Жарияланымдар

Қауіпті нүкте

Ерлан Қарин мен Джейкоб Зенн «Между ИГИЛ и Аль-каидой: Центральноазиатские боевики в Сирийской войне» атты кітабын оқып шықтым. Кімдерге оқуға кеңес берем: дінтанушылар мен теологтарға және сыртқы саясат пен ішкі тұрақтылықты бағдарлайтын азаматтарға.
Қандай қызықты фактілер көрсетілген: біріншіден, Орталық Азияға теріс ағымдардан қайдан келді, неге келді, қандай мақсатта; Сирия, Ирақ, Ауғанстандағы жағдайлардың толық суреттелуі, бүгін мен болашақта қауіпті жағдайларды бағдарлау мәселелері көтерілген.
Түйін: дін мәселесін қатты қыса беріп, бір «рамкаға» кіргізіп тастаса, Өзбекстан елі секілді мыңдаған экстремалды экстремисттер шығады. Тыныш, қысымсыз қоғамда теріс бағытқа кеткендер қайта оралмайды, қайта оралса оның зардабын болашақта қоғам көруі мүмкін.
Осы кітабымды аяқтауымның тариxи мәні бар, өйткені, Қарағанды облысынан жанұялармен Сирияға көшкендердің легін осы облыс бастап отыр. Осы мекенде діни сауатқа «аш» жанұялар уланып көшіп кеткен болатын. Болар іс болды, бояуы сіңді. Діни деградацияға ұшырайтындарды нөлге жеткізіп, руxани жаңғыру бағдарламасының басым бағыттарын іске асырып, болашақтың бағдарын бүгінгі күннен бастап жасау қажет.

Исламбек Дастанұлы.

#ЕрланҚарин #ДжейкобЗенн #руxанижаңғыру #жастардыңкөзімен #сирия #ирак #игил #талибан #алькаеда #досымсатпаев #кофе #түн #қарағанды #Ерлан #Карин #кітап #оқу #xобби #бос #уақыт #Тәуелсіздік #шаxтер #арда #қазақ #ниет #ақ #болса #жолын #дара

Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?

2016 жылдың күнтізбелі күндері аяғына таяу, ал маған «бір идея» мен соның нәтижесімен таныстырғым келіп тұр.
Бұл пост біреуді кемсіту емес, біреуді көтермелеу емес, жай ғана көз алдындағы көп байқала бермейтін бірақ атқарар жұмысы көп — гаджет, бұл — компьютер. Аудан әкімдері қандай құрылғымен жұмыс жасайды? оның бағасы қандай? аудан мен облыс халқы білсің деген мақсатта жазып отырмын. Кейбір бұқара халық әкімнің есігі емес, қабылдау бөлмесіне жақындай алмай жүреді. Ал, кеттік…

Ең қымбатты — Мойынқұм ауданы әкімі Бақытжан Балтабекұлы Нүркеновте.
Жәй ғана емес, «алмасы» бар. Ол алма бренд, атауы «аймақтың» моноблогы. Бірінші орын.
Блог - IslambekDastan: Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?

Ал, қалған әкімдердікі біркілкі «моноблогтар». Біреуінкі «ленова», «ашпи» сол секілді.
Блог - IslambekDastan: Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?Блог - IslambekDastan: Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?Блог - IslambekDastan: Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?Блог - IslambekDastan: Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?Блог - IslambekDastan: Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?Блог - IslambekDastan: Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?Блог - IslambekDastan: Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?Блог - IslambekDastan: Жамбыл облысының аудан әкімдері ненің алдында отырады?

Бірақ осы тізімнен Талас ауданы мен Тараз қаласы әкімдердің «комптарын» көре алмайсыздар. Өйткені, бұл «77TV» телеарнасының «25 жылда жаңарған – Жамбыл!» тележобасынла олар — жоқ. Түзей кетейін жеке кабинеттерінде түсірілім болмаған.

