Жарияланымдар

Мен тамашалаған Тараз!

Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Тарихы тереңде жатқан көне, киелі, қасиетті əрі қазақи Тараз қаласына жолым түсіп, барып қайттым. 22-24 наурыз аралығында 6-шы рет өткізіліп отырған «Блогқұрылтай — : Тараз» алғаш рет қатысып, тамашаладым. Тараз бізді жылы ауа-райымен, жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Біраз Тараздың тарихынан жəне алған əсеріммен бөліскім келіп отыр. Ендеше бастайық!
2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы туралы айта берсек көп. Сонау VI-VII ғасырдан бастау алады. Қазіргі уақытқа дейін өзінің құнды лығын, мəдениетін жоғалтпай одан əрі үдете түсті. Талай ханның астанасы, шаһарына айналған, талай елдің палайтын жері болған.
Тарих сабағында оқып, ауыз толтырып айтатын Қарахан, Тектұрмас, Айша-бибі жəне Бабаджа хатун кесенелерінде көрдім. Көргенімде басқаша бір сезімде болдым. Мың рет естігенше, бір рет көрген дұрыс екен. Қарахан мен Айша-бибінің махаббаты, Айша-бибі мен Бабаджа хатун арасындағы сыйластық, достықты еске түсірді. Талас өзенің бойында орналасқан Тектұрмас кесенесі де өзіндік əсер қалдырды. Қарахан кесенесінің қасында елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жазған, жылы ашылаты «Болашаққа хаты» бəрімізді ойландырып қойды. Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Көне Тараз тарихи- мəдени орталығына саяхаттадық. Мұражай, мұнара, аяқталуға аз қалған тарихи қазбалар, салынып жатқан құрылыстар. "Қарауыл мұнарасы" биіктігі қателеспесем 16 мерт ғой деймін. Сырттан қарасаң аспанмен таласып тұрғандай. Ал биіктен қарасаң Тараз «алақандағыдай» көрінеді. Анық əрі айқын.
Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Жалпы қала, адамдар тынымсыз, қайнаған қызу өмір. Мұражай ішіне кіргенде тап бір тас дəуірінен бастап, қазіргі кезеңге дейін сапар шеккендей болдым. Сол заманның заттары, ыдыс-аяқтары мен нəрселері бəрі-бəрі бастан-аяқ еш кемшіліксіз сақталған. Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Қаланы 3 күн аралап, талай жермен танысып, естіп білдік. Расымен тарихи десе тарихи қала екен. Аз күн болсада біраз мағұлмат жинадық.
Тараз — алтын əріппен ойып тұрып орын алған қала. Табиғаты, ауасы бəрі де жанға жайлы жəне өте таза.
Əрине Тараздың тарихы туралы толық əрі нақты жазуға болатын еді, алайда оны білмейтін адам кемде кем. Сондықтан тамашалаған жерлердің пайда болуы туралы бір-екі ауыз сөзбен болса да жеткіздім деп ойлаймын. Барғаннан бастап қайтқанға дейінгі уақытым жылдам əрі сəтті болды. Сол аралықта басқа бір əлемде жүргендей сезіндім. Халқы қонақжай əрі сыпайы екен. Тіпті қайтарда бізді қимады ма, кетіп бара жатқанымызға көңілі түсті ма, əйтеуір кешке жақын дəл қайтар уақытта жаңбыр жауып кетті. Жақсылыққа жорып, қаланы қимай қоштасып, жолға шықтық.
Әрі қарай

Мереке құтты болсын!!!

Блог - AyauIbrahimova: Мереке құтты болсын!!!
Қыздар мен Келіншектер! Əжелер мен Апалар! Арулар мен Құрбылар! Асыл Аналар мен Аяулы Ұстаздар! Шын жүрегіммен мерекелеріңізбен құттықтаймын. Көңілдеріңзге көктемнің шуағын, отбасыларыңызға көктемнің жылуын, жүректеріңізге көктемнің махаббатын тілеймін! Əлемнің бар жақсысын аяқтарыңыздың астына төсеп жүретін ер азаматтарыңыз жандарыңыздан əрқашан табылсын! Шын ниетпен Аяу)
Әрі қарай

Психологиялық тест.

1) Барыс
2) Сиыр
3) Тауық
4) Мешін
Сіз үшін бірінші кезекте не маңызды? Осы жануарларды өзіңізге ұнайтындай етіп орналастырыңыз. Орналастырдыңыз ба? Онда жауабын қараңыз!

Блог - AyauIbrahimova: Психологиялық тест.
1) Барыс: намыс
2) Сиыр: отбасы
3)Тауық: махаббат
4) Мешін: ақша
Ең маңызды не екенін білсеңіз, соны бағалаңыз!!! Егер оны құптамасаңыз, ойыңызды өзгертіңіз. Іске сәт!
Әрі қарай

Анығын білмей ғайбаттама...

Блог - AyauIbrahimova: Анығын білмей ғайбаттама...
Жиырма төрт жастағы жас жігіт пен әкесі үйлеріне қайтуға қамданып, поездың бір вагонына жайғасты. Терезеге қарап отырған жас жігіттің дауысы жарқын шықты:
"Әке, қарашы, меніңше, ағаштар да бізбен жарысып жүріп келе жатқан секілді ". Әкесі мейіріммен жымыйды. Жандарында отырған жас-жұбайлар таңырқап, жігіттің осынша жас балаша қуанғанын сөз етті. Ол тағы да күліп:
"Әке, қарашы, енді бізді бұлттар аңдып жүр". Әдетінше жымыйды. Жас-жұбайлар отырған жақтан бір дауыс шықты:
«Кешіріңіз, айтыңызшы, Сізге баланыңызды дәрігерге көрсету керек емес пе?» Қалай ойлайсыз?! Әкесі шырайлы жүзімен үн қатты:
«Біз сол дәрігерден қазір келе жатырмыз. Ұлым дүние есігін ашқалы зағиып (соқыр) болған, ал бүгін оған жаңа өмір сыйлады».
Әр адамның басында қайталанбас қиындықтар болады. Кімнің қандай күй кешіп жүргені тек бір Аллаға аян. Сондықтан істің байыбына бармай біреуді жамандау ол ауыр күнә. Бірақ, кештен кейін таң ататын ұмытпайық.
Әрі қарай

Қыздардың мінезін көздеріне қарап біліңіз!

Блог - AyauIbrahimova: Қыздардың мінезін көздеріне қарап біліңіз!

Қап-қара көзді қыздар: Сүйкімді, кез-келген ортаға сіңсіп кете алады, сөзге шешен. Бірақ мұндай қыздар ер-азаматтарды тез жалықтырып жібереді.
Қоңыр-қара көзді қыздар: Ақылды, байсалды, еңбекқор, ақкөңіл. Барлық кезде тыныштық пен мамыражай өмірді ұнатады. Бұлар нағыз адал жар болатын жандар.
Қоңыр көзді қыздар: Батыл, тез шешім қабылдағыш келеді. Бұл қыздар жарын махаббат жолымен таңдайды және сүйікті адамы үшін жанын қиюға әзір.
Қара-сұр көзді қыздар: Өз-өзіне сенімсіз және өздігенен шешім қабылдай алмайтын жандар.
Көкшіл-сұр көзді қыздар: Тұрақты, әрі алдына мақсат қоя біледі. Осындай қыздардан жақсы басшы шығуы әбден мүмкін.
Әрі қарай