Жарияланымдар

“Тауық ұрлау”

Блог - Harun: “Тауық ұрлау”
9 сыныпта болса керек.Әр нәрсеге желігіп жүрген шағымыз.Жоғары сыныпта оқитын ағаларымызға қызығып, бізде осыларға тартып “бұзық” болсақ екен дейтінбіз.Уақыт өте келе білдік қой, бұзықтықтың шыңына шыққандардың қәзір қандай хәлде екенін.Өмірлері сондай қасіретті, адам аярлықтай.Қарап тұрсақ адам сүйсінерлік іс бітірген түгі жоқ.
Бірде жанымдағы достарым:“жігіттер шашлык істейікші” деді.Бізге бұл әңгіме болып па? Оңай шаруа.Кеттік көлге дедім.Көл жағалауында қаз-үйректер мен тауықтар болатын.Бақытымызға орай 10-ға жуық тауық жүр, бәріміз тас атқылаймыз тауықтарға.Достарымның атқан тастарының бәрі қисық, ал менікі тура тиеді ғой.Қақ шекесінен атып түсірдім.Жолы болғыш жігіттің шашлығы шығар алдынан деген осы шығар деп, мәз болдым.Ол тауық сонда да берілмей, басын қайтара көтереді.Досым Алтынбек тауық басын көтерген сайын,қолындағы таяғымен ұрады.Ұра берген соң, байғұс тауық та бағынды.Сөйтіп тауықты салатын қап іздеп, таба алмай, не керек мен “Shumaher” деген күртешемнің ішіне салдым ғой.Басты шаруаны тындырдық.Енді бұл жерден ат ізін көрсетпей, тайып тұру керекпіз.Жұрт байқап қоймасын дегендей ембіл-дембіл қашып барамыз, алдымыздан бір кісі шықты, түрі сұсты.Одан аяқ тартып, келесі көшедегі айналма жолмен үйге жеттік-ау ақыры.Үйде Әбілхайыр ініміз тауықтардың жүнін алуға су жылытып, бізді күтіп отыр екен.Біз тапқан олжамызды көрсетіп, оны қуандырып қойдық.Өйткені шашлык істейік деген сол болатын.Су қайнап тауықты керсенге салып жүнін тазалап отырмыз, біздің қуанышымыз тап басылды.Қарасақ жүнін тазалаған соң, тауығымыз жұдырықтай екен.“Қап,әттеген-ай шашлык жей алмайтын болдық қой” деп ұнжұрғамыз түсіп кетті бәріміздің.Оңай олжаның пайдасын көрмедік.
Ертесі сыныптасым Нұртілеу айтады:“кеше атамның бір тауығын ұрлап кетіпті, кім болды екен? Табу керек оларды”…
Мен:“ия табу керек, сондайлар қалай жүреді екен ұялмай?”…
Әрі қарай

“Су қосылған қымыз”.

Блог - Harun: “Су қосылған қымыз”.
Нағашы атам бастан кешкен мынадай қызығымен бөлісті.1974 жыл екен.Атам орда бұзар шағында.Әріптестерімен базар маңын жағалап келе жатады.Жол бойы сыра,қымыз сатып тұрған әжелер.Тоқтап,қымыз ішпекші.Қасындағылары:“таза қымыздан ішіп, біраз тынығып алайық, су қосылғаны керек емес”,-дегенде.Менің атам:“таза қымыз маған жақпайды, көтере алмаймын, күштілік қылуы мүмкін”-деп,өз ойын айтады.Сол сөзге құлағы елең ете қалған, алыста тұрған бір әжей:“әй балам, мұнда кел, менде су қосылған қымыз бар”,-деп қымызына су қосқанын ашық білдіріп қойыпты.Атамның бұл ойы: кім сапасыз қымыз сатады, соны білу болған шығар бәлкім.Енді суы бар қымызды кім ішсін? Кімге керек? Жаңағы әжейдің қымызын ішпей тарқасып кетеді.Есесіне көпшілік біліп жүретін болды, сапасыз қымызды кім сататынын.Әй, аңқау әжем-ай қулығыңды аңғалдығыңнан білдіріп қойдың-ау…
Әрі қарай

"17 балл жинаған сен бiлесiң ба,мен бiлем ба?"