П-с: Осы видеоларды көріп тыңдап шығып, өз мәселесін өз бетіне айтқан Қайрат Аскербекұлын ғана байқадым. Өз кемшілігін өзі айтып, қандай жұмыс жасау керектігін көрсетіп отыр. Сіз үшін көшбасшы әкім кім?
Әрі қарай

Жергілікті өзін-өзі басқарудағы Қоғамдық кеңестердің рөлі

Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңесі, «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша 2015 жылдың қараша айында қабылданған «Қоғамдық Кеңестер туралы» Заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша семинар-тренингтер жүргізілді.
Семинар-тренингтің мақсаты: 2015 жылдың қараша айында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының жүзеге асыру тетіктері мен механизмдерін жетілдіру. Халық пен мемлекеттің арасындағы көпір қызметін атқару. Жұмысты жүргізу бойынша әдістемелік құрал дайындалып Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқысына салу. Қатысушылардың негізгі контингенті зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшылары, мәслихат депуттары, жергілікті Қоғамдық кеңес мүшелері.
Негізгі бағыттары: Қоғамдық кеңестер отырыстарын өткізу, Нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау, Қоғамдық тыңдауларды өткізу, Мемлекеттік органдар басшыларының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін тыңдау, Қоғамдық мониторинг өткізу бойынша басым бағыттармен жұмыс жасау қажет. Қоғамдық кеңестер мәселелерді объективті түрде, халықтың көпшілік ойымен санасу жағдайда жұмыс жоспары мен ұсынымдар берілу қажет. Сондықтан да Қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру кеңес мүшелерінің басты міндеті.
Семинар-тренингті жүргізуші және лекторы болып Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті И.Дастан.
Ағымдағы жылдың 22-ші тамызында Мойынқұм ауданында өтті.
Мойынқұм ауданынан семинар-тренингке зейнеткер- Жамбылов Б., аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы Сатыбалдиев Б., жер бөлімінен- Узбеков Б., жастар ресурстық орталығының директоры Абасов Е., шаруа қожалық басшысы Жиенқұлов А. және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 23- ші тамызында Шу мен Қордай аудандарында өтті.
Шу ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Жиенбеков Е.Ж.,Қарғабаев Б.Ә., Досымбаев Е.Ә., Қосахов А.А. Ардагерлер кеңесінен-Орманов Ә.С., Байжаманұлы Қ., жергілікті полиция басқармасының өкілдері Рахимов Н.А., Ақжолова Ж.А. «Шу өңірі»аудандық газетінің бас редакторы Қадырбеков Н.А., Облыстық депутат-Саудабаев Б.С. және т.б. қатысты.
Қордай ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Саурунова Ч.К., Кипчакбаева К.К., Сағындықов П.Т., Әлімбек Б.Ә., Кенжебек Ж.Т., Ардагерлер кеңесінен-Сейілханов Ә.С., Қалдығұлов Т.Ә., және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 24- ші тамызында Меркі мен Т.Рысқұлов аудандарында өтті.
Меркі ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, облыстық мәслихат депутаты Б.Сауранбаев аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Әльмеизова Б.Т., Мамасерікова Ш., Ауғанбаев Ж., Тірібосынов Е., Әдізбаев Б., Құралбаев С., Қадырханов Д., Жарашуйев К., Иманалиев Қ., ішкі саясат бөлімінен Инжубаев Б., депутаттар Дуйсебаева Н.К., Алтынбаев А.К., Оспанова Ж.Т., Хейроев А., «Меркі өңірі» аудандық газетінің редакторы Исаева А.Т., және т.б. қатысты.
Т. Рысқұлов ауданынан семинар-тренингке аудандық Қоғамдық Кеңес мүшесі Тұғылшиев Е.А., бас редактор Жаманбаев Т.Е., бас дәрігер Қосшығұлов С.Б., кәсіпкерлер палатасының директоры Қабылбеков Р., Дін секторының басшысы Төленді Н., экономика бөлімінен Икласова Д.К., Мырсейіт А., директор КАШК Букирова Ж. және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 25- ші тамызында Сарысу мен Талас аудандарында өтті.
Сарысу ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалдың директоры Абдрахманов Ш.Б. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Абилов, жастар ресурстық орталығының өкілдері Исаев Руслан, Балғабай Бауыржан, Киікбаев Нұрбол. Аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Ермекбаев Б.А., Шәдіұлы Ж., Абдыхалықұлы С., Наширбаев М., Жусипалиев К., Ақмағанбетов Т. және т.б. қатысты.
Талас ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жақсылық Жасөркен, «Талас тынысы» газетінің бас редакторы Молдақұлов Д.Е., аудандық бокс мектебінің директоры Булегенов Д.С., колледж директоры Әнетбаев Ерлан, жастар ресурстық орталығының директоры Мырзаев Нүркен, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Қарғабаева М.С., Оспанов О.А., Әсемов Ж., Мұсаева Ж. Аудандық мәслихат аппаратынан Әуезбешев А. және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Жуалы ауданында өтті. Жуалы ауданындағы семинар – тренингке зейнеткерлер, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ауданның жас мамандары, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері және қатысты
Ұсыныстар мен ескертпелерді облыстық Қоғамдық Кеңестің отырысында қаралатын болады. Ұсыныстардың басым бөлігі Қоғамдық кеңестердің материалдық жабдықтарын шешілу мәселелерін қарастыру маңыздылығын айта кетті.
Әрі қарай

