Керек-Инфо сайтына тіркеліп отырмын. Жақсы тақырыптарды қозғаған тым жақсы блоггерлері де бар екен. Ілгеріде оқырмандары артсын, иншалла!
бір пікірталасты бастап оқып отырып, арасынан Nurzhol деген інішектің жазғандары назарымды аударды. Сосын Nurzholдың басқа жерде не жазғандарын іздей бастадым. Қай тілде жазса да араластырмай, таза жазады екен, әрі сөз саптағаны, мағыналы қолдануы сүйсіндірді. Жеке парақшасына кірсем, 2012ж.бері қолданылмапты (кірмепті), қазіргі уақытта басқа логинмен жүрген шығар ((. Қалай да болса, қай жерде жүрсе де осындай сауатты азаматтарымыз көп болсыншы!