Астана - Елорда
Инцес… Инфоцессс… Инвестициясы несі, а? © Қалдыбек
Бала туғалы жатқан қатынның соңғы серпінінің алдындағы бір күшенуі секілді, блогиаданың жетінші туры да қылаң берді. Бұл жолғы тақырып, әй жоқ, шәй жоқ, «Инвестиция» деп былш етіп түсті-ау жарықтық. Біз секілді қарабайыр, қос дәрет арасындағы ажалды оқырман үшін тым күрделі тақырып болғанымен, оны да оқып көрмекке бел буып, құйрық тіреп, қол босаттым.Маралбек Сағынғанов үлестік инвестициялық қорлар жайлы жазыпты
Жазыпты дегенде, әуелгі скриніңізді айтам. Маған да мұндай жанашыр бауырлар/сестралар жиі жазып тұрады. Әрине, спам, тіпті боттар жазып жатыр ма деймін, ол да мүмкін. Бірақ осылай негізгі тақырыпқа өтудегі мағыналық линиясы тірі блогерлік әдіс екенін атап өту қажет. Әйгерім Кеулімжай, "Инвестиция". Қаржыны қайда құям?
Әйгерім Кеулімжай, ҰҚК мен өсекшілердің соңғы мәлімет бойынша, берекең кіргір БӨРІБАЕВА, әңгімесін «Маңдай термен тапқан артық ақшаны қайда құюға болады?» деп бастайды. Ашығын айтайық, маңдай термен таппаған қаржыны да құя беруге болатынын біздің елдің әккі мырзалары біліп қойған…Асқар Базарбайдың атауы ұзақ тағы бір шағын шедеврін оқуды бастадым
Ой, оқу деп қоямын. Анимация! Маған жұмысты жеңілдеткеніңіз, бір жағынан, қандай жақсы!Эльвира Ерғалина үйге инвестиция салу жайлы қалам тербейді
Жазба қызық, өзекті. Тап-тұйнақтай пост. Жеңіл оқылады. Суреттер… жәрәйді енді. Тақырып желісі жеке көзқарасқа негізделген, бірақ блогерге абсолют объективтілік қажет емес. :)

Маралбек Сағынғанов, "Ойды ой қуады"«Аса көп жазып қойдым-ау» деп тым асыра айтып қойған секілдісіз. Ұзақ емес, тиянақты пост, сілтемелі «Кешеңізді» зер сала оқыдым. Тәлімді, пікірлі. Десе де, жалпы ойдың сүдіні лаңкестерге қарсы тұру, қоғамның қауіпсіздігі жайлы болғаны әдіс ауқымынан тыс біртүрлі қабылданады. Бірақ тек блогиада жайлы бұлай жазып шығу мүмкін емес шығар, сондықтан «Ойды ой қуады» деген атау дөп қойылған. Аса кең маневрге мүмкіндік береді. Класс! Асқар Базарбай блогиада туралы естеліктерін ұсынадыМәтіндік естелік жазба, бұл доданы чемпион классикамен аяқтағаны да жөн шығар. Мазмұндық не құрылымдық жағын жіліктеп қайтейін (қазір блогиадада оған кілтипан қалдыратын блогер қалды ма өзі?), оқып шықсам да жеткілікті емес пе?Эльвира Ерғалина, "Қош, Блогиада немесе Ең, ең, ең…"Естеліктер. Бұл да бір блогер тарапынан блогиада қиыны мен қызығы жайлы деректер.Әйгерім Кеулімжай блогиадашылар әнін ұсынадыӘнмен аяқтайық, иә? Тіпті гимн боп кете ме барлық блогиадаларға?

Эльвира Ерғалина ескірген киімді лақтыруға асықпауды сұрайды Білмеймін, өзім он жылдай кием, одан кейін еден сүрткіш қылсам да тастамаймын. :)
Маралбек Сағынғанов жігіттерден не киеміз деп сұрап тұрЖазба баяндау тілімен беріліпті. Танымдық пост секілді. Иә, дәл солай. Қарапайым, түсінікті тіл. Суреттер орнымен, былай түстер көптігінің өзі көркемдік беріп тұр.
Асқар Базарбай Ер Төстік жайлы ертегінің дұрыс нұсқасын ұсынадыОһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ!
Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Өһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ! Оһ!Әйгерім Кеулімжай, "Қыс. Тондар тартысы"Қыс деген етістік емес, мезгіл екенін арты қылп еткен ағайынға әсіре атап өтейін. 

