Жарияланымдар

Әлем күткен оқиға!

2015 жылдың 2 мамырында бокс әлемінің үздіктері Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо Лас-Вегас қаласында жекпе-жек өткізеді.
Бұл бойдан Мейвезер 150 миллион доллар ал, Пакьяо 100 мил. доллар гонарар алмақшы.
Рэпер 50 Cent Мейвезердің жеңісіне 1.6 миллион доллар тігіп отыр екен) Бұл бойға арнайы белдік тігіліп, жеңіске жеткен боксшы әлем бойынша үздік 10 боксшының қатарына енеді.
Аталмыш жекпе-жекті әлем бойынша тек екі ғана теле арна көрсетеді деп күтілуде (НВО және Showtime). Естеріңізге салсақ мұндай жағдай 2002 жылы Майка Тайсон мен Леннокс Льюис жұдырықтасқанда болған болатын.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың күз айында «матч-реванш» болуы мүмкін. Бұл жайында екі боксшының келісім шартында көрсетілген.
Блог - ErzhanKhamitov: Әлем күткен оқиға!
Әрі қарай

Сыр сұлуы! (ақсақалдың әңгімесі)

Бала кезімнен бері үлкендердің әңгімелерін естігенді жақсы көретінмін. Әсіресе тарихи әңгімелерін. Бұл оқиға да сол тойдан кейін, сол ақсақалдың әңгімесі.
«Жылжиды аққу» тағы да басқа әңгімелердің шет жағасын естігеннен кейін мен де ақсақалға жармастым. Жолымыз бір екен таксиге бірге отырдым. Сол өте шыққан жиырма шақты минуттың ішінде әңгіме айтқанды жақсы көретін ата Шәмші Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әні туралы бір оқиғаны айтып берді.
Күндердің күнінде Шәмші ағамыздың досы үйіне келіп әңгіме барысында «Сырдан да жаны ерке, тістері күріштен де аппақ, жігіттердің барлығы әніне қосатын, Сыр бойы түгел мақтап жататын Саған шабыт әкелген Сырдың құпия сұлуы кім? Қашан көрсетесің?» деген екен. Шәкең де көп ойланбастан «Қатты көргің келген болса осындай күні келеді. Күтіп алуға менімен жүр» депті. Уақыт өте келе Шәмші аға қасына досын ертіп вокзалға келеді. Досы шыдамсыздықпен көзіне іліккен әдемі қыздардың барлығын нұсқап «осы қыз ба?» деп сұрай берген екен. Бір уақытта вогоннан түскен сұлулардың соңынан денелі, еркек шора әйел адам түсіпті. Шәмші досына қарап «Мені сағындарған Сыр сұлуы осы» деген екен. Көзіне басқаша елестеткен досы Шәмшіге ренішті көзбен қарап «Мына әйелдің қай жерін ұнаттың?» депті. Сонда Шәкең: «Досым, Сен менің әнімді түсінбеген екенсің? Оның тәні емес жаны сұлу! Қасыңа келіп сәлемдескенен бастап жанының сұлулығына ғашық боласың» депті.
Тәннің ғана сұлулығына сүйсінбей, Жанның да сұлулығын көре білейік!

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың?!
Әрі қарай

Жылжиды аққу!

Кеше тойдан кейін бір ақсақалдың әңгімесін естідім. Әңгіме бала кезден естіп өскен Кәкімбек Салықовтың «Жылжиды аққу» әні жайлы өрбіді.
… Кәкімбек ағамыздың жақын сырласқан досы дүниеден озыпты. Күйбең тіршілікпен Кәкімбек аға жаназасына қатыса алмай біраз уақыт өткеннен кейін туғандарына көрініп қайтайын деп досының ауылына келеді. Досының үйіне келіп қара құлыпты көрген соң көршілерінен сұрастырады. Көршісі «ауылдың сыртында үлкен көл бар, досыңыз дүниеден озғалы бері анасы сол көлдің жағасында отырады» дейді. Көлге барса жағады жалғыз әйел отыр, қарама-қарсы жалғыз аққу жүр екен. Аққу қайғылы үнмен қаңқылдаған сайын, әйел зарлана жылайды. Осыны сырттай бақылаған Кәкімбек Салықов «Жылжиды аққу» өлеңін дүниеге әкелген екен.
Бұл әнді ес білгелі қанша рет естісем де шығу тарихына, оның не жайлы екеніне соншалықты мән бермеппін. Жүрегіме қатты әсер берді. Әнге қайта ғашық болдым. Түні бойы қайталап тыңдай бердім.

«Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы,
Біреу ерте, біреу кеш бір құлайды!»
Әрі қарай