Жарияланымдар

Dilyara_k
Сәлеметсіздерме! Менің есімім Диляра, осы Ақтау қаласында тұрамын. Жақында Астана қаласынан бір құрбым келген болатын жұмыспен. Жұмысы бітісімен өзін кітап дүкеніне апаруын өтінді, әкесі оған Ақтауда осындай бір кітап бар екен соны әкеліп бер депті. Ол кітап мына «Шыңғысханның тегі Адай» екен. Ол осы кітапты тапқанына, әкесінің өтінішін орындағанына қатты қуанды. Себебі оның әкесі тарихқа жақын адам болатын. Осыдан бұрын оқығандарым бар еді қазақ тарихшыларының, тіпті көрші украин елінің тарихшысы да Шынғыс ханның қазақ екені дәлелдегендері туралы. Бұл қуанарлық жаңалық. Айтпағым осы сайтқа осы Шыңғысхан туралы іздеп жатқанымда кіріп едім, пікірлерді оқып шошыдым. Шеркешбей аға мына мәдениетсіз ақымақ пікір жазушыларға білгенін айтып, ақылын айтып үлкендігін көрсетіп жатыр. Өзі сондай сабырлы кісі екен. Шеркешбай аға, ондай надан адамдарға сөзіңізді, энергияңызды құртып қайтесіз, кезінде әке-шешесі, ата-әжесі тәрбиелей алмаған (әлде осындай тәрбие бергенбе), үлкенді сыйлауды білмейтін адамдарды қайтесіз тәрбиелеп, жөнге салып. Осындай ұлы адамның Шыңғысханның қазақ екенін дәлелгенін, тіпті Маңғыстаулық кітап авторы оның руына дейін дәлелдеп бергеніне қуанудың орнына аузына келгенін жазып, күлкіге айналдырып отыр. Ал олар өздері кітапты толық оқымай жатып қалай ғана пікірлер жазады, түсінбедім. Отырып алып дәлелдер сұрайды, дәлелдердің барлығы кітапта, соны түсіну миларына да жетпейді. Өмірлерінде бір кітап болса да оқып көрді ме екен олар. Қазақ рухын көтеріп, қазақ жетістіктеріне қуанудың орнына бұлар мағынасыз бос пікірлер жазады. Қандай аянышты.