Жарияланымдар

ЖАУАП

Көктемді күтем дегенше,
Қой қоздап кетті дегейсің.
Өртеніп бітем дегенше,
Ой маздап кетті дегейсің.

Суықтан тоңдым дегенше,
Жаурады жаным дегейсің.
Жалғанға сендім дегенше,
Алдады бәрі дегейсің.

Өртеніп біттім дегенің-
Болмады сенер ешкімің.
Көктемді күттім дегенің-
Көрдің ғой оны кешқұрым.

Жалғанға сендім деген үн,
(Сен емес болсаң, кім деймін...)
— Не дейсің бұған, Өлеңім?!
— Білмеймін..!

Әлия Іңкәрбек
Әрі қарай

СЕН-

Тірегі-мұң (көргенімнің)
Шаттығымның, күлкімнің,
Естілмеп ед жерден үнім,
Аспан жақтан күрсіндің.

Ойым-ойран, күйреп көңіл,
Бақ достасып сорыммен.
Құлауды да үйретті өмір,
Жыламастай болып ем.

Өткеніме тақпай мін көп,
Тарап тұрмын кекілін.
Сені тағы ақтаймын деп,
Өлеңіңді оқыдым.

Дұрыс болар ұғысқаным,
Күтіп жүрмін күнді ұлы.
Көңілімнің хрусталін,
Сатқындығың сындырды.

Ұмытамын! (Жоқ кедергі)
Сүйетінім-бар кінәм.
Жерден іздеп Көкке жолды,
Қиялыммен қаңғырам.

Менің мұнда көрерімнің,
Бәрі жалған, соны ұқтым.
Саған жазған Өлеңімнің,
Киесінен қорықтым.

Жерге мені қалдырдың да,
Аспан жақтан күрсіндің.
Өзіңді емес, барлығын да,
Ұмыттырған кімсің? К і М?

Əлия Іңкəрбек
Әрі қарай