Сүйінші,Шолпан родила...
Бірде группаласым менен сүйінші сұрап «Сүйінші, Шолпан родила...» деп жазып жіберіпті. Әрине, егізінің аман-есен босанғанын, жиенді болғанына қуанып жатқаны ғой(қазақтарымыздың көбейгені жақсы ғой). «Сұрағына жауабы » дегендей «Шнурогы берік болсын!» деп жауап жазып жібердім.
Әрі қарай

Бір күні құрдасы Құсекеңнің шақшасын атып отырып, «Осы сен мынаны айтшы. Біз насыбай сұрасақ басқа шақшадан бересің,өзің басқасынан атасың?» деп сұрапты. Сонда Құсекең «мынау менің өзім ататын насыбайымның шақшасы, ал екіншісі атылған насыбайымды салатын шақшам»десе, анау «Е, бәсе! Құсекеңнің насыбайы неге „слабый“ деп ойлап жүрсем»депті.