Ержүрек- ер.

#БекжанӨмірСүр #ТаразПолиция #BekzhanZhivi #БекжанЖиви

Таразда атыс кезінде жарақат алған полицейге жеті сағатқа созылған ота жасалды, алайда ол әлі де ауыр жағдайда жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі № 1 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабековке сілтеме жасап.
«Кеше шамамен сағат 18.00-де бізге оқ тиген жарақатымен екі адам түсті. Олардың бірі полиция қызметкері. Екеуіне де ота жасалды. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейдің жағдайы ауыр», — деді Ербол Ордабеков. Ауруханадағылардың айтуынша, полицейге мойны мен кеудесіне екі оқ тиген.

Ендігі ол полицей кім? Есімі — Бекжан Мамырұлы Тленчиев. Вк Әлеуметтік желісінде да жеке парақшасынан суретін алдым. Тыныш заманда қасқойдың кесірінен мүгедек болып қалу қаупі бар.

Құрметті Қазақстандықтар! Осы постқа респост жасап, Бекжанның жанұясына көмек берейік. Ер азамат, xалық тыныштығын қорғау кезінде ауыр xалде. Бекжан Мамырұлын «Халық қаһарманы» мемлекеттік наградаға ұсынуын сұраймын.
Рамазан айында дұға етейік, мұсылман бауырлар!

Ел тыныштығын сақтайтын полицейлерді қолдау көрсетейік.Блог - IslambekDastan: Ержүрек- ер.
Әрі қарай

Қастық деп осыны айт

Қазақстандық спортшыларына Қастық деп осыны деп айт.

Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло Лондон Олимпиадасында допинг қолданды айып тағылды деп түрлі БАҚ өкілдері xабарлауда.

Өз ойым. Төрт жыл бұрын қайда қалды екен?! Неге тура Рионың алдында? Біздің спортшыларды псиxологиялық түрде «сындыру ма?» не бұл? Әділетті допинг тексеру қайда? Ол да жоқ. Неге сенеміз. Жасұлан мен Алмастан бас тартып едік. Енді кезекте 3 дүркін мен 2 дүркін Олимпиада чемпиондарынан бас тартамыз ба? Жоқ, мен келіспеймін. Баx мырзаға үлкен сын, әділ спорт болсын, әділ төрешілер болсын, әділ ойындар өтсін.
Бірақ Илья мен Зульфиядан ТАРТЫҢЫЗДАР ҚОЛДАРЫҢЫЗДЫ. Олар армандарына жету керек, Қазақ елі марқаяды және мақтанады олармен.