Не көрмеген блогиада дейсіз, фастфудты да көрейік. Әуелі Әйгерім Кеулімжай «құндақ ет» атты қазақша фастфуд неге қолдау таппағаны жайлы ізденеді.
Дұрыс қой, ізденсін. Жазба тілі жетік, кіріспесі идеяның бастау алғаны жайлы әңгімелеп, таралмау себебін де сонда көрсетеді. Ары қарай — "құндаққа" (хыхы) тағы бір шанс беру үшін өз қолымен жасағысы келген қыздың репортажы. Суреттер — тәуір, тәбет аштырады, бірақ стандарт емес. Оргиядағы белсенділер сияқты: бірі тігінен, бірі көлденеңінен… :) 
Эльвира Ерғалина бичпакеттер дегустациясын жасайды. Деғустация, о, қандай фғанцуз сөзі!Лапша де, өзің бич-пакет! :) Атамнан қалған ас қатарында екінші ұстап тұр бұл, ал мен, іс арасында айта кетейін, бич емеспін. :) Бірақ жазбаның басына "Іңкәр сезіммен Бөрібай Бекарысқа арналады" деп жазсаң ренжімес едім.
Маралбек Сағынғанов, "Fast food". "Қият", «Зина туралы», "Қауіпсіз пост", «Fast food». Ал келесі постыңыздың атауы — «Адам көркі». Түһ, не деген лакон-пакон адамсыз. Құрығанда атауын армансыз ұзартсаңыз болады ғой :) 
Асқар Базарбай 8 адамға 8 қадамда пицца жасайды. Сосын 8 саусағын бүгіп (екеуі жоғары шошайған), 8 қырлылығымен 8 баллдан кем алмауы тиіс. Қыртып кеттім, иә. 
TABULA RASAны қоқыспен толтырайық, сонда кез-келген халықты қадап тастаймызЖоғарыдағы цитатаның авторы өзім, бірақ әр бөлігін әлдеқайда милы да сыйлы пенделерден сызып кеткем. Адам санасын ақ параққа теңейді ертедегі батыс философтары. Соған қандай сызба сызасың, не жазасың, сонымен кетуге әзір. Қай заманда болмасын актуал тұжырым.
Тікелей логикаға салып, оған технологиялық та, идеологиялық та қатерден сақтануды, жалпылама қате БАҚ мәліметтері мен арнайы мақсатты дезинформацияны да тоғыстыра беруге болады деп қабылдай беремін. Менікі қате дейтін эксперттеріңе "қақпайды, за мной тысячи из народа, ибо я қарапайым оқырман өкілімін" деймін. Білмеймін, ненің жоқ екенін айтатын шолу емес, не бар, сонымен жұмыс жасауға тура келетін тақырып болып тұр. Осындай тур.Маралбек Сағынғанов қауіпсіз пост жазып шығыптыОл үшін тіпті цензуралық резеңке пайдаланбаған да. Себебі, кейбір лауазымды тұлғаларға тілі тигенін көруге болады.
Эльвира Ерғалина деген керемет қыз өзі әуелі алдап алып, сосын халық неге сенгіш? деп қынжылады. Қызық өзі.Блогер ханым бұқараның қоғамдағы ақпаратқа төзімсіздігі жайлы ой толғайды. Өзі кәнігі маман болып табылатын интернет желісі бұған көмекке келген екен. Классикалық ақпараттық қауіпсіздік ұғымымен шаруа-шатағы қанша екенін білмеймін, бірақ мұндай да бір пост күтілгені рас. 
Әйгерім & К ақпараттық қауіпсіздікті осылай түсінеді. IT-гарем, көтек!Қалай? Алақандағыдай! Ақпараттық қауіпсіздікті техникалық жағынан қамтамасыз ету. Тұжырымдар шайқасы осы жерде туындасын, бірақ оған менің бір чекушкім де қисаймайды. Менің ісім — пост шолу. 
Асқар Базарбай алаңдап жүріп арандап қалмау жолдарын көрсетедіСыртқы ақпараттық шабуыл үлгісі жайлы танымдық, тіпті одан бұрын тәжірибелік ақпаратқа толы пост. Жазба тілі — таза блогерлік, «ми шаю» процесін жіті жіктеген екенсіз. Суреттер алуандығы, ретті таңдалуы жақсы. Бірінші коллаж — мағыналық тығыз дүние. 

