпен кездесу өткізілді.
Жалпы, жоба барысында аудандық орталық мешіттердің жай-күйі, ахуалы да қарастырылды. Мәселен, намаз алдында уағыздар тыңдалып, оны жамағаттың қабылдау барысы сырттай бақыланды.
Уағыздардың айтылу барысында муфтиятты мойындамайтын жамағаттың кездесетіндігі анық байқалды.
Осы ретте бүгінгі кеңес ұйымдастырылып отырған Сарысу ауданы бойынша бірқатар мәселе көтеруге рұқсат етіңіздер.
Осы ретте, Сарысу ауданында атқарылып жатқан игі істердің баршылығын да назарларыңызға ұсынғым келеді.
Мәселен, ақпараттық-түсіндіру топтарының тұрақты штабы облыс бойынша тек қана Сарысу ауданында бар, бұны пилоттық жоба деуге болады.
Дегенмен, әлеуметтік жобаны жүзеге асыру барысында кездескен кемшіліктерді Сіздердің назарларыңызға ұсыну біздің басты мақсатымыз. Өйткені сын айтылмай мін түзелмесі анық.
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы «Жаңатас» мешітіндегі жағдай алаңдауға тұрарлық. Өйткені, ұстаз Н.Бақытұлы уағыз жүргізген кезде үш адам тұрып кетіп, құптан намазының уақытында қамат айтылған кезде үш адаммен бірге қосыла тағы отыз екі адам намазға келіп парыз намазын оқуға жамағатпен келіп тұрды. Бұл мешіт жамағатының ішінде сыңаржақ діни идеяларға бой алдырған өзінше бөлек жамағат құрылғанының дәлелі. Сондай-ақ, мешіт жағдайы нашар жағдайда (қараңғы, электр шамдар жанбайды, имам отыратын жақтың төбесі ойылып түсіп кеткен).
Негізі, осы бүгінгі кеңеске дайындық барысында біздің бірлестік тарапынан Сарысу ауданында қалыптасып отырған діни ахуалға тағы бір рет сырттай мониторинг жүргізілді. Алдыңғы жылға қарағанда ілгерілеушілік байқалады. Бұл осы салаға кураторлық жұмыс атқарып отырған Динара Қырықбайқызы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылығына жаңадан тағайындалған Жеңіс Орынбасарұлының еңбектері десем болады.
Жоғарыда айтылған әлеуметтік жобаның қорытынды анықтамасы облыс әкімдігінің дін істері басқармасына жолданған. Алдағы уақытта қауырт желі жұмысын оңтайландырып кеңінен насихат пен әлеуметтік желілер арқылы қысқа метражды және саналық — сапалық деңгейі жоғары бейнероликтерді дайындау қажет.
Ендігі мәселе теріс діни бағыттағы азаматтармен күрес жүргізе аламыз? Алысқа бармай-ақ қояйын, 2015 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен «Діни экстремизм мен терроризмін алдын алуға бағытталған» әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Жоба жұмысы шыны керек қыркүйек айынан кейін толық күшпен жұмыс жасады деп білем. «Сарысу аудандық «Жас жігер» қоғамдық бірлестігі әрбір өткізетін лекциясымен кездесуіне облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» мамандарын жұмысқа тартып отырды.
Жаңа басшысы келіп жаңа серпін бергендігі туралы анық байқалып тұр. Жамағатпен жұмыс тек аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат мамандары үшін ғана емес, ауыл тұрғындары бірлесе жұмыс жасау қажеттілігі туындап тұр. Көбісі айтады «Дінді білмейміз, не дейміз» сол секілді себептерді көрсетеді. Менім айтарым ата-ананы сыйлау, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеу, әдеп ғұрыптарын сақтау секілді аталарымыздан келе жатқан мұраны сақтап қалуымыз қажет.
Қатардағы азамат сақал салып немесе орамал тақса «уахабби» деген тіркесті сыртынан қоса салмай, сөйлесу қажет, ол адам радикал ма, фанатик па немесе сақал салуды қызығып, мода санап жүрген азамат па? Асыл дініміздің өркендеуіне өсуіне атсалысумыз қажет. Заманның қазіргі уақыттың ғасыр дерті экстремизм мен терроризм, ақпараттық соғыс болып жатқан кезде үйдегі балаларымыздың қандай сайттарда отырғанын, кімнің уағызын тыңдап жүргендігін бақылай жүрейік. Ертеңгі күннің басшылары, мемлекет қайраткерлері үйде, гаджеттармен ғаламторда балаларымызға бақылау жүргізейік. Бармағымызды тістеп қалмайық, ертеңгі күніміздің нұрлы болуы бүгіннен басталатындығы туралы ұмытпайық.
Алда атқарар жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
Әрі қарай