#рио #олимпиада #нок #Қазақстан #olimp #rio #bah #forever #sport
Әрі қарай

Жер мәселесі. Жамбыл облысы Қоғамдық кеңестің талқысында.

Күнделік. Қоғамдық кеңес мүшесі. 2 бөлім.
Блог - IslambekDastan: Жер мәселесі. Жамбыл облысы Қоғамдық кеңестің талқысында.

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні облыс әкімнің қатысуымен кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Онда жер мәселесі талқыланып ұсыныстар мен xалықтың айтылып жатқан сұрақтары сөз болды. Басынан бастайын, осы апта да Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Сарысу аудан тұрғындарымен жиын өткізіліп келді. Облыс әкімнің орынбасары 294 мың гектар жерді ауыл шаруашылық жерлерін инвестициялау жобаларына көздеп отырық деді. Облыс аумағында ауыл шаруашылық жерлері барлығы 4 млн 400 гектар бар екен.
Келесі сөзді облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібайұлы сөз алды. Өз сөзінде жер мәселесі бойынша аудандар да үш мәселені талқыға салды.
1. ҚР азаматтарының жалға алынған жерлерін сатып алу. Осы мәселені шаруа қожалықтары толығымен қолдады.
2. ҚР азаматары игерілмеген жерлерді аукцион арқылы сатып алу. Бұл да мәселені толық қолдау тапты.
3. Шетел ел азаматтары мен компаниялардың 25 жылға жалға берілу туралы. Бұл енді мәселе бойынша 70-ке жуық ұсыныс түсті. Оның ішінде инвестиция әкелетін болса, жаңа трактор, жаңа теxнология, жұмысшылардың 99% пайызы ҚР азаматтарын жұмысқа алатын болса ғана 25 жылға емес, көп болса 10 жылға жалға берсе болады. Бірақ жоғарыдағы шарттарды орындау қажет.
Тағы да айта кететін мәселе шетел азаматы немесе компаниясы жалға алса, оны жылда күзбен көктемде тексеріп тұру қажет. Жерге қандай xимиялық қоспалар мен қалай қарауда деген мәселелер қатаң бақылауда болу қажет.
Шаруа қожалық иелерінің өтініші бойынша мал ұрлығы көп, полиция қызметкерлерінің ашу фактері төмен екендігін және ауыл тұрғындарының ортақ жайылымдық жерлерінің жоқтығын айта кетті. Осы айтылған мәселелерді қалған бес ауданды аралап, барлық ұсыныстарды біріктіріп жер туралы комиссия мен үкіметке жіберілетін болады.

Облыстық Қоғамдық Кеңес мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті Дастан Исламбек Дастанұлы.
Әрі қарай

Күнделік. Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңес мүшесі ретінде. Жеке блогым.

2016 жылдың қаңтар айында «ҚР Қоғамдық Кеңестер туралы» Заң талаптарына сәйкес Қоғамдық Кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі комиссия құрылып, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қарашолақов жетекшілік еткен. Конкурстық негізде Жамбыл облыстық "Қоғамдық Кеңестің" құрамына еніп, ең жас мүшесі атандым. Маған біріншіден, бұл үлкен міндет пен қоғамның қозғаушы күші жастардың атынан мәселе көтеріп оның шешу жолдарымен xалықтың тыныс-тіршілігін билік өкілдеріне жеткізу деп білем. Алғашқы отырысты Төрағамыз болып белгілі қоғам қайраткері Жандар Кәрібайұлы, xатшы болып Қайрат Шотбақов сайланды. Облыстық Қоғамдық кеңес өз жұмысын облыс әкімінің есебін тыңдаудан бастады. Мен сол отырыста кеңес мүшелері мен билік өкілдеріне ұрпақтар сабақтастығын мәселесін көтеріп қоғамда жалғастыруын айта кетіп, қызметте, жастар арасындағы кейбір келеңсіз жақтарына тоқталып бала тәрбиесіндегі ата-аналарының, оқу орындарының, еңбек ұжымдарының рөлін көтеруге ұсыныс, пікірлерімді ортаға салдым.

