Таңдаулы

blackbeard
Жат жұрттан оралған қандас бауырларымызға ешқандай кері пікірде емеспін. Қаншама жыл туған жерден бөлек тұру да оңай емес. Оларды күндей беруді қою керек. «Жеріңді қызғанып жатқан болсаң, соғұрлым қай-қайдағы орыс пен қытайға кетіп жатыр. Одан да өз бауырыңа жаның ашып сол жердің бір жапырағын соларға бөліп беруге тарлық қылып өлдің ба» дегім келеді денесі терісіне сыймай жүргендерге. Мейлі, білімі нашар делік, ештеңе етпейді. Құдай қаласа, тағы бір 10-15 жыл өткен соң бұл бауырларымыздан да керемет ғалымдар, даңқты спортшылар, қызметіне адал басшылар шығатынына сенемін.