Жарияланымдар

Себепсіз гүлдер.. (личное)

Көп гүлдің ішінде, көп сыйлықтың арасында ең қымбаты себепсіз гүлдер. Ойламаған жерден, тосын сый боп, күтпеген адамнан келген бір шоқ сәлемдеме ерекше ыстық сияқты. Міндетті түрде романтикалық астары болуы қажетті емес, әрине. Кей уақыт,құр, қараптан қарап біреу ықыласын білдірсе, достық сезімін айқындаса, тіпті кезінде тұтанған, бірақ лап етіп жанбай қалған сезімннің белгісі ретінде сыйға гүл жіберсе есте де, жүректе де қалады екен.
Болмай қалған, бұйырмай қалған сезімнің қалдықтары шығар. Біреуге жар, біреуге әке болып үлгерген адамның есінде әлі де бар екенмін. Рахмет, мачо.
Әрі қарай

Дольче мен Габбана. Күз-2012

Сән әлеміне аналарымыздың емес, әжелеріміздің жастық шағындағы сәнді элементтер ене бастапты. Оны Дольче мен Габбана сән үйі дизайнерлерінің осы жылдың күзіне арналған киім үлгілерінен көре аламыз. Минимализм дәуірінің аяқталғаны болар, осы күзде не бар, соның бәрін тағып ал деп ұрандататын сияқтымыз. Асыл тастармен, бисер, моншақ және басқа да «жылтырақтардың» шоғырынан жасалған ободок, алқа, білезік, сырға, брошь, сақина, тіпті дорбалардың өзі де кестелеп өрнектеліп қана қоймай, сан түрлі әшекей тастармен безендірілген.
Бай және салтанатты көрінетін бұл киім үлгілері әр бір қыздың көңілінен орын табады деп есептеймін. Себебі ханның қызына тігілгендей, қымбат матаға қымбат тастармен өрнек салып, үлде мен бүлдеге орапты бұрынғы "қос ғашық".
Әрі қарай

Бла бла бла...

Хей, уатс ап, керекші қауым?)))))

Күндер зулап өтіп жатыр, өмір, ғажап, ағып барады.
Не қызықтар болды. Тетя в кубе болдым. Үшінші племяшка келді іңгәлап. Бүгін өмірімде алғаш рет жаңа туылған сәбиді ұстадым. Керемет әсерде болдым бар ғой. Кіп-кішкентай, 4 келі де емес, бірақ шағын ғана өзінде әлемнің бар кереметі, бар ғажабы, Құдайдың бар құдіреті бар сияқты болып көрінді. елжіреп кеттім. Осымен сентименты бітті.))))
Әрі қарай

кофе.

Кофені мүлдем ішпеймін дейін десем, айына, екі айда бір рет Латте мен капуччиноны ұрттап тұрам, ал енді ішемін дейін десем, кофеішкіштердің күлкісін келтіргім келмейді. Бірақ, бізде, кез келген кофеханада кофені дұрыс дайындамайтын сияқты. Сосын, мұз қосылған, десертке жақындай кофе мүлдем кезіктірмедім. Жалкое подобиелері бар әрине, анау жаман жаман кофе қиқымынан жасалған сусындарды кофе деп айтуға келмейді.
Әрі қарай

Жұмыс столында (рабочий стол) көзге көрінбейтін папка жасау

Жаңа өзіме осындай папка жасап қойдым)))) Осы әдісті тауып алып, соншама мәз болғаным))))
1. Алдымен жұмыс столында папка жасаймыз.
2. Атын өзгеру (переименовать) таңдап, Alt батырмасын басып тұрып 2 5 5 сандарын басамыз.
3. Папканың атауы жоқ болды.
4. Қасиеттері (свойства) дегенді шертіп, настройки, сосын сменить значок дегенге кіреміз. Осында «прозрачный» значокты таңдаймыз))) Болды!
Әрі қарай

Қауіпті тағамдық қоспалар кетесі.

Қазір кез келген тағамның құрамына көптеген қоспалар қосады. Бір жағынан, мұндай қоспалар тағамның дәмін, сапасын, сақталу мерзімін жақсартады, ал екінші жағынан адамға қауіпті, денсаулығына зиян келтіретіні де бар. Сол себеп төмендегі кестені ұсынамын. Біліп жүріңіздер.
Әрі қарай

Дорбаңда не жоқ? (Қорытынды)

Дорбаның сан түрін көрдік) ӘР дорба — "қазынаға" толы екен. Алайда, бір дорбаның ішінде бар нәрсе, келесіде жоқ екен. «Дорбаңда не бар?» тақырыбының нәтижелері мынандай:
1. Менің дорбамда ваннаға арналған тұз.
Әрі қарай