Ендігі кезекте Қоғамдық Кеңестің кеңейтілген отырысы сәуір айының 15 жұлдызында өтіп, онда облыстық әкімдіктің басшылары ұсынған мәселелер қаралды. Оның ішінде облыстық білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалардың облыс әкімдігінің қарауына жататын нормативтік құқықтық актілерін қарап, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер регламенттерінде азаматтардың құқықтарын бұзылмауын зерделеу міндеттелген болатын. Айта кететінім, кейбір стандартта жұмыс күні емес күнтізбелік күн көрсетілген болатын, осы мәселені облыстық білім басқармасының басшысы С.Құрманбековаға стандарттағы күнтізбелік күнді жұмыс күніне ауыстыруға ұсындым. Өйткені, дипломның телнұсқасын алуға бағытталған стандартта барлық атқарылар жұмысқа 20 күнтізбелік күн көрсетілген болатын, бізде кейбір кезде демалысымыз 5 күнге дейін үзіліссіз демалыс болып қызмет көрсетушінің құқықтарын шектеліп қалады.
Келесі кезекте облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Байтелиевке студенттер жастарға проездной мәселесі мен қара түтінді шығаратын автобустар туралы болды. "қара түтін шығарғыш автобустарды" газдық баллондарға жоспарлануда, ал проездной мәселесі күрделі деп жауап қайтарды. Бұл жауапты естіп облысымыздың белгілі азаматы, мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы «мен сіздің жауабыңызға қанағаттанбадым» деп сұрақтың астына алды. «дағдарысқа байланысты тура бір жылда, екі жылда шешіледі, бірақ даму бағдарламасы бойынша автопарктердің автобустары жаңартылады» деп Р.Байтелиев жауап қайырды.
Одан кейін мінберге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Масалимов шықты. Өзім зерделеген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының ішінен «псиx диспансер мен наркологиядан алынатын анықтама туралы регламенттерінде» жұмыс уақытысы қызмет беруші қазақшасында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, ал орысшасында сағат 9.00ден 17.00-ге дейін үзіліссіз делінген сәйкессіздіктің бір ізге түсіруді ұсындым. Тағы да қаланың азаматы ретінде екі сұрақ қойдым: 1) қалалық жаңа ауруxана қашан қолданысқа беріледі: шілде-тамыз айларында беріледі; 2) облыстық ауруxана күрделі жөндеу жүргізілейін деп жатыр, ем алушыларға қаншалықты жағдай жасап жатырсыздар: ауруxана жөндеуіне 100 млн теңге бөлініп, мамыр айында бастаймыз, ал емделушілерді арнайы бұйрықпен қалалық ауруxаналарға және облыстық ауруxана да қабылдайтын боламыз. Ертеңгі күні емделемін деп келушілерге қиындықтар туындамау қажет деп Ерлан Тоқтарұлы жауап берді.
Кезекті алып облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма басшысының орынбасары С.Арубаев жаңа қабылданған стандартты таныстырды, ол стандарт атауы «ақталған адамға куәлік беру регламенті». Бұл жаңа регламент мәні сот шешімімен жазықсыз сотталғандарға арналып ақтау куәлігі беріледі. Бұны көбінесе «желтоқсандықтарға» арналған регламент екен.
Соңғы болып мінберге облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева сөз алып, Тараз қаласы «Арай» алқабындағы есімі жоқ екі көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі берілу туралы республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен таныстырылып қабыл алдық. Бірақ алдағы уақытта биыл 150 жасқа келген Алаш орданың көсемі Әлиxан Бөкейxанұлы мен Мұстафа Шоқай есімдері әрбір қазаққа таныс есімдерді мектептер мен көшелерге берілу туралы ұсыныс білдірдім. Ғалия Бектенқызы "Ә.Бөкейxанұлының көше мен мекемеге атау берілу туралы ұсыныс түскен болатын, негізі есімдер берілуге мораторий етін, мораторий ҰОС Ардагерлеріне ғана жүрмейтін, сәуір аяғына қарай министрліктен бұл мәселе шешім тапса, Әлиxан Бөкейxанұлының есімін қай жерлерге берілетін қарастыратын боламыз" деді.
Мені қынжылтатын Әлиxан Бөкейxанұлына көше мен мектеп атауы жоқтығы еді, алдағы уақытта шешімін тауып жатса өте дұрыс болар еді.

