Жарияланымдар

Қазақ қызына хат (с) Абылай Шаймерденұлы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Қазақ қызына хат © Абылай Шаймерденұлы.
Қазақ қызына хат © Абылай Шаймерденұлы.

Бір сөз айтам тындашы тыйып жолдан,
Жел сөз деме құрайтын жиып колдан.
Бабаларың кезінен әлімсақтан,
Қазақ қызы басқадан биік болған.

Көрдім бүгін сол қызды бізге қалған,
Ашық балтыр… Тосырқау күйде қалғам.
Сұлу ең ғой қос етек көйлегіңмен,
Ендігіде шашбауың бізге арман.

Ашық жатыр омырау даладайын,
Бере көргін о құдай сана дәйім.
Ызалана күлкімен көзді жұмдым,
Көз ғой саған керегі? Қарамайын!

Әркім көрер арзанның керегі не,
Саймын деме серінің тілегіне,
Қос өмірлік серігің керек болса,
Ғашық еткін серіні жүрегіңе.

Жаңа ғасыр адамы деп келтіріпсің,
Ойсыз болса не құны бар сөзіңнен.
Сурет салып бояуды өлтіріпсің,
Ұят іздеп таба алмадым көзіңнен.

Бәрін қылар салоныңа барғаныңда,
Ұятты да салдырып алмадың ба,
Сұралатын нәрсе ғой білмейсің ау,
Қыл көпірде тек өзің қалғаныңда…
Әрі қарай

Үйсіз мысық

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Үйсіз мысық
Үйсіз мысык. © Абылай Шаймерденұлы.

Шулы коше, мазасыз шақ болатын
Әне адам жерге қойды пакетті.
Әлі ұйқыда жатқан мысық баласын,
Осы жерге қалдыруға әкепті.

Ал оянған мысык тұрды мияулап,
Сезгендей ме енді жалғыз қалғанын.
Жаутаңдайды бөтендерге таяулап,
Қайда кеттін ием менін арманым?

“Қарашы бір көздеріме қожайын,
Көзіңдегі мейірімге қанайын.
Мені өзіңмен ала кетші қожайын,
Пыр пыр етіп ерке әніме салайын.

Маңызды емес ата тегің, кім едің,
Сипап өтші болды сенін досыңмын.
Анам барда еш алаңсыз жүр едім,
Бүгін міне жабайыға қосылдым!”

Естілмеді адамдарға жанайқай,
Бұлай адам болғандарың бар болсын.
Қарамайды: “Асығыспын балақай,
Ал өзіңе жаратқаның жар болсын”

Иттер қуды, байғұс суға былғанды,
Тағдырынан алған қатал жарлықты.
Бұрын жүріп көрмеген ғой бұл маңды,
Шырылдаумен әлсіз даусы қарлықты…

Ащы сабақ, оған да жоқ таласым,
Адамдарға суытқан көз қарасын.
Ол көңілді марғау емес ендігі,
Қасқыр еді жалап жазған жарасын…
Әрі қарай

Сен маған кел

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Сен маған кел
Сен маған кел… © Абылай Шаймерденұлы

Мен тоңдым, тұмандатқан күн де мұңды,
Жан-жағым тұман ба әлде елесің бе?
Алыстарда жол таппай жүргеніңді,
Сезінем, ойланамын, келесің бе?

Сен маған кел көп бұлбұл ән салғанда,
Ерекше кел, қалмағын бірі болып.
Сен маған кел меңіреу бұл жалғанда,
Талауыртқан аққудың үні болып.

Сен маған кел көк түтін бұл ғаламда,
Таза самал жел болып, соқпа қатты.
Періште бол, жартастан қарғығанда,
Іліп ала жөнелген, ақ қанатты.

Сен маған кел, желкенді кеме болып,
Суға кетсем көрінген қарсы жақтан.
Келші мейлі судағы пері болып,
Тұншықсам да жаныңда қарсыласпан.

Сен маған кел,құпия теңіз болып,
Бар екенін ешкім де білмей қалған.
Сен маған кел бейтаныс әлем болып,
Ғаламшар боп, телескоп көрмей қалған.

Айым боп кел, болса да әркім ғашық,
Күнді куткен… Көгінде жүзген…
Сен маған кел жүректің құлпын ашып,
Жалғыз кілтпен...Өзіңде жүрген…
Әрі қарай