Блог - Harun: 17 балл жинаған сен бiлесiң ба,мен бiлем ба?
11 сыныпта мектепте ҰБТ-дан тест тапсырушы едiк.Бiрде сыныптағы Серiкболсын деген жiгiт «17 балл» жинап, сыныпка күлкi болғаны бар.Серiкболсын бiреумен бәстесе кетсе болды, Дәурен деген қылжақбастау жiгiт бетiн қайтарып тастайтын.«17 балл жинаған сен бiлесiң ба, мен бiлем ба?-деп. Өзi бiр көп балл жинағандай.Сондағысы „33 балл“.
Әрі қарай

Термеден терiп алдым керегiмдi.

Блог - Harun: Термеден терiп алдым керегiмдi.
Дәл қазiр жол жүрiп келе жатырмын.Оңтүстiктің Швецариясы атанған Түлкiбас ауданында нағашымның ауылында 2 күн қонақтадым.Ендi Шырайлы Шымқалама қарай бет алдық.Көлiк жүргізушiсiне Аллаһ разы болсын.Бұрын көлiкке мiнгенде жүйкенi жұқартар, адамға ой салмайтын, арзан әндердi тыңдаушы едiк.Шынында ол әндерден шаршағанмын.Мына жүргiзушi осы олқылықты шайып кеттi.Жол бойы елiмiздiң атақты жыршы, термешiлерiнiң термелерiн тыңдап, ой қорытып келе жатырмыз.Бiреуге ұнар, бiреуге ұнамас.Бiрақ мен жақсы әсер алдым.Қуандым.Маржанын асыл сөздiң тердiм десем, артык айтпаймын…
Әрі қарай

"106-автобус"

Блог - Harun: 106-автобус
Күн сайын нөмерi 106-шы бағыттағы автобусқа отырамын.Қашан мiнсең де,iшi құжынаған адамға лық толы.Кейде аяқ басар жер таба алмай,қасындағы адамның кiм екенiн аңдамай қаламыз."Қырғы базардан" адам көп мiнедi.Басқалар бiздiң «106»-ны көрiп ой күледi дерсiң.Қысқасы аты шулы «106».Сонда жолаушылардан ақша жинайтын бiр апай бар.Өзi өте көнiлдi,әзiлге жақын, сәл қуғынбайлау.Баланы да,қарияны да елемейдi.Әркiмге бiр тиiседi де жүредi.Бiр күнi автобусқа әзербайжан ұлтынан 2-3 адам мiндi.Жаңағы апайдың сонда айтқаныТуу әзербайжандар мiндi, абтобус сасып кеттi, тiптi ауа жоқ".Мына әзербайжандарда тiл жоқ.Қайтсiн? Мынадай батыл әйелге қалай жауап қатсын?Iштей тынып, көзiмен атып жiберердей.
Айтпақшы сол автобустың жүргiзушiсi өзінiң куйеуi.Ол ашуланып жиi ұрсады,«Айнұр қой болды, адамдардың мазасын ала берме» тағысын-тағы осы сияқты әңгiмелер.
Автобус iшiнде әндетiп жүретiнiн қайтерсiң.Дауысы болса бiр сәрi.Тарғылданып жағымсыз дауысымен көпшiлiктi мазалайды.
Күлгенде де жай күлiп қоймайды.Қызык әңгiме айтады да, еркектердiң басынан ұрып тұрып күледi.
Жүргiзушi айтып жатыр (күйеуi ғой)69 дан барма" деп.69 деген-аялдама.ӘйелiЖоқ сияқты.Жүрекке түскен шоқ сияқты.Бiрақ маған сенсiз өмiр жоқ сияқты"…
Айта берсем, ол жайлы әңгiме көп, бұл есте қалғаны…
Әрі қарай