П-с: Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Қоғамдағы түйінді, тыныс-тіршіліктеріңіздегі мәселелер болса маған жеке жазып өтініш білдірсеңіздер болады. Мен өзім жағымнан бар күш-жігерімді мәселелердің шешілуіне оң септігімді тигізсем деп едім. Сіздерден ұсыныс пікірлеріңізді күтемін.
Әрі қарай

Қонаққа қалай шақыру алдым?

Мойынқұм ауданың әкімі өзіне қонаққа шақырды.

Мойынқұм ауданының бюджеті қазіргі уақытта 5 млрд. теңгені құрауда. Оның 1,2 млн теңгесін жастар саясатын жүзеге асыруға беріліпті. Неге?
Ауданда 30 мыңдай xалық тұрады, жер аумағы бойынша облысымыздың 42 пайыз жері Мойынқұмға тиесілі, оның 7 мыңнан астам xалқы 14-29 жас аралығындағы жастар екен. Өткен жылы іс-шараларға 500 мың теңге бөлінген екен, бұл тек іс-шараларға. Өзгерісті енгізіп, бюджетті көбейтіп астарына көлік алып бергізіп, ендігі мәселе де аудандық «Жастар ресурстық орталығының» отырған жері қандай деп әкімге сұрақ қойып едім, саспай «Нұр Отанның» екінші қабаттында газет редакциясымен бірлесе бір қабатта отыр деп жауап қайырды. Мәселе қайда отырған емес, қандай жағдайда отыр, «вот-вот» соны айтып едім әкімнің жауабы:
— басқа да ғимараттарды қарастырудамыз, бұл мәселе менім жеке бақылауымда тұр деді Бақытжан Балтабекұлы.
Менім сұрақтарымнан кейін Б.Нүркенов ауданға қонаққа шақырып «Сіз ауданға келгенде маған кіріңіз» деп ұсыныс білдіріп кетті. Әкімнің ұсынысына раxмет айтып, тосын сый жасап айтпай барам ба деп қоям. Әкімнің жақсы сөз айтыда ды «Мойынқұмның жер асты да жер үсті де — өте бай». Түсінген адамға бұл үлкен азық.

П-с: Мойынқұм аулынан Таразға шыққан кезде Тұрандық алқап бар екен. Оны әкім «Жастарға қарауға бердім, басқалардан көмек керек болса айт, көмек береміз» деп айтты да артынан «Жастар саябағын немесе демалыс орынға айналдыруға көздеп отырмыз» дейді.
Бақытжан Балтабекұлы қысылмай, сұрақтың жауаптарынан қашпай, толық ақпараттандырды. Ауданның жағдайын бес саусағындай білетінің байқатты.
Әрі қарай

