Жарияланымдар

Ағайынды иттердің төбелесі



Бұл төбелестің жалпы ұзақтығы 2 минөттей еді.Мен соңғы 50 секундын ғана түсіріп үлгердім. Ауылдағы екі ағамның иттерінің төбелесі. анау кішкентай қанден ит ақ итке болысып қараны тістелеп жүр. ақ ит пен бір қорада жатады ғой қанша дегенмен.
Әрі қарай

Өртпен төбелес. Жанайым.

Осы артта қалған екі күнде біраз оқиғалар бастан өтті.Ауыл жақтан хабар келді "Қысқа дайындаған шөп өртенді" деген. Бұндайдан соң қалада қалайша тыныш жата аласың. Келіншегімнің толғатып жатқанына қарамай елге тарттым. Шүкір, қалада әкемнің әпкесі бар ед.сол кісі өзі басы-қасында болатын болғантын.
Әрі қарай

Қазыбек би ұялып қалыпты...

Қолтығына жүн шықпаған кезде қалмақтарды таң қалдырып қайтқан Қазыбек биді бәріміз білетін болармыз. Таңдайы тақылдап қалған бала болған ғой(Ютубтан іздеп видеоларын таппай қойдым, ешкім түсірмеген -ау деймін).Сол Қазыбек би болып-толған шағында (сірә,өткенін ұмытса керек Аязбиіңдісс...)бір жиында өзінен бата алуға кеп отырған 13-14 жасар Байдалыны («Сегіз биім, сегіз бидің ішіндегі семіз биім» деп Абылайдың өзі айтқан деседі Байдалы би жайлы.Семіз сөйлеген шығар фаст-фудыңдысс...) менсініңкіремепті.«Мынау қап-қара болған кім өзі?» дегенге ұқсайды. Сонда Байдалы:
Қара деме көмірді
Балқытады темірді
Тексізге келіп сөз айтсаң
Кемсітеді өзіңді -деп, Қазыбектің арғы аталары тексіздеу бір тоқалдан туғандығын меңзеп ұялтып тастапты.
Әрі қарай

Р мен У

Бағана жұмыстас келіншек екеуміз бір автобустан түстік. Таң әлдеқашан атса да ай әлі көрініп тұр екен. Айға қарап бата жасап бетін сипап жатыр әлгі келіншек. Иә, ай жіңішке ғана, бір қарасаң жаңа туған ай секілді. Бірақ, логикаға салсақ айдың аяғында ай туушы ма еді. Дегенмен күнтізбесіз-ақ айдың өзіне қарап айдың туған-тумағанын анықтауға болады.

Мысалы, мына суреттегі ай жаңа туылған ай. Айдың үшкір екі ұшына бір ұзын таяқшаны қойып елестетіңіз.Егер, «Р» әріпіне ұқсаса жаңа туған ай «Растущая», егер «У» әріпіне ұқсаса «Убывающая» ескі ай болғаны.
Суретке төте сілтеме
Әрі қарай

Мен саған өкпелемеймін

Сіздердің назарларыңызға «Мен саған өкпелемеймін» әнінің плюсі мен минусын ұсынып отырмын.Біреуге болмасада біреуге керек болып қалар.



Минусовка дәл мына орындаушынікі емес.Аранжировкасы басқаша.Дегенмен достармен бас қосқанда ән айтатын өнеріңіз болса осы минусты пайдалануға болады
Әрі қарай

Жердің түбі Жезқазған...

Баяғыда, Жезқазғанның облыс болып тұрған шағында Ақтоғай ауданынан шыққан Уазик облыс орталығына тартыпты.Партияның кезекті жиналысы болса керек.Ақтоғай Қарағанды облысының бір шалғайында жатқан аудан, Жезқазғанға тіптен алыс.Содан, әбден шаршаған бір жолаушы «Жердің түбі Жезқазған, облыс болған неңді алған» деген екен.
Сол, Жезқазғанға жол түсіп мен де бардым 4 күн демалысымды пайдаланып. 17-сі күні 20:45 те автобусқа отырған мен, 18-і таң ата жетуге тиіс болатынмын. Бірақ, аяздың күшеюіне байланысты Жайрем атты кеңшарда түнгі үш жарымнан бастап таңғы 11 ге дейін тұрдық. Жол полициясының қызметкерлері рұқсат бермеді. Автобусты қанша жылытуға тырысқанымен,іші салқындап кетті. Әйтеуір жанымдағы келіншекті құшақтай беріппін. Сөйтіп Қарағандыдан Алматыға жететіндей уақытта жеттім-ау. Қайтарға алдын ала әр жақтағы достарым билет алып қойғантын. Бірақ, жолдың жабылуына байланысты ол рейісіміз де уақытылы жүрмеді.Ұшақ, пойыз дегендерге билет тіптен жоқ. Әйтүп-бүйтіп бір жанкешті таксистті тауып алып, 4 адам соны жалдап Қарағандымызға аман-есен жеттік.
Бұл жазбаның берер ғибраты мынау. Қыстың көзі қырауда алыс жолға шықпаңыздар, шықсаңыздарда бала-шағамен шықпаңыздар!
Әрі қарай

Два в одном

Бүгін өзіміздің шағын жанұямызда екі мереке.Біріншісі,әрине Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні болса, екіншісі біздің отбасы құрғанымызға 4 жыл толды. 2007 ж. дәл осы күні үйге келін түсіріппін. Осы сайттағы барлықтарымыз бақытты болып, біздерден тараған ұрпақтар тәуелсіз еліміздің көк туын биіктерден желбірете берсін!
Әрі қарай

Қастан шыққан төбелес...

Бекен бір күн істеп екі күн демалатын күзет жұмысында. Келіншегі екі баламен үйде отырады. Екі бөлмелі үйдегі екі күні теледидардың пультін айналдырумен өтеді көбіне. Шәй үстінде «Хит-Тв»-дан клиптер көріп отырған.
-Алмас Кішкенбаев қасын қырып тастаған екен ғой,-деді әйелі.
-Баяғыдан солай емес пе?
-Түуу, мен білемін ғой.Алдында бір концертте шыққанда қасы қырылмаған еді.
-«Суперстардан» жеңіп шыққалы қырулы осының қасы…
-Басында қасы бұндай еместін, кейін қырды
-Алдында қырған…
-Биыл, жақында ғана қырған дейм…
-Бұрыннан қырылған дейм, тбаймайттың қатыны!-Бекен шәй ішіп отырған кесесін қатынына қарай жіберіп қалды…
Әрі қарай