Уайым

Блог - Harun: Уайым
Жақында көрген түсiм."Өзен.Екi шетiн тау қоршаған.Балалар өзен жағасында күлiп, ойнап, суға түсуде.Кенет бiр құбылыс пайда болды.Аспан мен өзен екiге бөлiнгендей.Бiрi жарық, бiрi тұманданған қараңғы.Мен тұрған жер жап-жарык, аспан көк-пеңбек,өзендегi су мөлдiр тұп-тұнық.Жанымдағылар ойсыз,қамсыз, күлген кейiпте.Шамамен 10 метрдей жер жүрiп едiм.Тым қорқынышты.Барзақ әлемiне кiргендеймiн.Аспанға көз жүгiртсем қою қара тұманданған.Өзендегi су жаңагыдай мөлдiр емес,қап-қара… Сол лайланған судан бiр жiгiт су iшейiн деп тур.Шамасы менен 2-3 жас кiшi.Түсi өте суық.Жүзiнде нұр, мейiрiм, шапағат қалмағандай.Маған аянышты көзбен қарап тұр.Әлемнiң мұңы жиылып, еңсесiн езiп,үрей сезiмi тыныштығын бұзғандай.Мен таңырқай, тосырқай сәл қарап тұрдым да,қимай-қимай кете бардым жаңагы жарық жаққа…
Абай қара сөздерiнiң бiрiндеәрбiр уайым-қайғы ойлағыш кiсi не дүние шаруасына, не ақырет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек" деп осы ақиқатты бiлдiрген.
Кейде күйзелiстер жанды жегiдей жегенде адамның ұйқысы да күлкiсi де қашып дегбiрсiз күйге душар болады.Осындай жайттар есi бар кiсiнi уайымға салмай коймайды екен.
Өзiмше Аллаh Тағала менi қараңғылық әлемiнен жарыққа қайтарды-ау деп бағамдадым.Расында Аллаh Тағалам аса мейiрiмдi, кешiрiмдi ғой.Күдiксiз Алла барлық нәрсеге кұдiреттi…
Әрі қарай

Шш

Блог - Harun: Шш
Шiлдеде шiрiк Шерханмен шаруаларым шығып шырақшы шал шөбересiнiң шiлдеханасына Шу шахарына шақырды.Шалдыққан, шаршау шешемдi шақырмапты.Шырайлы Шымкенттен шақырылғандар шалаппен, шен-шекпендi шiренген шырақтар шалқайып, шөлмектегi шамалы шарапты шашыратып, шылымды шегiп шошаңдауда.Шыныққан Шымкенттiктер шiренген шырақтармен шүйбөрiдей шүйiркелестi.Шен-шекпендiлер шағымданып шатақ шығаруда.Шошақай шал шежiреден шатастырды.Шу шахары шуылдап шошынғанда, Шалқардағы «шолақ шал» шүйiркелескендердi шетке шығарып шешiм шығарғанды.Шешiм шығарып, шелектегi шикiлей шұбатпен шерiмiздi шығардык.Шамда Шерханның «Шкодасымен» шуақ шашқан Шымкентке шықтық.Шудан ширақы шыққан Шерханды «Шаңырақ» шипажайындағы «шуылдақ шыбын-шiркей» шырылдатты.
Авторы: Нұржан Жақсылық
Әрі қарай

