Жарияланымдар

Керекке кірмей кеткен себебім...

Шамамен 3 күндей «Керекинфоның» есігін ашпаппын, ашсамда жәй сығалап қана үлгерген болармын.Әйтеуір, құмардан қанғанша оқи алмағаным анық. Себебі де жоқ емес. Себебін мына ұзын сонар жазбамнан оқып алыңыздар.
Әрі қарай

Бала махаббат...

Екеуі колледжден бүгін де бірге қайтты.Әдеттегідей алдымен қалалық саябақтың адам аз жүретін жолдарымен қол ұстасып келеді. әлденені айтысып күлісті. содан кейін тұра қалып көзбен өбісіп, еріндері еріндеріне тие бергенде сарғайған күзгі жапырақтың бірі үзіліп түсіп екеуінің еріндерінің ортасында қалды…
Оянып кетті.Бұның бәрі бала жігіттің түсі еді. Иә, бұл оған ғашық.Ол қызды ұнатпайтын жігіт кемде-кем.Бірақ, ешбірі дәл бұл тәрізді сүйе алмас.Дәл түсіндегідей қол ұстасып жүргісі келеді,қосыла күлгісі келеді, бірақ, жеме-жемге келгенде қызға батып сөз айта алмай қалады.Қыздың қай аялдамадан түсетінін де біледі. Алдынан гүл алып шығып тосып алмақ та болған.Гүлді алды да, тосып та алды.Бірақ көзімен ғана тосып алды.Көзімен шығарып салған соң гүлді қоқыс жәшігіне лақтырып жіберді. Өзінің дәрменсіздігіне ызаланып қоқыс жәшігін аяғы ауырғанша тепті. Тағы бірде қолына екі балмұздақ алып алдынан шықты.Қыздың үнемі қандай балмұздақ жейтінін де біліп алған еді.Бұл жолы да ішкі сезімін жеткізе алмады.
Ендігі күйі мынау.Күнде бір түсті көретін болыпты.Қыздың нөміріне смс жазып сезімін білдіруге жігіттік намысы жібермейді.Жоқ, қалайда бүгін өз сезімін білдіру керек.Білдіре алмаса ше? Көзі кеше өзіне даярлап қойған, кереуеттің астында жатқан қысқа арқанға түсті…
Әрі қарай

...жәйләп қайтару...

Қала көшесінде жаман «Москвич» су жаңа «Мерстің» артына кіріп кетіпті(прямь кіріп кетпеген енді, соғылған ғой). Мерстен түскен жігіт москвич руліндегі шалға: «Шал, ГАИ-МАИ дегенді шақырмайақ-қояйық, уақытым аз,3 мың доллар төле» депті. Шал:«Балам, дәл қазір ондай ақша жоқ өзіммен, мына ауылға келіп мені сұрасаң бәрі таниды, қалаған уақытыңда келіп алып кет» деп мекен-жайын беріпті.Біраз уақыт өткен соң ақшасын алмақ болған жігіт шалды іздеп келіпті. Келсе, шалдың үйінің маңы қараң-құраң адам екен.Жігітті көрген шал:"Қарағым-ай, ақшаңды бір қайтарармын, көрмейсің бе қырық жыл отасқан кемпірім қайтыс болды, кейінірек кел«депті. Жігітте соншалықты ақымақ емес екен.»Ақсақал, мезгілсіз келгеніме кешірім өтінемін,қарызымның 1000 долларын кемпіріңіздің батасына жаздым«депті. Тағы біраз уақыттан соң келсе,үйдің маңы қараң-құраң адам екен. Шалдан ақшасын сұраса шал:»Қарағым, кенже ұлым үйленіп жатыр еді, ақшамды жұмсап қойдым, кейінірек келсеңші" деп өтініпті.Жігіт:"Қарызыңыздың 1000 долларын келіннің көрімдігіне бердім" деп кетіп қалыпты. араға біраз уақыт салып тағы келіпті.Келсе шал қора маңында малдарына шөп салып жатыр екен.Амандасқан жігіт:«Ақсақал, ақшам дайын ба? Осы уақытқа шейін тостым, енді маған сылтау айтпассыз» десе шал: «Айқайлама, нақ! Жәйләп-жәйләп қайтарып жатырмын ғой.Жақында кенже қызым тұрмысқа шығады» деген екен.
Әрі қарай

