Жарияланымдар

InabatKussainova
Қазір қыздардың көбісі отырып қаламын деп ойланбай күйеуге шығып, артынан өкініп қалады. Менің ойымша, асығудың қажеті жоқ. Әр адамның бұл өмірде екінші жартысы бар ғой. Бұйырғаны болар. Виртуальді танысуға мен де сене қоймаймын. Шынымен де бәрінің жазары бір сол. Тіпті кездеспей жатып вкада сезімін білдіріп жатқандар да баршылық. Көрмеген, танымайтын адамды суретіне қарап сүйіп қалу дегенге сенбеймін. Шынымен де сіздің қозғаған мәселеңіз қазіргі кезде актуальді.
InabatKussainova
Суреттер жақсы шыққан екен. Игі бастама жалғасын тапқай! Болашақта балаларға да біреу самса алып берер деп үміттенейік))
InabatKussainova
Жастарға шаңырақ көтеруге көмектесер деп үміттенейік осы қысқа тест))
InabatKussainova
Қалай ойлайсыз бүгінгі күнде қыздардың сондай жат қылық көрсетуіне заман кінәлі ме, әлде мүмкін дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кінәлі ме?
InabatKussainova
Қазіргі алдамшы заманда ңағыз досты табу, әрине, қиын. Сондықтан бір жақтан сіздің айтқаныңыз дұрыс. Кейбір кезде дос дегенің өткінші екенін түсінесің. Біз әлі жаспыз ғой. Шынайы достықтың не екенін түсіне алмаймыз, қадіріне жете білеміз деп те айта алмаймын. Дегенмен нағыз дос деген ұғым әлі де бар.
InabatKussainova
Зере, алған бетіңізден таймаңыз! Қаламыңыз ұштала берсін!
InabatKussainova
Сізге адамның IQ-і төмен болса, ол адам емес деп кім айтып еді? Өз халқымызды өзіміз көтерсек кім көтереді? Санасыздар да жоқ емес, бар. Бірақ сол санасыздардың саналы болып кетуіне мүмкін біздің жазғандарымыз әсер етер? Адамға әрқашан сен санасызсың десең, ол санасыз болмай кім болмақ? Мүмкін саналы десек керісінше рухы көтерілер. Сондықтан бұлай қатты айтудың қажеті жоқ.