Жарияланымдар

Өмірдегі ең үлкен ұстазым...



..25-жыл мұғалім болды. Мамамды айтам… Шәкірттердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, әлі де тәрбиелеу үстінде.
90-шы жылдардағы 2,5 мыңдық айлықтың өзін бірнеше айлап алмай жүрді. Бірақ оқытты. Жарық жоқ болды. Шырақ жағып қоятын мектепте… Жылу жоқ болатын. Қолғаппен ұстайтын борды…
Ең бастысы — інім екеумізді тәрбиеледі. Бізбен мақтанатын… бірақ, өзінің осындай қылып тәрбиелегенін ойына да алмайтын…
Бір жерлерге барасың… Барған адамың бетіңе қарап тұрып: -Сен Раушан апайдың баласы емессің ба?,-дейді… Тірлігің тез бітеді Мақтаныш кернейді бойыңды…
Ұрсады… бірақ еркелеткендей естіледі…
Кей кезде тыңдамай кетеміз… еркелік қой…
Жасы біразға барды… бірақ оқушыларынан, бізден қуат алатындай…
Өмірдегі ең үлкен ұстазымызды құттықтауды ұмытпайық!
Әрі қарай

Сүйінші! Жаңа блог платформа: Төрлет.кз



Ассалаумағалейкүм!
Бүгін күн жақсы жаңалықпен басталып, жақсы жаңалықпен жалғасып отыр иншалла. Жаңадан блогтұғыр дүниеге келді Қарағанды жерінде. Төрлет.кз деп аталатын жобаның басы қасында жүрген — өзіміздің жігіттер Абзал мен Әбіләкім.
Сәттілік тілеп, Керектің жолын берсін дейік!
Әрі қарай

Домбыра тарту

Ертең, бейсенбі 6.09.2012 жылы Астана сол жағалау, «Керуен» ОСО-ының алдында домбыра кеші өтеді. Домбыраның қоңыр үнін сағынған болсаңыз, жанды дауыспен айтылған өлеңдерді естімегелі көп болса Керуенге келіңіз. Басталуы сағат: 20.00-де. (Керуенге қарама қарсы субұрқақ маңында).

Әрі қарай

Домбыра-тарту. Махаббат әндері

Кеше 30-тамыз, мереке күні дәстүрлі домбыра пати болып өтті. Өте жоғары деңгейде (Тіпті біз күткендегіден де) болған шараға тек Керекшілер ғана емес, көрермендер арасынан да өнерпаздар шығып, өз өнерлерімен бөлісті. Тақырыбы: Махаббат әндеріне арналған патиге шамамен бір уақытта жүз қаралы адам жиналды. Ары өтіп, бері өтіп көріп кетіп жатқандарда есеп жоқ. Келесі думандарды да белгілі бір тақырыптарға арнаймыз деген жоспар бар. Ал әзірге, тамашалаңыздар!!!

Әрі қарай

Домбыра пати Астанада!

Кеше Арқаның төсінде, Астананың төрінде, Бәйтеректің жанында, Керуеннің алдында Керекшілер ұйымдастырған тамаша іс-шара өтті. Шартты түрде «Домбыра пати» атауын алған іс-шараның басты мақсаты — домбыраны, қазақшылықты насихаттау. Ұмытыла бастаған игі дәстүрді қайтадан сәнге айналдыру. Астана уақытымен кешкі 21.30-да басталған пати 23.00-де аяқталды. Керекшілерден бөлек қыдырыстап жүрген адамдар да қызықтады. Өнерлерімен бөлісті.
Соңында «Көп жасаңдар!» мен «Маладестер »-дің астында қалған керекшілер сол жерде әр бейсенбі Бәйтерек маңында 20.00-де осы дәстүрді жалғастырмаққа уағдаласып тарасты.
Ал, әзірге патиден суреттер:

Әрі қарай

Әзірет Сұлтан, блогшылар және БАҚ

— Ассалаумағалейкүм!
— Уағалейкүмассалам!
— Қай мекемеден, жігіттер?
— Керекинфо!
— Төрлетіңіздер…
… Жақында ғана ашылуына өзіміз куә болған «Хазірет-Сұлтан» мешітіндегі БАҚ өкілдері шақырылған ауызашарға барғанымызда естіген алғашқы сөзіміз осы болды… Аршат бастап, біз қостап, "Қазақ төрде отырады" деген ұстанымды бұзбай жайғастық. Ауызашар әдеттегідей құранмен басталды. Құран оқыған жігіттің дауысы мен көріп жүрген имамдардан өзгеше әуезді екенін айта кетейін… Алғаш болып сөз алған Қайрат Жолдыбай жайылып отырған дастархан бір жағынан БАҚ өкілдерімен танысу екенін баса айтып өтті. «Біздің имамдарымыз мешіттерде уағыз айтатын болса, сол уағыздарды ел-елге, жер-жерге, әр үйге жеткізетін – сіздерсіздер. Сондықтан да сіздерге жайылған ақ дастарханымызды соның алғысы деп қабылдаңыздар. Қасиетті Рамазан айын да мына сіздер жарыса жазып, жан-жақты насихаттап жатырсыздар. Бұл да дін насихаты үшін еңбектеріңіздің ерен екенін көрсетіп отыр. Сондықтан да, Алла разылығы үшін деп ақ көңілмен жайылған ақ дастарханымызға адал ниетпен келіп отырғандарыңызға мың да бір алғыс»,-деді бас имам.

Әрі қарай

Бұл Мыңбала қай мың бала?



Кино атауы мың бала
Күткеніміз тым болмаса жүз бала
Киноға түскені он бала
Кино әуені бір бала.

Barsa

Жо-жоооқ… Бұл постта «Көшпенділерден ілгері, көңілдегіден кейін» (© Қисық) фильмді мақтап тұрғам жоқ. Тек қазақтағы сандарды айтылу ерекшелігін айтқым келіп отыр. Менің білуімше атам қазақта сандарды бөлшегіне дейін айтпаған. Көп сөзінің орнына мың, қырық т.б. сөздер қолданған. Мәселеңки, "Қырымның қырық батыры" жырын білесіздер ғой?! Ол жерде отыз тоғыз, қырықыншы батыр емес, мұнда қырық саны — көп деген мағынада қолданылған. "Қырықтың бірі қыдыр" дейді. Мұнда да №37 адам Қыдыр болады деген сөз емес, көптің бірі Қыдыр деген мағынада. «Мыңбаладағы» Мыңды да бұл жерде осындай мағынада айтып отыр. Одан бөлек, түстерге қатысты да осындай сөздер бар. Көне түркіде, солтүстікті — қара түспен, батысты — сарымен, оңтүстікті — ақпен, шығысты — мұтып қалдым  Қаратау тауының түпкі мағынасы солтүстіктегі тау. Алтын орда, Ақ ордалар осыған байланысты айтылған.
Әрі қарай

Бурабай бардым не көрдім

ескерту: пост Бурабайдан шықпайтын қасқырларға емес, өзім секілді жаңа барғандарға арналған.


Өткен сенбі, жексенбі коллегалармен Бурабайға бардық. Негізгі сылтауы — мекемеміздің 10-жылдығы және журналисттер күнін кешігіп болса да тойлау болғанмен, негізгі себебі — мына жүгірісі мол пендеяуи өмірден сәл болса да босап, ұялы телефонды өшіріп тастап демалып қайту болды.
Әрі қарай