Абай шеше алмаған жұмбақ

Абайдың (Ибраһим) ауылында (немесе көрші ауылында,әйтеуір)Қисбай есімді бір кісі өмір сүрсе керек. Ол кісі маңайындағы адамдарды қисық сөзбен түртпектеп отыратын, тіпті екі-үш жерде Абайды да тосылтқан адам болған екен. Бір күні Абай сыйлы адамдармен отырса, үстіне Қиясбай кіріп келіпті.
-Қарағым, Абай, сені жұрттың бәрі данышпан дейді ғой.Менің бір шешуін таба алмай жүрген есебім бар еді, соның дұрыс жауабын айтып жіберсең…
-Ақсақал, айта беріңіз-деген екен Абай.
-Екі жүз ешкіде қанша мүйіз болады?
-Қиеке(Қилеке емес), өзі екі жүз ешкі болса, ешкіде екі мүйізден болатын болса 400 мүйіз емес пе?
-Әй, Абай қарағым-ай… Сонда ол екі жүз ешкінің ішіндегі тоқал ешкілері қайда, мүйізі сынған ешкілер қайда?-деген екен Қиясбай.
Әрі қарай

Қалды жігіт

Машинаның шиқ ете қалып тоқтағанын бірақ көрдім. Одан бұрын мұрныма резеңкенің күйген исі келді-ау деймін. Бағдаршамның жасылы жанғанда жолдың екінші жағына өтуге ұмтылған лектің ішінде мен де бартынмын. Машина менің аяғыма шамамен 1-2 сантиметрдей аралық қалғанда тоқтап үлгеріпті. Жоқ, жерде «ана жаққа»ерте кете жаздағаныма ызаланып жалт қарадым. Ақ «тойотаның» рулінде тәжік пе күрт пе бір жас жігіт отыр. Мен оны бірден таныдым. Оң көзінің астындағы бармақтай қара қалы оны тез есіме түсіруге көмектессе керек. Мен онымен қалаға келген жылдары танысқанмын. Сірә, ол да біздің қалаға осы жылдары келсе керекті. Алдымен оны жерасты өту жолында жолықтырғанмын. Кейін бірнеше рет түрлі бағыттағы қалаішілік автобустардан көргенмін. Иә, ол кезде ол бүйтіп шетелдік көлікпен ызғытып жүрмейтін, бірақ мен, дәл бүгінгідей қоғамдық көлікпен жүретін ем. Ол кезде ол өзінің адамды қағып кете жаздағанымен қоймай көлігінің есігін ашып айқайламайтын. Себебі, артта қалған сол жылдары ол көліктерде қолын жайып Құран оқып, «Жаулап алды махаббатты, „Ветер с моря дулды“ айтып ақша табатын. Иә, ол ол кезде бала еді…
Әрі қарай

Ең алғашқы аунағаным...

«Ер аунаса із қалар, ат аунаса түк қалар» деген ғой ата-бабамыз. Бізде аунап бақтық жас кезде. Ең алғаш аунағанда сегіз оқимын-ау деймін. «Минск» мотоцикілім болды деп ем ғой бір жазбамда. Ауылда сонымен тарылдатып жүретінмін. Алдыма Жомарт атты киікке екі аяқты «Уралымен» шығатын жігіт ағасы ғана түсетін шығар.«Иж-планетасы» бар 74-ші жылғы ауылдас жігітті тақтайдай тегіс жолда бір жолықтырсам деп жүрген кезім. Осы үшеуімз ауылдың бас каскадерлары.Обшым, походқа шығамыз деп келістік. Біраз балалар жеңіл машинамен алдымызда шығып кетті.
Әрі қарай

Аңыраю

Әскерден інім келіп жұмысқа да «Керекке» де қарай алмадым кешелі бері. Ауылдағы,қаладағы кластастары бас қосып бір кәукілдесіп қалды. Мектептегі қызықтарын айтты біреуі. Біздің ауылда кей мұғалімдер өз мамандығы емес болса да басқа сабақтардан сабақ бере беретін.Содан бір күні тарихтан беретін дене шынықтыру мұғалімі оқушыларды жинап алып,қазір тарихтан ашық сабақ болады. Сендер маған «Орхон-Енисей» деген не?" деп сұрақ қойыңдар деп үйретіп қойыпты. ашық сабақ ойдағыдай өтіп жатыпты. Сұрақ қоюға кезек келгенде бір оқушы «Ағай, Аңырақай шайқасы» жайлы айтыңызшы дегенде ағайлары аңырайып қалыпты.
Әрі қарай