Жарияланымдар

«Ел болам десең бесігіңді емес, ақыл-есіңді түзе». Халқымыздың қай ойын түзеу қажет?

Жақында қаржы министрлігінде қызмет еткен жақын досыммен ой алмастық. Сол әңгімеден білгенім: қазақ халқының еңбекке жарамды бөлігінің 60%-ы несиеге тәуелді екен. Содан туған сұрақ; неліктен халқымыз несиеқұмар? Ол бәленің қай тығырыққа апарып тірейтінін білмей ме?

Әрине, қолыңа бір сәтте аоншама көп ақша ұстау әр адамды қызықтырады. Қиялындағы нәрсені алуды ойлайды. Сауатсыздар бұл қармаққа бірден ілінеді. Одан асқан топастар бір күндік той үшін банктен миллиондап ақша алады. Мейлі, ел алдында бір күн жарқырады. Бірақ өмірінің бір бөлігін сол банкке қарызын өтеумен өткізеді. Есі-дерті сол ақшаны қайтарумен болады. Басқа нәрсеге уақыты болмай, өмірінің мәні мен сәні кетеді.
Әрі қарай

Сөйлеші, бауырым!

Қазіргі таңда барлық дамыған елдерде блог жазу модаға айналды. Блог жазудың маңызы көп. Солардың бірін сізге ашсам деймін. Тілдің тірілігін білдіретін дүние – оның қолданылуы. Мысалға эскимос тілі өлуге жақын, ол тілде тек 2-3 адам сөйлейді. Ол тілде блог жазсаң, сол 2-3 адамнан артық ешкім оқымайтынына кәміл сенуге болады. Оған қарсы ағылшын тілінде бүкіл әлем сөйлейді. Сондықтан бұл тілде әлі күнге шейін жаңа сөздер пайда болып, Оксфорд сөздігіне еніп жатыр. Бұған дәлел “fog” (тұман) және “smoke”(түтін) деген екі сөзді қосып “smog”( тұманмен аралас түтін) деген жаңа сөз құрылды.

Кез келген тілді дамытатын — сол тілде сөйлейтін адамдардың ой бөлісуі, ойды дамытуы. Өзіңіз ойлаңыз, сіздің 5 минутта ойыңызға келген пікірді жазып, ғаламторда сақтадыңыз. Кейін оны 5-6 жылдан кейін бір қазақ керекке жаратып өмірінде, немесе саясатта еңбек ететін ағалар оқып мемлекет ісіне қолданар. Біз білмейміз

ертең не боларын. Бірақ осы жарқын елдің болашағы біз. Біз ойымызды ашып жазуымыз, сонымен ғаламторды толтыруымыз қажет. Біздің тіліміздің дамуы әлемдегі қазақтардың санына емес, олардың ана тілінде сөйлесуіне байланысты.

Интернет тіліміздің дамуына позитив амал жасауда. Себебі Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан және Еуропадағы қазақтар елімізбен арасын үзбей, жергілікті қазақтармен ой алмасып отырады. Барлық қазақтар бір торапта жиылып, бір әліппеде тілдесіп сөйлессе қандай керемет болар еді! Біздің қазақтар қай жерде жүрсе де өзінің қандастарының ойын білу үшін жай ғана ғаламторға кіріп сол тораптың атын терер еді.

Сондай тораптың бірі Қытайдағы бауырлар тарапынан ашылды – senkazakh.com. Бірақ сайт жетілдірушілері кіріл әліппесіне аудару амалын нашар орындапты. Мысалға төте қазақшада «І» әрпі мен «Ы» әрпі бірдей жазылады. Соларды кірілшеде ажырату үшін скрипттер жазылмаған. Кейін сайттың интерфейсі онша келіспеген. Сондықтан, менің ойымша тораптың бастапқы нұсқасы латынша болуы тиіс. Оны кірілшеге де, төтеге де оп-оңай аударасыз. Сондықтан қазақ елінің тұтастығын аңсайтын АЙТИ мамандарының назарына салсам деп қолыма пернетақта алып осы мақаланы жаздым.

 Бейс Серікбай. Атырау қаласы
Әрі қарай

Болмaсaң дa ұқсaп бaқ! "Фейк ит aнтил ю мейк ит"

Осы сөздiң қaншaлықты мaңызы зор екенiн бiлетiнiмiз шaмaлы. Aбaйдың сонaу 19-шы ғaсырдa aйтып кеткенiн қaзiргi зaмaнның бaтыс ғaлымдaры ендi бiлiп жaтыр. Ешкiм бiлiп туғaн жоқ. Aдaмның миындa aйнa-нейроны деген бөлiгi бaр. Сол нейронның aрқaсындa бiз осы өмiрге бейiмделемiз. Aнaмыздың «мaмa» дегенiне елiктеп, сол сөздi aйту үшiн тiлiмiздi қозғaп, былдырлaп сөйлей бaстaймыз. Елiктейтiн еш нәрсе болмaсa бaлa жaбaйы болып өседi. Бaлa кезден бiр нәрсенi үйрену үшiн бiзге ұқсaп бaғaтын тұлғa «объект для подрaжaния» қaжет. Бiрaқ өсе келе бiз aйнa нейронын aзырaқ қолдaнa бaстaймыз. Содaн соң қолымыздaн келмейтiн нәрсенi үйренуден бaс тaртып, "қойшы, бұл қиын, үйрене aлмaймын" деймiз. Бұл сөздiң қaншaлықты деструктив (қирaтушы) екенiн бiлсек, өмiрiмiзде қолдaнбaс едiк.

Осы нәрсені ұққан дана да дара туған Абай атамыз: «Болмасаң да ұқсап бақ» деген екен. Оны шетел ғалымдары «Fake it, until you make it» дейді. Бұған анықтама (аргумент) ретінде мына нәрсені келтіруге болады. Адамның бойында тестосторон және кортизол деген гормондар бар. Олардың басты функциясы – адамның көңіл-күйін білдіру. Мысалға біз шаршап тұрсақ қанымызда кортизол көбейеді. Бойымызда күш-қуат көп болса, тестосторон мөлшері асады. Ал егер біз йығымызды салбыратып, денемізді әлсіздендіріп жүрсек, тестосторон мөлшері азаяды. Керісінше тұла бойымыз тік, сергек отыруға тырыссақ, жасанды түрде кортизолды азайта аламыз!

Қаншама адамдар бойындағы қатерлі ауруларымен күресіп, өмірінің соңына дейін төзіп, тіпті сол ауруына дауа тауып жатады. Олардың санасы мен бойындағы күш ауадан келген жоқ. Олар да өздері сияқты жандардың қажымас қайратынан нәр алған, соларға ұқсап бағуға талпынған адамдар. Жер жастанып жата бергеннен түк өзгермейді. Біз де өмір бойы активист адамды көріп таң қалуымыз мүмкін. Кейін: «Өй, ол жаратылысынан сондай» дей саламыз. Менің түсіндіруге тырысып жатқан тақырыбымның тұқетері: «Біреудің жеткен жетістігіне мен де жете алам» деу. Бастысы еш жасқанбай сескенбей сол адамды көшіру. Сол адамдарға ҰҚСАП БАҒУҒА тырысу. Сонда ғана бір клеткалы жасуша болмай, өміріңізді қалаған бағытқа бұра аласыз!

Бейс Серікбай. Атырау қаласы
Әрі қарай