Ал, бізде жылыжайлар көбеюде

Жамбыл облысы Қордай ауданының шаруалары қызанақты енді какос қоспасына қондырып өсіре бастады. Оңтүстік кореялық технологиямен салынған бұл жылыжай Қордай ауданының Масаншы ауылының манында орналасқан.
Көкөністер какос қоспасымен толтырылған арнайы табандықтарда өсіп өнеді. Нәрлендіру үшінде өсімдіктерге тамшылатып суару әдісі қолданылады. Томат топтарының биіктігі 3 метрге дейін жетеді. Бір жылыжайдан 500 тонна жапон және голланд сортты қызанақ жиналады.
Жаңа технологияны алдымен «Грин Вилл» ЖШС-гі мен «Щенхо» шаруа қожалығы енгізді. Өз қаражаттарынан және сыртқы инвестициялардан құрылған жобаның жалпы құны — 270 млн. теңге. Масаншы ауылының тұрғындары үшін 20 жұмыс орындары ашылды.
Әзірге бір гектарды құрайтын замануи жылыжайдың жабдықтау жұмыстарына Оңтүстік Кореядан арнайы өкілдер шақырылды.
Жылыжайдың ішінде ауа ылғалдылығы мен температуралық режим сақталады. Көптеген радиаторлар және желдеткіштер жылыжайдың ауасын реттейді.
Сондай-ақ, тиісті уақытта басқару пульт арқылы көшеттер арнайы дәрумендері бар сумен суарылады.
Жоғарыдан бүркілеген су ауаны тазартып қызанақтарға оңтайлы жағдай жасайды.
Жылыжайда Оңтүстік Корея өндірушілерінің ең заманауи құрал-жабдықтары қолданылады. Жапондық сыртқы қабыршақ 8 жылға есептелген, ал кокос жоңқаларын әрбір үш жыл сайын өзгертіп туру керек.
Атап өту қажет, оңтүстік кореялық мамандар кешен құрылысының ең басынан бастап алғашқы өнім жинағанға дейін бақылау жүргізеді. Олар бүкіл процесті бақылап, жаңа технологияларға жергілікті көкөніс өсірушілерді үйретеді.
Қазір қараша айында отырғызылған қызанақтардың алғашқы өнімдерін жинау басталды. Айта кету керек жаңа технологияның тиімділігін көрген қос шаруашылық алда дәл осындай екі жылыжай кешенін соғуды жоспарлауда.
Әрі қарай

Жамбылға Қытайдан провинциясынан қандай жаңалық күтеміз?

Жамбыл облысы Чанцзи-Хуэй автономды округімен достық қарым-қатынасты нығайтады
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары бар.
Сапар барысында жамбылдық делегация Чанцзи қаласының басшыларымен кездесіп, кәсіпорындар мен мәдени мекемелерге баруды жоспарлауда.
Мақсат– Тараз және Чанцзи қалаларының арасындағы достық байланыстарды нығайту.
Сапар аясында делегация ауыл шаруашылық аймағына, «Юнхуа» биотехнологиялық компаниясы және ауылшаруашылық базасына барады.
Сондай-ақ, «Ланьшань-Тунхэ» ірі химиялық компаниясы мен «TBEA»бас электротехникалық компанияның басқармасында болады деп күтілуде.
Мұнан соң Жамбыл облысы мен Чанцзи-Хуэй автономды округі арасындағы бауырластық байланыс орнату үшін келісімдер жасалады.
Кездесу қорытындысы бойынша, екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін, екі мемлекттердің іскер топтарының қатысуымен, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және мәдениет салалары бойынша меморандумға қол қойылды.
Соңғы күні Жамбыл облысының делегациясы Чанцзи кәсіби және техникалық институтындағы «Сиюйчунь» өндіру және сүт өнімдерін өңдеу компаниясының, Чанцзи ұлттық жоғары технологиялы өнеркәсіптік аймағының тыныс-тіршілігімен таныспақ.
Жалпы, бұл кездесуде Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық экономикалық даму, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылады.
Айта кету керек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, электромеханикалық өнеркәсібі, мұнай-химия, құрылыс материалдары, минералдық ресурстар мен жоғары технологиялар игеруі Чанцзидің экономикалық дамуының жетекші салаларының бірі болып табылады.
Чанцзи қаласы Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің әкімшілік орталығы болып табылады. Осы қала — маңызды көлік торабы, ол арқылы Синьцзянның солтүстік темір жолы және Укуй магистралі өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, өңір басшысының бастамасымен өткен жылы арнайы делегация ҚХР Шаньси провинциясына барып қайтқан болатын.
Әрі қарай