Ернар Айдар

Блог - Harun: Ернар Айдар
Бұрынырақта ауылдың кемпiрлерi той-жиын бола қалса «ана пушық ән айтпай-ақ қойса, ешкiмнiң көнiлi қалмайды, маңқаланып әннiң нақышын бұзады» дегендi естiгенмiн."Өлеңге әркiмнiң де бар таласы" демейме-Абай.Сол ауыл кемпiрлерiнiң сөзiне қарама-қайшы,әндi жұдырықтай жүрегiмен берiле айтатын «пұшық бала» келдi қазақ эстрадасына.Ол Ернар Айдар.
«Шаншар» театрының директоры, Уәлибек кұдамның Ернар жайлы айтқаныБiр жiгiт келдi осыдан 2 жыл бұрын, акесiне арнап ән шығарып, орындаған екен.Әкесiне арнап шығарғаннан кейiн бiрiншi-туған күнiнде өзi жылаған,әкеме арнадым деп.Онымен әкесi жылаған, сосын бала-шағасының бәрi жылаған.Сөйткенде ертеңiне тұрғаннан кейiн, бәрi айтқан ғой «сен звезда болуың керек» деп.Маған әкептi соны.Сосын қанша әнi бар десем, бiр әнi бар екен,«аке» туралы.Ей, сонда сен бiр әнмен звезда болып кетпекшiсiңба десем, Заттыбекте сөйтiп кеттi ғой дейдi.Сөйтiп қуып жiбергем оны.Сөйтсем сол бишара бала 2 жыл болды,20 шакты ән жаздырып, бiр-екi әндерi хит боп қапты бұл бишаранын"…
Ернарды алғаш қателеспесем «Сенен басқа кiмiм бар?» әнi арқылы таныдым.Бұрын әлi таныла қоймаған әншiлердiң әнiн тыңдамайтын едiм.Ернардың осы бiр ғана әнінің өзi маған қатты ұнады.Сайттардан айлар бойы iздеп, соңында таптым.
Ернар-қазақ эстрадасына жаңаша бағыт алып келдi.Көп ұзамай өзiнiң аудиториясын жиып алды.Қазақы үндi жiгiт қой.Өзiнiң қазақи иiрiмдерi бар.Кез-келген өленңнiң табиғатын өзiндiк қырымен аша бiледi.Кеше ғана аға буын әншiлерге елiктеп сол ағаларыңа ұқсагың келдi.Кезiнде соларды мойындадың.Ендi өзiңдi мойындат бауырым.Әндерiнiң барлығын тыңдап қарасам сырға толы, мұңға толы.Қазiр халықтың талғамы жоғары.Талғампаз халықтың жүрегiнен орын ала бiлдiң.Әндi сүйсең Ернардай сүй."Әннiң де естiсi бар, есерi бар".Естi,ғұмыры мәңгi жасар әндер көбейсiн.Шынында әндерi "құлақтан кiрiп бойды алaды".Менiң анама кез-келген ән ұнай бермейдi, талғамы биiк.Ернар эстрадаға келгелi осы жiгiттiң әндерiн сүйiп тыңдайды.Кейде менен сұрайдыЕрнардың жаңа әндерi шықты ма?" деп.Алғашында көбi Ернардың үнiн Еркiн Нұржановпен шатастырып алатын.Екеуi де қазақы қалпын сақтаған,қоңыр дауысты әншiлер ғой.Бәлкiм содан болар.Ш.Сулейменов, О.Отар, Б.Есебаев сынды ақын-компазиторлармен жұмыс жасап жатыр екенсiң.Жасай бер! Асқақтай бер!Қазақ елiнде ән сала бер Ернар.Әнiңдi елiң сүйедi.Бұл Таңiрдiң саған берген сыйы едi…
Әрі қарай

Қазақты таптау,намысты қорлау.

Блог - Harun: Қазақты таптау,намысты қорлау.
Студентпiн.Шамасы 1 жыл алдын.Сабақ бiтiп, универден тарқастық.Менiмен бiрге қайтатын 2 жiгiт бар едi, бiреуi бiр себептермен сол күнi болмады.Үйiмiз алшақтау, оқуға дейiн 2 рет автобус ауыстырамыз.Бiрiншi автобустан түсiп, екiншiсiн жолға карай күтiп турғанымда.Мынадай бассыздықты байқап қалдым.Сол уақытта Шымкентке әншi Роза Әлқожа апайымыз жеке концертiмен келе жатыр екен.Қаланың әр-әр жерiнде Роза апайдың концертiне шақыру хабарландырулары iлулi.Шымкенттегi «Верхный»,"Қырғы базар" маңында ұлты өзбек, яки тәжiк болса керек Роза Әлқожа апайымның сол хабарландыру парағын дүкеннiң жанынан жыртып алды да, астына төсеп отыра кеттi.Қазақы намыс ер жiгiттi жiберсiнбе?Өзiмдi қоярға жер таппадым.Жанымда тұрғандарға бәрiбiр сияқты.Әйтпесе 50-ге таяу қазақ бауырларымыз тұрғой сол арада.Бiреуi қынқ етпедi.Мына қорлықты көрседе көрмегендей.Көздерiн шел басқан.Менiң намыстанып, ашуға берiлгендегi бар ойыммына сарт бәле,Қазақты қорлап жатыр, намысын таптады,Қазақты астына жiберiп өзiн бiзден биiк көрiп тұр" осы ойлар сананы жегiдей жеп барады.Шыдай алмай бардым да айттымЕй сарт мына тiрлiгiң не? Астыңдағыны көтер де, жоғарыға қой, бұл жерден тайып тұр".Ол қынқ етпей айтқанымды орындады.Сiрә менiң намыстан көгерiп кеткенiмдi байкаған болар.Әйтпесе жас шамасы менен 10 жас үлкен-ау, шын намыстанса адам мұндай қорлыққа бей-жай қарап, шыдап отыра алмайды екен.
Әрі қарай

Қазақ қайда барасын?

