Жарияланымдар

Erkebibi
әрине, одан басқа да І.Есенберлиннің «аққу құстар сағынышы», "ғашықтар" және т.б. классиктеріміздің туындыларын көп оқыдым жастайымнан. айтайын дегенім, бұрынырақтағы әдеби шығармаларда «эротика» дегенің «бұрқырап» тұрмайтын. жазушы өз әдеби шеберлігін мәдениетті бере білген. құлақ түгілі, оқитын көз ұялмайтындай етіп, («бұрқыратпай-ақ») екі жыныстағы адамдардың арасындағы қатынасты барынша әдемі, биязы, көркем, сүйкімді етіп(қысқасы шебер бере білді). әрине, ара-тұра сезімді «шымшитын» жолдар да кездесіп қалатын, бірақ ол да «самал жел ескендей» әсер қалдыратын. әйтеуір, айтып айтпай не керек, мен «ссср дәуірін» осы құндылықтары үшін құрметтеймін.
Erkebibi
керек-инфо" сайтына бүгін алғаш рет тіркелдім. армысыздар!
«Махаббат қызық мол жылдарды» оқығандарың бар ма? Қалай, оқуға тұрарлық кітап па?"" деп сұрап жатыр екен. мен оны 6кл оқып жүргенімде оқығанмын. ата-анам марқұмдар «запретный» кітаптарды қорғаштап тығып қойса да, тауып алғанмын (сөренің астындағы уақ-түйектер салатын ағаш қобдишаны әрең ашқаным да әлі есімде)… сонымен қашып-пысып оқып шыққанда мен де махаббаттан ештеңе ұқпайтын «сарыауыз» едім. мен алғашында қызарып, өз-өзімнен ұялып қалсам да, артынша есейіп келе жатқанымды сезінгенмін. Адырайтып, бейбастақ сөздер жазбастан, жазушыға тән этика (советтік этика) сақталып, Меңтай мен Ерболдың арасындағы сезімді нәзік те шебер «сыбырлап» жеткізе білген, пәк маххабаттарын айқындайтын қос жүректің соғысын кітап бетінде «дірілдете» білген Әзілхан атамыздың еңбегі ғой бұл, аруағыңнан айналдым, ӘЗЕКЕ, нұр ішінде жатқайсың!