Жақсы ма сол ал енді?Әуелі Маралбек Сағынғанов зина туралы сыр шертедіЖоқ, қиялдамаңдар, Зина деген көңілдесі болмапты, өкінішке орай. Нина, Валентина, тіпті Күлайна деген бұтсеріктері де болсашы! Ноу, найн, нема.Эльвира Ерғалина ұл-қыздардың сексуалды толғаныстарын 16+ оқырманға ұсынадыЕуропа плюстің әуенімен «Он алты плююююс» деп созып барып, бастап оқиын жазбаңызды. Әйгерім Кеулімжайдің акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынованың пікіріне сүйене отырып, вумбилдингтің денесінен
тірі организм шығарып көрген әйелдерге панацея екенін дәлелдейді.Жазба тілі… Мына тақырып аясында тіл жайлы айту да біртүрлі екен. Жазба стилі жинақы, артық-кемі жоқ.
Сосын біресе көтеу, біресе геморрой деп бейстандарттап кеткеніңіз не? Брр, жарайды, қайсысы болса да онша емес сөз. Асқар Базарбай секс туралы біз сенетін 6 өтіріктің (+18) құйрығы бір-ақ тұтам екенін жазады. Құйрығы бір-ақ тұтам. Құйрығы. Уахаха, онша секси емес, жыпырылған бірдеңе десейші.
Көне қарлұқтардың аңызы бойынша, көбелектердің уақыт санауымен бағзы заманда, мыңдаған ұрпақ келіп-кеткен өте-өте ерте заманаларда бір Әкімші болыпты. Ол бір ақылды, бірақ жауыз, рухани қаніпезер екен. Өзі сол кезеңде тілі мәйекті, ойы дәйекті қауымды жинап, жӘйгерім Кеулімжай суреттерін тамаша орналастырып, "Кофеханалар шеруі" атты қызықты пост жазып шығыпты Тілге кофехана деген сөз еніп кетті ме не, мен басқа тірліктермен жүргенде? Пысық, пысық… Маралбек Сағынғанов осы блогиаданың үздік ондығы жайлы толғанадыМенің ойыма да келген тақырып. Қызық екен. Асқар Базарбай, "Туыстығы адам сенгісіз 10 хайуан". Енді шіли адам сенгісіз деп, әсірелемесең де болады ғой. „Нәрмәлні“ айтсаң, сенеміз ғой. :)Эльвира Ерғалина той-бизнестегі әншілер райдері жайлы жазадыМхм, қызық тақырып. Ақшасы барлар үшін.
Хә, енді оқып қойғасын, не пайда? Оқымасаң да мейлі дейтін себебім — алда менің де жеке рейтингім бар. :)
Сонымен, бұл турдағы ең үздік, ең қызық, ең тартымды дүниелер. Бұл менің бар болғаны өзімнің жеке 
3. Асхат Тарғынның бірінші орыны. Оу, неткен райдер! Неткен кербездік… Сіз де қыңыр екенсіз, Эльвира. Бірінші орынға қойып. Тек айта барыңызшы: кіндікке сақина салған қыздың кіндігі бір күні сауысқанның ұясында жатады, Асеке… Мария Магдалена, өзің сақтай гөр!

Маралбек Сағынғанов виртуал бетпердені шығармашылық қайнары деп санайды екен.Бұл жөнінде жазылған жазбаның тілі жетік, стилистикалық мүдіру жоқ. Баяндау, танымдық стиль. Жинақы. Ха, жоқ, қазір бір нәрсе табам.
Әйгерім Кеулімжай неге үнемі тек өз атынан жазады?Себебі, сен крутаясың! Әлде жазбада басқаша себептер бар ма? Қарайық…
Эльвира Ерғалина виртперде деген спруттың сегіз аяғын бір жіпке буыпты.Бууын буған ғой, негізі, осы постта ше, факт жүзінде екі атау болған кезде, «немесенің» алдында үтір болуы керек пе? Соны әйел қазыдан сұрай салыңдаршы, мыңжасағырлар, иә мә?
Асқар Базарбай бетперде сататын дүкен ашып жібере жаздағанын еске түсіредіСодан ғой, "ҚАЙ БЕТПЕРДЕМДІ ШЫМШИЫН?!" деп ақырғаны. Не болды соншама, тақырыбын жазғанда капслогыңызға тоғын қыстырылып қалды ма? :)