Ассалаумағалейкум.Қазіргі қоғамда болып жатқан біраз келеңсіз оқиғаларды тізіп, ой толғағым келіп еді.Адам баласы күннен-күнге азғындап, жауызданып барады.Ақ қараланып,қара бағаланып жатқан кезең.Бұрын жөзекше қыздарды естуші едік.Бүгінде “Қызуы мол құшағын сатам” деген, еркектер пайда болды.Өткенде “Мүмкін емес” бағдарламасын көріп, шошып кеттім.Бізде де “жөзекше еркектер” бар екен ғой.Әлгі жігіттермен бақытты күй кешкіңіз келсе, сағатына 300 АҚШ долларын береді екенсіз.Біреулер бұл қаржыны 1 ай маңдай терімен қиналып тапса, бұл имансыздар-1 сағатта табады.Көрінгеннің жыртығына құмар халықпыз.Осының бәрі Еуропа елдеріне еліктеген, орысша тәрбиеде өскен жігіттер-ау дим.Бір қызығы олар адам таңдамайды екен,қыз,әйел, кемпір дегендей. “Қойыны енді еркектің пұл тұрады,Ұятсыз әйел оған ұмтылады”,-деген екен.Жетіскен екенбіз.
Бүгінгі таңда “телевизор” деген пайғамбарымыз бар біздің.Ол не айтса сол рас.Телевизорда мағыналы нәрсе бар деп, кім айта алады? Мен бүтіндей телевизор көрмеңіздер,-деп жатқан жоқпын.Телевизордың ішіндегі атыс-шабысты көріп тұрып, жүрегінде иманы жоқ болған балдарымыз, біреуі Чингачкукке ұқсағысы келеді, біреуі Шварценеггерге ұқсағысы келеді, біреуі Ван Даммға ұқсап келеді.Сенің ата-бабаң кім еді? Сен қаяқтағы бақа-шаянға ұқсап жүрсің.Ван Даммың, Шварценеггерің кім бұл? Біреулер өздерінше “Ворь в законе” болмақшы.Е,өл! Сенің ата-бабаларың сұлтан болған,әмір болған, бүкіл әлемге ақиқатты енгізген.Қарақшыларды,ұрыларды құртқан.Ал сен, түбіңе жетіп жатқан қарақшы болғың келеді.А.Байтұрсынов айтпақшы: “Өзімізге өкпелемесек,өзгеге өкпелер бет жоқ”.
Қазақ жастары арасында-дүние талас,қыз талас көбірек кездеседі.Бір-бірін разборкаға шақырады.Кім ол сенің разборчигің?Ішкені арақ, шеккені наша болатын болса.Ол саған қайтіп дұрыс үкім шығарып береді.Былтыр саясатта жүрген бір ағамызбен сұхбаттасып отырғанмын.Ағамыз қайбір жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімін басқарып тұрғанда, бір корей миссионерінің ағамызға айтқан сөзі: “Егер,Қазақты ел десек, онда біз мұнда келер ме едік? Сендерді діні, ділі, мәдениеті, бірлігі жоқ жұрт деп есептейміз.Сондықтан мұнда біздер келдік.Жабайылардан ел жасауға, христиан елін жасауға”.Қазіргі күнге дейін бұл сөз менің жүрегімді тырнап жатқан сұмдық қайғының бірі.Ш.Мұртаза ағамыз айтқандай: “Қарнымыз тойды, енді қазақтар туралы әңгіме айтайық”.Абайдың бір сөзі бар: “Қазақтың бір ерекшелігі намысқой келетін еді, сол намысқойлығымыздан айырылып қалдық”,-дейді. “Ұлтқа қауіп төнсе дағы, көп қазақ,Ұйықтап жатты қазандай боп бастыры”.Қашанғы жақсы сөздермен халықты алдай бермекпіз.Әрқайсысымыз халқымыздың санасына ой салып, ертеңгі күн-түнек болмасын десек, ел игілігі үшін жұмыс жасайық.Қазақ руханиятына сөзімізбен болсын, мақаламызбен болсын өз үлесімізді қосайық, ағайын!
Әрі қарай